Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет115/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119

243 
 
беретін  механизм  қажет.  Сол  себепті  ―ҚазақстанРеспубликасының  2003-2015  жылдарға 
арналған  Стратегиялық  индустриалды-инновациялық  дамуында‖  қор  нарығының 
стратегиялық  дамуы  ең  маңызды  нарықтық  жаңғыртуларға  жататыны  ерекше  атап 
кӛрсетіледі.  Аталған  міндеттің  шешімі  ретінде  ішкі  институционалды  инвесторларды 
дамыту  қажет,  сонымен  қатар  қор  нарығының  техникалық  инфрақұрылымының  тиімді 
қызмет етуін қамтамасыз етіп, кӛп деңгейлі реттеу жүйесін дамыту қажет. 
ҚР  қаржы  нарығы  негізінен  банктік  саладан  тұрады.  Банктік  мекемелер    ӛнімдері 
мен қызметтерінің жыл сайынғы дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне 
кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың 
барлық  қатысушыларына кері  әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы 
қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының 
қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу 
ерекшелігі  дамыған  мемлекеттердің  қолданған  тәжірибесін  енгізуімен  сипатталады. 
Алайда,  соған  қарамастан  ұлттық  нарықтағы  біршама  қайшылықтардың  салдарынан 
бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы кӛрініс алады [2]. 
 
 
 
Қазақстан  Республикасының  қаржы  нарығының  құрылымы  жоғарыда  (Сурет  -  1) 
кӛрсетіліп тұр.  


244 
 
Республика қор нарығының бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуі 
мен  Алматы  қаласының  халықаралық  қаржы  орталығының  қалыптасу  кӛрсеткіштерінің 
бірі  ретінде,  ішкі  нарықта  сатылатын  шетелдік  эмитенттердің  бағалы  қағаздарының 
үлесінің  ӛсуін  Азияның  жетекші  қаржы  нарықтарымен  салыстыруға  келетін  немесе 
дамыған мемлекеттердің деңгейіне жақын деңгейде қамтамасыз етуді санауға болады (5-
10  %).  Қатарына  Қазақстан  да  енетін  нарықтары  қалыптасу  үстіндегі  мемлекеттердегі 
деривативтер  нарығы  алғашқы  қадамдарын  жасауда  және  заңнамалық  негіз  бен 
деривативтік келісімдер жасауға мүдделі контрагенттер мен базалық активтердің дамыған 
нарығының жоқтығымен сипатталады.  
Шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  мен  мемлекетте  қаржылық  қаражаттарды 
қарызға  алу  қажеттілігі  немесе  уақытша  бос  қаражаттарды  ӛзіне  тиімді  шартпен 
орналастыру  мүмкіндігі  пайда  болады.  Қаржы  нарығы  түпкі  мәні  бойынша  әлеуетті 
сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал-институттардың мүдделерін тиімді 
ескеріп жүзеге асыруға арналған.  
Тұтастай  алғанда,  қолданыстағы  шығарылған  акциялар  бар  2208  акционерлік 
қоғамдардың 4% акциялар ғана ресми тізімге енгізілген және Қазақстан қор биржасының 
айналымында жүр. Соның нәтижесінде, акциялар нарығының ӛтімділігі (сауда айналымы 
кӛлемінің капиталдандыруға қатынасы) – 2013 жылдың 1 шілдесіндегі жай күйі бойынша 
0,02%  ӛте  тӛмен  деңгейде  сақталып  отыр.  Қазақстан  акциялар  нарығының 
капиталдандыруы  2013  жылдың  1  желтоқсанында  әлемдік  акциялар  нарығының 
капиталдандыруының  0,1%  (Дүниежүзілік  биржалар  федерациясының  құрамына  кіретін 
қор  биржалардың  мәліметтері  бойынша)  құрады.  Қазақстан  қор  биржасында  акциялар 
сатылымының жылдық кӛлемі  2012 жылы 8,9 милиард АҚШ долларын немесе акциялар 
сатылымының  жалпы  әлемдік  кӛлемінің  шамамен  0,008%  құрады.  Бұл  кӛрсеткіш 
Лондонмен  салыстырғанда  1 160  есе,  Гонконгтан  –  240  есе  кем.  Қазақстан  қор  биржасы 
акциялар сатылымының орташа күндік кӛлемі бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы 
(бұдан әрі – ТМД) елдері ішінде екінші орынға ие, бірақ Мәскеу банкаралық валюталық 
биржасымен  (бұдан  әрі  –  МБВБ)  салыстырғанда164  есе  кем.  Әлемнің  айтарлықтай 
дамыған 
мемлекеттерінің 
кӛрсеткіштерімен 
салыстырғанда, 
республиканың 
корпоративтік  облигациялар  бойынша  сатылымдардың  кӛлемі  ӛте  тӛмен  болып  қалуда. 
2013  жылдың  қорытындылары  бойынша  Қазақстанның  үлесі  әлемдік  корпоративтік 
облигациялар  саудасының  кӛлемімен  0,02  %  құрады.  Осылайша,  Қазақстан  қор 
биржасында  корпоративтік  облигациялармен  сауда  кӛлемі  3,2  миллиар  АҚШ  долларын 
құрады,  алайда  Дүниежұзілік  биржалар  федерациясының  құрамына  кіретін  биржаларда 
борыштық  құралдар  бойынша  саудалардың  жалпы  сомасы  16,2  триллион  АҚШ 
долларынан астам құраған болатын [3]. 
Заманауи  қоғамның  экономикалық  дамуы  қазіргі  таңда  кӛп  деңгейлі  үрдіс  болып 
табылады.  Аталған  үрдіске  экономикалық  ӛсім  мен  жалпы  экономикадағы  құрылымдық 
ӛзгерістердің ӛзгерістері кіреді және халықтың ӛмір сүрі сапасы мен деңгейінің дамуына 
ӛз  үлесін  қосады.  Экономикалық  даму  модельдерінің  кӛп  түрлерінің  үлгілері  бар. 
Мысалы,  Германияның,  АҚШ,  Жапония,  Швеция  және  т.б.  кӛптеген  мемлекеттердің 
модельдерін айтуға болады. Осы модельдердің ӛздеріне тән бірнеше ұлттық ерекшеліктері 
бола тұра, ортақ заңдылықтарын байқыуға болады. Аталған ортақ заңдылықтар дегеніміз, 
әр  мемлекеттің  экономикалық  ӛсу  деңгейін  анықтауда  бірнеше  экономикалық 
кӛрсеткіштер арқылы талдау жасауға болады.  Талдау жасауда толыққанды экономикалық 
кӛрсеткіштердің жүйесі қолданылады, олардың ішінде келесілерқолданылады:  

Нақты ЖІӚ кӛлемі;  

Жан басына шаққандағы ЖІӚ;  

экономикалық салалық құрылымы;  

халықтың ӛмір сүру деңгейі мен сапасы;  

экономикалық тиімділік кӛрсеткіштері.  
Қазіргі экономикалық ӛсу теориясы негізгі екі бағытта жүзеге асырылады:  


245 
 
1)  Классикалық  (неоклассикалық)  теорияларына  негізделген  Ж.Б.Сэйден  бастап, 
Дж.Б.Кларк, Р.Солоудың еңбектерімен аяқталды;  
2) Кейнсиандық (неокейнсиандық) макроэкономикалық тұрақтылық теориялары.  
Классикалық  бағыттағы  ойда  рыноктық  жүйенің  тиімділігі,  яғни  ӛзін-ӛзі  реттеу 
механизмі ғана емес, сонымен қатар мұнда тек қана экоомикалық субъект қана емес бүкіл 
экономикалық    ӛндіріс  факторлары  қарастырылады.  Бұл  үлгі  бойынша  еркін  бәсеке, 
нарықтық баға жалпы тепе-теңдікті қамтамасыз етті. Осы ретте классикалық теория ХІХ ғ. 
және ХХ ғ. басында экономикалық ӛсуде басты теория болып саналады.  
А.Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус және К.Маркс халықтар байлығы қорлануына басты 
кӛңіл бӛлді. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Р.Харрод ӛзінің ғылыми мақаласында 
ұлттық  ӛнімнің  ӛсуіне  байланысты  ӛсудің  үш  концепциясын  ұсынды:  ноекейнсиандық 
(Р.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық (Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор) [4]. 
Тұрақты 
әлеуметтік-экономикалық 
дамуға 
стратегиялық 
кӛзқарастың 
приоритеттілігі қазіргі кезде дамыған және дамушы елдердің экономикасының дамуының 
негізгі бағыттарының бірі болып табылады.  
Бұл  ұлттық  экономиканың  ӛсуінің  жоғарғы  қарқынын  және  әлеуметтік 
кӛрсеткіштердің  жақсартуын  қамтамасыз  ететін  әр  түрлі  формаларды  пайдалану  үшін 
жағымды  жағдай  қалыптастырады.  Қазақстанның  қаржы  нарығы  –  кеңестік  уақыттан 
кейінгі  табыстардың  бірі.  Алайда  қаржы  ағымдарын  қалыптастыру  мен  бӛлуді  тиімді 
басқарусыз бұл артықшылық жоғалып кетуі мүмкін.  
Қаржы  нарығының  қаржы  ағымдарының  қалыптасуы  мен  айналымының  ортақ 
сипатты белгісі бір жағынан капитал айналымының үздіксіз процесі болса, басқа жағынан 
қаржы  нарығында  қалыптасатын  қаржы  ресурстары  ӛндіріс  процесі  мен  тауарларды, 
жұмыс пен қызметті тұтынуға қызмет етеді. Басқаша айтқанда жиынтық ұлттық табыстың 
қалыптасу  процесі  қаржы  ағымдарының  кӛлеміне,  жылдамдығына,  тиімділігіне  тәуелді. 
Қазіргі  кезде  елдің  қаржы  нарығының  қаржы  ағымдарының  кӛлемін  сандық  жағынан 
арттыруды қамтамасыз ететін қарапайым механизмдер іске қосылған. Қаржы нарығының 
дамуының жалпы векторы қазақстандық ӛндірістің даму стратегиясынан ерекшеленбейді: 
экстенсивті формалар мен экономикалық ӛсу әдістерін ӛсіруді жалғастырып келеді.  
Бәсекелестік жағдайда қаржы институттары нарықта қаржы қызметтерінің кӛлемін 
тӛмендетуге  ұмтылады.  Қазақстандық  ӛндіріс  нарығында  энергия  тасығыштар,  металл, 
бидай,  басқа  да  шикізат  тауарларының  әлемдік  нарығында  жағымды  коньюнктура 
қалыптасып  келеді.  Алайда  олардың  кӛпшілігі  стратегиялық  инвестицияларға  қосымша 
салымдар  салуға  ұмтылмайды.  Осылайша,  осы  мәселеге  қатысты  нарықта  айналатын 
ресурстар  кӛлемі  қысқарып  келеді.  Осыған  байланысты  тұрақты  әлеуметтік-
экономикалық  дамудың  жалпы  ұлттық  стратегиялық  мақсаттарын  отандық  тауар 
ӛндірушілер  мен  шетелді  инвесторлардың  экономикалық  мүдделерімен  сәйкестендірудің 
механизмдерін жасау қажеттілігі туындап отыр.  
Қазақстан қаржы нарығының одан әрі дамуы мен оның сегменттерінің ӛзара әрекет 
туын кеңейтуге бағытталған осы шаралар кешені келесідей негізгі бағыттарды қамтиды:  
Бірінші бағыт – бұл қаржы нарығының құралдарын келесілер арқылы оны одан әрі 
дамыту шаралары:  

резервтеу  нормаларын  депозиттің  мерзіміне  қарай  белгілеу,  бұл  банктің 
тӛлем қабілеттілігін оның резервтеу деңгейімен сәйкестігін қамтамасыз етеді;  

қаржы  институттарының  БАҚ-тағы  жарнамалардың  мазмұнына  деген 
жауапкершілігін әкімшілік реттеу нормалары арқылы арттыру;  

депозиттер  бойынша  қойылымдардың  инфляциялық  индексациясын 
белгілейтіе қаржы институттарын тікелей және жанама әдестер арқылы ынталандыру;  

ҰЗҚ-дағы  ерікті  және  ерікті-кәсіби  зейнетақы  құралдарын  жабу  мерзімін  5 
жылға  дейін  қысқарту,  50-жасқа  толған  салымшыларға  осы  қаржы  құралы  бойынша 
салымдарды еркін басқарып, пайдалануға мүмкіндік беру;  


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау