Қалыптасуы тарихы (1918-1930 жж) Аннотация: мақалада



жүктеу 387,86 Kb.
Pdf просмотр
бет8/13
Дата26.05.2018
өлшемі387,86 Kb.
#17848
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

өз  алдарына  ұйымдарға  айналды,  енді  барлық  жұмыс  факультеттердің 

жұмысына  жұмылдырылды.  Бұл  уақытта    ауыл  шаруашылық  факультетінде 

400 тыңдаушы, жаратылыстану-математика факультетінде – 200, әлеуметтік-

экономикалық факультетте – 187, техникалық факультетте – 186 және әдеби-

философиялық факультетте – 187 тыңдаушы болды [35, 2 п]. 

Студенттер құрамы әр түрлі еді: жұмысшылар, жұмысшы-шаруалардың 

балалары,  қызметкерлер  және  т.б.  Тыңдаушылардың  көпшілігі  мекемелер 

мен  кәсіпорындарда  жұмыс  істеді,  сондықтан  сабақтарды  кешкі  уақыттарда 

өткізуге тура келді. Бірақ, соған қарамастан сабаққа қатысу жоғары дәрежеде 

болды.  Университетке  оқуға  түскен  жұмысшылар  алғашқы  күннен-ақ  білім 

алуда  тұрақтылық  пен  бекемдік  танытты.  Түркістан  Республикасының 

үкіметі көтерген мәселенің бірі  –  медициналық факультетті құру жөніндегі 

ұйымдастыру  жұмыстары  болды.  Өйткені,  Ташкенттегі  өлкелік  медицина 

мектебі  мен  оның  базасында  құрылған  медициналық  факультет  – 

педагогикалық  кадрлардың  жетіспеуі  салдарынан  дәрігерлерді  дайындауды 

қамтамасыз ете алмады. 

Түркістан  үкіметінің  өтініші  -  Москваның  медицина  қауымынан  қызу 

қолдау  тапты.  Ресейдің  өкімет  органдары  да  өтінішті  қолдап,  Түркістан 

Мемлекеттік  университетінің  москвалық  тобына  практикалық  көмек 

көрсетті. 1919 жылдың күзінде Ташкентте медициналық факультетте жұмыс 

атқарғысы  келетін  үміткерлер  нақты  белгілі  болды.  1919  жылы  13 

қыркүйекте  Оқу  кеңесі  оның  бірінші  оқытушыларын  іріктеді.  Олардың 

қатарында  профессорлар  К.Г.Хрущов,  А.Н.Крюков  және  т.б.  болды. 

Медициналық  факультеттің  деканы  болып  профессор  П.П.Ситковский 

тағайындалды.  Алайда,  медицина  мамандарына  деген  мұқтаждық, 

орталықтан 

келетін 

көмекті 


күтуге 

мүмкіншілік 

бермегендіктен, 

университетте  жергілікті  күштер  мен  медициналық  факультет  ашылды.  Ол 

1919  жылы  тамызда  Түркістан  Республикасының  Денсаулық  Халық 

комиссариаты 

құрған 

өлкелік 


медицина 

мектебінің 

базасында 

ұйымдастырылды. 

Жаңа 

факультеттің 



жұмысына 

профессорлар 

Г.Н:Броверман  мен  Л.В.Ошанин  көп  үлес  қосты.  Әлемге  белгілі  хирург, 

сепсиспен  күресудің  қазіргі  заманғы  әдісінің  негізін  қалаушылардың  бірі 

профессор В.Ф.Ясенецкий-Войноның еңбегі зор болды. 

Медициналық  факультеттің  ұйымдастырылуы  да  үлкен  роль  атқарды, 

оның  жағдайы  басқалармен  салыстырғанда  жақсы  болды.  Біріншіден,  оның 

кафедраларында,  ұйымдастырылған  кезден  бастап,  жиырма  профессор  мен 

он  тоғыз  оқытушы  жұмыс  істеді,  екіншіден,  ол  орталықтан  келген  ғалым-

дәрігерлер  тарапынан  күшті  нығайды,  үшіншіден,  1919  жылдың  сәуірінде 

ашылған  бұл  факультет  бұрынғы  өлкелік  медицина  мектебінің  негізінде 

жұмыс  істеді.  Түркістан  Республикасының  Халық  комиссарлар  Кеңесінің 

1920  жылғы  5  мамырдағы  қаулысымен  медициналық  факультетке  бұрынғы 

кадет  корпусының  кең  ғимараты  және  Полторацкий  атындағы  аурухана 

барлық мүліктерімен берілді [36, 19 п].  

Факультет  жанынан  медициналық  ғылыми  қоғам  құрылды,  оның 

бастамасымен  Орта  Азия  дәрігерлерінің  съездері  шақырылып  отырылды, 



онда  денсаулық  сақтау  ісінің  маңызды  мәселелері  шешіліп  отырылды. 

Съездер  жергілікті  жағдайларды  терең  зерттеу  негізінде  алынған  бай 

материалдарды жинақтады [37, 34 п]. 

Жоғарғы  мектепті  демократияландыру  мақсатында  еңбекшілерді 

жоғарғы мектептерге түсуге кеңінен даярлаудың тамаша нысаны – жұмысшы 

факультеттері  туындады.  РСФСР  халық  ағарту  комиссариатының  1919 

жылғы  11  қыркүйектегі  қаулысымен  республикалардың  университеттерінде 

даярлық  курстары  ашыла  бастады.  Олар  жұмысшы  –  шаруаларды  жоғарғы 

оқу орындарына қысқа мерзімде даярлайтын өз алдына бөлек оқу- қосымша 

білім  беру  мекемелері  болды.  Өз  кезегінде  Түркістан  Республикасының 

Орталық  атқару  комитеті  де  «жұмысшылар  мен  шаруаларды  жоғарғы  білім 

алуы  және  олардың  ғылыми  тәжірибені  иеленуі  үшін  даярлау»  мақсатында 

Түркістан  университеті жанынан  жұмысшы  факультетін ашу  туралы  шешім 

қабылдады [37, 36 п]. Жергілікті ұлт өкілдерінен жұмысшы факультеттеріне 

түсу  үшін  тек  еңбекші  табы  жататындығы  талап  етілді.  Жұмысшы 

факультеттерін  ұйымдастыру  арқылы  еңбекшілерді,  оның  ішінде  жергілікті 

ұлт өкілдерін, жоғарғы білімге ұмтылдыруға  маңызды  қадам  жасалды. 1920 

жылы  11  ақпанда  Түркістан  Орталық  Атқару  комитетінің,  ЦК  КПТ 

мүшелерінің 

қатысуымен 

Түркістан 

университетінде 

жұмысшы 

факультетінің  ашылуына  байланысты  салтанатты  жиналыс  өткізілді.  15 

ақпанда университет дәрісханаларында сабақ өткізіле бастады. Университет, 

оның  факультеттері  мен  кафедралары  жұмысшы  факультеттерінің 

оқушыларына барлық зертханаларын, оқу-қосымша білім беру кабинеттерін, 

кітапханаларын  және  т.б.  пайдалануға  берді.  Жұмысшы  факультетінің 

құрылған  бес  тобына  153  адам  жазылды.  Олар  үшін  математикадан, 

физикадан,  зоологиядан,  ботаникадан,  тарихтан  және  ұлттық  топта  –  ана 

тілінен  дәрістер  оқылып,  сабақтар  жүргізілді.  Оқытушылыққа  38  адам 

тағайындалды (В.П.Добролюбов – декан және ботаника пәнінің оқытушысы, 

И.Ф.Горский  –  математикадан,  Д.С.Гременицкий  –  тарихтан,  Б.Хабиб  – 

физикадан сабақ берді және т.б.) [37, 42 п]. 

Іс  жүзінде  Университетті  көпшілікке  таныту  мен  жергілікті  ұлт 

өкілдерін  оқуға  тартуда  университеттің  баспа  комиссиясы  көп  жұмыс 

атқарды.  «Халық  университеті»  және  «Халк  дарилфунуни»  газеттерімен 

қатар «Еженедельник народного университета» журналы шығарыла бастады. 

Университет  газеттері  мен  журналдарында  «Халық  университетінің 

мұсылмандық  секциясында»,  «Мұсылмандық  халық  мектебі  жөнінде»  және 

т.с.с.  тақырыптарында  мақалалар  мен  жазбалар  жиі  жарияланатын  болды. 

Бұл  материалдарда  жергілікті  тұрғындар  арасында  сауаттылық  пен  білімді 

тарату  және  ұлттық  кадрларды  университетке  түсуге  даярлаудың  жағдайы 

бойынша  университеттің  жұмысы  кеңінен  насихатталды.  Медициналық 

факультеттің  қызметкерлері  «Туркестанский  медицинский  журнал»  атты 

журналын  шығара  бастады,  ол  көп  ұзамай  елдегі  жетекші  медициналық 

басылымға айналды. 

1920  жылдың  бірінші  жартысында  Түркістан  университетінде  1314 

студент  болды,  олар  әлеуметтік-экономикалық,  тарихи-филологиялық, 



жүктеу 387,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау