Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет7/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   420

14 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



РОЛЬ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА В ФОРМИРОВАНИИ 

ЦЕННОСТЕЙ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» 

 

___________________________________________________________ 



 

Тұрар Рысқұлов және Қазақстан 

 

Агибаева А. 

Ғылыми жетекші: т.ғ.к, профессор Кәдірқұлова Г.К. 

 

Жалпы,  Т.Рысқұлов  және  Қазақстан  деген  сұраққа  жауап  беру  тек  бір  ғана 



тарихшының  қолынан  келе  қоймайтын  шаруа.  Өйткені,  Т.Рысқұловтың  бүкіл  саналы 

ғұмыры  мен  қоғамдық-саяси  және  мемлекеттік  қызметі  қазақ  халқының  болашағы 

жолына  бағытталды.  Оның  тағдыры  –  қазақ  халқының  тарихымен  еншілес.  Сондықтан, 

Т.Рысқұловтың  сан-салалы  қызметі  мен  қажырлы  қайтпас  күресі,  ұлтқа  сіңген  еңбегі 

көптеген тарихшылардың зерттеу еңбегіне жүк болып келеді. Біз осы мақаламызда басқа 

тарихшылардың назарынан тыс қалып келе жатқан кейбір мәселелерге тоқтала кетуді жөн 

көрдік. 

Т.Рысқұлов  Түркістан  АКСР-інде  қызмет  істеп  жүріп  біртұтас  кеңестік  қазақ 

автономиясының ұйымдастырылуын жақтады. Қазақстанда азамат соғысы аяқталып келе 

жатқан  тұста  болашақ  Қазақ  АКСР-інің  астанасы  Ташкент  қаласы  болуы  тиіс  деген 

пікірді  ұстанды.  Ол  1919  жылы  күз  айларында  ұлттық  республикалар  құрамына  өз 

халықтарын біріктіру мәселесін көтереді. 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші Орынбор 

сиезі  күн  тәртібіне  қойған  қазақ  жерлерін  біріктіру  мәселесін  ары  қарай  жылжытқан 

Т.Рысқұлов  біріккен  қазақ  жерлерінің  астанасы  ретінде  Ташкент  қаласын  белгілеуді 

үзілді-кесілді  талап  етеді  [1].  Біз  бұл  жерден  Т.Рысқұловтың  алдымен  ұлтшыл,  содан 

кейін түрікшіл болғандығын көреміз. 

Сол кездегі ірі саяси, экономикалық, әрі мәдени-рухани орталықтардың бірі болған 

Ташкент қаласын Қазақстанның астанасына айналдыра отырып, шашылып жатқан қазақ 

жерлерін  біріктіру  идеясы  сол  тарихи  кезенде  ең  ұтымды  идея  болатын.  Себебі,  қазақ 

халқының  жартысынан  астамы  Түркістан  өлкесін  мекендейтін,  сондай-ақ  көшпелі  қазақ 

аймақтарына  қарағанда  халқы  тығыз  орналасқан,  шаруашылықтың  сан  түрі  дамыған 

Түркістанға  қарасты  қазақ  жерлері  арқылы  өзге  қазақ  жерлерін  әкімшілік  жағынан 

басқару,  шаруашылығы  мен  тұрмысын  ұйымдастырып,  мәдени  өміріне  ықпал  ету 

анағұрлым оңай әрі тиімді болар еді. 

Екіншіден, Ташкент қаласын Қазақстанның астанасына айналдыра  отырып, қазақ 

жерінің астанасын тұтас түрік конфедерациясының да орталығы болуын қамтамасыз ету 

арқылы  қазақ  ұлтының  алдыңғы  қатарлы  жетекші  ұлт  болуын  қалыптастыру  болатын. 

Саны  жағынан  түрік  халықтары  арасында  Түркия  түріктерінен  кейінгі  екінші  орынды 

иеленетін  және  Ә.Бөкейхан  айтқаңдай  «мәдениет  жолында  бізден  де  төмен»  өзге 

Түркістандық түріктердің арасыңдағы ең сауатты, көзі ашық халық ретінде қазақтардың 

бұл  орынды  иеленуі  әбден  дұрыс  болар  еді.  Қазақстанның  астанасы  ретіңде  Түркістан 

өлкесінің орталығында орналасқан Ташкент қаласының ұсынылуы Т.Рысқұлов тарапынан 

жасалынған, нақты мақсатқа бағындырылған, әрі өзге түрік халықтары тарапынан дәл сол 

кезеңде қолдауға ие болған әрекет болатын. 

Тұрар Рысқұловтың аштықпен күрес сияқты және басқа да ірі тарихи қызметтерін 

айтпағанның өзінде, оның Түркістан АКСР-іне қарасты қазақ жерлері үшін жасаған нақты 

іс-шаралары  бір  төбе.  Мысалы,  ауылдық  жерлерде  кедейлер  комитетінің  құрылуы 

жөніндегі  1918  жылғы  11  маусымдағы  декрет  Жетісуда  1920  жылдан  соң  ғана  жүзеге 

асырыла  бастаған  еді.  Себебі,  оған  дейін  кеңестік  Түркістан  Республикасына  қарасты 

Жетісу  облысының  шын  мәніндегі  қожасы  –  байыған  орыс  кулактары  мен  қарулы 




15 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



казактар еді. Кеңес өкіметінің қаулы-қарарлары жергілікті тұрғындарға – қазақтарға дер 

кезінде жете бермейтін. 1920 жылы 21 қаңтарда Тұрар Рысқұловтың Түрікатком төрағасы 

болып  сайлануынан  кейін  ғана  бұл  істің  беті  бері  қарай  бастады.  Жетісудағы  жағдайды 

реттеуде  1920  жылы  16  наурызда  Т.Рысқұловтың  күш  салуымен  жарияланған  «Жетісу 

облысының тұрғындарына» үндеуі шешуші рөл атқарды. Бұл үндеуде ұлттық белгілеріне 

қарай  қуғындауға  қатаң  тыйым  салынатыны,  бұған  жол  бергендердің  ату  жазасына 

кесілетіні,  өз  аумағында  жергілікті  халықты  тонаған  немесе  өтірген болыс, станица, 

селолар  мен  деревнялар  тұрғындарына  ауыр  салықтар  салынатыны  ерекше  атап 

көрсетіліп,  егер  аумақтардың  атқару  комитеттері  ұлтаралық  қақтығыстарға  жол  берген 

жағдайда,  толық  құрамымен  Революциялық-әскери  трибуналдың  сотына  тартылатыны 

ескертілді [2]. 

Жетісудағы  жергілікті  халықтардың  жағдайын  жақсарта  түсуде  1920  жылы  31 

наурызда  жарияланған  Тұрар  Рысқұловтың  Жетісу  облысы  бойынша  тезистері  де  аса 

маңызды  болды.  Осы  тезистерді  талқылаған  ТК(б)П  комитетінің  1920  жылғы  31 

наурыздағы  пленарлы  мәжілісінде  Т.Рысқұлов  Жетісудағы  кулактар  мен  казактарды 

қарусыздандыруды  жүзеге  асыруға,  Жетісудың  босқын  қазақ  және  қырғыз  халықтарын 

орналастыру үшін 100 000 000 сом қаржы бөлдіртуге қол жеткізді [2. 170-175-б.]. Яғни, 

қазақ халқының ата жауы – орыс-казактарының қазақ халқының басында ойнаған әңгір-

таяғына тоқтау салып, оларға тұңғыш рет соққы берген Тұрар Рысқұлов болатын. 

Тұрар  Рысқұловтың  осындай  нақты  іс-шараларының  нәтижесінде,  Жетісу 

облысының  уездерінде  алғаш  рет  кедейлер  комитеттері  құрыла  бастады. Кедейлер мен 

жалшы-батырақтардың осы алғашқы комитеттері Кеңес өкіметі қабылдаған декреттер мен 

қаулыларды  іске  асырып,  Түрікатком  мен  облатком,  уездік  атком  тарапынан  күн  сайын 

келіп  түсіп  жататын  түрлі  нұсқаулар  мен  қаулыларды  қалың  бұқараға  жеткізіп, оларды 

насихаттап отыруда үлкен еңбек сіңірді. Біз бұл жерден өзі шыққан әлеуметтік ортаның 

жай-күйіне жаны ашитын, үлкен жүректі азаматтың адами бейнесін көреміз. 

Тұрар Рысқұлов Түркістан АКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметін 

атқарған жылдары кеңес өкіметінің оқу-ағарту саласындағы оң саясатының қазақ жерінде 

тиімді  жүзеге  асуына  ерекше  көңіл  бөлді.  Осы  саясат  нәтижесінде  қазақ  кедейлерінің 

ертеңгі күнге деген үміті арта түсті. Бұл туралы Т.Рысқұловтың 1923 жылы 24-28 қаңтар 

аралығында өткен ТКП Жетісу облыстық ІІІ партия конференциясына қатысып кеткен [3] 

Жетісу  сапарының  қорытындысы  ретінде  жазған  «Жетісу  мәселелері»  атты  кітабында 

жан-жақты  баяндайды.  «Жетісуда  халық  ағарту  істерінің  халі  өте  нашар,  -  дейді 

Т.Рысқұлов,  -  Облыста  қанша  мектептер  бар  екенін  ағарту  бөлімдері  білмейді. 

Мектептердің  дұрыс  санын  білу  мүмкін  болмаса  керек...  Мектептердің  үйлері  бар  да, 

кітаптары,  үй  аспаптары  жоқ.  Балалары  киімсіз  һәм  аш.  Балалардың  көбі  кедейлер 

балалары. Әке-шешесі  балаларға  үйлерінен  жалғасып  тұратын  болса  керек.  Білім  алу, 

балалардың  талаптары  өте  зор  көрінеді...  Сонда  да  қырғыз-  қазақ  арасында 

шығындарынан қашпай, мектеп ашуға талабы барлар көп. Халық арасында жастардың да 

саяси  мәселелерге  түсінгісі  келіп,  ұмтылулары  мықты  көрінеді.  Қырғыз-қазақ  өмірінде 

мұндай  әлеуметтікті  туғызған  ұлы  өзгеріс  һәм  кеңес  үкіметі  себеп  болды...»  [4]. 

Осылайша,  Т.Рысқұлов  қазақ  ауылдарындағы  білімге  деген  күшті  ұмтылыстың  бар 

екендігін  айта  отырып,  қазақ  ауылдарында  жаппай  мектеп  ашуды  ұйымдастыру  үшін 

нақты  іс-шаралар  жүйесін  іске  асыруды  ұсынды.  «...Кедейлердің  мектеп  ашуға  күші 

жетпейді, - дейді Т.Рысқұлов, - Өкімет оларға жәрдем етпеген. Үкімет бөлімдері кіріссе 

орыс,  мұсылман  қыстақтарында  кеңестер  мектептерін  ашуға  болатын.  Ұзынағашта 

исполкомға  бір  мектеп  ашыңдар  деген  соң  халық  қозғалып,  мектеп  ашуға  кірісті. 

Қыстақтарда  партия  ошақтары  болмағандықтан  һәм  газет  алынбайтындықтан  саяси 

ағарту істерінің аты да жоқ. Халық арасында мектеп ашу жұмыстарын жүргізуге болады. 

Мұғалімдер,  кітаптар  табылып,  халық  ағарту  бөлімдері  мектептер  ашып  берсе,  халық 

мектеп шығындарын өз мойнына алатыны анық.» Т.Рысқұлов, мемлекет мектепке кететін 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау