39
- Басқару еңбегінің мәдениетін кӛтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді,
этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке
негізделген мақсат ерекше маңызды және мына сипаттарға ие:
- Мақсат – нақты және ӛлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау
мүмкіндігі;
- Мақсат – б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы;
- Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және
оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.
Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды
тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету.
Қазіргі кезде менеджерлерге қойылатын талаптар:
- ӛзіне сенімділік және ӛзін-ӛзі меңгере білу;
- жеке басының бағалы қасиеттері мен ӛзін үнемі жетілдіру;
- бастамаларды іздестіру және ӛнертапқыштық;
- қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілігі;
- басқару әдіс-тәсілін білу, басшылық қабілеті;
- мақсаттылықпен тұрақты жоспарлау бақылау;
- тығырықтан шығу, тиімді шешім қабылдауға дағдылану т.б.
Сонымен менеджер – басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғары
қабілетті кәсіби маман.
4 Менеджер қызметінің жүйесі:
Менеджердің кәсіби шеберлігі
1 тәуекелділік
2 мақсаттылық
3 ықпал ете білу
4 байланыс орнатуға қабілеттілік
5 қызметкерлерді жетілдіру біліктілігі
6 ұйымдылық мәдениеті
7 тәуелсіздік
8 жан-жақты білім
9 болашақты ойлау
10 ӛзіне сенімділік
11 ӛжеттілік
12 жаңашылдық
Басқарушылар үлгісі – қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы
білімі, мінез-құлық белгілері мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым қатынас жасау
әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Осындай 4 үлгі бар:
1 Басқарушы-жетекші шешімді қабылдауға және оны жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі,
қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі,
ықыластығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білу арқылы маңызды
орын алады.
40
2 Басқарушы-әкім – ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау жарлық ету арқылы
ұйымдастырудағы
міндеттер
мен
жауапкершіліктің
тығыз
арақатынасын
орнатып,басшылықпен ӛкілеттілікті бір органға шоғырландыру.
3 Басқарушы-жоспарлаушы нақты жағдадй зерттеп ұйымдағы ресурстармен мүлікутерді
мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер кӛлемді
деректерге,ғ осыған дейін орын алған стратегияларға және ұйым басшылығын дамытуға
сүйене отырып орнықтырылады.
4 Басқарушы-кәсіпкер – ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа отырып,
стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару нақтылы мақсатты
орындауға басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл жасауды, қызметті
ұйымдастырып ынталандыру жүйесін қолдануды, тәуекелділік әрекет пен жаңашылдық
қызметті ұсынады.
Кәсіпкерлік басқару – субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау,
қаржыландыру мен басқару ӛнімді ӛткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық
құқығының болу шарты.
Ұйымның міндетті ісі (миссиясы). Басқару мақсаттарын қою.
1 Міндетті істің мазмұны мен маңызы.
2 Міндетті істі таңдау және мақсаттарды тұжырымдау.
3 Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың миссиялары.
4 Мақсатқа жетудің жоспарын әзірлеу.
1 Ұйымның міндетті ісі немесе миссиясы ұйымның жалпы түрде, тұжырымдалған
мақсаты б.т. Талаптар кезкелген ұйымның мақсаты нақты болу керек, мақсат ӛлшемді
болу керек, мақсат қол жеткізерліктей болу керек.
Мақсат түрлері:
- стратегиялық мақсат – ол ұзақ мерзімді және ұйымның келешектегі жағдайын
анықтайтын мақсат.
- тктикалық мақсат – стратегиялық мақсатқа қол жеткізу барысында белгіленген іс-
әрекенттерді іс жүзінде асыру үшін қойылатын мақсат.
- Ағымдағы мақсат – тактикалық шараларды іс жүзінде асыру үшін белгіленетін
мақсаттар.
Мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді жоспарлауда келесі терминдер қолданылады:
- саясат
- стратегия
- процедуралар
- ереже
- бюджет
4-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық жүйелер
1 Басқарудағы коммуникацияның рӛлі.
2 Коммуникациялық процесс, оның кезеңдері мен элементтері.
3 Жеке адамдар арасындағы коммуникациялық кедергілер.
41
4 Топтық коммуникациялар және кедергілер.
Коммуникация дегеніміз – басшылардың тиімді шешім қабылдау үшін хабарлар,
мәліметтермен алмасуы және тӛмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі.
Ұйымдардағы коммуникациялық үрдістерді қарастырамыз.
Бірінші ұйымаралық және оның сыртқы ортамен қарым-қытынастары. Әр бір
ұйымдардыға қызметтер жӛніндегі жазбалар, телефон арқылы сӛйлесу, ресми есептер,
видиолентарал, кӛзбе кӛз әңгімелесі және тағыда басқа қарым-қатынастар
байланыстырудың негізгі кӛзі болып табылады. Ұйымдар сыртқы қоршаған ортамен
байланысты болуы үшін бірнеше құралдарды қоланады. Потенциалды тұтынушылармен
болатын байланыстар олардың жарнамалары және тауарларды нарыққа ӛткізулер арқылы
қоғаммен байланыстағы олардың халықаралық және ұлттық деңгейдегі бейнесі арқылы
кӛрінеді. Екінші, бӛлімшелер мен деңгей арасындағы байланыстар, тік байланыс
шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден тӛменге келіп түседі, осы арқылы
бағынышты деңгейлерге алдағы міндеттер нақты тапсырмалар туралы хабарландырады.
Тӛменнен жоғары кӛтерілетін байланыстар – жоғарғы буындарды тӛменгі
буындарда болған жағдаймен таныстыру. Бұл байланыс әдетте есеп беру, ұсыныс жасау,
түсініктеме хат жазу түрлерінде жасалынады.
Үшінші түрі бөлімшелер арасындағы байланыстар. Ұйымдарда жоғарыдан
тӛмен және тӛменнен жоғары хабарлар байланысы ғана болып қоймай сонымен қатар,
кӛлденең байланыстар да болуы қажет. Ұйымдар бірнеше бӛлімшелерден тұратын
болғандықтан олардың ортасындағы хабарлардың айналымы немесе алмасуы мақсаттарды
үйлестіріп, іс қимыл әрекетін жасау үшін қажет.
Төртінші, басшылар және бағынушылар арасындағы байланыстар. Бұл
қатынастардағы жан жақты және түрлі хабарлар – мақсаттарды белгілеу, бір нәрсені ойлап
табу және оның қорытындысы, бӛлімшелердің мақсатқа жетулері үшін ат салысуы, тиімді
жұмыс істеу үшін талқылаулар жасау, қол жеткізген тапсырмалар мен жетістіктер үшін
ынталандыру, бағыныштылар қабілетін дамыту және жетілдіру, бағыныштыларды алдағы
ӛзгерістер жайлы хабардар ету, идеялар туралы мәліметтер, ұсыныстар, т.б. арқылы іс
жүзіне асады.
Бесінші, басшы мен жұмысшы топтар арасындағы байланыстар. Бұл байланыс
жалпы басшыларға топтардың тиімді жұмыс атқаруы үшін қажет. Хабарлар мәліметтер
айналысы кезінде топтардың барлық мүшелері қатынасатын болғандықтан олар
болашақтағы жұмыс мақсаттары, олардағы ӛзгерістер мен жаңалықтар тағыда басқа
туралы ӛз ойларын ортаға салып бір кісідей талдап шешім қабылдайды.
Бейресми байланыстар арнасы – сыбыс қауесет таратушы арналары деп айтуға
болады. Жалпы байланыстар туралы ұғымдарды зерттеуші белгілі Кит Девис болған.
Ұйымдардағы кездесетін сыбыс қауесетпен сырттай естіп білген хабар түрлері тӛменгідей
болуы мүмкін:
болашақтағы ӛндіріс қызметкетрлерінің ықшамдалануы;
жұмықа кешіккендері үшін қолданылатын шара түрлері;
ұйым құрылымындағы ӛзгерістер;
басшылардың болашақтағы жоғарлауы немесе тӛмендеуі;
қызмет уақыты біткен соң кімнің кімді кездестіру мүмкіндігі және тағыда басқа
қауесеттер;
Коммуникациялық үрдіс дегеніміз екі немесе одан да кӛп адамдар топтарының
хабарлар, мәліметтер тағыда басқа алмасулары.
Хабарлар алмасудың тӛрт элементі бар:
жӛнелтуші – жіберуші, хабарларды жинақтап ӛңдеп жіберуші адам;