11 сынып 18 сабақ
Сабақ тақырыбы: Молекулалық – кинетиқалық теория негіздері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Сабақтағы негізгі материал:
Барлық заттар өте кіші бөлшектерден құралады деген болжам ертеде, 2000 жылдан бұрын пайда болған. Бірақ тек 19—20 ғасырлар шегінде, бұл қандай бөлшектер және олар қандай қасиеттерге ие екендігі тағайындалған. Заттар құралатын бөлшектерді молекулалар деп атайды. Мысалы, ең кіші бөлшегі — судың молекуласы, ал қанттың ең кіші бөлшегі — қанттың молекуласы және т.б. Молекулалардың өлшемдері қандай?Қант кесегін өте майда етіп үгітуге болатыны белгілі, бидай дәнінен диірменмен тартып ұн алады. Май тамшысы су бетінде жайыла отырып, қалыңдығы адам шашының диаметрінен оңдаған мың есе кіші қабыршық түзеді. Бірақ ұнның түйіршігі мен май қабаты бір немесе көп молекулаға ие. Яғни, бұл заттардың молекулаларының өлшемі, ұн түйіршігі мен қабыршақтың қалыңдығынан кіші. Мынадай салыстыруды келтірейік: орташа алма жер шарынан қанша есе кіші болса, молекула алмадан сонша есе кіші. Егер барлық денелердің өлшемі миллион есе өссе (бұл кезде адамның саусағының қалыңдығы 10 км тең болар еді), онда молекуланың өлшемі осы оқулықтағы нүктенің жартысына теңелер еді. Қарусыз көзбен молекуланы көру мүмкін емес. Молекулалардың кішілігі сонша, олардың 1000 есе үлкейтетін микроскоппен де көруге болмайды. Биологтарға өлшемдері 0,001 мм микроорганизмдер (мысалы, бактериалар) белгілі. Молекулалар олардан жүздеген, мыңдаған есе кіші. Молекулалардың өлшемдерін анықтау үшін әр түрлі тәжірибелер жасалған. Олардың бірін келтірейік. Таза жуылған үлкен ыдысқа су құйылып, оның үстіне май тамшысы тамызылған. Май су бетіне жайылып қабыршақ түзеді жєне неғұрлым көп жайылған сайын оның қалыңдығы кеми береді. Біршама уақыттан соң майдың жайылуы тоқтаған. Егер, майдың барлық молекулалары су бетінде орналасты деп санасақ (қалыңдығы қабыршақ түзсе), онда молекуланың диаметрін табу үшін, түзілген қабыршақтың қалыңдығын тапса жеткілікті.
Есеп шығару:
Көлемі 0,002 мм2 бір тамшы май судың бетіне тамып ауданы 100 см2 болатын жұқа қабат болып жайылады. Осы қабаттың қалыңдығын май молекуласының диаметріне тең деп қабылдап, молекуланың диаметрін анықта.
Өзіндік жұмыс.
А) төмендегі сөздердің «физикалық дене затң ұғымдарына қатыстығын ата. Ұшақ, кітап, мыс, қалам, фрафор, су.
Ә) Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай түсінесің?
Карточкамен жұмыс.
№1 К. Молкула дегеніміз қандай бөлшек?
№2 К. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?
№3 К. Қандай жылу құбылыстарын білесіңдер?
№4 К. Диффузияның температураға байланысы бар ма?
№5 К. Заттар қандай күйде бола алады?
Достарыңызбен бөлісу: |