Өткен сабақта біз дайын суреттерден анимация жасадық. Бұл сабақта біз шығармашылықпен айналысамыз. Сіз сурет немесе мультфильм персонаждарын салуды бастай беруіңізге болады.
Өзіңіз білетіндей анимация кадрлар тізбегінен тұрады. Осы кадрларды ойнату арқылы біз анимация аламыз. Жұмысты бастайық.
File|New командасын таңдап, жаңа файлға келесі қойылымдарды таңдаймыз. (сур. 117).
Сурет. 117. Жаңа файлды ашу.
Фонға жасыл суретті таңдап, қарға суретін саламын. Ол менде былай шықты (сур. 118).
Сур. 118. Қарға.
Содан Layers панелінде жаңа қабат таңдап басқа қарға саламын. Бұл әрекетті бірнеше рет орындаймын. Менде он қабат пайда болды. Мынадай (сур. 119).
Сур. 119. Әр қабатта бір-бір қарғадан.
Енді таныс процедураны орындаймыз. Animation панеліндегі жоғарғы бөлігіндегі бағыттаушыны басып, тізімнен Make Frame From Layers таңдаймыз (сур. 120).
Сур. 120. Animation панелі.
Достарыңызбен бөлісу: |