Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 5,16 Kb.
Pdf просмотр
бет15/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,16 Kb.
#15884
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

49 
 
 әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты кӛрнекі түрде кӛрсету 
үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады. 
Конструкторлар  автомобильдің  немесе  ұшақтың  жаңа  үлгілерін 
құрастырған кезде олардың соңғы кӛрінісін алу үшін үшӛлшемді графикалық 
объектілерді  қолданады.  Архитекторлар  монитор  экранында  болашақ 
ғимараттың  кең  кӛлемді  кескінін  жасап,  оның  жер  бедерімен  қалай 
жанасатынын алдын-ала болжай алады.  
Қазіргі  компьютерлік  графика  қолданылу  әдісі  бойынша  мынадай 
негізгі салаларға бӛлінеді: 
Ғылыми  графика.  Алғашқы  компьютерлер  тек  ғылыми  және 
ӛндірістік  есептерді  шығару  үшін  қолданылды.  Есептерден  шыққан 
нәтижелерді  дұрыс  түсіну  үшін  оларды  графикалық  тұрғыда  ӛңдеп, 
графиктер,  мен  диаграммалар,  сызбалар  тұрғызған.  Машинадағы  алғашқы 
графиктерді  символдық   режимде  басып  шығаратын.  Кейін  сызбалар  мен 
графиктерді  қағазға  қаламұштың  кӛмегімен  сызатын  арнайы  құрылғылар  – 
графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды. 
Қазіргі  заманғы  ғылыми  компьютерлік  графика  әр  түрлі  есептеу 
тәжірибелерін  жүргізіп,  олардың  нәтижесін  кӛрнекі  түрде  кӛрсетуге 
  мүмкіндік береді.  
Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының кӛрсеткіштерін 
кӛрнекі    түрде  ұсыну  үшін  қолданылатын  компьютерлік  графиканың 
маңызды  саласы.  Іскерлік  графиканың  кӛмегімен  жоспар  кӛрсеткіштерін, 
есеп  құжаттарын,  статистикалық  есептерді  және  т.б.   объектілерді  кӛрнекі 
түрде  ұсынуға  болады.  Іскерлік  графиканың  программалық  жабдықтары 
электронды кестелердің құрамында болады.       
Контрукторлық 
графика 

инженер-конструкторлардың, 
архитекторлардың,  жаңа  техниканы  ойлап  шығарушы  ӛнертапқыштардың 
жұмысында  қолданылады.  Компьютерлік  графиканың  бұл  түрі  САПР-
дың(систем  автоматизации  проектирования-  жобалауды  автоматтандыру 
жүйесі)  міндетті  элементі  болып  табылады.  Конструкторлық  графика 
құралдарын  пайдалана  отырып  жазықтықтағы  кескіндерді  (проекциялар, 
сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшӛлшемді кескіндерді де жасауға болады. 
 Суреттеу  графикасы  (кӛркем  графика)  деп  компьютер  экранында 
ерікті  түрде  сурет  салу  мен  сызуды  айтады.  Суреттеу  графикасының 
пакеттері  жалпы  мақсатта  пайдаланылатын  қолданбалы  программалық 
жасақтамалардың  қатарына  енеді.  Суреттеу  графикасында  қолданылатын  
қарапайым  программалық  жабдықтарды   графикалық  редакторлар  деп  атай-
ды. 
Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бо-
ла  бастады.  Қазір  компьютердің  кӛмегімен  жарнамалық  роликтер,  мульт-
фильмдер,  компьютерлік  ойындар,  видеодәрістер  мен  видеопрезентациялар 
жасалады.  Оларды  жасау  үшін  қолданылатын  графикалық  пакеттер  осы 
мақсатта  қолданылатын  компьютерлердің  жады  мен  жұмыс  істеу 


50 
 
жылдамдығына  үлкен  талап  қояды.  Осы  графикалық  пакеттердің  басты 
ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» 
жасау  мүмкіндігін  айтуға  болады.  Үшӛлшемді  объектілерден  тұратын 
суреттерді  салу,  оларды  бұру,  жақындату,  аластату,  деформациялау  үлкен 
кӛлемде  математикалық  есептеулерді  қажет  етеді.  Мысалға,  объектінің 
жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық кӛзін, оны қоршаған 
заттардың,  олардың  кӛлеңкелерін  есепке  ала  отырып  бейнелеу   үшін 
оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді  жүргізу қажет.  
 Компьютерлік  анимация  деп  дисплей  экранында  қозғалатын 
кескіндерді  жасау  ӛнерін  айтады.  Суретші  қозғалатын  объектінің  бастапқы 
және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің 
арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті 
алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып ӛзі су-
реттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осын-
дай  суреттердің  жиынтығы  экранда  қозғалатын  суреттерді  бейнелеуге 
мүмкіндік береді.  
Мультимедиа деп - компьютер экранындағы  жоғары сапалы кескінді 
дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады.  Мультимедиа құралдары оқу-
ағарту  саласында,  электронды  ақпарат  құралдарында  және  т.б.  мақсатта 
қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компью-
терге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды 
қосу қажет.       
Компьютерлік графиканың түрлері 
Компьютерлік  графика  үш  түрге:  растрлық,  векторлық  және 
фракталдық болып бӛлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену 
және  қағаз  бетіне  басып  шығарылған  кезде  кескіндердің  қалыптасу 
принциптері бойынша ажыратылады.  
 Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан 
тұрады.  Графикалық  ақпараттың  осындай  нүктелер  жиыны  немесе  пиксель-
дер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық 
кескінді  құрайтын  әрбір  пиксельдің  ӛз  орны  мен  түсі  болады  және  әр  пик-
сельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.      
Растрлық  кескіннің  сапасы  сол  кескіннің  ӛлшеміне  (тігінен  және 
кӛлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті 
түстердің санына тәуелді болады.   
Мұндай  типті  кескіндер  Macromedia    Photoshop,  Corel  Photo,  Photofi-
nish секілді қуатты графикалық редакторларда ӛңделеді. Растрлық кескіндер 
векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым 
фотосуреттердің  ӛзі  компьютерде  растрлық  кескін  түрінде  сақталады. 
Растрлық кескіндерді Paint, Macromedia  Image Ready секілді программалар-
ды қолданып қолдан жасауға да болады.  
  Растрлық  кескіндердің  артықшылықтары  да,  кемшіліктері  де  бар. 
Артықшылығы:  растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-


жүктеу 5,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау