110
Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықтың үш түрін бӛледі: фрикционды0,
құрылымдық,, циклдық..
1.
Фрикциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты
қозғалысымен (жаңа орынға кӛшуі, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы, бала бағу) байланысты. Ӛзінің
мазмұны жағынан фрикциондық жұмыссыздыты ӛз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға
болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен толық қамтамасыз
етілген кезде де болады.
2.
Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшіне деген ұсыныстың сұранысына тура келмеуі
негізінде орын алады. Мұндай жағдай ӛндірісте ғылыми-техникалық прогрестің нетижесін
пайдалану негізінде болуы мүмкін. Жұмыс орнының жаңа қалыптасқан құрылымының жұмыс
күші құрылымына сәйкес келмеуіне орай ӛндірістегі жұмысшылардың бір бӛлігі жұмыстан
ығыстырылады. Бұл процестің негізгі себебі – жұмыссыз қалған жұмысшылардың бұрынғы кәсіби
мамандығы, тәжірибесі, біліктілігі жаңа технология жағдайына сәйкес келмеуі.
3.
Циклдық жұмыссыздық экономикалық конъюнктураның ӛзгеруімен анықталады. Ол
циклдық ӛрлеу кезінде азайып, дағдарыстар тұсында кӛбейіп отырады. Сондай-ақ, циклдық
жұмыссыздық тауарға деген сұраныстың тӛмендеуімен байланысты болады. Осы себептарге
байланысты циклдық жұмыссыздықты кейбірде сұраныс тапшылығымен байланысты
жұмыссыздық деп те атайды.
Маусымдық жұмыссыздық – экономиканың кейбір салаларындағы (ауыл шаруашылығы,
тұрмыста және т.б.) жұмыс күшіне деген сұраныстың маусымды қозғалыстарымен байланысты
болады.
Жарым-жартылай жұмыссыздық жұмыс уақытын жартылай істейтін жұмысшыларды қамтиды.
Бүркеме жұмыссыздық – формальды түрде жұмысы бар , бірақ нақты түрде артық жұмыс
орнына ие болып отырған адамдарды қамтиды.
Сонымен қатар, жалған немесе шынайы жұмыссыздық болуы мүмкін. Жоғарыда атап ӛткен
жұмыссыздықтардың түрлерін шынайы жұмыссыздыққа жатқызуға болады. Яғни, шынайы
жұмыссыздарға еңбек нарығындағы жағдайларға байланысты жұмысқа қабілеті бар адамдардың
жұмыс таба алмауы жатады. Жалған жұмыссыздарға әр түрлі себептермен жұмыс істегісі
келмейтіндер жатады.
Жоғарыда атап ӛткен жұмыссыздықтың үш түрі: фрикциондық, құрылымдық, маусымдық
экономикада әрқашан орын алады. Сондықтан олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрады
және толық жұмысбастылық деңгейін айқындайды.
Еңбек нарығын талдау үшін жұмыссыздықтың деңгейін мына тӛменгі формуламен есептейді:
Жұмыссыздық деңгейі
=(жұмыссыздар саны / жұмыс күшінің саны)*100
Жұмыссыздықты есептеу. Статистика бойынша жұмысы бар адамдарды жұмыспен
қамтамасыз етілген деп есептесе, ал жұмыссыздарды – жұмыссыз немесе жұмыс іздеп жүргендер
деп есептейді .
Статистикада: оқушыларды, зейнеткерлерді, мүгедектерді, сондай-ақ жұмыс орнын табудан
үміт үзген, жұмыс іздеуді қойған адамдарды жұмыссыздарға жатқызбайды.
Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен артып кетсе,
онда тауар шығындарына әкеп соғады. Соның нәтижесінде қоғам жалпы ішкі ӛнімді кем алады.
Жұмыссыздықтың деңгейінің ӛсуімен байланысты тауардың нақты шығындарын американ
экономисі Оукеннің тұжырымдаған заңы негізінде есептеуге болады. Оукеннің заңы бойынша,
111
жұмыссыздықтың нақты леңгейі оның табиғи деңгейінен 1% артса, онда ЖІӚ-нің кӛлемі орта
есеппен 2,5% тӛмендейді екен. Мысалы, жыл ішінде нақты ішкі ӛнім 1800 млрд. теңге болса,
жұмыссыздықтың деңгейі 5%, оның табиғи деңгейі 3%, болса, онда ел экономикасы 90 млрд.
теңгеге кем ӛнім алады екен (1800*5%/100). Толық жұмысбастылық жағдайында ЖІӚ - нің кӛлемі
1890 млрд. теңгеге тең болар еді.
Жҧмыссыздарды әлеуметтік қорғау. Еңбек биржасы.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатында
ерекше орын алады.
Мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты әр түрлі формада жүзеге асырылады.
Соның ішінде аса маңызды бағыты қоғамдық ӛндірісте мемлекеттік бюджет есебінен қосымша
жұмыс орнын құру, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру
болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет адамдарға ӛзін-ӛзі жұмыспен қамтуға жағдай
жасайды.Осы саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі орта және шағын бизнесті дамытуды
ынталандыру. Сондай-ақ, кооперативті, акционерлік кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа
қожалықтарының дамуына жағдай жасау. Осы шараларды жүзеге асырудағы мемлекеттің негізгі
міндеті тиісті құқықтық база құруды, кәсіпкерлерге салық жағынан жеңілдік жасауды, несие
жағынан да жеңілдіктер беруді кӛздейді.
Мемлекет жқмыссыздарды жұмыспен қамту мәселелерін шешумен қатар, жұмыссыздарға
әр түрлі әлеуметтік кӛмек кӛрсетуді кӛздейді. Оларға жататындар:
1. Жұмыссыздарға жәрдем ақы тӛлеу. Бұндай жәрдем ақы әр мемлекетте бірдей болмайды.
Жәрдем ақыны жұмыс бастылық қорына жарна тӛлеген, еңбек стажы бар және еңбек биржасында
тіркелген адамдар алады.
2. Жұмыссыздарға ақшалай кӛмек кӛрсету. Бұл жұмысы жоқтарға кӛмек кӛрсетудің екінші түрі.
Кӛмек кӛрсету кейбір елдерде тұрақты ставка түрінде болса, ал кейбір елдерде жәрдем ақы сияқты
жалақының бір бӛлігін құрайды. (ФРГ-56-58%). Ал, АҚШ, Жапонияда жұмыссыздарға мұндай
кӛмек кӛрсетілмейді.
3. Қоғамдық транспортта жүру үшін жол ақысын тӛлеу, коммуналдық тӛлемдердің белгілі бір
бӛлігін тӛлеу үшін мемлекеттің жанұяға берілетін ақша қаражаты.
4. Жұмыссыздарға кәсіптік қайта даярлау және мамандықты кӛтеру кезінде тӛленетін стипендия.
Еңбек нарығын реттеуде еңбек биржасы маңызды орын алады. Еңбек биржасы дегеніміз
жұмыс күшін сату-сатып алу туралы кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы делдалдық қызмет
атқаратын мекеме.
Еңбек биржасының негізгі қызметтері:
1. Жұмыссыздарды есепке алу жәнеоларды жұмысқа орналастыру туралы делдалдық қызмет
кӛрсету;
2. Жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты зертеу және бос жұмыс орындары туралы
мәлімет беру;
3. Жұмыссыздардың тӛлем ақыларының мӛлшерін және тӛлейтін уақыттарын анықтау.
Қазіргі кезде еңбек биржасының қызметін мемлекеттік еңбек биржасы, сондай-ақ жекеменшік
агенттіктер атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |