Jpeg сығуы Jpeg алгоритмі Mpeg сығуы
Jpeg сығуы
Joint photograph expert group – 1982 жылы қалыптасқан.
Сығу жоғалтулармен, бірақ күшті (20:1 – 25:1)
Jpg алгоритм болып табылмайды. Бұл сығу әдістерінің тұтастай бір жиыны.
Кодтау процесінде визуальды түрде байқау қиын болатын ақпарат алынып тасталады.
Jpg түсті және жартылай тонды фото бейнелерді кішірейту (сығу), басқа да күрделі графика үшін жасалған. Mpeg стандарты ішінде видеоны сығу үшін пайдаланылады.
Көлемі бейненің мазмұнына тәуелді. Сығу дәрежесі 25:1 құрайды, сапа жоғалтуы байқаусыз. Алғашқы файлдан ештеңе қалмайды.
Jpeg алгоритмі
Ол дискреттік косинус түрлендірулер (дкт) көмегімен кодтау схемасында негізделген.
Дкт әрқашан жоғалтулармен, бірақ минимальды жоғалтуларда жоғары сығу дәрежесін қамтамасыз етеді.
Jpeg схемасы көршілес пиксельдік мәндер арасындағы айырмашылық көп емес болатын көп түсті бейнелерды сығуда ғана қолданылады. Пиксельдік тереңдік >=5 бит түстік каналға : 65000 түстер.
Сығу процесі бөлінеді:
бейнені оптимальды түстік кеңістікке түрлендіру
пиксельдер топтарын орташаландыру арқылы субдискретизация
дкс –ды бейненің мәліметтерінің артықтығын төмендету үшін қолдану.
коэффициенттер блогын кванттау
нәтижелік коэффициенттерді кодтау
Jpeg - ті кері ретпен декодтау.
Бейнені түрлендіру
Алгоритм түстік кеңістіктің кез-келген типіне негізделген әрбір бейнені кодтайды. Jpeg әрбір компонентті жеке-жеке YCB or YCBCR моделіне түрлендіреді, себебі онда керекті мыналарға қол жеткізіледі:
Y – жарық
CB,CR – түстілік
Түстілік компоненттерін субдискретизациялау
Адам көзінің ақпаратқа сезгіштігінің төмендігін пайдаланып, түстік каналдарға пиксельдер санын азайта отырып, жарықтық каналдары үшін пиксельдер санын өзгетусіз қалдырып.
Жалпы қабылданған форматта сығылмаған мәліметтер түскенде, яғни барлық түстік каналдар үшін бірдеу мүмкіндік болғанда, компрессор Jpeg түстік каналдар мүмкіндігін пиксельдер каналдарын орташаландыру жолымен азайтады. Жарық тық каналы толық мүмкіндікте (1:1).
Дкт 8*8 пиксельдердің кез-келген блогына қолданылады, кеністікті оның спектрлік берілуіне түрлендіреді. Спектрлік берілуде жоғары және төменгі жиілікті ақпаратты бөлуге болады, және жоғары жиіліктегі ақпаратты төменгі жиіліктегіге зиянсыз алып тастауға болады, себебі жоғары жиіліктегі ақпарат адам көзімен қабылданбайды.
Спектрлық берілуге әсер ете отырып, жүргізу сапасы мен сығу дәрежесі арасында баланстауға болады.
Mpeg сығуы
Видеоны өңдеуде осы ассимметриялық сығу әдісі қолданылады. Сығу процесі ашуға қарағанда күрделірек.
Mpeg – те 2 тип пайдаланылады:
Болжаулармен кодтау және интерполятивті кодтау.
Бірінен кейін бірі жүретін кадрлардың бірдей болатын мәліметтері көп болады, сондықтан бұл кадрлардың ақпаратының бір бөлігі ғана кодталады. Нәтижеде сығу дәрежесі жоғарылайды, себебі ақпараттың аз кодталады. Мұндай тип – болжаумен кодтау. Егер екі бағыттағы болжауды қолданса, мәліметтер өлшемін азайтуға болады.
Схема видео кадрды онымен, алдыңғы және келесі видео кадр арасындағы негізде кодтауға мүмкіндік береді.
Бұны интерполятивті кодтау деп атайды. Кадраралық және кадрішілік кодтауды қолдау үшін mpeg мәліметтер ағыны кодталған кадрлар 3 типін қамтиды.
Дәріс №7. Corel Draw графиктік редакторының жұмыс істеу орны, құралдар және олармен жұмыс.
Corel Draw графиктік редакторында құралдармен және басқаресурстармен негізгі терезе мен құжат терезесінде жұмыс жасалынады.
Негізгі терезе
Программа жүктелгеннен кейін қыстырма(заставка) терезе (кейінірек тоқтаймыз), содан кейін негізгі терезе пайда болады. Негізгі терезеде қолданушы интерфейсінің негізгі элементтері: меню қатары, құралдар тақтасы, құралдар жиыны, қалып-күй қатары және түстер палитрасы орналасады. Corel Draw графиктік редакторында Windows-тың стандартты батырмалары, командалары (жабу, ашу, бүктеу, қайта қалпына келтіру, буфермен жұмыс және тағы басқалар) қолданылады. Және де Параметрлер терезесінен парақтың пішімін (формат страницы) және бағдарын (альбомная и книжная оиентация), реннің түсін(фон), макеттерін келтіруге болады. Параметрлер терезесін ашу үшін Макет Парақ параметрлері (Размещение Настройка страницы) командасын орындау керек.
CorelDRAW қосымшасының терезесі
CorelDRAW-ды жүктегенде сурет салатын терезесі бар қосымша терезесі ашылады. Сурет салу терезесінің ортасындағы тіктөртбұрышты аймақ – сурет салу беті. Төменде CorelDRAW терезі және элементтері.
Достарыңызбен бөлісу: |