Бөлік
Сипаттама
(6)
Ішкі дисплей қосқышы
Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде
жабылған болса, ұйқы күйін қосады.
ЕСКЕРІМ:
Ішкі дисплей қосқышы компьютердің
сыртынан көрінбейді.
*Бұл антенналар жəне инфрақызыл сəуле шығарғыштар компьютердің сыртынан көрінбейді.
Жақсы таратылым үшін антенналар жəне инфрақызыл сəуле шығарғыштардың айналасындағы
аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы
ескертпелерді көру үшін, мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Заңдық,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер бөлімін қараңыз. Бұл ескертулер анықтама жəне
қолдау орталықтарында орналасқан.
38
Бап 3 Компьютермен танысу
Түбіндегі
Бөлік
Сипаттама
(1)
Сабвуфер
Жоғары сапалы бас дыбысын шығарады.
(2)
Батарея ұясы
Батареяны ұстайды.
ЕСКЕРІМ:
Батарея зауытта батарея ұясына
орнатылады.
(3)
Ауа өткізгіш саңылаулар
(7)
Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ:
Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс істеу барысында
ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты
құбылыс.
(4)
Қатты диск ұясы
Қатты дискіні ұстайды.
Түбіндегі
39
Бөлік
Сипаттама
(5)
Жад модулі бөлімі
Жад модульдерін ұстайды.
(6)
Батареяны шығару
ысырмасы
Батареяны батарея ұясынан шығарады.
40
Бап 3 Компьютермен танысу
4
Желі орнату
●
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
●
Сымсыз желіге қосылу
ЕСКЕРІМ:
Интернетке қосылуға арналған жабдық пен
бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан
жерге байланысты əртүрлі болады.
Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе
екеуін де қолдауы мүмкін:
●
Сымсыз – Интернетке мобильді жолмен қосылу үшін, сымсыз
байланысты қолдануға болады.
Бар WLAN желісіне
қосылу 43-бетте
немесе
Жаңа WLAN желісін орнату 44-бетте
бөлімін қараңыз.
●
Сымды – Интернетке сымды желі арқылы қосылуға болады.
Сымды желіге қосылу туралы ақпаратты НР ноутбугінің
анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз.
41
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік
жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу
үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет
провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді
модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін
тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ:
Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін
пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөз береді. Берілген
мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Жаңа Интернет жазбасын орнату немесе компьютердің
параметрлерін бар жазбаны пайдаланатын реттеу үшін көмектесетін
мынадай мүмкіндіктер бар:
●
Интернет қызметтері мен ұсыныстары (кейбір жерлерде
бар)—бұл утилита жаңа Интернет жазбасын жасауға жəне бар
жазбаны пайдалану үшін компьютер параметрлерін реттеуге
көмектеседі. Бұл утилитаны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) >
Все программы (Барлық бағдарламалар) > Online Services
(Желідегі қызметтер) > Интернет тармағын таңдаңыз.
●
Интернет провайдері беретін белгішелер (кейбір жерлерде
бар)—бұл белгішелер Windows жұмыс үстелінде көрсетілуі
немесе Online Services (Желідегі қызметтер) атты жұмыс үстелі
қалтасында топталуы мүмкін. Компьютерде жаңа Интернет
жазбасын орнату немесе компьютерді бар жазбаны
пайдаланатын етіп реттеу үшін белгішені екі рет басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шебері—Windows
жүйесінің Интернетке қосылу шеберін Интернетке төмендегі
жағдайлардың кез келгенінде қосылу үшін пайдалануға болады:
◦
Интернет провайдерінде тіркелген есептік жазбаңыз бар
болған жағдайда.
◦
Интернет есептік жазбасы болмаған жəне Интернет
провайдері шебердегі тізімнен таңдағыңыз келген жағдайда.
(Интернет провайдерлерінің тізімі барлық аймақтарда бола
бермейді).
◦
Тізімде жоқ Интернет провайдері таңдалған жағдайда жəне
таңдалған Интернет провайдері IP мекенжайы, сондай-ақ
42
Бап 4 Желі орнату
POP3 жəне SMTP параметрлері сияқты қажетті ақпарат
берген жағдайда.
Windows Интернетке қосылу шебері мен шеберді пайдалануға
арналған нұсқауларды ашу үшін, Пуск (Бастау) > Панель
Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом
(Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығы)
тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Шебер Windows желіаралық қалқанын қосу немесе
ажыратуды таңдауыңызды сұраса, желіаралық қалқанды қосу
пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио
толқындары арқылы тасымалдайды. Компьютер келесі сымсыз
құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
●
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз аймақтық желі
(WWAN) құрылғысы
●
Bluetooth® құрылғысы
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу
туралы қосымша ақпарат алу үшін Справочное руководство
ноутбука НР (НР ноутбугы үшін анықтамалық нұсқаулықтан),
анықтама жəне қолдау орталығындағы веб-тораптар сілтемелерінен
жəне берілген мəліметтерден қараңыз.
Бар WLAN желісіне қосылу
1.
Компьютерді қосыңыз.
2.
WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
3.
Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру
аймағында желі белгішесін басыңыз.
4.
Қажет желіні таңдаңыз.
5.
Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
6.
Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Сымсыз желіге қосылу
43
Достарыңызбен бөлісу: |