Алгоритмдер жєне деректер структурасы



жүктеу 5,9 Mb.
бет6/19
Дата21.12.2017
өлшемі5,9 Mb.
#5423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Бекіту сұрақтары

  1. Adobe PageMaker баспа жүйесінде жаңа құжатты қалай ашамыз?

  2. Adobe PageMaker баспа жүйесінде қандай жұмыстар атқаруға болады?

  3. Adobe PageMaker баспа жүйесінің программасында құралдар тақтасын қалай баптаймыз?

  4. Маркерленген тізімдерді қалай орнатамыз?

  5. Биәріпін қандай меню көмегімен орнатамыз?

  6. Мәтіндерді енгізу мен өңдеу қалай жүзеге асады, оның мәтіндік процессордан айырмашылығы қандай?


Дәріс 12

Тақырыбы: Adobe PageMaker баспа жүйесі. Adobe PageMaker жұмыс істеу негіздері

Мақсаты: Adobe PageMaker баспа жүйесі құралдарымен әралуан типографиялық өнімді макеттеудің және хаттаудың жүзеге асыруға дағдыны қалыптастыру.
Беттеу бағдарламаларының мәтіндік редактор кызметінен басқа, қосымша мүмкіндіктері бар:

  • беттегі объектілерді (мәтінді, графиканы) дәл позициялау;

  • сөзаралык, және әріпаралық интервалдарды кою;

  • мәтіннің жеке бөліктерінің (мәтін блоктарының) еркін жылжуы, бұрылуы және көрінуі;

  • графика объектілерінің бұрылуы, көрінуі, масштабталуы, еңкеюі;

  • графиканың мәтінмен ерікті сүйірленуі;

  • мәтін мен графиканың салынуы.

Мәтін мен иллюстрациялар қолда бар жағдайда, баспа жүйесімен жұмыс істеуге кірісу керек. Мәтінді мәтіндік редакторда терген ыңғайлы, өйткені онда беттеу бағдарламасына қарағанда редакциялау, орфография мен грамматиканы тексеру мүмкіндігі молырақ. Иллюстрациялар кез келген графикалық редакторда дайындалуы мүмкін (кәсіби мамандар Adobe PhotoShop бағдарламасына жиірек қолданады). Одан кейін мәтін мен иллюстрацияларды импорттап, баспа жүйесімен жұмыс істеуді бастауға болады. Біз үйренетін Adobe фирмасының PageMaker баспа жүйесі - ең кеңінен тараған беттеу бағдарламаларының бірі.

PageMaker бағдарламасын іске қосу

PageMaker бағдарламасын іске қосу әдеттегі әдістердің бірімен:



  • Жұмыс орнындағы бағдарлама иконкасын екі рет шертумен;

  • әрекеттер жиынтығын орындаумен атқарылады: Пуск => Программы = > Adobe => PageMaker 6.5 =>Adobe PageMaker 6.5

Егер жоғарыда көрсетілген әдістермен бағдарлама жүктелмесе, Бағдарлама менюінде «PageMaker 6.5» атын іздеу керек.

Жаңа жарияланым жасау
Бағдарламаны іске қосқаннан кейін бос терезе пайда болады (Сурет 1).

Сурет 1. PageMaker бағдарламасының терезесі.

Инструментгер палитрасы мен Басқарушы палитраға қазір қолымыз жетпейді, өйткені бір де бір ашылған жарияланым коқ. Біз тек меню командаларын пайдалана аламыз.

Менюден команда таңдағанда, команда атынан кейін жазылған пернелер комбинациясына назар аударыңдар. Мысалы, «Новый...^N» - мүндағы «^N» жаңа карияланым жасауды CTRL+N пернелер комбинациясымен эрындауға болатынын білдіреді. Жиі қолданылатын командаларда пернелердің мұндай үйлесімін пайдалану күйедегі жұмыс барысын жылдамдатады, сондықтан олар «ыстық пернелер» деп те аталады.

Жаңа жарияланым жасау үшін Файл => Новый командасын орындау керек. Алдарыңда Құжаттар параметрлері (Сурет 2) терезесі пайда болады. Онда көп параметрлер бар, бірақ біз қазір оның кейбірін ғана үйренеміз. Басқалары туралы кейінірек, материалды окып-үйрену ретіне карай білетін боласыңдар.




Сурет 2. Жаңа жарияланымнық параметрлерін қою
Формат өрісінде жарияланымның соңғы нұсқасы басылып шығатын қағаз пішімі таңдалады. Осы өрістегі көрсеткіші бар батырманы шерту стандартты пішімдер тізімін ашады. Тізімнің ең соңында Заказной жолы бар. Бұл жолды таңдау жарияланымдарыңның өлшемдері стандарттыдан басқаша екенін, Размердің екі өрісінде берілетінін көрсетеді. Бір терезеде жарияланым бетінің ені, екіншісінде биіктігі енгізіледі. Стандартты А4 пішімін таңдаңдар, бұл біздің принтерлерде неғұрлым жиі қолданылатын қағаз пішімі.

Ориентация өрісінде қағаздың қалай орналасатыны көрсетіледі: тігінен (Книжная) немесе көлденеңінен (Альбомная). Қажетті мәнді орнату тиісті батырманы шертумен орындалады. Бағдарды өзгерту Размер өрісінде кағаздың ені мен биіктігінің орындарын ауыстырады. Біздің бірінші жарияланым үшін Книжная бағдарын таңдаймыз. Одан әрі Варианты параметрлер тобы келеді.

  1. Егер көп бетті жарияланым жасалып, парақтың екі
    жағы да пайдаланылатын болса, Двухсторонняя таңдалады. Мысалы, кітаптар, журналдар. Екі жақты жарияланымда бүйір өрістері ішкі және сыртқы деп аталады.

  2. Егер экранда бір беттің сол жағын да, оң жағын да бірдей көргілерің келсе, Разворот өрісінің жанына «қанатбелгі» қойыңдар. Разворот тек қана Двухсторонняя параметрімен бірге қолданылады.

Двухсторонняя және Разворот параметрлерінен «қанатбелгіні» алып тастаңдар, өйткені біздің бірінші жарияланым бір бетті болады.

Бірінші беттің нөмірі. Осы арадан беттерді нөмірлеу басталады. Үнсіздік бойынша бірінші беттің нөмірі әрқашан бірлікке тең. Егер біздің жарияланымда нөмірлеу карастырылмаса, онда бұл белгіге назар аударудың қажеті жоқ.

Беттер саны. Үнсіздік бойынша бұл өрістің мәні бірге тең. Егер жарияланым қанша беттен тұратыны белгілі болса, оны мұнда көрсетуге болады. Көрсетілген беттің саны кейінгі жұмысқа шектеу қоймайды, өйткені пайдаланушы қалауы бойынша бет қосып не алып тастай береді.

Бет өрістері. Беттің барлық жағындағы өрістер өлшемдерін төрт параметр береді. Жарияланымды басып шығаратын принтер түрі Скомпоновать для принтера өрісінде беріледі.

Барлық орнатулар орындалуы үшін, Да батырмасын басу керек. Экранда жаңа жарияланымның бос беті пайда болады (Сурет 3).


Сурет 3. Жаңа жарияланым бар PageMaker терезесі

1 — құрастыру орны, 2 — жарияланым беті, 3 - өлшеу сызықтары,

4 — айналдыру жолагы, 5 — бет нұсқағышы
Алдарыңда үлкен кара тікбұрыш - бұл қағаз беті. Оның ішіндегі көк және кызыл сызықтар сендер қойған бет өрістерін көрсетеді, өрістер арасындағы кеңістік басу жолағы деп аталады. Қағаз беті мен оның айналасындағы кеңістік құрастыру орны деп аталады.

Жарияланымды дайындау құрастыру орнындағы бетті қажет материалдармен бірте-бірте толтыру болып табылады.

PageMaker жүйесінде объект аталатын мұндай «кірпіштер» мыналар:


  • мәтіндік блоктар;

  • иллюстрациялар (бейнелер);

  • графикалық элементтер.

Объектілер құрастыру орнының кез келген жерінде жасалып, сақтала береді, бірақ басуға шығаруға материалдардың тек қана жарияланым бетінде, яғни тікбұрыш ішінде орналасқан бөлігі беріледі.

Объектілерді үлкен стол (құрастыру орны) үстінде орналасқан ватман қағазы бетіндегідей (жарияланым беті) жылжытуға, алып тастауға, бір-бірінің үстіне коюға болады. Безендірудің геометриялық элементтерін (сызықтар, жиектер және т.б.) қоса отырып, мәтіндер мен суреттер қиындыларын ретімен қоясыңдар. Объектілер жасауды біз келесі дәрістерде қарастырамыз.


Жарияланымды сақтау
Осы сәтте ашылған әр жарияланымның өз аты бар. Егер бұрынырақ жасалған жарияланымды ашсаңдар, онда бұл - ол сақталатын файлдың аты. Егер де бұл жаңа жарияланым болса, онда ол Untitlrd-1, Untitlrd-2 және т.б. деп аталады. Файлдың аты бағдарламаның тақырыбы жолында көрсетіледі.

Жарияланыммен жұмыс істеу аяқталған соң, дайындалған файлды сақтап қою қажет. Ол үшін Файл => Сохранить немесе Файл => Сохранить как командасын орындау керек. Экранда диалог терезесі пайда болады (Сурет 4). Онда үнсіздік бойынша сол сәтте ағымдағы диск, каталог және файл аты көрсетіледі. Егер файлдын осы аты немесе орналасуы ұнамаса, талап етілетін параметрді өзгертіңдер:



  • Дискіні ауыстыру үшін ашылатын Сохранить в тізімінде таңдау жасаңдар - терезеде таңдалған дискінің каталогтар (қапшықтар) тізімі көрінеді.

  • Каталогты ауыстыру үшін қажет каталог үстінен екі рет шертіндер.

  • Имя файла өрісінде жарияланым атын енгізіңдер.

Барлық өзгерістер енгізілгеннен кейін, Сохранить батырмасын басу керек.

Файл => Сохранить как командасы әдетте жарияланымды жаңа атпен сақтау қажет болғанда, яғни оның көшірмесін жасағанда қолданылады.


Сурет 4. Сохранитъ публикацию терезесі
Жарияланымды жабу

Жарияланымды бірнеше әдіспен:



  • Файл => Закрыть (немесе CTRL+W) командасын таңдаумен;

  • жарияланымның жүйелік менюі батырмасын екі рет шертумен;

  • жарияланым терезесін жабу батырмасын шертумен жабуға болады.

Егер кейбір енгізген өзгерістерің сақталмай қалса, жауаптар нұсқалары бар терезе (Сурет 5) пайда болады.

Сурет 5. Сақтауға сұратуы бар терезе
Жарияланымды ашу
Бұрынырақ өзіміз жасаған Unititled1 файлын ашайық. Ол үшін Файл => Открыть командасын орындаңдар немесе CTRL+О пернелер комбинациясын басыңдар. Файл таңдалуға тиісті терезе (Cурет 6) пайда болады.


Сурет 6. Открыть публикацию терезесі
Жүйеден шығу

PageMaker жүйесінен шығу келесі әдістердің бірімен іске асырылады:



  • Файл => Выход командасын таңдаумен немесе бағдарламаның жүйелік менюі батырмасын екі рет шертумен;

  • бағдарламаның терезесін жабу батырмасын шертумен.
    Егер кейбір өзгертулерің сақталмай қалса, жауаптар нұсқалары бар терезе (Сурет 5) пайда болады.


Бекіту сұрақтары

  1. Баспа жүйелерінің қызметі кандай?

  2. Баспа жүйелерінің мәтіндік процессорлардан айырмашылығы?

  3. «Басу жолағы» мен «құрастыру орны» арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.

  4. Жарияланымды құрайтын PageMaker объектілерін атап шығындар.


Дәріс 13

Тақырыбы: Adobe PageMaker-де графикалық элементтермен жұмыс істеу

Мақсаты: Adobe PageMaker-де графикалық элементтермен жұмыс істеудің әдістерімен таныстыру.

Дайын жарияланымды құрайтынның бәрі объект деп аталады. Объектілер негізгі үш түрге бөлінеді:



  • мәтіндік блоктар,

  • иллюстрациялар (кескіндер),

  • графикалық элементтер.

Графикалық элементтер дегеніміз — неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде инструменттер палитрасы (немесе панелі) көмегімен жасалады (Дәріс 12, сурет 1 қараңдар).

Егер экранда Палитра инструментов жоқ болса, онда Окно —> Показатъ инструменты командасын орындаңдар. Палитра инструменов командасын экраннан алып тастау үшін, Окно => Спрятать инструменты командасын орындау керек.

Қайсыбір инструментті таңдау үшін, сол инструменттің палитрадағы кескіні бар батырманы тышқанмен шертіңдер. Таңдалған батырма «басулы» қалады, ал маустың меңзері осы инструментке тән қалыпқа түседі.
«Көрсеткіш» инструменті

«Көрсеткіш» («Стрелка») инструменті PageMaker жүйесінде негізгі жұмыс құралы болып табылады. Объект немесе объектілер тобын ерекшелеуді, оларды жылжытуды немесе жоюды, өлшемдерін өзгертуді тек соның көмегімен жасауға болады.



  • Ерекшелеу үшін тышқан меңзерімен объектіні шерту керек. Объект барлық жағынан шектеуіштермен (маркерлермен) ерекшеленді.

  • Объектіні жылжыту үшін оны алдымен ерекшелеу қажет. Кейін тышқанның сол жақтағы батырмасымен объектіні шертіп, оны босатпаған күйде тышқанды қажетті бағытта жылжытыңдар. Тышқан батырмасын объектіні қажетті жерге жеткізгенде ғана босатыңдар.

  • Жою үшін объектіні ерекшелеп, DELETE пернесін басу қажет.

  • Өлшемдерді өзгерту үшін объектіні ерекшелеп, объектінің қажетті шектеуішін тышқанмен «ұстап алу» қажет. Тышқан батырмасын босатпай, шектеуішті қажетті бағытта сүйреңдер, кейін босатыңдар.

Соңғы жасалынған әрекетті орындатпау (жылжыту, өзгерту, жою) Редактирование =>Отменить <название операции> командасы бойынша іске асырылады. Естеріңде болсын: соңғы операцияны ғана орындатпай тастауға болады.

PageMaker бағдарламасын одан әрі игеру барысында біз бұл инструментті тұрақты пайдаланамыз.


Сызықтар

Көлденең, тік, сондай-ақ бұрышы 45° сызықтар «Перпендикуляр» инструменті көмегімен сызылады. Еркін бұрышты сызықтар түсіру үшін («Линия») инструменті қолданылады. Осы инструменттің көмегімен Shift пернесін басып тұрып, сендер дәлме-дәл көлденең, тік немесе 45° сызықтар жасай аласыңдар.



  1. Инструменттер палитрасынан қажеттісін таңдаңдар. Меңзер ( + ) қалпын алады.

  2. Жолақтың кез келген жерінде маусты шертіп, батырманы босатпай, оны қажетті бағытта «созыңдар». Егер сызылған сызықтың ұзындығы мен еңістігі көңілден шықса, онда тышқан батырмасьш босатуға болады. Жаңа ғана сызылған сызық белсенді объект болып табылады, оның ұштарында орналасқан шектеуіштер соның куәсі.

  3. Егер сызықтың қалыңдығы немесе фактурасы ұнамаса, оны түзету оңай. Объектіні ерекшеленген күйі қалдырып, Элемент Граница командасын орындап, ашылған сызықтар стилі тізімінде (Сурет 7) қажет нұсқаны белгілеңдер.Сызықтар қалыңдығы пиксельдерде беріледі. Егер сендер қалағандай қалыңдықтағы сызықтар тізімде болмаса, онда Выброчно... нұсқасын пайдаланыңдар. Бұл жағдайда экранда сызықтың барлық сипаттамалары жеке-жеке берілетін қосымша терезе (Сурет 8) ашылады. Тышқан арқылы таңдалған сызық нұсқасы тұсына белгі қойыңдар.




Сурет 7. Сызықтар стилінің тізімі


Сурет 8. Сызықтардың ерікті сипаттамаларын беру


  1. Сызық ерекшеленуін экранның сызықтан тыс жерінде шертіп, орындатпаңдар.

  2. Бұрынырақ сызылған сызықтың ұзындығын, бағытын, қалындығын және стилін өзгертіп, оны редакциялауға болады.

    • Белсенді объектіні ғана редакциялауға болады. Сондықтан ең алдымен «Стрелка» инструментіне көңіл аударып, сызықты мауспен шертіп, ерекшелеңдер.

    • Егер мақсаттарың сызықтың ұзындығын немесе еңкішін өзгерту болса, тышқанмен оның бір шектеуішін «ұстап алып», тышқан батырмасын босатпай, қажет бағытта оны жылжыта беріңдер.


Тікбұрыш

Инструменттер палитрасынан «Прямоугольник» инструментін таңдаңдар. Жолақтың кез келген жерін тышқанмен шертіп, тышқан батырмасын босатпай, болашақ тікбұрыштың диагоналы бойынша қажет бағытта «созыңдар». Егер пайда болған фигураның өлшемдері талап етілетіндей болса, маус батырмасын босатыңдар. Төртбұрыш салу үшін Shift батырмасын басулы күйінде ұстаңдар.



Тікбұрышты бояуға — «фон құюға» және де оның шегі бойынша сызық стилін өзгеруге болады. Сызық түрін өзгерту үшін, сызықпен жұмыс істеу барысында өздеріңе танымал болған Элемент –Граница командасы қолданылады. Фонды өзгерту үшін Элемент => Заливка командасы қажет. Егер төртбұрыштың шегін ғана өзгертіп қоймай, ішкі бөлігін «бояу» қажет болса, Элемент => Граница и Заливка командасын пайдаланыңдар (Сурет 9).


Сурет 9. Граница и Заливка терезесі

Бұрын жасалған тікбұрыштың өлшемдерін, фонын, сызық сипаттамаларын өзгертіп, ұштарын жұмырлап, редакциялай аласыңдар.

  1. «Стрелка» инструментіне ауысып, тікбұрышты ерекшелеңдер.

  2. Тікбұрыш фоны мен шекараларын өзгерту Элемент = > Граница и Заливка командасымен іске асырылады.

  3. Тікбұрыш өлшемдерін өзгерту үшін, мауспен шектеуіштердің бірін «ұстап алып», маус батырмасын босатпай, оны қажет бағытта жылжытыңдар.

  4. Тікбұрыш бұрыштарын жұмырлау үшін, Элемент=> Сгладить углы командасын орындаңдар. Ашылған терезеде (Сурет 10) төртбұрыштың өздеріңе тура келетін нұсқасын шертіңдер де, ОК батырмасын басыңдар.



Сурет 10. Сгладить углы терезесі.
жүктеу 5,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау