75
Салалық бағытты
қаржыландыру, млн. теңге
2014 жыл
2015 жыл
2016 жыл
Жиынты
ғы
қаржыландыру көздері бойынша
БАРЛЫҒЫ
9731,0
11203,9
12797,2
33372,1
Республикалық бюджет
569,3
705,3
866,3
2140,9
Облыстық бюджет
8801,7
10498,6
11930,9
31231,2
Жөнделгені, ш
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
Жиынтығы
жөндеу түрлері бойынша
БАРЛЫҒЫ
278,5
305,3
300,3
884,1
Құрылыс, қайта жаңғырту
26
26
Күрделі жөндеу
68,2
59,6
88
215,8
Орташа жөндеу
210,3
245,7
186,3
642,3
Облыстың жол саласына 2014 жылдан 2016 жыл аралығында салынған
бюджеттік инвестициялардың жалпы көлемі 33,4 млрд. теңгені құрады.
Аталған қаражат есебінен, жөндеу жұмыстарының барлық түрлері
бойынша 884,1 ш. облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары
жөнделді, оның ішінде жұмыс түрлері бойынша:
1)
құрылыс, қайта жаңғырту –26 ш (2,9%);
2)
күрделі жөндеу –215,8 ш (24,4%);
3)
орташа жөндеу – 642,3 ш (72,7%).
2016 жылы жалпы пайдаланымдағы автожолдардың 300,3 ш. және 262,4
мың шаршы метрі жөнделді.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысына және қайта
жаңғыртуға, жөндеуге және ұстауға 2017 жылы 25,2 млрд. теңге бөлінді, 13,1
ш. жолды салу және қайта жаңғырту, 47 ш. - күрделі, 220,1 ш. – орташа, 192,8
мың ш.метрді ағымдағы жөндеу жоспарлануда.
2017 жылы Талғар ауданының 0-23 ш. «Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-
Қазстрой-Ақбұлақ а/ж және Алакөл ауданының Ақши ауылынан Алакөл
көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарына дейінгі а\ж салу және қайта
жаңғыртуды аяқтау жоспарлануда.
Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78,0%-ке жетеді.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2018 жылы
концессиялық негізде жалпы ұзындығы 41,4 ш құрайтын 6 көшені ұзартумен
Үлкен Алматы айналма көлік жолы құрылысы жоспарлануда. Бүгінге ТЭН және
ЖСҚ дайын, жобаның жоспарлы құны – 59 млрд. теңге. 123,7 млн. теңге сомасына
Саина көшесі бойынша жер телімдерін сатып алу басталды.
Сондай –ақ, ҚР ИДМ-ға 2018 жылға республикалық бюджеттен Балқаш
көліне дейінгі автожолды
(141 ш)
РБ есебінен қайта жаңғырту үшін бюджеттік
қаражат бқлу үшін бюджеттік өтінім берілді.
Негізгі мәселелер:
қанағаттанарлықсыз жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар
автомобиль жолдарының үлесі айтарлықтай (22,2%);
Үлкен Алматы айналма көлік жолына шығатын 6 көшені ұзарту
құрылысына жер телімдері мен құрылымдарды уақытылы ала алмау.
76
Көлік
Қазіргі уақытта Алматы облысында 249 маршрут жұмыс жасайды
(облыс
аралық қала аралық – 8, аудан аралық (облысішілік қала аралық) – 78, қала сыртындағы –
84, ауданішілік – 42, қалаішілік – 37)
.
Сәйкес маршруттарға түрлі сыйымдылықтағы және үлгідегі 1528
автобустар бекітілген
(резервті есептегенде)
. Жоғарыда аталған маршруттармен
47 тасымалдаушы жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асырады
(34
заңды тұлғалар және 13 жеке кәсіпкерлер).
Облыстың 741 елді мекенінің 592-і тұрақты жолаушы тасымалымен
қамтамасыз етілген немесе 80%, ал 149 елді мекені тұрақты жолаушы тасымалымен
қамтылмаған, бұл елді мекендердің тұрғындары жеке кәсіпкерлердің
автомобильдерімен қамтылады, ал шағын елді мекендер өз-өздерін қамтамасыз
етеді (тасымалдау үшін меншікті автомобильдері пайдаланады).
Облыс орталығы – Талдықорған қаласы бойынша тұрақты қалалық
жолаушылар тасымалы 6 тасымалдау кәсіпорындарымен жүргізіледі.
Қалада 27 тұрақты маршруттар әрекет етеді, оның ішінде 9 маршрут саяжай
мссивтеріне қызмет көрсетеді. Қалалық маршруттарда GPS құралы орнатылған.
Облыста тұрақты ауданішілік жолаушылар және жүк тасымалының
автомобиль маршруттарының жүйесі нашар дамыған. Оның нәтижесінде,
Алакөл, Балқаш, Райымбек, Кербұлақ, Ұйғыр және Сарқан аудандарында
ауданішілік маршруттар жоқ.
Жамбыл, Ақсу, Ескелді және Қаратал аудандары ауданішілік
хабарламамен толық көлемде қамтылмаған.
Осы мәселе бойынша Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Панфилов
аудандарында және Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларында оң жағдай
байқалады.
Соған қарамастан, қазіргі уақытта әрекет етуші жолаушылар мен жүк
таситын ауданішілік автомобиль маршруттары Алматы облысының елді
мекендерін автобус хабарламасымен толық қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз
болып табылады.
Тасымалдаушыларды қозғалыс құрамын жаңарту үшін ынталандыру
мақсатында, көлік саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгертулер мен
толықтыруларды ескере отырып, автобустарды, шағын автобустарды
жаңартқан жағдайда келісім-шарттар 10 жылға беріледі.
Темір жол көлігі пайдаланушылар тарапынан барынша сұранысқа ие
көлік түрі болып табылады, ол өндірістік және жеке тасымалдауларды
қамтамасыз етеді. Темір жолдар жүйесі шекаралас елдерге шығумен барлық
облыстар арасында тасымалды орындауға мүмкіндік береді.
Алматы жол бөлімшесінің қызметі аумақтық шекараларда жүк және
жолаушы тасымалдары әрекетін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге
бағытталған.
Алматы жол бөлімшесінің темір жолдарының қолданылатын ұзындығы
1648,8 шақырымды құрайды, басты жолдардың жазылмалы ұзындығы - 2143,4 ш.
Алматы жол бөлімшесінде қолдану қызметін қамтамасыз ету үшін 119
темір жол станциялары, 72 разъездер және 12 айналып өту пункттері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |