Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі



жүктеу 2,99 Mb.
бет7/20
Дата05.03.2018
өлшемі2,99 Mb.
#11697
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20


Электромагниттік әрекеттесулердің жаңа касиеттерін ашуда электромагниттік өріс туралы түсініктердің негізін салған Фарадейдің тұңғыш, шешуші қадам жасауы кездейсоқ емес еді. Электр мен магнит құбылыстарының табиғаты бір екеніне Фарадей сенімді болды. Соның арқасында ол кейінірек, механикалық энергияны электр тоғы энергиясына айналдыратын дүние жүзіндегі барлық электр станциялары генераторының құрылысының негізі етіп алынған жаңалықты ашқан болатын. Басқа принциптерге негізделіп жұмыс атқаратын энергия көздері - гальвани элементтері, аккумуляторлар және т.б. өндірілетін электр энергиясының мардымсыз аз бөлігін ғана береді. Электр тоғы темір кесегін магниттей алады деп пайымдады Фарадей. Ендеше, магнит те электр тоғын тудыра алмас па екен? Көпке дейін бұл байланысты анықтаудың сәті түспеді. Ең басты түйіні, дәлірек айтқанда, тек қозғалыстағы магниттің немесе уақыт бойынша өзгеріп отыра­тын магнит өрісінің катушкада электр тоғын тудыратыны ойға келмеді.

Жаңалықты ашуға мынадай кездейсоқ жағдай кедергі болды. Фарадеймен бір мезгілде дерлік Швейцария физигі Колладон да магниттің көмегімен катушкада электр тоғын алуға әрекет жасады. Ол зерттеулер кезінде жеңіл магнит тілі аспап катушкасының ішіңде орналасқан гальванометрді пайдаланды. Магнит тілге тікелей әсерін тигізбес үшін тоқ алуға үміттеніп, ішіне магнит қойылған катушканын ұштарын Колладон келесі бөлмеге шығарып, ондағы гальванометрге жалғады. Магнитті катушкаға тығып, Колладон келесі бөлмеге барып,галь­ванометрге қарап, тоқ жоқ екеніне көзі жетіп, қамықты. Егер ол магнитті қозғауды басқа біреуге тапсырып, өзі үнемі гальванометрге қарап, қадағалап отырғанда, тамаша жаңалық ашылған болар еді. Бұлай болмады. Катушкамен салыстырғанда тыныштықта болатын магнит онда тоқ тудырмайды. Электромагниттік индукция құбылысы дегеніміз - уақыт бойынша айнымалы магнит өрісінде тыныштықта болатын немесе тұрақты магнит өрісінде контурды тесіп өтетін магнит индукциясы сызықтарының саны өзгеріп отыратындай түрде қозғайтын өткізгіш контурда электр тоғының пайда болуы. Ол 1831 жылдың 29-тамызында ашылды. Бұл сияқты тамаша жаңалықтың ашылған күні мұндай дәл белгілі болуы сирек жағдай.

Әуелі бір-біріне қатысты тыныштықта болатын өткізгіштерде тізбекті тұйықтағанда және ажыратқанда пайда болатын электромагниттік индукция ашылған. Содан кейін, тоғы бар өткізгіштерді алыстатудың немесе жақындатудың тізбекті тұйықтау және ажырату кезіндегідей нәтижеге әкелетін айқын түсінген Фарадей, тәжірибелер негізінде катушкаларды бір-біріне қатысты орын ауыстырған кезде де,тоқтың пай­да болатынын дәлелдеді. Ампер еңбектерімен таныс Фарадей магнит дегеннің молекулаларда шыр айналып жүрген кішкене тоқтардың жиынтығы екенін түсінді. Оның зертханалық журналында тіркелгендей, 17-қазан күні катушкаға магнитті енгізгенде (немесе магнитті суырғанда) индукциялық тоқтың пайда болатыны табылды.

Бір айдың ішінде Фарадей тәжірибе жолымен электромагниттік индукция құбылысының елеулі ерекшеліктерінің бәрін ашты. Қазіргі кезде Фарадей төжірибелерін кім болса да қайталай алады. Ол үшін екі катушка, магнит, элементтер батареясы және әжептәуір сезімтал гальванометр қажет.

1,а-суретте кескінделген қондырғыда катушкалардың біріндегі электр тізбегін тұйықтағанда немесе ажыратқанда оған катысты қозғалмай тұрған екінші катушкада индукциялық тоқ пайда болады. Басқа тәжірибелерде имндукциялық тоқ катушкалардың бірінің тоқ күшін реостаттың көмегімен өзгерткен кезде пайда болады (1,ә-сурет); катушкаларды бір-біріне қатысты қозғалтқанда (2,а-сурет), тұрақты магнитті катушкаға қатысты қозғалтқанда (2, ә-сурет) пайда болады.

Фарадейдің өзі-ақ, сырт қарағанда әртүрлі болып көрінетін тәжірибелердегі индукциялық тоқтың пайда болуына тән ортақ негізді түсінді.

Тұйықталған өткізгіш контурда тоқ сол контур шектеп тұрған бетті тесіп өтетін магнит индукция сызықтарының саны өзгерген кезде пайда болады.

Магнит индукциясы сызықтарының саны неғұрлым жылдам өзгерсе, пайда болатын индукциялық тоқта соғұрлым жоғары болады. Бұл кезде магнит индукциясы сызықтарының сандық өзгерісі ешқандай рөл атқармайды. Бұл көршілес катушкадағы тоқ күшінің өзгерісі салдарынан да, қозғалмайтын өткізгіш контур бетін тесіп өтетін магнит индукциясы сызықтары санының өзгерісі салдарынан да (2,ә-сурет), кеңістіктегі сызықтарының қоюлығы өзгеріп отыратын әртекті магнит өрісіндегі контурдың қозғалысы себебінен де индукция сызықтары санының өзгерісі болуы мүмкін (3 сурет).

Егер тұйықталған өткізгіш контур айнымалы магнит өрісінде болса немесе өзін тесіп өтетін магнит индукциясы сызықтары өзгеретіндей, уақыт бойынша тұрақты магнит өрісінде қозғалатын болса, онда тұйықталған өткізгіш контурда электр тоғы пайда болады.





жүктеу 2,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау