Алиева Шарайна Есімжанқызы «Мамандық жетістік мерейі» атты тренинг сабақ



жүктеу 69,8 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі69,8 Kb.
#5549
түріСабақ

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы

«И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психолог

Алиева Шарайна Есімжанқызы

«Мамандық жетістік мерейі» атты тренинг сабақ.

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз

Даңқым шықсын десеңіз ,

Көпшіліктің адамы болыңыз

Әл-Фараби

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады . Мамандықтың жаманы жоқ , бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет , бұл жай күнелту , тамақ асыраудың жолы ғана емес , үлкен өнерді , зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Біздің мақсатымыз - оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы , әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығына психолоиялық - педагогикалық көмек біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Сабақ барысында жастар мынадай мәліметтер алады:



  • Өзінің жеке қасиеттерін, қызығушылықтарын және икемділіктерін біле алады.

  • Оқу орындары және түрлі мамандықтар туралы толық мәлімет алады.

  • Мамандық таңдау ережесі жайлы ақпарат алады.

  • Таңдаған болашақ мамандығының ісін анықтау.


Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары : Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарға деген ынта –ықыластарын анықтау. Кәсіптік бағдар беру . Оқушыларды қоғамдағы еңбектің , мамандықтардың әр түрлерімен таныстыра отырып , олардың өсу деңгейі және қоғамдағы қажеттілік орны мен сұранысы жайлы білімді меңгерту, мамандық әлемінен ақпарат алу.

Тренинг құрылымы Сабақ 9-11 сынып оқушыларына арналған . Тренинг мамандықтың белгілі бір түріне бағыт-бағдар беру , ойындар , жаттығулар, теориялық бөлімдер, диагностикалық әдістемелерден тұрады.

Сабақтың ұзақтығы 35-45 минут жаттығулардың күрделігі мен басқа да жұмыс жағдайларына байланысты . Өткізу шарты : Топтағы балалар саны 10-16 адам. Оқушыларды топтастырып отырғызу .

Сабақ барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларға бір-біріне және топтасу арқылы жақсы тілектер айтқыза отырып , көңіл күйлерін ретке келтіру.

Пікірлесу кезеңі мен тренинг жаттығуларының тәртібі мен қағыдалары ескертіліп , шарты мен ережесі түсіндіріледі.



  1. «Сәлемдесу –танысу» жаттығу . Джест арқылы амандасу

Мақсаты : Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту .

Нұсқау: Қатысушылардың шеңбер бойымен тұрады. Өз есімдерін атап, амандасудың ым-ишарасын жасайды. Келесі кезектегі қатысушы өзінен тұрған адамның есімі мен ым-ишарасын айтып , өз есімі мен ыи-ишарасын көрсетеді . Ойын осылай жалғаса береді.

  1. «Мамандықты тап» (ойын)

Нұсқау: Тренингке қатысушыларды үш топқа бөлеміз. Әр топқа карточкада жазылған мамандықтар беріледі. Әр топ сол берілген мамандықтарды басқа топқа ыммен бейнелеп көрсетуге тырысады . Қалған топтар сол мамандық қай мамандық екенін табады.

Хирург , Фабрика басшысы , Хатшы, Бугалтер , Слесарь, Инжинер,

Кітапханашы , Банк қызметкері , Сатушы , Мұғалім , Мүсінші.

  1. Сауалнама

Қатысушылар сауалнама толтырады.

Сіз тренингтен не алғыңыз келеді?



  • Өз қабілетімді тексеру.

  • Оқу орындары туралы толық ақпарат алу.

  • Өз икемділігімді анықтай отырып, іс-әрекет түріне бағыт –бағдарды дұрыс қою.

  • Мамандық әлемі жайында толық білу .

  • Мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі жөнінде ақпарат алу.

  • Тағы басқа




  1. «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы.


Нұсқау: Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді .Ескерту : Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек.


  1. «Жалғастыру» жаттығуы.

Мақсаты: психологиялық және дене қатаюынан , күштенуінен арылту , топты ұйымдастыру.

Нұсқау: Бір қағаз алып, ең жағымды қарандашты таңдайды. Шапалақ ұрғанда нені қалайды соны салады, қайтадан шапалақ ұрғанда қасындағы қатысушыға сурет пен қарандашты береді. Сосын тағы да шапалақ ұрып, келесі қатысушы жалғастырады. Сөйтіп сурет қағаз иелеріне келгенше жаттығу жалғасады.
Сурет ұнадыма? Өз сеніміңізбен, көңіл күйіңізбен бөлісіңіз. Өзге адамның суретін жалғастыру қиын болды ма ?
Теориялық бөлім

Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер

  • Бірден жоғары квалификациялы мамандыққа бағыт беру.

  • Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау.

  • Мамандыққа бағыт-бағдар берушілерге ауып кету.

  • Мектептегі пәннің мамандыққа сайкес келуі

  • Өзінің қабілетін , жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білмеу.

Жаңа ақпарат (психологтың кеңесі)



«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді» Л.Н.Толстой

Адам өзінің болошақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін –ол ойға алған арманның орындалуы , отбасы дәстүрін жалғастыру , келесі біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б мамандықты таңдау үшін , адам ең алдымен өзін өз бейімділігін тануы қажет . Өз-өзіне «Мен кіммен?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?, «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем .

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес . Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті , зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды , бағалы үлес қосатындай болуы шарт . Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе , бойына жаңа күш қосылып , еңбекке деген шабыты арта түседі . Зор ықылас , шабытпен істеген іс-табыс биігіне жеткізген қанат.


  1. «Мамандық» акроөлең жаттығуы

Нұсқау : Әр топ мамандыққа байланысты акроөлең шумақтарын шығарып айтады.

М-

А-

М-

А-

Н-

Д-

Ы-

Қ-


  1. «Жардан құлау» жаттығуы

Мақсаты: Оқушыларды қиындықтан шығуға , қиындықты жеңуге үйрету.

Нұсқау: Оқушыларды бір сызық бойымен тұрғызып , қолдарын мықтап ұстап, бір оқушыны көшбасшысының қасына тұрғызады. Сол оқушы жардан құламау үшін , сызылған сызықтан аспай , қол ұстасқан оқушылардың көмегімен қатардың соңына дейін бару керек. Ал қатардағы оқушылар өтіп келе жатқан оқушыға көмектеспей , қимылдап тұру керек.


  1. «Армандар» жаттығуы

Барлық қатысушы шеңбер бойымен отырып , 3-4 рет терең дем алып, көздерін жұмады. Өз тілектеріне көңіл аудара отырып , болашақ мамандығын, қоғамдағы орнын , жақын арадағы қоршаған ортасын елестетеді. 1,5 минут уақыт беріледі. Жанға жағында әуен ойнайды.

Берілген уақыт өткен соң тағы да 3-4 рет терең дем алып көздерін ашады. Топ өзінің алған әсерімен бөліседі. Тренер әркімнің айтқандарын толықтырады, яғни әрқайсысының қол жеткізгісі келетін , алға қойған мақсат , армандырының бар екенін айтады.

Топ қатысушыларының күтетін және күдік алатын , қорғанатын нәрселері . Әр қайсысы өздерінің жеке-жеке не күтетіндіктері мен қорқатын жағдайларын айтады. Қатысушылардың барлығы өз ойларын айтып болған соң , «дәл осы жерде және қазір болатын жұмыс мәні түсіндіріледі.



  1. «Энерджайнер» жаттығуы. Сергіту сәтін жүргізу.




  1. «Болашақтан хат» жаттығуы

Кіріспе әңгімелесу .

Оқушылар ! Сендер есейіп , өсіп, мектепті аяқтап қалдыңдар, жан-жаққа қанат қағып , ұшатын кездерің де болып қалды, іштеріңде көптеген оқушылар болашақта кім, қандай маман иесі болатындығын біледі.



Мен , әрине , барлығыңның армандарыңның орындалғанын қалаймын ал енді мына нәрсені ойласайық. Үлкен білім әлеміне алғаш есікті айқара ашатын адам туралы сыр шертейік. Иә, әрине , ол ұстаз. Ал , бүгін алғашқы хатты жазып , жаттығып көрейік . Ол үшін сендер өздеріңді мектеп бітіріп қойдым, ересекпін , қызметім бар, жеке өмірім бар деп елестетіңдер .


  1. Қорытынды сауалнама

  • Сізге тренингте не ұнады ?

  • Не ұнаған жоқ?

  • Өзіңізді жақсы түсіне алдыңыз ба ?

  • Мамандық таңдай алдыңыз ба ?

  • Тренинг - сабақ керек пе , ол мамандық таңдауда көмектесе ме?




  1. «Мейірімділік алаңы» (жаттығуы)

Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер , жасыл, шөптер таратылады. Гүлдерге – оқушыларға , жасыл шөптерге - ата-аналарға , күннің шуақтарына – ұстаздарға арналған кәсіби бағдар таңдауда ұсыныстар жазылады және де ақ ватманға бекітіледі.
«Бос микрофон» (рефлексия )

Еркін түрде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
жүктеу 69,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау