91
Командалық жол интерфейсі.
Терминал негізгі үш міндетті талап және бір міндетті емес талапты
қанағаттандыруы қажет:
қолданушыдан жүйеге мәліметтер беру;
қолданушыдан жүйеге басқару командаларын беру;
жүйеден қолданушыға мәтіндік мәліметтер беру;
(міндетті түрде емес) жүйеден қолданушыға берілетін кейбір мәліметтерді
басқарушы тізбектер түрінде интерпретациялау және оларды ӛңдеу .
Негізгі әдебиеттер: 1 нег.
20-27
, 5 нег.
21-25
Қосымша әдебиеттер: 3 қос.
15-19
Бақылау сұрақтары:
1. Қолданушы идентификаторы және топ идентификаторы?
2. «Домашний» каталог, командалыққоршау?
3. "Администратор" түсінігі нені білдіреді?
4. Жүйеге тіркелу қалай жүргізіледі?
5. Парольді ауыстыру қандай жағдайларда қолданылады?
Лекция №11.Командаларинтерпретаторы. Unix командалары.Unix
каталогтар ағашы. Файлдық жҥйесі. Unix -тың каталог, файлдармен
жұмыс істеу командалары.
Командалық жол.
Linux ОЖ-мен ӛзара іс-әрекет жасаудың негізгі ортасы- командалық жол.
Қолданушыдан жүйеге берілетін әрбір жол – жүйе орындайтын команда.
Enter пернесі басылғанша жолды редакциялауға болады, содан кейін ол
жүйеге жіберіледі:
[methody@localhost methody]$ cal
Сентября 2004
Вс Пн Вт Ср Чт Пт Сб
1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
92
26 27 28 29 30
[methody@localhost methody]$ echo Hello, world!
Hello, world!
Командалық жол интерпретаторы (shell).
Linux-те«жүйе» атаулы жеке объект болмайды. Жүйе – бір бірімен ӛзара
іс-әрекеттегі кӛптеген компоненттерден құралған Жүйелік компоненттердің
негізгісі- қолданушы. Қолданушы машинаға команда береді, ал ол сол
команданы орындайды. Жүйелік шақырулар (ядро функциялары) және
кітапханалық функциялар жүйенің командалары. Бұл командаларды
бағдарлама жазу арқылы ғана қолдануға болады (кӛп жағдайда Си тілінде).
Ӛйткені, ядро функциялары тӛмен деңгейлі операцияларды ғана орындай
алады, қолданушының қарапайым есебін шешу үшін бір жұмыс нәтижесін
басқа жұмыс қажетіне түрлендіретін бірнеше операцияларды орындау қажет
болады. Сондықтан қолданушы үшін жоғарғы деңгейлі және ыңғайлы жүйені
басқару тілі қажеттілігі туады.
Linux-те бірнеше командалық интерпретаторлар бар. Солардың ішінде ең
қарапайымы, UNIX-тің алғашқы версияларында пайда болған sh немесе
"Bourne Shell" – интерпретатор авторы Стивен Борн (Stephen Bourne) атымен
аталған. Кейін оны кӛбірек қуатты bash интерпретаторымен алмастырды
("Bourne Again Shell").
Нақты түрде қолданушы есебін шешу – оны shell тілінде сипаттау.
Қолданушымен командалық интерпретатордың ӛзара қатыс тілі – бұл, бір
жағынан командалармен жүйенің ӛзара қатынасын ұйымдастыру
құралдарымен, екінші жағынан командалық жол жұмысын жеңілдететін
қолданушымен ӛзара қатынас құралдарымен толықтырылған жоғарғы
деңгейлі бағдарламалау тілі.
қолданушының терминал және қоршау арқылы компьютермен
ӛзара іс-әрекеті.
Сөздер және бөлгіштер.
Командалық жолды талдау барысында shell бӛлгіш түсінігін қолданады
(delimiter). Бӛлгіш – бұл, командалық жолды сӛздер тізбегі (мәндері болатын)
және бӛлгіштер ретінде алып, сӛздерді бӛлетін символ. Shell үшін бос орын
93
символы, табуляция символы және жолды ауыстыру символы бӛлгіштер
болып есептеледі. Кӛрші сӛздер арасындағы бӛлгіштер саны есептелмейді
Файлдық жҥйе құрылымы.
Linux операциялық жүйесі үшін файл – операциялық жүйені
қолданушыға қажеттілігінен кем емес маңызды ұғым:кез келген
тасымалдаушыда сақталатын барлық мәліметтер міндетті түрде файл ішінде
сақталады, кері жағдайда оларға операциялық жүйе және қолданушылар
үшін рұқсат болмайды. Сонымен қатар, компьютерге қосылған кӛптеген
құрылғыларды (пернетақтадан бастап сыртқы құрылғыларға дейін, мысалы,
принтер және сканерлер ) Linux файл түрінде кӛрсетеді (тесік-файлдар
(файлы-дырки)). Қолданушы үшін файлдардың негізгі үш түрі болады:
мәліметтерді сақтауға арналған қарапайым файлдар, каталогтар және
сілтеме-файлдар.
Файл – бұл, ӛзінің жеке атауы бар, ақпарат тасымалдаушылардың
біреуіндегі мәліметтерге бӛлінген аймақ.
Файлдар жүйесі:
Каталогтар. Қолданушы тұрғысынан қарағанда файлдық жүйе- файлдар
орналасатын «кеңістік». Файлдық жүйе арқылы файлдың қалай аталуын,
оның қай жерде орналасқанын анықтауға болады. Файлдарды бір біріннен
ажырату үшін және тақырып бойынша байланысқан файлдар тобымен
(мысалы, бір бағдарламаның компоненттері, бір диссертацияның әр түрлі
бӛлімдері) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін механизм қажет, яғни
файлдарды жүйелендіру.
Файлдық жүйе – ақпарат тасымалдаушыға немесе оның бӛліміне
мәліметтерді сақтау және оларға рұқсатты ұйымдастыру тәсілі. Классикалық
файлдық жүйе иерархиялық құрылымды болады және бұл жүйедегі файл
толық жолымен анықталады.
Қолданушы тұрғысынан қарағанда Linux операциялық жүйесінде екі типі
объекті бар: файлдар және процесстер. Барлық мәліметтер файлдар түрінде
сақталады, сыртқы құрылғыларға рұқсат арнайы файлдарға оқу/жазу арқылы
жасалады. Қолданушы бағдарламаны қосқанда, ядро сәйкес орындалатын
файлды жүктейді, процесс бейнесін жасайды және оған басқаруды береді.
Linux операциялық жүйесінде файлдар қолданушының жеңілдіктерін
анықтайды, ӛйткені кӛп жағдайда қолданушы құқығы файлдарға рұқсат
құқықтары арқылы қадағаланады
Файлдар және каталогтар атаулары.
Басқа операциялық жүйелердегідей Linux-те файлдар ағаш тәріздес
құрылым түрінде ұйымдастырылған, және ол файлдық жүйе деп аталады.
Әрбір файлдың файлдық жүйе ағашындағы орнын анықтайтын атауы
болады. Бұл ағаштың түбірі «түбір каталог» (root directory) деп аталады және
оның атауы «/» символымен белгіленеді. Басқа файлдардың атаулары файлға
жетуге дейінгі жүріп отыруға қажет жолдан -каталогтар тізімінен (бұтақтар)
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |