Қалыптасуы тарихы (1918-1930 жж) Аннотация: мақалада



жүктеу 387,86 Kb.
Pdf просмотр
бет9/13
Дата26.05.2018
өлшемі387,86 Kb.
#17848
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

жаратылыстану-математика, 

ауылшаруашылық, 

техникалық 

және 


медициналық секілді алты факультетте білім алды. 

Университеттегі  жұмыс  қиын  жағдайларда  жүргізілді.  От  жағылмаған 

дәрісханаларда,  май  шамдардың  жарығымен  дәрістер  оқылып,  практикалық 

жұмыстар  жүргізілді.  Оқытушылар  түн  ортасы  ауғанға  дейін  ертеңіне 

таңертең  жұмысқа  баратын  студенттермен  сабақ  өткізді.  Нашар  құрал-

жабдықтары  бар  зертханаларда  іс-тәжірибелер  өткізіліп,  еңбектер  жазылды. 

Сол  кездің  өзінде-ақ  жұмыстың  сапасы  туралы  мәселе  көтерілген  болатын. 

Коммунистердің жетекшілігімен оқу орнында және одан тыс жерлерде үлкен 

қоғамдық жұмыстарды атқаратын университет активі жұмылдырылды. 

Интеллигенцияның 

алғашқы 

ұлттық 


кадрларын 

дайындауда 

Түркістанның  көрнекті  қайраткерлері  үлкен  роль  атқарды.  Халық 

университеті  мен  оның  жұмысын  ұйымдастыруда  үкіметтің  Орта  Азия  мен 

Бакудегі  Төтенше  комиссары  И.А.Кобозев  үлкен  еңбек  етті,  ол  біраз  уақыт 

техникалық  факультетте  конституция  мен  энергетика  курстарынан    дәріс 

оқыды.  Халық  университетінің  алғашқы  оқытушыларының  қатарында 

В.И.Романовский,  М.А.Зарудный,  В.П.Дробов,  А.В.Попов,  Г.И.Черданцев, 

Н.А.Лаппо-Данилевский, 

А.А.Диваев, 

А.Э.Трапезников, 

Р.Р.Шредер, 

М.М.Протодьяконов,  А.А.Семенов  сияқты  атақты  ғалымдар  мен  Орта 

Азияның  білгірлері  болды.  Ұлттық  интеллигенциядан  –  М.Рахимий, 

С.Рахимий, 

Ф.С.Бакиров 

(қазір 

заң 


факультетінің 

профессоры), 

М.Исмаилова,  Мухаммедова,  Р.Юсуфбекова,  Х.Ирисбеков,  М.Фахрутдинов 

және басқалары [37, 57 п]. 

1919-1920  жылдардың  қиын  жағдайында  Түркістан  мемлекеттік 

университетінің  профессор-оқытушы  құрамы  оқу-көмекші  мекемелерін 

нығайту,  оқу  процесін  жетілдіру  бойынша  жұмыстарды  жалғастырды. 

Студенттердің  өндірістік  тәжірибесін  ұйымдастыру  үшін  университет 

Ташкент  түбінде  орналасқан  «Қапланбек»  мемлекеттік  жеріне  ие  болды. 

Анатомиялық  кабинет  пен  психологиялық  зертхана  ұйымдастырылды. 

Ғылыми-зерттеу  жұмыстары  жолға  қойылып,  университет  ғылыми  қоғамы 

пайда  болды.    Олардың  ең  алғашқысы  1918  жылы  шілдеде  Халық 

университеті  жанынан  ұйымдастырылған  Ташкент  физика-математика 

қоғамы 


 

және 


әлеуметтік-экономикалық 

факультет 

жанындағы 

статистикалық-экономикалық қоғам болды. 

Жалпы алғанда, екі оқу жылының өзінде-ақ Түркістан университетінің 

ұжымы    үлкен  жетістіктерге  жетті.  Бірақ,  осымен    жергілікті  ресурстар 

толығымен  пайдаланылып,  Түркістан  мемлекеттік  университетінің  бұдан 

былай  жоғарғы  оқу  орны  ретінде  өмір  сүруі    мүмкін  болмады.  Білікті 

оқытушылардың  жетіспеушілігі,  оқу  құралдарының  жетіспеушілігі,  қажетті 

ғылыми  әдебиеттердің  жоқтығы  күн  сайын  қатты  сезіле  бастады.  Осы 

қиындықтарды сырттан келетін көмексіз жеңіп шығу мүмкін емес еді. 

Университетті  құруға  кіріскен  кезде,  Ташкент  ғылыми-педагогикалық 

қоғамы  өздерінде  бар  күшпен  тек  бастапқы  курстардың  жұмысын 

қамтамасыз 

етуге 

болатынын 



жақсы 

түсінді. 

Сондықтан, 

оны 


ұйымдастырушылар  алғашқы  кезден-ақ  Ресейдің  ежелгі  университеттерінің 


жан-жақты  көмегіне  сүйенді.  Осыған  байланысты,  1918  жылы  20  сәуірде, 

оның салтанатты  ашылуының  алдында,  оның кеңесі  ғылыми-педагогикалық 

персоналдарды тарту, қажетті құралдар мен әдебиеттерді жинау үшін Москва 

мен  Петроградқа  баратын  арнайы  делегация  ұйымдастырды.  Делегацияның 

құрамына  шығыстанушы  А.А.Семенов  және  инженер  И.Г.Белов  кірді.  1918 

жылы  мамырда  олар  Түркістаннан  Ресейге  жүріп  кетті,  онда  Халық 

комиссарлар  Кеңесі  мен  Халық  Ағарту  комиссариатының  қолдауына  ие 

болды. 


Ташкент делегациясын  Петроград пен Москваның ғылыми  қоғамдары 

жылы  қабылдады.  1918  жылы  29  маусым-1  шілде  аралығында  Москвада 

Түркістан  делегаттары  мен  орталық  жоғарғы  оқу  орындары  өкілдерінің 

Ташкентте  университет  ұйымдастыруға  арналған  кеңесі  өткізілді.  Оның 

жұмысына  көптеген  отандық  ғылымның  көрнекті  қызметкерлері,  оның 

ішінде  «орыс  авиациясының  әкесі»  Н.Е.Жуковский,  аэродинамика 

саласындағы  ірі  маман  С.А.Чаплыгин,  талантты  инженер-суландырушы 

Г.К.Ризенкампф,  атақты  орыс  шығыстанушысы  В.В.Бартольд,  географ 

Л.С.Берг  және  басқалары  қатысты.  Кеңесте  Ташкентте  физика-

математикалық,  техникалық,  ауыл  шаруашылық,  тарих-филологиялық 

факультеттерін  құру  жобалары  талқыланып,  мақұлданды.    Бұдан  басқа, 

Москва  және  Петроград  бөлімшелері  бар  ұйымдастыру  бюросы  құрылды, 

оған  Түркістанға  жұмыс  істеуге  барғысы  келетін  мамандарды  іздестіру 

мақсатында құрылып жатқан университеттің  кадрларға деген қажеттіліктері 

жөніндегі  мәліметтерді  ғылыми  орталарда  кеңінен  тарату,  кітаптарды, 

құралдарды,  приборларды  жинақтауды  жүйелеу,  жаңа  жоғарғы  оқу  орны 

туралы  ереже  жобасын  әзірлеуді  бастау  міндеттері  жүктелді.  Осы 

қажеттіліктерге байланысты Халық ағарту комиссариаты нақты ақша түрінде 

30 мың рубль қаржы бөлді [36, 18 п]. 

Өзінің  мәні  мен  мағынасы  жағынан,  өзінің  құрылымы  бойынша  халық 

университеті  көпшілікті  тарта  білді  және  адамдарға  әр  түрлі  сала  бойынша 

білім беретін бастауыш кәсіптік білім берудің ірі мектебі болды. Бірақ, оған 

әлі  де  болса  жоғары  маманды  кадрлар,  оқу  бағдарламалары,  оқу  құралдары 

мен  ғылыми  зертханалар  жетіспеді.  Сондықтан,  1918  жылғы  мамырда 

Түркістан  үкіметі  Орталық  үкіметтен  көмек  сұрады.  Ұзамай  Түркістан 

мемлекеттік университетінің ұйымдастыру комитеті құрылды [21, 4 п]. Н.К. 

Крупскаяның 

ықпалымен, 

бұл 

комитетке 



Москва, 

Петроград 

университеттерінің, 

Пертовск-Разумовский 

академиясының 

(қазіргі 

Тимирязев), Петроград технологиялық институтының ғалымдары, сондай-ақ 

Ташкент делегациясының өкілдері кірді. 

Москва  мен  Петроградта  Ұйымдастыру  комитетінің  екі  бюросы  мен 

кітапханалық  комиссиясы  құрылды.  Аз  уақыт  ішінде  комитет  Түркістан 

университетінің құрылымын әзірлеу, оқытушы-профессор кадрларын таңдау, 

оқу  бағдарламаларын  құрастыру,  әр  түрлі  жабдықтар  мен  кітапхана  үшін 

кітаптар жинау жөнінде үлкен жұмыс істеді [21, 11 п].  

Ұйымдастыру  комитетінің  мүшелері  университетті  құруға  белсене 

кірісті. 1918-1919 жылдардың қиын қысында, аштық пен суықта олар барлық 



жүктеу 387,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау