Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет219/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   420

443 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Әрбір деңгей өзіндік жүйе құрып, үш блокқа бөлінеді: 

1. 


Концептуальды-бағдарламалық; 

2. 


Ұйымдық-ресурстық; 

3. 


Функционалдық. 

Концептуальдық-бағдарламалық блок шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мақсаттарын, 

әдістерін, принциптерін, тұжырымдамалары мен бағдарлама-ларын қамтиды. 

Ұйымдық-ресурстық  блок  шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  арнайы  мемлекеттік 

басқару  органдары  мен  қоғамдық  бірлестіктерін,  сондай-ақ,  тиісті  ресурстармен  және 

мамандармен қамтамасыз етілген инфрақұрылым нысандарын біріктіреді. 

Функционалдық  блок  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  жүйесінің  негізгі 

бағыттарын қарастырады. Басқаша айтқанда, бұл дегеніміз: 

– 

шағын кәсіпкерліктің сыртқы ортасының факторларын басқару; 



– 

жекелеген шағын кәсіпорындарды тікелей қолдау; 

– 

қолдау жүйесінің ұйымдастырылуы мен жетілдіруі [2, 52-56 бб.]. 



Шағын  кәсіпкерлікті  дамытудың  құқықтық  шарттарын  жетілдіруде  кәсіпкерліктің 

құқын  қорғау  жөніндегі  заңдарды  түсіндіретін  аймақтарда  арнайы  семинарлар  жүргізу, 

кәсіпкерлер  арасында  анкета  жүргізу,  фермерлер,  шағын  және  орта  бизнес  өкілдері, 

шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар 

жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. 

Шағын  кәсіпкерлікті  ақпараттармен  және  мамандармен  қамтамасыз  ету  үшін 

кәсіпкерлік  негізін  жастарға  үйрету,  ақпараттық-түсіндірме  және  әдіснамалық  көмек 

көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-

инкубаторларда ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек. 

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнер-кәсіпте, саудада, 

құрылыста,  көлік  шаруашылығында,  жалпы  алғанда  экономиканың  барлық  секторларын 

жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру 

маңызды орында болуы тиіс. 

Шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  негізгі  мақсаты  –  олардың  әлеуметтік-

экономикалық  қызметін  тиімді  атқаруына  мүмкіндіктер  жасап,  өмір  сүру  мерзімінің 

неғұрлым  ұзаруына  ықпал  ету.  Біздің  пікірімізше,  мемлекеттік  қолдаудың  бағыттары 

бойынша бірнеше нақты шараларды іске асыру қажет.  

Бірінші шара – шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғайтын салық реформасын жасау 

керек, атап айтқанда, біріншіден, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза 

фискальдық  көзқарасты  өзгерту;  екіншіден,  тиімді  инвестициялар  тарту  үшін  салық 

жеңілдіктерін енгізу. 

Кәсіпкерлерді мемлекет қылмыстық құрылымдардан қорғауы тиіс. Сонымен қатар, 

кәсіпкерлер  өздерінің  қоғамдық  ұйымдарын  мемлекеттік,  аймақтық,  жергілікті 

деңгейлерде құрып, өз-өздерін кәсіби жүйе арқылы қорғай алса құба-құп. Құқық қорғау 

органдары  мен  кәсіпкерлердің  қоғамдық  бірлестіктерінің  арасындағы  тығыз  қарым-

қатынасты жан-жақты қолдап – қорғаған жөн. 

Шағын  кәсіпкерлікті  құқықтық  қолдауда  қолданыстағы  заң  құжаттары 

талаптарының сөзсіз орындалуын және олардың мазмұнының ведомстволық ережелермен 

бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет. 

Кәсіпкерлердің  тауар  өткізу  нарығын  кеңейту  үшін  мемлекет  мұқтаж  өнімдерді 

шығаруға оларды тікелей қатыстыру керек. Мемлекет мұқтаж өнімдерді  шығаруға шағын 

кәсіпкерлік  нысандары  үшін  міндетті  түрдегі  кіші  квота  енгізу  –  тауар  өткізу 

нарығындағы  шағын  кәсіпорындардың  тұрақтылығын  нығайта  түседі.  Сондай-ақ  ойға 

қонымды  протекционизм  мен  импортқа  квота  енгізу  де  шағын  фирмалардың  «тынысын 

кеңейте түспек». 



444 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Екінші  шара  –  шағын  кәсіпкерлікке  қаржылық  жәрдем  беретін  арнайы  қаржылық 

қорларды  құру.  Бұл  қорлардың  шағын  кәсіпорындардың  қаржылық  қауқары  мен  «ірге 

тасына» қарай, тіпті, несие алуға кепілдік бере алатындығы мақұл. 

Үшінші  шара  –  монополияға  қарсы  күрес,  әділетті  бәсекелестік  орнату, 

тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша 

шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін жасау. 

Расында, шағын кәсіпкерлікті экономиканың мықты буынына айналдыру үшін оның 

қуатты инфрақұрылымдары ауадай қажет. 

Шағын  кәсіпкерлікті  дамытуды  қолдаудың  ең  соңғы  –  үшінші  Мемлекеттік 

бағдарламасына  байланысты  пікірімізді  мейлінше  жұмсақтап  жеткізе  отырып,  еліміздің 

белгілі  ғалымдарының  ой-пікірлері  негізінде  әзірленген  шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың 

жүйесін ұсынып көрейік. 

Әлемдік  дамыған  елдерінде  шағын  кәсіпкерлікті  дамытуды  мемлекеттік  қолдау 

саясатының  басты  мақсаты  –  қолайлы  орта  қалыптастыру.  Бұл  негізде  мемлекеттің 

экономикалық  саясатының  тұрақтылығы,  нарық  инфра-құрылымының  дамуы, 

интеллектуалды  меншікті  қорғаудың  тиімді  жүйесі;  жеңілдетілген  әкімшілік  шаралар, 

салық демалыстары тағы басқалары басты нысанаға алынады [3, 52-57 бб.]. 

Шағын кәсіпкерлік тиімді әрі ырғақты даму үшін мемлекет тұрғысынан қаржылық-

несиелік  және  инвестициялық  қолдаудың  қолайлы  саясаты  алдыңғы  орынға  шығады. 

Шағын  кәсіпкерліктің  гүлденуіне  еліміздегі  инвестициялық  климаттың  жағдайы  тікелей 

әсер  етеді.  Соңғы  кезеңде  тәжірибеге  енгізілген  тура  инвестициялар  тартудың  рөлі  зор. 

Мәселен,  Астана,  Алматы,  Қарағанды,  Шымкент  қалаларында  жүзеге  асырылған  тура 

инвестициялар тартудың тәжірибесі – бұл әдістің өміршеңдігін көрсетті. 

Қазақстандағы салық жүйесіне шағын кәсіпкерлікке несие беретін инвесторлар мен 

кредиторларға жеңілдіктер қарастырсақ, біздің пайым-дауымызша, іс оңға басар еді. 

Осы  тұрғыда  шағын  кәсіпорындарға  оның  қызметінің  алдыңғы  кезеңінде  міндетті 

түрде салық жеңілдіктерін беруді ойластырған дұрыс.  

Егер мемлекет тікелей қаржы-қаражат бөліп, шағын кәсіпкерлікке көмектесе алмаса, 

мемлекеттік  тапсырысты  қатыстырып,  әсіресе,  өндірістік  саланы  дамытуға  сөзсіз  ықпал 

ете алады.  

Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытудың  қажетті  инфра-құрылымдарын  құру 

мағынасы  терең  мәселе.  Айталық,  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  қорының  тікелей 

міндеттерінің  бірі  –  осындай  құрылымдар  қа-лыптастыру  болатын.  Өкінішке  орай,  бұл 

Дамыту  қоры  халықаралық  ұйымдардың  қаржыларын  тартумен  ғана  айналысуда.  Ол-ол 

ма,  бұл  Дамыту  қоры  кәсіпкерлердің  қолы  жетпейтін  «Қытай  қорғанына»  ұқсас 

құрылымға  айналды.  Аймақтық  және  жергілікті  кәсіпкерлерді  былай  қойғанда,  ірі 

қалалардағы шағын кәсіпкерлік нысандары – Дамыту қорынан консалтингтік көмек те ала 

алмауда.  

Біздің  ойымызша,  Дамыту  қоры  өзінің  тікелей  міндеттерінен  алшақ-тамайды, 

мынадай мәселелерді шұғыл шешу керек: 

– 

жергілікті  билік  органдарымен  қарым-қатынас  орнату  арқылы  жылжымайтын 



мүліктер мен ғимараттар алу. Сол аймақтардан бизнес-орталықтарын ашып, кәсіпкерлерге 

нақты  ақыл-кеңестер  көрсету,  бизнес-жоспарлар  әзірлеуге  жәрдемдесу  және  несиелер 

бөлу;  

– 

шағын  кәсіпкерлер  басқа  қаржы  институттарынан  несиелер  алғанда,  оларға 



кепілдік беруді тәжірибеге енгізу. 

Дамыту  қорынан  несие  алуға  қажетті  құжаттардың  тізімін  барынша  ықшамдау. 

Шетелдік  нарық  экономиканың  тәжірибелері  шағын  кәсіпкерлікті  дамытуды  қолдауда 

лизингтік  және  франчейзингтік  қарым-қатынастардың  қолайлылығын  да  дәлелдеді. 

Біздіңше,  шағын  кәсіпорынның  ірі  орталық  және  шетелдік  компаниялардың  құрал-



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау