40
MDI-дің кӛптеген артықшылықтары болады. Оның бірі - 1 фильмнің
элементтерін басқа фильмге маус кӛмегімен орын ауыстыру немесе кӛшіру
арқылы жүзеге асады. (яғни, drag-and-drop — "орнын ауыстырып, қалдыр"
техникасы). Объектілерді басқа фильмге кӛшіргенде немесе орнын
ауыстырғанда визуальді кӛрсетілімдер ғана емес, сондай-ақ оның қалған
қасиеттері де сақталады. Мысалы: батырманы кӛшіргенде, оған қатысты
әрекеттер де сақталады.
Кеңес
1-фильмнен 2-фильмге объектінің орнын ауыстыру үшін осы объектіге
нұсқағышты орнатып, маустың батырмасын басып тұрып оны басқа
объектіге, яғни басқа терезедегі қажетті позицияға орнату жеткілікті.
Объектіні басқа фильмге кӛшіру үшін, жоғарыда кӛрсетілген әрекеттер
пернесін басу арқылы жүзеге асады.
Жұмыс істеу аймағының үстінде уақыттық диаграмма панелі (Timeline)
орналасқан. Үстел сияқты уақыттық диаграмма да фильмнің нақты
оқиғасына жатады. Ол оқиғадағы қабаттардың ӛзара орналасуы, оқиғада
кӛрсетілген объект күйінің ӛзгеру тізбегі сипаттала отырып, басқа да
әрекеттер жасай алады. Уақыттық диаграмма анимация құрудың және
фильмнің интерактивтік элементтерінің беталысын сипаттайтын негізгі
құралы болып табылады.
Уақыттық диаграмма панелі күрделі құрылымды болып келеді және
кӛптеген басқару элементтерінен тұрады. Уақыттық диаграмманың сыртқы
бейнесі ӛте үлкен ауқымда орнатылған параметрлерге тәуелді ӛзгеріп
отырады. Алайда Flash - пен жұмыс істеу қарқындылығы уақыттық
диаграммен жеткілікті дәрежеде жұмыс істей алумен байланысты.
Берілген бӛлімде уақыттық диаграмма панелінің негізгі компоненттері
мен оның жалпы пішімін қарастырамыз. Оны пайдалану туралы сұрақтар
келесі бӛлімдерде анықталып, нақтыланады.
Сонымен, жалпы жағдайда уақыттық диаграмма панелінде келесі
элементтер кӛрсетіледі. (8-сурет):
Ағымдағы фильм оқиғасының қабатын сипаттау. Бұл сипаттаманың
құрамы бірнеше бағаны бар ӛзіндік кесте түрінде берілген. Онда қабаттың
атауы мен оның атрибуттары кӛрсетіледі. Анығырақ уақыттық диаграмма
панелінің осы бӛлігі "Анимацияны құру" тарауында қарастырылады.
Уақыттық меншікті диаграмма кадрлар шкаласы, "санауыш бастиек"
бейнесі және оқиғаның әр қабатына арналған уақыттық диаграммадан
тұрады.
Түсуші меню уақыттық диаграммада кадрларды ұсыну пішімін
таңдауға мүмкіндік береді.
Уақыттық диаграмма терезесі күйінің жолында фильмнің кейбір
параметрлері туралы ақпарат шығарылумен қатар үстелдегі кадрлар
анимациясын бейнелеуді басқаруға арналған батырмалары болады.