Алгоритмдер жєне деректер структурасы



жүктеу 6,35 Mb.
бет10/52
Дата14.12.2017
өлшемі6,35 Mb.
#4120
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52

3.18-сурет. Қажетті конфигурацияны таңдап алуға арналған анықтама терезесі.

1. Window менюында Save Panel Layout (Панель конфигурациясын сақтау) командасын таңдау қажет.

2. Ашылған диалогты терезеде сақталатын конфигурацияның атын енгізіп, ОК батырмасын шертеміз. (3.19-сурет)



Қолданушының конфигурациялық панелінің сипаттамасы қатқыл дискінің Flash MX\First Ruu\Panel Sets қапшығының бір атты файлында сақталған. Сондықтан конфигурацияның атауы жұмыс істелініп жатқан жүйедегі файлдар атауларының талаптарын қанағаттадыру қажет. Соңғы құрылған конфигурация Flash MX-тің келесі іске қосылуында автоматты түрде жүктеледі .

3.19-сурет. Қолданушы панельдерінің конфигурациясын сақтау.


Жоғарыда айтылғандай, барлық құрылған конфигурациялардың атауы Panel Sets каскадты менюына енгізілген. Сондықтан, құрылған немесе сақталған конфигурацияның бірнеше нұсқасының біреуін таңдап алу үшін Panel Sets каскадты менюға кіру қажет (3.20-сурет).

3.20-сурет. Қолданушының конфигурациясын шақырту.

Жедел пернелерді жариялау.

Қолданушының графикалық интерфейсінің таралуына байланысты көптеген қосымша функциялар «маустай» жүзеге асты. Бірақ тәжірибелер көрсеткендей, кейбір жиі қолданылатын командалар үшін жедел пернелерді қолдану ыңғайлы болып келеді (Shortcut keys немесе Hotkeys). Flash MX-та қолданушыға өзіндік жедел пернелер комбинациясын тағайындауға рұқсат етіледі. Ол Edit (Өзгерту) менюына кіретін Keyboard Shortcuts («Жедел пернелер» деп аударуға болады) командасымен шақыртылатын арнайы диалогты терезеде тағайындалады. Терезе интерфейстің келесі элементтерін құрайды (3.21-сурет).


3.21-сурет. Жедел пернелерді тағайындау терезесі.


Current Set (ағымдағы жинақ) ашылатын тізімі алдын ала анықталған жедел пернелер комбинацияларының біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Осы комбинация төмендегі графикалық редакторлардың қолданушыларына үйреншікті болуы мүмкін:

Macromedia Fireworks 4;

Macromedia FreeHand 10;

Adobe Illustrator 10;

Adobe Photoshop 6.

Сонымен қатар Macromedia Standard пен Flash 5 таралуының нұсқалары ескерілген.

Commands (Командалар) ашылатын тізімінің көптеген командалардың қайсысына тағайындалу орындалатынын анықтайды. Ондай көптеген командалар төртеу:

Drawing Menu Commands (Сурет салу меню командалары);

Drawing Tools (Сурет салу инструменттері);

Test Movie Menu Commands (Фильмді тестілеу меню командалары);

Actions Panel Commands (ActionScript редакторының командалары).

Таңдалған ңұсқаға байланысты төменде орналасқан тізімде көрсетілген командалар саны таңдалады. Егер Drawing Menu Commands нұсқасы таңдалып алынса, онда тізімде Flash негізгі терезесінің барлық менюлары аталып шығады (File, Edit және т.б). Кез келген менюдың мазмұнын қарау үшін, меню атауының сол жағында орналасқан крестикке мауспен шерткен жеткілікті.

Командалар тізімі таңдалған санаты командалар саны мен жедел пернелердің ағымдағы тағайындалуынан құралады.

Description (сипаттау) мәтіндік өрісі тізімнен таңдалған командаға түсініктеме шығару үшін қолданылады.

Shortcuts батырмалары (Жедел пернелер) «+» және «-» таңбаларымен белгіленген. Олар тізімнен таңдалған командаларға арналған жедел пернелер комбинацияларын қосып, өшіруге (сәйкесінше) мүмкіндік береді. Тағайындалған комбинация пернелер арқылы енгізіліп, Press Key (пернесін басыңыз) мәтіндік өрісте бейнеленеді. Енгізілген өзгерістер өз күшіне ену үшін Change (Өзгерту) батырмасына басу керек.

Осы жерде бір ескерту айта кеткен жөн. Keyboard Shortcuts негізгі терезесінде Shortcuts пернелері, Press Key өрісі мен Change батырмасы «әрекетсіз» болады. Жедел пернелердің ағымдағы таралуына өзгерістер енгізуден бұрын сипаттау файлының көшірмесін құру қажет. Көшірме Keyboard Shortcuts терезесінің жоғарғы оң жағында орналасқан Duplicate Set (жинақты көшіру) пернесі арқылы орындалады (3.22-сурет). Осы пернені шерту арқылы сипатталған файлдың көшірмесінің атауын енгізуге қажетті қосымша диалогты терезені көруге болады. Осындай файлды құрғаннан кейін Keyboard Shortcuts терезесі қосымша диалогты терезеге жатады. Жоғарыда сипатталған осы терезенің жедел пернелерді тағайындау элементтерімен қоса Duplicate Set батырмасының жанындағы орналасқан 2 қосымша батырмалары болады.



3.22-сурет. Жедел пернелер үйлесімінің жаңадан тағайындалуы.


Сонымен, жедел пернелер үйлесімінің жаңадан тағайындалу процедурасы төмендегі әрекеттердің орындалуынан тұрады:

1. Current Set тізімінен алдын ала анықталған жедел пернелер жинағының біреуін таңдап алу.

2. Duplicate Set батырмасының көмегімен оны жаңа файлға көшіру.

3. Жедел пернелердің жаңа үйлесімін анықтауға арналған команданы тізімнен таңдап алыңыз.

4. « + » батырмасын басыңыз. Осы кезде төмендегі өрістерде (бос) жолы пайда болады.

5. Командамен сәйкестендірілетін пернелер тақтасындағы батырмалар комбинациясын басу керек.

Егер енгізілген комбинация бар болған комбинациямен сәйкес келсе, онда өрісіндегі Press Key жолы берілген комбинациямен өзгертілетін болады. Енгізілген өрістер күшіне ену үшін Change батырмасын басу керек. Сәйкессіздік болған жағдайда Press Key өрісінің төменгі жағында ескерту хабары пайда болады. Бұл жағдайда өзіңіздің таңдауыңызды өзгертуге болады.

Қолданушы жұмыс істеу ортаның параметрлерімен қоса редактордың жұмыс істеуіні басқа параметрелерін де орналастыра алады. Оны негізігі терезедегі Edit менюына кіретін Preferences командасын (Параметрлерді орнату), таңдаумен ашылатын арнайы диалогты терезенің көмегімен орнатуға болады.

Preferences терезесі 5 қосымшадан тұрады: General (жалпы параметрлер), Editing (редакциялау параметрлері), Clipboard (алмасу буфері параметрлері), Warnings (ескерту), ActionScript Editor (ActionScript редакторының параметрлері)

Flash MX - пен жұмыс істеудің алғашқы кезеңдерінде General және Clipboard қосымшада орналасқан параметрлер туралы мағлұматтарды меңгеру жеткілікті. Ал қалған мағлұматтарға сәйкес тарауларда анықтамалар беріледі.



3.23-сурет. Preferences терезесінің General қосымшасы


General қосымшасы келесі элементтерден тұрады (3.23-сурет):

Undo Levels (шегіну деңгейі) мәтіндік өрісінде Undo командасы арқылы нәтижені болдырмауға болатын редакциялау операциясының санын анықтайды. Оның мәні 0-ден 200-ге дейінгі айқымда бүтін санды болуы керек.

Printing Options: Disable PostScript (Басу параметрлері: PostScript болдырмау) жалаушасын принтердің PostScript пішіміндегі файлдарды баспаған жағдайда орнатқан жөн.

Selection Options: Shift Select (Таңдау параметрлері: Shift арқылы таңдау); жалаушасы орнатылған жағдайда бірнеше объектілерді таңдау Windows-тің белгілі стандартты тәсілімен орындалады, яғни жаңа объект таңдалған объектілер санына жұмыс істелініп жатқан жүйе файлдары атауының таңдауын талап етеді. Flash MX іске қосылғанда ақырғы құрылған конфигурация автоматты түрде жүктеледі.

Show Tooltips (қалқып шыққан көмек көрсету) жалаушасы орнатылса, онда интерфейс редакторына маус нұсқағышы кідіріп қалса, онда қалқып шыққан көмек бейнеленеді.

Timeline Options: Disable Timeline Docking (Timeline бірігуін болдырмау) жалаушасы орнатылып тұрса, онда уақыттық диаграмма панелі "қалқып" қана бейнеленеді.

Span Based Selection (біріктірілген кадрларды таңдау) «Flash 5 стилінде»; уақыттық диаграммадағы кадрларды табуға мүмкіндік береді.Осы режимдегі кез келген тізбектегі кадрды шерту, 2 түйінді кадрлар арасындағы тізбекті кадрлардың барлығын таңдауына (ерекшелеуіне) әкеледі. Flash MX үнсіз келісім бойынша кадрлардың жеке таңдауын қамтамасыз ететін frame-based selection режимі қолданылады.

Named Anchor on Scene (Оқиғаның атаулы тамғасы) жалаушасы басылып тұрса онда Flash - фильмнің әр оқиғасының бірінші түйінді кадрына автоматты түрде атаулы тамға тағайындайды.

Highliht Color (Ерекшелеу түсі) жұп қосқыштары ағымдағы қабаттың сыртқы контурының визуалды ерекшеленуінің 2 түсті сұлбаның 1 нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік береді.

Use This Color (Берілген түсті қолдану) түсі қосқыштың оң жағында орналасқан батырма арқылы ашылатын бояу тақтайшасынан таңдалады.

Use Layer Color (Қабаттың түсін қолдану) — контур қабатының түсімен бейнеленеді.

Font Mapping Default (қаріптің ауыстырымдық сұқбасы үнсіз келісім бойынша берілген) түсітін тізім компьютерде орнатылған қаріптің бірін таңдауға мүмкіндік береді.



Clipboard бетбелгісі алмасу буферінде орналсқан объектіні көшіру параметрлерін орнатуға арналған. Қолданушы қажетті параметрлерді объектінің әр түріне орнату мүмкін (3.24-сурет):

3.24. сурет. Flash параметрлерін орнатуға арналған Clipboard терезесінің бетбелгісі


Flash-фильмге импортталған растрлық ескіндер (Bitmaps), оларға:

түстің тереңдігі (Color Depth);

қолайлығы (Resolution);

максималды өлшем (Size limit);

тегістеу қажеттіліг (Smooth);

жатады.


WMF (Windows Metafile) векторлық пішімнен импортталған градиентті түсті өтулер заливкасы (Gradient); Оларға кескіннің (Quality) қажетті санын енгізуге болады. Импорттың операциясының ұзақтығы кескін сапасының жоғары болуына байланысты, және керісінше болады. Берілген параметр Flash MX-тің ішінде жұмыс істеу градиентінің заливкаларын көшіруге әсерін тигізбейді.

Flash-фильмге импортталатын FreeHand пішіміндегі мәтіндер фрагменті. Maintain Text as Block (Мәтінді блок сияқты сақтау) жалаушасы басылып тұрса, онда импортталған мәтінді редакциялау мүмкіндігі сақталады.

Үстел мен жұмыс істеу аймағының түрін өзгерте алатын интерфейстің баптау командаларын қарастырайық. Осындай командалардың көпшілігі Flash құрастырушысымен View (Түр) менюына енгізілген. Zoom In (Үлкейту), Zoom Out (Кішірейту), Magnification (кескіннің өлшемін өзгерту) — үстелдегі кескіннің масштабын өзгертуге (жұмыс істеу аймағының өлшемділігімен қоса) арналған;

Work Area (Жұмыс істеу аймағы); егер берілген команда таңдалған болса (атаудың сол жағындағы маркерге қарап білуге болады), онда жұмыс үстелді қоршап тұрған жұмыс істеу аймағы интерактивті болады және де үстелдің бөлігі ретінде қолданылады. Сонымен қатар, оның үстіне сурет салуға және түйінді кадрлар анимациясын құрған кезде оның үстіне символдарды ауыстыруға болады. Жұмыс істеу амағында объектілерді орналасу мысалы 3.25-суретте көрсетілген. Жұмыс істеу аймағын қолдану түйінді кадрлардың бастапқы және соңғы күйін үстелдің тыс шектерінде колайлы. Сонымен қатар осы режимді бекіту Hand инструментін қолдануға қажет.



Rulers (Сызғыштар), Grid (Тор), Guide (Бағыттаушы) - жұмыс істеу аймағы мен үстелдің белгілеуіне сәйкес келетін құралды қосуға пайдаланылады. 3.26-суретте сызғыштар мен қосылып тұрған торларды қолданғандағы үстелдің түрі көрсетілген.


Рис. 3.25 – сурет. Интерактивті жұмыс аймағын қолданғандағы объектінің орналасу мүмкіндігіктері.

Көрсетілген катергорияның барлық құралдары негізгі терезесіндегі Help менюына кіретін командаларға сәйкес жүзеге асады .

Оларға жататындар:




3.26-сурет. Сызғыш пен қосылып тұрған желі қолданғандағы үстелдің түрі.

Lessons (Сабақтар) — Интерактивті сабақтардын қолдану мүмкіндіктерін беретін және негізгі операцияларды орындау техникасын көрсететін Flash-қолданбасын шақырту;

Tutorial (Учебник) — Нақты аяқталған Flash-фильмді өңдеу процедурасын бейнелейтін HTML пішіміндегі оқу құралын шақырту;

Using Flash (Flash-ті қолдану) - Flash MX жұмыс ортасындағы тамамдау мәліметтерді құрайтын HTML пішіміндегі көп беттік анықтаманы шақырту ;

ActionScript Dictionary (ActionScript бойынша сөздік) —ActionScript тілінің синтаксистік құрылысы мен енгізілген функциясы бар HTML пішіміндегі анықтаманы шақырту;

Samples (Мысалдар) — Flash MX мүмкіндіктерін суреттейтін әр түрлі деңгейдегі мысалдарды реттеу папкасын ашады. Барлық мысалдар 2 пішімде берілген: FLA и SWF; Оның біріншісі Flash MX-пен, ал екіншісі автономды Flash-плеермен ашылуы мүмкін;

Flash Support Center ( Flash қолданушыларын қолдау орталығы ) - Flash-ке арналған Web-сайтқа аудару .

3.27-суретте интерактивті сабақтарға қатынау беретін Flash-қолданбасының пішімі көрсетілген.



3.27-сурет. Интерактивті сабақтарға қатынау беретін

Flash-қолданбасының беті
Оның көмегімен төмендегі тақырыптар бойынша мәліметтер мен алғашқы дағдыларды алуға болады:

Getting Started with Flash —Flash-тің негізгі мүмкіншіліктері мен технологиясы туралы жалпы мағлұматтар ;

Illustrating in Flash — графикалық кескінді құру;

Adding and Editing Text — фильмнің мәтіндік мазмұнын құру және редакциялау;

Creating and Editing Symbols —символдарды құру және редакциялау;

Understanding Layers — қабаттарды қолдануды технологияға енгізу;

Creating Tweened Animation — автоматты (tweened) анимация құруды технологияға енгізу;

Creating Buttons — интерактивті батырмаларды құру

Көрсетілгендерге қоса сабақтардың құрамына тиісті өнімдермен таныс, қолданушыларға көмек көрсетуге арналған тағы 3 тақырып кіреді - For Director Users, For FreeHand & Illustrator Users және For Fireworks & Photoshop Users.

Flash MX-ті оқып-білу үшін құрастырушылар оны интерактивті сабақтардағы материалдарды меңгеруден бастауды ұсанады. Бірақ практикаға қарағанда редактордың мүмкіндігі туралы толық және бүтін ұғымдарды, онымен жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы түсініктерді электрондық оқулық арқылы алуға болады.


Кадрлар, қабаттар, символдар, уақыттық шкала.

Сонымен, анимация. Біздің жағдайда ол кескіндердің (кадрлардың) ауысу тізбегінің нәтижесінде пайда болатын қозғалыс болмысын білдіреді. Macromedia Flash-та анимацияның 2 түрлі тәсілдері бар. Бірінші тәсіл - әр кадрды өзің суреттеп алып, Flash-ті тек қана кескіндерді тез арада аударуға арналған құрал терінде пайдалану. Екінші тәсіл - Flash-ті аралық кадрларды автоматты түрде санауға мәжбүр ету.

Компьютерлік анимацияның базалық қолданыстарымен таныс болмағандар үшін (немесе анық болу үшін) мысал ретінде көрсетемін. Айталық, сізге экранның сол жағында орналасқан жасыл квадратты экранның оң жағына алмастыру және оны 25 кадр ішінде орындау керек болсын. Анимацияның 1-тәсілі бойынша сізге осы 25 кадрды түгелімен салу керек. 25 кадр да оң жақта болу үшін келесі кадрлардағы квадраттарды кішкенеден жылжытып отыру қажет. Егер сізге квадратты ақырын алдыға жылжытып мүлдем жоғалтып жіберу қажет болса? Ал егер сізге экспоненциалды түрде (мөлдір атрибутын арттырып) жоғалтып жіберу керек болса? Осының бәрін қолымен санап, қажетті мөлдір мәндерді әр кадрға тағайындайсыз ба?

Жоқ. Ол үшін анимацияның 2-тәсілі қолданылады, яғни (tweening animation) аралық кескіндер арқылы анимациялау. Бұл жағдайда сіз тек қана түйінді кадрларды бересіз, ал аралық кадрлар автоматтын түрде саналады. Сізге тек қана 2 : бастапқы және соңғы кадрларды беру жеткілікті. Үнсіз келісім бойынша Flash аралық кадрларды түзу заңымен санайды, ал өспелі және кемімелі экспоненталарды беруге болады. Ол нақты өмірде болып жатқан кейбір құбылыстарды бейнелеуге қажет. Мысалы: доптың қозғалысы.

Анимацияны құру тәсілдерін талдағаннан бұрын, кейбір базалық ұғымдарды анықтап кетейік.Ол ұғымдарға кадрлар (frames), символдар (symbols), қабаттар (layers) и уақыттық шкала (timeline) жатады.

Уақыттық шкала - Flash-та жұмыс істегендегі анимацияның негізгі инструменті болып табылады. Онда қабаттар туралы ақпараттар, қай кадрлар түйінді, ал қай кадрлар Flash-пен генерациялайтыны бейнеленеді. Уақыттық шкала көмегімен қай кадрлар іс-әрекеттер мен тамғалар құрайтынын анықтауға болады. Ол түйінді кадрлар мен анимацияның тұтас бөліктеріннің орнын ауыстыруға мүмкіндік береді. Қолайлы және жақсы ойластырылған интерфейс көмегі арқылы осы инструментті тез меңгере аласыз. Flash-те алғаш рет жұмыс істеп отырсаңыз да уақыттық шакаланы жеңіл таба аласыз:


1-сурет. Уақыттық шкала


Шкаланың барлық элементтерін қарастыру үшін көп уақыт және орын қажет. Сондықтан оның негізгі мүмкіндіктері туралы ғана айтып кетеміз:

- Маркер - терезеде бейнеленген ағымдағы кадрды көрсетеді. Кез келген кадрды шақырғанда маркер автоматты түрде оған көшеді.

- Қабаттар. Сол жақта қабаттар тізімі орналасқан. Оның астыңғы жағында қабаттарды қосып, өшіруге мүмкіндік беретін батырмалар бар. Әр қабатты өзгертілмейтін және көзге көрінбейтіндей етіп жасауға болады.

- Кадрлар шкаласы - қарапайым және түйінді кадрларды қосып, өшіруге мүмкіндік беретін өріс. Кез келген кадрдың контекстік менюін (маустың оң жақ батырмасын басып) шақыртқан жағдайда мүмкін болатын іс-әрекеттер тізімін көруге болады. Шкалада түйінді болып келетін (ондай кадрлар қара дөңгелектермен бейнеленген) әрекеттер (дөңгелектің үстінде "а" әрпі) немесе тамғадан (тамға атауының алдындағы қызыл жалауша) тұратын кадрлар туралы ақпараттар бейнеленеді. Кадрдың түсі де оның түрін анықтайды. Сұр түсті - ол түйінді кадрды (keyframe) дәл қайталайтын кадрлар. Көкшіл немесе жасыл түсті - ол көмескі жарық кадрлардың Flash-пен генерацияланатынын көрсетеді (олардың айырмашылығы туралы кейіннен айтамыз). Ал ақ немесе "бос" жолақты кеңістік - ол осы кадрлардың ішінде ештеңе жоқ екендігін көрсетеді.

- Көлеңкелерді басқару батырмалары - алдыңғы және келесі кадрлардың арасындағы шектерді көруге, көршілес кадрларды калька арқылы бейнелеуге мүмкіндік береді. Осындай кескіннің тереңдігін маркердің 2 жағына да беруге болады.

Уақыттық шкаланың барлық функцияларымен эксперименттер жасау арқылы тез арада таныса аласыздар.

Қабаттар. Компьютерлік графикада осы инструмент өте жиі қолданылады. Мөлдір беттердегі суреттерді бір-бірінің үстіне жапсырып салсақ, онда үстіңгі қабаттағы сурет төменгі қабаттағы суреттің құрамын жауып тастайды. Оқиғаны түгелдей өзгерту жеңіл болу үшін қабаттарды көзге көрінбейтіндей немесе мүмкін болмайтындай ету керек.

Flash қабаттардың 2 ерекше түрі бар. Олар: қозғалыстың траекториясын құрайтын қабаттар және маска-қабаттар. Қабаттардың 1-түріне кейінірек тоқталамыз, ал 2-түрі туралы берілген тарауда айтамыз.

Қабаттарды қолданудың көптеген мысалдары бар. Бірақ Flash-те оларды қолданбау мүмкін емес. Оның негізгі себебі ол анимацияның әр объектісіне 1 уақыт моментінде жеке қабат қажеттігі. Анимация объектісі болып фигура (shape) немес символ (symbol) саналады.

Кадрлдар. Сіздің анимацияңыз кадрлар тізбегінен тұрады. Кадрлар қолдан жасалған және Flash-пен генерацияланған болуы мүмкін. Біздің анимация кадрлар тізбегінен тұрады. Ол қабаттары бір кадрларға тиісті болады. Flash – тің оқиғалары бірнеше қабаттардан тұратындықтан, көп қабатты қорытынды кадрларды генерацияланған және қолдан жасалған кадрлар құрау мүмкін.

Компьютерлік анимацияда – түйінді кадрлар (keyframes) ұғымы кеңінен қолданылады. Ол анимацияны құру процессіндегі Flash өзгерте алмайтын кадрлар. Түйінді кадрларды бергенде аралық кадрларды Flash есептеп отырады. Аралық кадрлардың 2 түрі бар – геометрияны өзгерту негізінде құрылған кадрлар (shape tweening) немесе символдарды өзгерту негізінде құрылған кадрлар (motion tweening). Сондай-ақ кадрлар бос, яғни еш нәрсені құрамайтын болуы мүмкін.

Кадрлармен жасалатын қарапайым операциялар:

Бос түйінді кадрды қою – Insert->Blank keyframe, F7

Алдыңғы кадрдың мазмұнын қайталайтын түйінді кадр қою – Insert->Keyframe, F6

Түйінді кадрды тазарту – Insert->Clear keyframe, Shift-F6

Қалыпты кадрды қою – Insert->Frame, F5

Кадрды жою – Insert->Remove Frames, Shift-F5
Символдар. Символдар - Flash-тегі түйінді ұғымдардың бірі. Символдарға қарапайым геометриямен (немесе оның бірігуі) қоса толық анимация (movie) да жатуы мүмкін. Ол символдарды Flash-те абстракцияны құруға арналған қуатты механизм ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Мысалы: дөңгелек, копрус, шыны, антенна символдарын жасауға болады. Оларды жинақтап, автокөлік символына біріктіріп, автокөлік жүріп жатқан оқиғаны құруға болады. Басқа мысал келтірейік. Айталық, сізге түсіп жатқан қарды салу керек болсын. Сіз қар символын, анимицияланған бірнеше қардан құралған символды, содан кейін құлып жатқан қар бағанының символын құрастырып, осы бағанды көбейтіп құлап жатқан қар анимациясының оқиғасын аласыз.

Символдардың мәнін түсіндіңіздер деп ойлаймын. Символдар оқиғаға иілгіштік қосады. Автокөлік мысалында дөңгелектің айналуы сезілу үшін оны анимацияланған символ ретінде жасауға болады. Есіктің мауспен шерткенде ашылу үшін оны батырма ретінде жасауға болады. Символдардың құрамы мен түрін кез келген уақытта өзгерту мүмкіндігі Flash оқиғаларының мофидикациясына кеткен шығындарды үнемдеуге көмектеседі.

Символдардың 3 түрі бар: анимация (movie clip), батырма (button) және кескін (graphic):

- Кескін (graphic) 1-ақ кадрдан тұратын символ. Осыдан оның статикалық атауы шығады. Егер символ статикалық объектіні беріп тұрса, онда оны кескін ретінде жасау қажет (graphic).

- Батырма (button). Flash-та символдар түрін анықтайтын арнайы құрылғы батырмалар функциясы бар. Ол 4 кадрдан тұрады: Up, Over, Down, Hit. Олар батырмалардың келесі күйлерінен тұрады:

Up - батырмалардың қалыпты күйі.

Over - маустың меңзері батырманың үстінде орналасқан күйі

Down - меңзер батырманның үстінде орналасқан және маустың батырмасы басылып тұрған күйі

Hit - қолданушы кіріп шыққан сілтеме құрайтын батырма үшін қалыпты күй.

- Анимация (movie clip). Ол символдың "ең толық" түрі. Онда кадрдың кез келген мөлшері болуы мүмкін. Бұл түрдің символдары ActionScript-тің (Flash-тің құрамдас тілі) Movie түрінің объектісі ретінде қарастыруға болады.

Символдарды түрге тәуелсіз енгізуге болады. Бұл олардың ең негізгі қасиеті болып келеді. Мысалы: Over символ-анимациясын орнату арқылы батырманың үстінен маустың меңзері өтіп бара жатқанда батырманың қозғала бастауын жасауға болады. Немесе (парадокс!) кескінде жүгіріп бара жатқан мысықты орнатуға болады. Ал қалғандары - сіздің қиялыңызға байланысты.

Символдарды "жаңадан" құруғға(Insert->New Symbol, Ctrl+F8), немесе ағымдағы ерекшелеуді пайдаланып символға орнату арқылы (Insert->Convert to Symbol, F8) қолдануға болады. Екінші тәсіл біріншіге қарағанда жиі қолданылады, өйткені оны қажетті өлшемге өзгерту қажеттілігі жойылады.

Символдарды басқару үшін кітапхана (Library) пайдаланылады. Оны сипаттау берілген тарауға кірмейді. Кітапхананың терезесі Window->Library-де (немесе Ctrl-L) орналасқан . Символдар кітапханасын жеңіл меңгере алатындарыңызға сенемін.




жүктеу 6,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау