9
Титулдық бет жалпы беттің көлеміне кіреді, бірақ нөмірленбейді.
Жұмыстың
«Мазмұнында»
кіріспе,
барлық
тараулардың,
параграфтардың атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі,
қосымшалардың атауы және әрқайсысының басталу беттері көрсетілуі керек.
Тараулардың және параграфтардың атауын қысқартып жазуға, басқа түрде
келтіруге немесе орындарын ауыстырып жазуға тыйым салынады.
«Кіріспеде» жұмыстың ең өзекті мәселелерін, мақсаты мен міндеттерін,
зерттеу объектісі мен пәнін, сонымен қатар оның тәжірибелік маңыздылығы
мен жариялымдылығын (ғылыми мақалалары, конференция баяндамалары
болған жағдайда) көрсету қажет.
Кіріспе мен қорытынды – бұл диплом жұмысының ең маңызды
тараулары, өйткені осы тарауларды оқыған кезде жазылған жұмыстың
сапасы туралы алғашқы ой-пікір қалыптасады.
Диплом жұмысының мақсатын тұжырымдау мәселені талдап,
экономикалық құбылыстардың арасындағы заңдылықтарды табуға
бағытталуы керек. Әдетте диплом жұмысының мақсаты екі бөлімнен тұрады:
біріншісі – «зерттеу» деген сөзбен басталады (зерттеу мәселесі), ал екіншісі –
осы мәселені шешетін ұсыныстарды әзірлеу. (немесе оның даму болашағы)
Мысалы: диплом жұмысының тақырыбы «Кәсіпорында маркетингтік
зерттеуді ұйымдастыру» («Счастливый молочник» ЖШC материалдары
негізінде).
Диплом жұмысының мақсаты: «Счастливый млолочник» ЖШC -де
маркетингтік зерттеулердің ұйымдастырылуын талдау және оларды жетілдіру
жолдары
Диплом жұмысының міндеттері мақсатына байланысты анықталады.
Онда төмендегідей сөздер қолданылады: талдау, әзірлеу.., жалпылау..,
дәлелдеу.., ендіру.., зерттеу.., анықтау.., көрсету.., сипаттау..., жүйелеп
баяндау.., ұсыныстар ұсыну.., болжамдар жасау..., өзара байланысын
анықтау..., болашақтағы дамуын айқындау.
Міндеттерді анық тұжырымдау маңызды, өйткені міндеттердің мазмұны,
тізімі және олардың орындалуына байланысты диплом жұмысының
құрылымы анықталып, сәйкес тараулардың атаулары белгіленеді.
Мысалы: диплом жұмыс тақырыбы «Кәсіпорында маркетингтік
зерттеуді ұйымдастыру» («Счастливый молочник» ЖШC материалдары
негізінде).
Диплом жұмысының мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері
анықталып, шешіледі:
–
Кәсіпорында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастырудың теориялық
аспектілерін ашу.
–
Сүт нарығында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастырудың шетелдік
тәжірибесін оқып білу. Шетелдік тәжірибені қолдану негізінде.
–
«Счастливый молочник» ЖШC экономикалық көрсеткіштеріне жалпы
мінездеме беріп,талдау жасау.
–
«Счастливый молочник» ЖШC маркетингтік қызметін талдау.
10
–
«
Счастливый молочник» ЖШC маркетинтгік зерттеулердің
ұйымдастырылуын бағалау.
– «
Счастливый молочник» ЖШC маркетингтік қызметін жетілдіру
бойынша ұсыныстар жасау.
–
«
Счастливый молочник» ЖШC маркетингтік зерттеулерді
ұйымдастыру тиімділігін жоғарылату негізінде маркетингтік қызметті
жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеу
пәні
болып,
кәсіпорында
маркетингтік
зерттеуді
ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілердің
жиынтығы табылады. Зерттеу обьектісі болып отандық сүт нарығындағы
өндірістік қызметті жүзеге асыратын «Счастливый молочник» ЖШC болып
табылады. [6, 25 б.]. Зерттеу объектісі ретінде − нақты шаруашылық немесе
нарық субъектілерінің экономикалық қызметі алынады.
Мысалы: диплом жұмысының тақырыбы «Кәсіпорында маркетингтік
зерттеуді ұйымдастыру» («Счастливый молочник» ЖШC материалдары
негізінде)
Зерттеу обьектісі болып отандық сүт нарығындағы өндірістік қызметті
жүзеге асыратын «Счастливый молочник» ЖШC болып табылады.
Зерттеу
пәні
болып
кәсіпорында
маркетингтік
зерттеуді
ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілердің
жиынтығы табылады.
Жұмыс тақырыбы бойынша қолданылған зерттеу әдістерін ашуды
қысқаша түрде мазмұндау талап етіледі. Бұл жерде автордың жеке зерттеуі
бойынша қорытындысы, ұсыныстары, жасалған әдістерді көрсету өте
маңызды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы негізінен жеке түсініктерді,
экономикалық процестердің негізгі бөліктерін анықтау және автордың
зерттеу мәселесі бойынша жұмсаған еңбегімен сипатталады.
Диплом жұмыстың негізгі тарауда орындалған жұмыстың мәні,
мазмұны, әдістемесі және негізгі нәтижелері бойынша мәліметтер
келтіріледі. Диплом жұмысының негізгі тарауы бөлім мен бөлімшеге
бөлінеді. Жұмыста жүйелеу мен қисынды жазу талаптарын қатаң сақтау
негізінде үшінші тараудың мазмұны бірінші және екінші тараулардың негізгі
тұжырымдарын, ал екінші тарау – бірінші тарауда жасалған теориялық-
әдістемелік сипаттағы қорытындыларды қамтуы тиіс.
Жұмыстың бірінші тарауы теориялық сипатта болады. Ол зерттеу
тақырыбын ғылыми-теориялық және методологиялық тұрғыдан, ғылыми
әдебиеттерді және ресми мәліметтерді (нормативтік-құқықтық құжаттарды,
статистикалық ақпаратты, ағымдық басылымдарды) сынай отырып талдау,
сонымен бірге зерттеу тақырыбындағы әр түрлі көзқарастарды жалпылау
негізінде жазылуы тиіс. Жұмыста шетелдік тәжірибе қарастырылуы керек.
Бұл тарауда зерттелетін үрдістің мәнін, мазмұнын, ұйымдастырылуын және
оның құрамдастарын терең зерттеп, оны салыстырмалы талдау арқылы
негіздеп, өз ұсынымын көрсету қажет. Осы бөлімде диплом жұмысының
келесідей бағыттағы теориялық негіздемелері, зерттеу тақырыбының