11
экономикалық мәні және қазіргі жағдайы, салыстырмалы талдау және өз
пікірін айта білу мәнерін ашу беріледі.
Бірінші тарауда әдеби және басқа да әдебиет көздерінің негізінде мәселе
жағдайына теориялық талдау жүргізіледі, шетелдік және отандық
ғалымдардың, маман-практиктердің қазіргі мәселелерге өзіндік көзқарастары
қамтылады. Маркетинг әртүрлі жоспарлы концепция ретінде қарастырылады:
1) нарық үлесін, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыруға бағытталған
бизнес, философия ретінде; 2) бәсекелік стратегияны әзірлеу барысында
маркетологтар қолданатын құрал; 3) кәсіпорынды басқарудың кешенді
функциясы (алдын ала жоспарлы талдау, маркетинг жоспарын әзірлеу,
бақылау, іске асыру және орындау); 4) нарықтық басқару әдістерінің
жиынтығы. Бірінші тарауда түсініктемелік-категориялы аппарат жиынтығы,
негізгі қолданылатын терминдер бойынша түсініктер, анықтамалар беріледі.
Нақты мәселені шешу барысында қанрай экономикалық заңдар мен
заңнамалық актілер қолданылатын қандай әлеуметтік, ұйымдық, саяси алғы
шарттар әсер ететінін анықтау қажет. Сонымен қатар осы мәселемен
байланысты көрсеткіштер жиынтығы анықталады, мәселе көрсеткіштерінің
динамикасына, олардың тәуелділігіне сандық бағалау жүргізіледі.
Экономикалық міндеттің тұтастай негіздемесі беріледі.
Бірінші тарау соңында проблема теориясы бойынша қысқаша
тұжырымдар беріледі және оны практикалық зерттеу қажеттілігі негізделеді.
Екінші тарау талдаулық сипатта болады, мұнда бірінші тарауда
қарастырылған жалпы теориялық жағдайлар негізінде зерттелетін мәселенің
талдауы жасалады. Екінші тарауда фирма немесе компанияның қызметі
талданып, бірнеше жылды қамтитын экономикалық көрсеткіштеріне терең
талдау жасалады. Компанияның бастапқы мәліметтерін бір жүйеге келтіріп,
экономика-математикалық әдістер көмегімен талдау қажет. Бұл мәліметтер
кесте, график, диаграмма, сызба түрінде беріліп, көрсетілген сандар мен
фактілер зерттеу объектінің нақты жағдайы мен қызметін шынайы және
объективті түрде көрсетуі керек. Сонымен зерттеу объектісі ретінде
қызметтер және тауарлар нарығы да бола алады. Бұл ретте фактілер ғана
емес, даму беталыстары, кемшіліктер мен олардың пайда болу себептері
айқындалып, оларды шешу жолдары көрсетіледі. Ұсынылған шаралардың
тереңдігі мен ғылыми негізделуі екінші тараудың толық және сапалы
жазылуына тікелей байланысты. Сандық материал талдаулық кестелерге
біріктіріліп немесе суреттер, сызбалар түрінде келтіріліп, зерттеу
объектісінің 3-5 жылдағы құрамы, құрылымы және өсіңкілігін сипаттауға
мүмкіндік беруі керек.
Кестелердің мазмұнының рәсімделуіне келесідей талаптар қойылады:
кестенің атауы, реттік саны; кесте атауы оның мазмұнын толық ашуы және
ұйымның атын қамтуы тиіс, ұйымның көрсеткіштері, жылдары жазылуы
керек; мәліметтер нақты, қисынды болуы керек; көрсеткіштердің өлшем
бірлігі, соңғы жылдардағы, әсіресе, соңғы бес жылдың мәліметтері келтірілуі
керек және көрсеткіштердің өсуі немесе төмендеуін алдыңғы жылдармен
12
салыстыру негізінде көрсетіп, оларды талдау; егер көрсеткіштің
өсу/төмендеуі 200 %-дан артық болса, өзгеру шамасын есемен көрсету қажет.
Графиктерді рәсімдеуге қойылатын талаптар: графиктің көмегімен
көрсеткіштердің функционалдық өзара тәуелділігі белгіленеді; әрбір
координата өсінде шартты белгілеулер көрсетіледі; нақты және ұтымды
орналастырылып, көрнекі түрде көркемделуі керек; өлшем бірлігі және
шартты белгілері болуы тиіс; графиктер оларды сипаттаушы мәтінінен кейін
тұру керек.
Екінші тарауда зерттеу обьектісі (кәсіпорын, фирма) мен нарық
дамуының тенденциясының қызметі, практикалық қызметі қамтылады және
зерттеледі. Сонымен қатар, қызметтің экономикалық негіздемесі, меншік
нысаны, басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны, динамикада экономикалық
көрсеткіштері талданады. Сапалы талдау жүргізу үшін бухгалтерлік,
статистикалық есептер, қаржы жоспары, баланс, статистикалық жинақ
мәліметтерін толықтай жинау керек екендігін айтып өту керек.
Содан соң маркетингті ұйымдастыру, маркетингтік зерттеу,
стратегиялық және ағымдағы жоспарлау, нарық сегментациясы, тауар
позициясы, кәсіпорынның тауарлы, бағалық, саяси, коммуникативтік
жоспары бойынша кәсіпорынның практикалық қызметі қаралады. SWOT-
талдау, ситуациялық талдау және басқа да әдістер негізінде шаруашылық
субьектісінің маркетингтік мүмкіндіктері талданады.
Диплом жұмысының жалпы проблемаларын шешу үшін қажетті әдістер,
әдіснамаларға талдау жүргізіледі. Қажеттілікке байланысты ақпаратты
компьютерлік өңдеу жүзеге асырылады және экономикалық-математикалық
әдістер мен модельдер қолдану арқылы ЭЕМ есептері жүргізіледі.
Тарау соңында алынған нәтиже бойынша қысқаша тұжырымдама мен
баға беріледі.
Үшінші тарау конструктивтік және ұсынымдық сипатта болуы қажет.
Мұнда орын алған кемшіліктерді жоюдың жолдары негізделіп, зерттеу
мәселелері бойынша шешімдер мен ұсыныстар берілуі тиіс. Тарауда зерттеу
тақырыбы
мен
практикалық
сипаттағы
міндеттері
ғылыми-
ұйымдастырушылық шешуге бағытталған қорытындылар мен ұсыныстар
қалыптастырылуы керек. Үшінші тарауда ұсыныстардың экономикалық
тиімділігі есептеледі, сонымен бірге бұл тарауда зерттеу пәнінің даму
болашағы қарастырылуы мүмкін.
Үшінші тарауда (конструкторлық) маркетингтік қызметті жетілдіру
бойынша ұсыныстар әзірленеді. Атап айтқанда, егер кәсіпорында маркетинг
бөлімі жоқ болса, онда диплом жазушы оны құру бойынша бағдарлама
әзірлейді, маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымы қалыптасады, штат
кестесі, қызметкерлер арасында функционалдық міндеттер бөлінеді,
маркетингтік қызмет жоспары құрылады. Диплом жұмысы авторына
кәсіпорынның маркетингтік дамуы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін
аналогиялық технология таңдау ұсынылады.
Басқа да ұсыныстар ретінде: отандық және халықаралық фирмалардың
маркетингтік қызметінің әдістері мен мақсаты, концепциясын кешенді