122
ақшасы – ұлттық валюта, екіншіден, шетелдік ақша бірлігімен алынған ақша ақша
белгілері, сондай-ақ басқа тӛлем құралдары (вексель, чектер т.б.)
Халықаралық айналаста валютаның қолдаудың нәтижесінде валюталық қатынастар
пайда болады. Олар ұлттық және халықаралық, валюталық жүйелермен қамтамасыз
етілетін белгілі-бір ұйымдастыруды қажет етеді.
Ұлттық валюталық жүйе – ұлттық ақшаны , оның валюта бағытының тәртібін, шетел
валютасына айналғыштық қабілетін, халықаралық есеп айырысу тәртібін, валюталық
қорларды
басқару
тәртібін
анықтайды.
Халықаралық валюта жүйесі – халықаралық шарттарды енгізе ала отырып,
халықаралық валюталық қатынастарды ретке келтіреді және мынадай халықаралық
ұйымдарды құрайды:
Халықаралық валюта қоры - 1947ж. бастап әрекет жасайды, 150-ден астам елдерді
біріктіріп, олардың мемлекетаралық ақылгер, есеп-айырысу, тӛлем, несиелеуге ықпал
етеді.
Халықаралық валюта жҥйесі - дүние жүзілік шаруашылықтың дамуына байланысты
халықаралық дамуына байланысты халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы.
Халықаралық валюта жүйесінің негізгі міндеті- экономикалық ӛсу үшін қажетті жағдай жасау
мақсатында валюта нарықтарын және халықаралық есеп айырысу сферасын реттеу, сондай-ақ
сыртқы экономикалық айырбас пен тӛлем айналымының тепе-теңдігін қолдау болып табылады.
Халықаралық валюта жүйесінің дамуы 3 кезеңді қамтиды.
Халықаралық валюта жүйесінің негізін елдің ұлттық валютасы құрайды.
Валюта дегеніміз
- халықаралық сыртқы экономикалық байланыстарды және ұлттық нарықтың дамуын қамтамасыз
ететін бір елдің ақшасы (доллар, теңге, рубль). Олар толық айналымды немесе жартылай
айналымды, немесе айналымды емес болуы мүмкін.
Халықаралық валюта ретінде пайдаланылатын елдің ұлттық ақшасының бағасы
валюта
бағамы арқылы кӛрініс табады.
Валюта бағамы - ол бір елдің ақшасының бағасы екінші елдің ақшасынан кӛрінуі. Валюта
бағамына сәйкес валюталарды сату- сатып алу операциялары жасалады. Валюта бағамы валюта
биржаларында белгіленеді, оны валютаның бағасын белгілеу (котировка) деп атайды. Валютаның
котировкасы валюта жүйесімен байланысты, сонымен қатар ол елдердегі экономикалық
процестердің ӛзгерістерімен де байланысты болады.
Валюта бағамына кӛптеген себептер әсер етеді. Ұлттық валютаның бағамының ӛзгеруі
нарықтың субъектілеріне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, ұлттық валютаның бағамы тӛмендеуі
импорттық тауарлардың қымбаттауына әкеліп соғады. Ұлттық валюта қымбаттаған жағдайда
экспорттық тауарлардың бағалары ӛседі, нәтижесінде ӛндіріс қысқарады. Бірақ, валюта
бағамының ӛсуі кейбір ӛндірушілерге ( импорттық шикізат, материал, құрал-жабдықтарға
негізделген ӛндіріс) тиімді болады. Импорттық тауарлардың арзандауы ӛндіріс шығындарын
азайтады, кәсіпорынның жағдайы жақсарады.
Валюта құндылығының ӛзгеруі валюта бағамының тәртібіне сай болуы қажет. Валютаның
айырбастау курсы екі қарама-қарсы жүйе негізінде құрылады
. Біріншісі, икемді немесе
қалқымалы валюта бағамы. Бұл жағдайда, ұлттық валютаның бағамы оған деген сұраныс пен
ұсыныс арқылы анықталады.
Екіншісі, валюта бағамдарын қатаң белгілеу жүйесі. Бұл жағдайда
ұсыныс пен сұраныстың нәтижесінде валюта бағамдарының ӛзгеруіне мемлекет ықпал етеді.
Валюта бағамына елдің тӛлем және сауда балансы ықпал етеді.
Халықаралық есеп балансында
кӛрсетілген бұл жүйенің тиімділігі қазіргі жағдайда кӛбінесе жекелеген елдердің халықаралық
123
қатынастар қызметіне тәуелді. Елдің халықаралық есеп баланстарын белгілі бір уақыт
аралығында басқа елдермен жасаған түсімдері мен тӛлемдерінің жиынтығын құрайды. Олардың
ең негізгілері сауда және тӛлем баланстары болып табылады.
Сауда балансы белгілі уақыт аралығында басқа елдерге экспортқа шығарылатын және
басқа елдерден импортқа алынатын тауарлар құнының сомалары арасындағы қатынасты
кӛрсетеді. Егер тауарларды экспорттау қызметі импорттан асып түссе, бұл сол елдіңалған
тауарларынан шығарғандарының артық екенін куәландырады. Мұндай баланс елдің
экономикасының ӛскендігін кӛрсетеді. Яғни, бұл оң қалдықты баланс болып табылады. Осындай
жағдай Қазақстан экономикасында 2000 ж. бастап байқалуда, яғни жалпы ұлттық ішкі ӛнім осы
күнге дейін тұрақты ӛсуде.
Егер импорт экспорттан асып түссе, онда сыртқы сауда тапшылығы немесе сауда
балансының кері сальдосы пайда болады. Бұл тауар экспорты мен қызметінен түскен соманың
импортқа алынатын тауарға және оның қызметін тӛлеуге жетпейтінін кӛрсетеді. Сауда
балансының мұндай тапшылығына сол елдің бюджетін қысқарту есебінен және экономикалық
ӛсуді жылдамдатудың тиімді шараларын қолданып жоюға болады. Мұнан басқа сауда
балансының кері сальдосы ішкі займдар немесе алтын-валюта қорлары есебінен
қаржыландырылуы мүмкін.
Сонымен, сауда балансы белгілі уақыт аралығындағы ұлттық экономиканың жағдайын
бейнелейтіе айна іспетті болып табылады. Сауда балансы елдің тӛлем балансының құрамды
бӛлігі бола отырып және халықаралық есеп баланстары жүйесінде ерекше орын алады.
Елдің тӛлем балансы мемлекеттің шет елдерге беретін және шет елдерден түсетін
тӛлемдердің арақатынасын сипаттайды. Тӛлем балансының сальдосы шет елдерге тӛленген және
олардан алынған сомалардың арасындағы айырманы кӛрсетеді. Егер шет елден түскен тӛлем
шыққан тӛлемнен артық болса, мұндай баланс активті болады. Егер басқа елден келген түсімнен
шығын артық болса, ұлттық валютаның бағасын тӛмендету қаупін және сыртқы экономикалық
операциялардың тұрақсыздануын тудыратын «кері тӛлем балансы» пайда болады.
Сауда балансынан басқа, тӛлем балансы әр түрлі тӛлемдер мен кірістерді, тауар құны мен
қызмтін соның ішінде жүкті сақтандырудан түскен табыстарды, сондай-ақ туризмнен, несие мен
инвестициядан, пайызды ӛтеуден, дивиденттердің түскен кірістер мен шығындарды қамтиды.
Тӛлем балансының негізгі құралдарын тӛмендегідей үлгіде кӛрсетуге болады:
Қазақстанның 2000 жылдағы тӛлем балансы.
№ Бӛлімдер
мен
баптардың
атаулары
Сома
Сальдо
1
Ағымдағы операциялар есебі
+251
2
Қазақстанның
тауар экспорты
-450
3
Сыртқы
сауда
балансының
сальдосы
-59
4
Қазақстанның э\кспорт қызметі
+70