Алматыкітап баспасы



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет12/115
Дата21.12.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40727
түріКнига
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115
8 сынып каз

14
Қоректендіру блогы 
– кернеуі, жиілігі, қуа-
ты белгілі электр энергиясымен компьютерді жа-
сақтайтын құрылғы. Әдетте компьютерлер 5 немесе
12 Вольттық төменгі кернеуді пайдаланады. Қорек-
тендіру блогтарының айырмашылықтары олардың 
қуаттылығында және кернеуді тұрақтандыруында. 
Түрлі түсті сымдар (өткізгіштер) кернеу мөлшерлерін айқындайды: 
сарыға + 12В, қызылға + 5В, қара түске 0В кернеу беріледі. Қуаты
150 Ваттан 320 Ватқа дейін болады. Қоректендіру блогында жел- 
деткіш бар. Ол қоректендіру блогын ғана емес, жүйелік блокта орна-
ласқан құрылғыларды да салқындатады. Процессорды салқындатып 
тұратын арнайы желдеткіш (кулер) бар. 
Шина
 – 
компьютер құрылғылары арасындағы 
электрлік сигналдарды басқаратын әрі олар арқылы 
деректер тасымалдауды жүзеге асыратын жалғасты-
ру арналары. Шинаның негізгі үш түрі бар. Олар: 
деректер шинасы, адрестік шина және командалық 
шина. Деректер шинасы – деректердің екілік разрядтарын компью-
тер құрылғыларының арасында параллель жеткізуге арналған жал-
пы шинаның бөлігі. Жад адресін жеткізуге арналған жалпы шина-
ның бөлігін немесе енгізу-шығару портын 
адрестік шина
 
деп атайды. 
Шинаның түрлері: ISA, MCA, EISA, SCSI, VLB, PCI, AGP, USB т.б.
Чипсет 
(ағыл. 
сhipset
 – 
микросхема жиынты- 
ғы) – ұқсас міндет атқаратын микросхемалар жиын-
тығы. Орталық процессордың шалғай құрылғылар-
мен деректер алмастыру жұмысын жасақтайтын, 
аналық тақшада орналасқан микросхемалар жиын-
тығы 
чипсет
 
деп аталады.
BIOS 
микросхемасы
 
– аналық тақшада орналас- 
қан компьютердің негізгі құрылғыларының бірі. 
BIOS микросхемасы жүйе параметрлерін орнатуға
арналған. Енгізу-шығарудың базалық жүйесі BIOS 
мынадай қызметтер атқарады:
• компьютерді іске қосқанда автоматты
тестілеуді (POST) орындайды;
• аппараттық құралдардың параметрлерін баптайды;
• операциялық жүйені дискіден орнатады;
• жүйелік, аппараттық үзілулердің қызметін қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде BIOS-тың көптеген түрі кездеседі. Бірақ олардың 
арасында дербес компьютерге арналған және көп тараған түрлері: 
AwardBIOS, AMIBIOS, PhoenixBIOS және UEFI. 
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


15
2000 жылға дейін AwardBIOS үлкен сұранысқа ие болды. Бұл 
Pentium II, Pentium III процессорлары бар компьютерлерде қолда-
нылған ескі BIOS түрі. Егер ол істемей қалған жағдайда, компью-
терді қайта қосу мүмкін болмаған. Қазіргі кезде AwardBIOS негізі-
нен ескі компьютерлерде кездеседі. Бұл BIOS-тың орнын қазіргі кезде
PhoenixBIOS иеленді.
AMIBIOS – өте кең таралған BIOS. BIOS-тың бұл түріне компью-
тер құрылғысының жұмысына қажетті өзгерістер енгізу үшін көпте-
ген өңдеулер жасалды.
UEFI (
Unified Extensible Firmware Interface
– кеңейтілген дәне-
кер интерфейс) – BIOS-тың ең соңғы нұсқасы 
(2-сурет)
. Ол компью-
тердің енгізу мен шығару жүйесіндей емес, операциялық жүйеге ұқ-
сатып жасалған. UEFI-мен жұмыс істеудің негізгі артықшылықтары 
ретінде қолайлы интерфейсін, тінтуірмен басқаруды, ғаламтор көме-
гімен жаңалау мүмкіндігін, жылдам қосылуын атап өтуге болады.

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау