Қалыптасуы тарихы (1918-1930 жж) Аннотация: мақалада



жүктеу 387,86 Kb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата26.05.2018
өлшемі387,86 Kb.
#17848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

болатын), Түркістанда жоғарғы оқу  орындарын ашу туралы арнайы шешім 

қабылданады [13, с.575]. 

Ал  1918  жылы  19  қаңтардағы  ІV  Түркістандық  төтенше  съезде 

Түркістанда  Халық  университетін  құру  туралы  және  оған  бұрынғы  әскери 

училищенің  ғимаратын  беру  жөнінде  резолюция  жариялайды  [14,  25  п]. 

Съездің жоғары оқу орнын ашу жөніндегі шешімін 1918 жылдың ақпанында 

Ташкент  қаласының  интеллигенция  өкілдері  тарапынан  Түркістанда 

университет  ашу  мақсатында  құрылған  «Жоғары  білім  қоғамы»  еді.  Оған 

Р.Р.Шредер,  В.И.Романовский,  М.И.Слоним  және  басқада  Ресейге  белгілі 

ғалымдар  мүшелігіне  кіреді.  1918  жылы  1  наурызда  болған  қоғамның 

жиналысында  бес  мүмкін  болатын  факультеттерге  сәйкес  бес  «үштік» 

құрылып, болашақ университет Жарғысының жобасы бекітілді [15, с.5-6]. 

Университеттің  құрылуы  өте  қиын  жағдайда  өтті.  Бұл  кезде  Ресейде 

болған  азамат  соғысы    Түркістан  өңіріндегі  саяси  жағдайды  мүлдем 

нашарлатып жіберген еді. Билік басына келген большевиктер мүмкіндігінше 

университеттке өз бақылауын орнатуға тырысты. Нәтижесінде Түркістандағы 

алғашқы жоғары оқу орнында күрделі идеялық - саяси күрес басталып кетеді. 

Революцияға  дейін  қалыптасқан  Түркістан  жоғары  оқу  орнын  ашу  үшін 

құрылған  алдыңғы  қатарлы  зиялы  қауым  өкілдерінің  қозғалысы  жалпы 

демократиялық  сипат  алды.  Әсіресе,  патша  тақтан  құлағаннан  кейін  бұл 

қозғалыс ерекше белсенділік көрсете бастады. Оны жергілікті мұсылмандық 

және ұлттық интеллегенция өкілдері қолдады.  

 

1918  жылы  17  ақпанда  Ташкенттің  жоғары  білім  беруді 



қолдаушылардың  қоғамы  құрылтай  жиналысын  өткізіп,  ұйымдастыру 

процесін  бастайды.  Оның  құрамына  Орыстың  географиялық  және 

техникалық  қоғамының  Түркістандық  бөлімі,  жаратылыстану  және 

дәрігерлердің  Ташкенттік  қоғамы,  Ташкенттің  педагогикалық  және 

заңгерлердің  қоғамы,  Түркістанның  ауылшаруашылық  қоғамы,  мұсылман 

мұғалімдерінің Қоғамы, Политехникалық курстар, Өлкелік мұғалімдер одағы 

мен  Ташкенттің  студенттер  одағы  кірді.  Қоғамның  мүшелігіне  заңгер 

М.Шоқай, 

математик 

В.И.Романовский, 

дәрігерлер 

А.П.Шишов, 

Х.Досмұхамедұлы, 

М.И.Слоним, 

агроном 

Р.Р.Шредер, 

архитектор 

Г.М.Сваричевский және басқа да көптеген көрнекті қоғам қайраткерлері мен 

белгілі  ғалымдар  өтті.  Қоғамның  төрағасы  болып  М.И.Сосновский 

сайланады.  Қоғам  құрылған  кезден  бастап-ақ,  халық  университетін 

ұйымдастыру  ісін  құруда  тек  қоғамдық  бастама  негізінде  ғана 

қалыптастырып,  Кеңес  өкіметінің  кез-келген  мемлекеттік  органдарының 

бақылауынан  бас  тартып,  олармен  байланысқа  түсуге  үзілді  кесілді  қарсы 

шығады.  Қоғамның  жарғысы  мен  басқарма  әзірлеген  Түркістан  халық 

университетінің  жарғысының  жобасы,  отарлық  әкімшілік  мекемесінің  1918 

жылғы наурызға дейін ғана өмір сүрген Ташкент округтік  сотында тіркеуден 

өткізілді. 

Түркістандағы 

жоғарғы 

білімнің 

ұйымдастырушылық 

принциптерін  әзірлей  отырып,  реакцияшылдар  онда  жұмысшы  табының 

өкілдерін университетке енгізуге тиым салатын таптық сипатты көздеді. Осы 

мақсатта  олар  ұйымдастырылған  жоғарғы  оқу  орнында  ақылы  білім  беруді 




енгізуді  ұсынды.  Университетті  құру  жобаларын  талқылау  үшін,  1918 

жылдың 


наурызында 

өткізілген 

Ташкент 

қоғамының 

көптеген 

жиналыстарында  олар  жоғарғы  оқу  орнын  саясаттандыруға  қарсы  шығып, 

университет тек қана мәдени-ағарту орталығы ғана болуы керек, сондықтан 

ол  үгіт-насихат  орнына  айналмауға  тиіс  деді.  Бірақ,  олардың  барлық 

әрекеттері жоққа шығарылды. Большевиктер жұмысшылардың мәдениет пен 

ағартуға деген үлкен ынтасы бар дегенді алға тартып, олардың қарсылығын 

оңай басып тастады.  

Ташкент  интеллигенциясының  алдыңғы  қатарлы  өкілдері  жоғарғы 

білім  берудің  демократиялық  жүйесін  құру  үшін,  амалсыздан  Кеңес 

өкіметімен ынтымақтастық құруға мәжбүр болады. Бұл бастама Коммунистік 

партия  мен  кеңес  мемлекеттік  органдары  тарапынан  қолдау  тапты.  1918 

жылы  9  наурызда  Түркістан  өлкесінің  Халық  комиссарлар  кеңесі    Халыққа 

білім  беру  комиссариатына  бағынатын  халық  университетін  шұғыл 

ұйымдастыру  жөнінде  қаулы  қабылдады.  Университетке  Әскери  училище 

ғимараты  мен  бұрынғы  ұлы  князь  Н.К.Романовтың  сарайы  берілді. 

Ұйымдастырушылық  шығындары  үшін  2  млн.  рубль  қаржы  бөлінді.  Бұл 

қаулы  Түркістан  халық  комиссариатының  1918  жылғы  16  наурыздағы 

бұйрығымен жарияланды. 

Кеңес  өкіметінің  қолдауы  істі  тездетуге  көмектесті.  1918  жылы  11 

наурызда Түркістан университетінің кеңесі құрылды, ал кеңестің 5 сәуірдегі 

отырысында  оның  басшылары  сайланды.  Университеттің  директорлығына 

халық  ағарту  ісінің  көрнекті  өкілі,  Петроград  гимназияларының  бірінің 

бұрынғы оқытушысы, революцияға дейінгі Ресейдің демократиялық жоғарғы 

оқу  орны  Жоғарғы  әйелдер  курсының  приват-доценті  А.В.Попов  сайланды. 

Директордың  орынбасары  ірі  ғалым-агроном  Р.Р.Шредер  болды.  Оқуға 

түскісі  келетіндердің  тізімі  жасала  бастады,  педагогикалық    құрам 

жасақталды,  ал  1918  жылы  21  сәуірде  Түркістан  халық  университетінің 

салтанатты  ашылу  рәсімі  өткізілді.  Ашылу  салтанатына  Ташкент  ғылыми-

педагогикалық  қоғамының  өкілдерімен  қатар,    РСФСО  Халық  комиссарлар 

кеңесінің  төтенше  комиссары  П.А.Кобозев,  Түркістан  республикасы 

Кеңесінің  5  съезінің  делегаттары,  Түркістан  АКСР  еңбек  комиссары 

П.Г.Полторацкий,  Ташкенттік  комиссарлар  В.С.Ляпин,  А.Я.Першин, 

И.О.Тоболин  қатысты.  Сөйлегендер  Түркістан  халық  университетінің 

жұмысшы-шаруа  үкіметі  мен  жұмысшылар  үшін  ұйымдастырылғандығын 

және  шын  мәніндегі  демократиялық  оқу  орны  болуы  тиіс  екендігін  атап 

көрсетті.П.Г.Полторацкий  өз  сөзінде:  «Пролетариат  қызыл  туымен  бұрын 

өзінің  қолы  жетпеген  ғылым  сарайына  кірді.  Оның  білімді  игеруі  де 

басқалары  сияқты  нық  болады.  Игерілген  білімді  пролетариат  өзінде  ұстап 

қала  алады»  деп  көрсетті.  Университет  директоры  А.В.Попов  оқытушылар 

атынан  Кеңес  өкіметімен  ынтымақтастық  жасайтындықтарын  атап  айтты. 

Өлкеде  жоғарғы  оқу  орнын  құру  мәселесін  Түркістан  АКСР-і  үкіметі  бір 

айдың ішінде үш рет қарастырған. Халық комиссарлар кеңесі бұл бастаманы 

мақұлдап,  9  наурызда  қаулы  шығарып,  16  наурызда  «шұғыл  түрде 

университет  құру  және  жоғарғы  политехникалық  институт  ашуға  барлық 




жүктеу 387,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау