3
Дуальды оқыту жүйесі проблемасы аясында ресейлік ғалымдар С.П.
Романов
, Г.А. Федотова, Л.Н. Самолдина, А.Н. Кирилловский және т.б. ғылыми
зерттеулер жүргізіп, оның нәтижелілігі мен тиімділігін атап өтеді.
Қазақстандық ғалымдар да дуальды оқыту бойынша алғашқы зерттеулерді
жүргізе бастады, атап айтсақ, профессор С.А. Жолдасбекованың ғылыми
жетекшілігімен дуальды оқытуға техникалық және кәсіптік білім жүйесінің
педагогтарын даярлау процесін жетілдірудің ғылыми-әдіснамалық негіздері
бойынша ғылыми жоба көлемінде зерттеу жұмысы жүргізілді және дуальды
оқыту жүйесінде колледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын
қалыптастырудың педагогикалық негіздері бойынша PhD диссертациясы
(Ж.О.Нұржанбаева) қорғалды.
Жүргізілген зерттеулердің құндылығына басымдылық бере отырып, біз
агротехникалық және техникалық жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру
мамандарын даярлаудағы ерекшеліктерге сай педагогтарды дуальды оқытуға
даярлаудың мазмұны мен әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болмағандығына
көз жеткіздік.
Осыған орай, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальды
оқытуды ендіру талабы мен оны тиімді іске асыруға педагогтардың даярлық
деңгейінің жеткіліксіздігі, жоғары оқу орнында кәсіптік білім беру
педагогтарына дуальды оқыту іс-әрекетіне даярлау мүмкіндігі мен оның оқу-
әдістемелік
жағынан
қамтамасыз
етілмеуі
арасындағы
қарама-
қайшылықтардың бар екені анық байқалып отыр.
Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында қоғамның мамандарды
даярлауға қоятын заманауи талаптарына сай болашақ кәсіби оқыту
педагогының дуальды оқытуды іске асыруға даярлығын қамтамасыз ету зерттеу
проблемасын айқындап, тақырыпты «Дуальды оқытуды іске асыруға
кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау» деп алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты. Дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру
педагогтарын даярлауды ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оны оқу-
әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Зерттеу нысаны. Агротехникалық және техникалық жоғары оқу
орындарында кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау процесі.
Зерттеу пәні. Дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын
даярлау мазмұны мен әдістемесі.
Зерттеу болжамы. егер, агротехникалық және техникалық жоғары оқу
орындарында кәсіптік білім беру педагогтарын дуальды оқытуға даярлаудың
мазмұны мен әдістемесінің ғылыми негіздемесі жасалса, онда техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесінде дуальды оқытуды тиімді іске асыратын педагог-
маманның кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыруға болады, өйткені даярлау
үдерісі арнайы нәтижелі іс-әрекетке бағытталады.
Зерттеудің міндеттері:
-
дуальды оқытудың ғылыми алғышарттарын айқындау;
-
дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын
даярлаудың моделін жасау;
4
-
дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлауды
оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
-
дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау
мазмұны мен әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру және оның
нәтижелерін талдау.
Зерттеудің жетекші идеясы. Техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесінде дуальды оқытуды іске асыруға функционалды құзіреттілігі жоғары,
бәсекеге қабілетті педагогтарды даярлау.
Зерттеу жұмысының әдiснамалық және теориялық негiздерiн тұлға
дамуының жалпы диалектикалық принциптері; жүйелілік-құрылымдық,
тұтастық, тұлғалық-әрекетттілік, аксиологиялық, кұзіреттілік тұғырлар; таным
теориясы; ақыл-ой әрекетiн сатылап қалыптастыру теориясы; тұтас
педагогикалық процесс теориясы; кәсіптік педагогика және дуальды оқыту
мәселелері бойынша педагогикалық зерттеулер.
Зерттеу
көздерi.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
аты Жолдауы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына 2016
жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығымен «Дуальды оқытуды ұйымдастыру
қағидаларын» енгізуі, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу
проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың,
әдiскерлердiң
еңбектерi,
оқу-әдiстемелiк
кешен
(оқулықтар,
оқу
бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), дуальды оқытуды іске асыру
тәжiрибесi, сонымен бiрге автордың педагогикалық және зерттеушiлiк
тәжiрибесi.
Зерттеудiң әдiстерi.
-
зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-
педагогикалық, ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерге теориялық талдау;
-
жоғары және кәсіптік оқу орындарының құжаттары мен iс-тәжiрибелерiн
жинақтау, оны талдау;
-
студенттерге, оқытушыларға сауалнама жүргiзiп, олармен әңгiмелесу;
-
педагогикалық эксперимент, iс-әрекеттер нәтижесiне баға беру, оларды
статистикалық және математикалық тұрғыдан өңдеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1-
кезеңде (2014-2015 ж.ж.) зерттеудiң теориялық негiздерi анықталды,
зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдiснамалық зерттеулер іріктеліп жүйеге
келтірілді, теориялық тұрғыдан талданды, зерттеудің ғылыми аппараты
анықталды. Дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын
даярлаудың моделі жасалды, тәжірибелік – эксперименттік жұмыс мазмұны
мен әдістемесі дайындалып, анықтау эксперименті жүргізілді.
2-
кезеңде (2015-2016 ж.ж.) оқу жоспарлары, бағдарламалар, педагогикалық,
оқу-әдiстемелiк құралдар талданды, зерттелiп отырған даярлықтың қалыптасу
көрiнiсi нақтыланды, жоғары оқу орның оқу-тәрбие үдерісінің дуальды
оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау мүмкіндіктері