Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет41/56
Дата11.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#26197
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56

 
91 
2014 жылы мерзімдерін бұза отырып  - 23 қызмет, 2015 жылы  – 58 және 
2016  жылы  –  43  қызмет  көрсетілгендігін  атап  өту  қажет.  Осылайша,  сонғы 
жылы белгіленген мерзімдерді бұзу санының төмендеуі байқалады. 
2014-2016 жылдары мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арыздар түскен жоқ. 
Халыққа  қызмет  көрсету  процессінің  сапасын  жақсарту  және 
жемқорлықтың 
қауіп-қатерлерін 
төмендету 
мақсатында, 
облыста                             
«Е  -  лицензиялау»  мемлекеттік  дереккорлар  порталы  арқылы  7  түрлі 
лицензиялар  беру,  47  рұқсаттар,  12  мемлекеттік  қызмет  түрлері  электронды 
түрге ауыстырылды, оның ішінде 10-ы «Электрондық үкімет» порталы арқылы  
шығарылған.  
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау: 
Күшті жақтар (S) 
1.  Мемлекеттік 
қызметтерді 
көрсету 
мерзімдерінің қысқаруы; 
2.  Әкімшілік кедергілердің қысқаруы; 
3.  Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тазалығы; 
4.  Электрондық қызмет көрсету порталын енгізу.  
Мүмкіндіктер  (О) 
1.  Жергілікті  атқарушы  органдарының  компьютерлік, 
серверлік  құралдарын,  лицензияланған  бағдарламалық 
қамтамасыз  етуін  жаңарту,  қолданбалы  бағдарламалық 
қамтамасыз етуді, құралдарды және серверлік бөлмелерін 
сертификаттау және аттестациялау; 
2.  Халықтың 
ақпараттануын, 
құқықтық 
сауаттылығын  және  мемлекеттік  қызметті  көрсететін 
мемлекеттік органдарға талапшылдығын арттыру; 
3.  «Электрондық 
қызметтерді» 
танымал 
ету 
бойынша PR – акциялар мен шаралар өткізу; 
4.  Мемлекеттік  органдардың  халықпен  бұқаралық 
ақпарат  құралдары  және  телевидинеие  арқылы 
түсіндіру жұмыстарын жүргізуі. 
Әлсіз жақтар (W) 
1.  Кері  байланыс  және  халықтың  қызметтерді 
көрсетумен  қанағаттану  деңгейін  анықтау  тетігінің 
болмауы, 
мемлекеттік 
органдардың 
инфрақұрылымына  теңсіз  қол  жеткізу,  жеткіліксіз 
түсіндіру жұмыстары; 
2.  Қызмет  көрсететін-органдардың  электрондық 
нысанға 
ауысуға 
қызығушылық 
танытпауы, 
қызметтерді  автоматтандыру  бойынша  ұзақмерзімді 
стратегияның болмауы, ақпараттық-коммуникациялық 
инфрақұрылымның төмен деңгейі; 
3.  Бірыңғай  және  жүйелі  мониторингтік  болмауы, 
аудан  және  қала  әкімдіктерінің  қызмет  сапасына 
бақылаудың жеткіліксіздігі; 
4.  Қызмет  көрсетуші  орган  мамандарының  кәсіби 
құзыреттілігінің  қажетті  деңгейде  болмауы,  ақпараттық 
жүйелермен жұмыс кезінде компьютерлік сауаттылықтың 
төмен 
деңгейі 
байқалады, 
ауылдық 
округтер 
мамандарының деңгейінде мамандардың жиі ауысуы; 
5.  Штаттық 
сан 
лимитінің 
шектелгендіне 
байланысты, 
қалалар 
мен 
аудандар 
әкімдері 
аппараттарында  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтің 
сапасына  мониторинг  және  бақылау  жүргізетін 
бөлімдердің болмауы. 
Қауіптер  (Т ) 
1.  Қызметті  электрондық  түрде  көрсету  бойынша 
мамандардың ауысатындығы және жетіспеушілігі; 
2.  Мемлекеттік  қызметтерді  көрсету  мәселелері 
бойынша әдістеменің және оқытудың болмауы; 
3.  Мемлекеттік  органдардың  мемлекеттік  қызмет 
мәселелерінде 
жауапкершілігінң 
төмен 
болуы 
мерзімдердің бұзылуына алып келеді; 
4.  Орталық  органдардың  мемлекеттік  қызметтерді 
көрсету бойынша нормативтік құқықтық базаны үнемі 
жетілдіруі,  ол  заңды  актілердің  және  сәйкесінше, 
жергілікті 
атқару 
органдарының 
актілерінің 
уақытында қабылданбауына алып келеді. 
Негізгі мәселелер:  

 
мамандардың ағымы; 

 
түрлы  ақпараттық  жүйелердің  болуы  (бір  маман  ақпаратты  бірнеше 
ақпаратық жүйеге енгізу қажет); 

 
орталық  органдардың  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету  бойынша 
нормативтік  құқықтық  базаны  үнемі  жетілдіруі  заңды  актілердің  және 
жергілікті атқарушы органдардың актілерінің уақытында қабылданбауына алып 
келеді.  


 
92 
Мемлекеттік басқару 
2016  жылы  «100  қадам»  ұлт  жобасын  жүзеге  асыру  аясында  «Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  қызмет  туралы»  заңы  қабылданды,  үш  сатылы 
конкурстық таңдаумен мемлекеттік қызметтік карьералық үлгісі енгізілді. Заң күшіне 
енген  күнінен  бастап,  мемлекеттік  қызметке  қайта  келгендер  саны  үш  есе  артып, 
ауысулар қысқарды.  
Өткен  жылдары  мемлекеттік  қызметтен  мамандардың  кетуі  күрделі  жүйелі 
проблема  болатын.  Қазір  бағалау  мамандардың  кетуін  тұрақты  түрде  төмендетуді 
белгіледі.  Облыстың  мемлекеттік  қызметшілерінің  ауысуы  Қазақстан  Республикасы 
Президенті  Әкімшілігімен  бекітілген  9%-тен  аспайды  және  2016  жылы    7,4%-ті 
құрады  (жыл қорытындысы бойынша – 304 адам) (2015 жылы  -10,2% ).  
Еңбекақының  төмен  деңгейі,  жұмыс  орнының  ұзақтығы,  үнемі  төленбейтін 
қоса  орындаушылық  білікті  мамандардың  мемлекеттік  қызметтің  орта  және  төменгі 
деңгейлерінен  кетуінің  негізгі  себебі  болып  табылады,  сондай-ақ  мемлекеттік 
органдар жұмыстарының тиімділігіне әсер етеді. 
«100  қадам»  ұлт  жоспарының  аясында  аталған  мәселені  нәтижелер  бойынша 
еңбекке ақы төлеуді енгізу арқылы шешу көзделеді (бонустық жүйе).  
Мемлекеттік  қызмет  саласындағы  реформалардың  қандай  да  бір  кезексіздігін 
де  атап  өту  қажет,  талаптар  мен  әрекеттерді  алдын  ала  қатаңдату  жасанды  түрде 
«кадрлық ашығуға» алып келуі мүмкін.  
Жергілікті атқарушы органдар  деңгейінде мамандар тапшылығы проблемасын 
жеке  атап  өту  қажет  (аудандар  мен  ауылдар).  Атап  айтсақ,  ұзақ  уақыт  бойы 
әкімдіктердің  барлық  бос  орындарының  4,1%-і  толытырылмады.  2016  жылы 
атқарушы органдардың 173 бос орындарына (4145) бір орынға 1,1 адам ғана үміткер 
болатын.  Ауылда  мемлекеттік  қызмет  мамандарының  тапшылығы  саладағы  жалпы 
проблемалар  тұрғысынан  (жоғары  жүктеме  және  төмен  төлем)  да,  төменгі 
лауазымдар  деңгейінде  мемлекеттік  қызметке  орналасуға  біліктілік  талаптары  мен 
талаптарының  қатаңдығы  тұрғысынан  да  орын  алды.  Бүгінгі  күні  аудандық  маңызы 
бар  қала  және  ауыл  әкімдігінің  бас  маманы  лауазымына  ортадан  кейінгі  немесе 
техникалық  және  кәсіби  білімі  бар  тұлғаларға  орналасуға  заңнамалық  тұрғыда 
мүмкіндік берілді.  Сондай-ақ, аудан және ауылдық деңгейдегі бас маман лауазымына 
жұмыс тәжірибесі талап етілмейтіні белгіленген.    
Жалпы, ауылда мемлекеттік қызмет мамандарының жетіспеушілігі «100 қадам» 
ұлт  жоспарының  аясында  түйіндес  реформалардың  орындалмау  қаупін  туғызады. 
Осыған  байланысты,  ауылдық  деңгейдегі  «Б»  корпусындағы  мемлекеттік 
қызметшілер үшін қосымша әлеуметтік, құқықтық кепілдемелерді енгізу қажет. 
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау: 
Күшті жақтар   
1.  Мемлекеттік қызмет жүйесінің меритократия, тазалық және 
транспаренттігі қағидаларын күшейту. 
2.  Мемлекеттік қызмет тартымдылығын арттыру. 
3.  Тәжірибеге бағдарланғандығына басымдық таныта отырып, 
мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін дамыту.  
4.  Әрбір  мемлекеттік  қызметшінің қызмет  тиімділігін  бағалау 
жүйесі. 
5.  Бағалау нәтижелері бойынша бонустар төленеді.  
 
Мүмкіндіктер   
1.  «Әлеуметтік  лифттерді»  құру,  мемлекеттік  ұйымдарда 
корпоративтік  басқару  тәжірибесінің  тиімділігін  барлық  жерде 
тарту  және  енгізу,  сондай-ақ  мемлекеттік  қызметшілердің  кәсіби 
деңгейін нығайту; 
2.  Мемлекеттік қызметті дамытуға маңызды салым енгізетін 
жоғары білікті және кәсіби қызметкерлерді тиімді пайдалану және 
ұстау үшін таланттарды басқару жүйесін енгізу. 
3.  Мемлекеттік 
қызметшілерді 
тұрақты 
оқыту 
бағдарламасын жүзеге асыру. 
Әлсіз жақтар  
1.  Жаңа басшы тағайындалған кезде «Командалық ауыстыру» 
жағдайы сақталуда. 
Тәуекелдер  
1.  Ауылдық жерлерде мамандар тапшылығы.  
Негізгі мәселелер:  

 
еңбекақы төлеу деңгейінің төмендігі; 

 
жұмыс орнының өте ұзақ болуы; 

 
төленбейтін үстеме жұмыс.   


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау