Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет146/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   420

296 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Алайда  Қазақстан  Республикасы  аудандарының  барлығында  осы  аталған 

жағдайлар жоқ. Көптеген аудандарда әлеует тиімсіз қолданылады, кей жерлерде мүлдем 

қолданылмайды  да.  Бәсеке  күресіне  қатыса  отырып,  аудандар  тек  аса  жағымды 

салаларына  көп  көңіл  бөле  отырып,  экстенсивті  жолмен  жүруді  қалайды.  Ал  мәселелік 

салалары назарсыз қалып қоя береді.  

Қазақстандағы  осындай,  яғни  бәсекелестік  қабілетін  арттыруға  талпынып  жатқан 

аудандардың бірі – Ордабасы ауданы. 

Ордабасы ауданы – табиғи әлеуеті бар, өзінің әлеуметтік және экономикалық даму 

қарқынын  аудандағы  және  ауданаралық  кеңістіктегі  барлық  мүмкіншіліктерін  барынша 

толығымен  қолдану  негізінде  тездету  жолдарын  белсенді  іздейтін  Қазақстан 

Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысының ауданы. 

Ордабасы аудан бүгін – инвестициялық тартымдылық, өндіріс секторын нығайту, 

әлеуметтік саланы күшейту негізінде белсенді даму жолымен келе жатқан аймақ. 

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі ауылшаруашылығы саласы болып 

табылады.  Ежелден  жерді  тиімді  игеруді  меңгерген  Ордабасы  ауданы  еңбек  өнімділігі 

жөнінен де алда келеді. 

2016 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылық саласында 26 млрд. 870 

млн.  900  теңгенің  өнімі  өндіріліпті.  Сондай-ақ   31  мың   130 гектар  суармалы жер 

игерілген. 

Жыл  басынан  бері  ауданда  7,18  гектар  жылыжай  салынып,  688  гектарға 

тамшылатып суғару әдісі енгізіліпті. 

«Сыбаға»  бағдарламасымен   1388  ірі  қара  мал,  «Алтын  асық»  бағдарламасымен 

4413 қой,  «Құлан» бағдарламасы бойынша 741 асыл тұқымды жылқы сатып алыныпты. 

 2016 жылы ауданда 17 мың 195 тонна мал мен құс еті өндірілсе, сүттің көлемі  32 мың 

441 тоннаға жеткен.  

Ордабасы  ауданында  соңғы  16  жылда  ірі  қара мал басы да артып отыр екен.   Ірі 

қара  мал  басы   20  мың   700-ден   55 мың  340-қа,  уақ  мал  78 900-ден 295 мың  237-ге,  

жылқы саны 4 мың 900-ден 19 мың 162-ге, түйе саны 100-ден 494-ке көбейген. Құстардың 

саны   199 772-ден   612 320-ға  артыпты.  Жалпы  биыл  ауданда    5 833 000  мың  теңгенің 

ауылшаруашылық өнімі өндіріліпті [4]. 

Жеке  маңызды  бағыт  ретінде  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  дамуын 

қарастырамыз.  Ордабасы  ауданы  экономикасының  дамуында  шағын  және  орта  бизнес 

үлесі  35  %  құрайды.  2016  жылдың  екінші  тоқсанының  соңында  шығарылған  өндіріс 

өнімінің көлемі 12 мрлд. 555 млн 200 теңгеге жетті, өнеркәсіп өндірісінің соңғы индексі 

109,5  пайызды  құрады.  Осылайша,  Ордабасы  ауданы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы 

бойынша жетекші орында келе жатыр. 

Сонымен  қатар  ірі әрі республикада  теңдесі  жоқ  кәсіпорындар  да  осында  орын 

теуіп  жатыр.  Бірі  «Аделя»  жылыжайы  болса,  екіншісі  –  ҚазКиоти  ауыл  шаруашылығы 

техникаларын құрастыру зауыты. Бұл ірі кәсіп нысандары бірден 300 адамды жұмыспен 

қамтыды. 

Инвестицияға  келетін  болсақ,  2016  жылы  аудандағы  20  инвестициялық  жобаға 

бюджет  есебінен  3  млрд  961  млн.теңге  бөлініпті.   Биылдың  өзінде  өңірге   тартылған 

инвестиция  көлемі  7  млрд.  177  млн.  400  мың  теңгені  құрап  отыр  екен.    Оның  ішінде 

республикалық бюджеттен 1 млрд. 515 млн. 100 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2 млрд. 

365  млн.  600  мың  теңге,  меншікті  қаражат  есебінен  2  млрд.  353  млн.  100  мың  теңге, 

басқада қарыз қаражаттар есебінен 837 млн. 200 мың теңге [3]. 

Бұл  көрсеткіштердің  барлығы,  аудан  үкіметі  жағымды  инвестициялық  климат 

қалыптастыру  және  ауданның  инвестициялық  тартымдылығын  арттыру  бойынша 

белсенді жұмыстар жүргізетінін айтады.  

Жалпы  өткен  2015  жылмен    салыстырғанда  ауданның  экономикалық  жағдайы  

барынша  өсті.  Жер  бөлу,  жеке  ауылдарды  газбен  қамтамасыз  ету  сияқты  мәселелер 

шешілді. Алайда ауданның бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін кедергі келтіретін біршама 




297 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



мәселелер әлі де болса шешілмей жатыр. Оларды біз төмендегі кестеге шешу жолдарымен 

жүйелеп қойдық [4]. 

 

Кесте  –  Ордабасы  ауданының  дамуының  негізгі  мәселелері  және  оны  шешу 



жолдары 

 

Мәселе 



Шешу әдістері 

1) 


тұрғындарға 

әлеуметтік 

қызмет  көрсету  қол  жетімділігі 

және сапасының төмен болуы 

-  әлеуметтік  қызмет  нарығында  бәсеке  ортасын  дамытуды 

ынталандыру; 

-  тұрғындар  үшін  сапалы  әлеуметтік  қызмет көрсетуге  қол 

жетімділікті қамтамасыз ету; 

- меншікті – мемлекеттік серіктестік формаларын дамыту. 

2)  еңбек  өнімділігі  сапасының 

төмен  болуы  және  тұрғындар 

кірісінің төмен деңгейі 

 

-  еңбек  өнімділігін  және  жұмыс  күшінің  сапасын  арттыру, 



бизнестің әлеуметтік  жауапкершілігін көтеру, еңбек ақыны 

төлеудің «көлеңкелік» ортасынан шығу; 

-  еңбек  нарығында  адамның  өзін  –  өзі  дамыту  үшін 

мүмкіншіліктер құру. 

3) 

өмір 


сүру 

ортасының 

ыңғайсыздығы 

 

 



 

-  монополиялық  нарықтан  жоғары  бәсеке  деңгейі  бар 

нарыққа  көшу  арқылы  тұрғын  үй  коммуналдық 

шаруашылығы қызмет көрсету нарығын сапалы өзгерту; 

- саланың инвестициялық тартымдылығын көтеру; 

- ауыз сумен қамтамасыз ету және газдандыру  

 

Кестеде  көрсетілген  мәселелерді  және  жалпы  ауданның  бәсекеге  қабілеттілігін 



арттыру  үшін  инерциялық,  инвестициялық  және  инновациялық  үлгілерден  тұратын 

әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын құру керек.  

Бұл стратегияның басты мақсаты: 

- аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту; 

-  Ордабасы  ауданының  өндіріс  дәстүрлерін,  табиғи  ресурстарын  және  кеңістікті 

қолдану негізінде әлеуметтік – экономикалық дамытуды өзгерту үшін жағдайлар құру; 

- адами капиталының өсімі үшін жағдайлар жасау. 

Сонымен,  Ордабасы  ауданының  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  үшін  мыналар 

ұсынуға болады: 

1)  экономиканың  нақты  секторының  үлесін  жоғарлатумен  жалпы  аудандық 

өнімдер құрылымын өзгерту; 

2) еңбек өнімділігін түбегейлі жоғарлату; 

3) негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инфрақұрылымды дайындау 

мен дамыту зоналарын құру; 

4) шағын және орта бизнесті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту; 

5) әкімшілік – аумақтық құрылысты және тұрғындардың орын ауыстыру жүйелерін 

оңтайландыру. 

Қолданылған дереккөздер тізімі 

1.  Калюжнова  Н.Я.  Повышение  конкурентоспособности  регионов  путем 

привлечения иностранных инвестиций: уроки китайского опыта / Н.Я. Калюжнова // 

Регион  на  перекрестке  Востока  и  Запада:  глобализация  и  конкурентоспособность; 

Коллектив, монография - М., 2003. 

2. Замятин Н. Инновационная политика региона // Экономист, №9, 2009. 

3.  ОҚО-ның  Ордабасы  ауданының  экономикасына  7  млрд-тан  астам  теңге  инвестиция 

тартылды // 

http://strategy2050.kz/news/41612

 

4.  Ордабасы ауданының ресми сайты 



http://ordabasy.ontustik.gov.kz

 

 



 

 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау