Сұрақтар мен тапсырмалар:
Рота бойынша тәуліктік кезекші қандай мақсатта тағайындалады?
Тәуліктік кезекші құрамына кімдер кіреді?
Рота бойынша тәуліктік кезекшіге кім тағайындалады?
Рота бойынша кезекшінің міндеттері қандай?
Рота бойынша кезекші қызмет атқаруына арналған орын қалай жабдықталады?
Рота бойынша тәуліктік кезекшіде қандай құжаттар болуы тиіс?
Дәріс№9 Қарулы Күштердің қарауылдық қызметі.
Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері.
Қарауылдық қызметті ұйымдастыру
Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке құрамнан осы жарғының барлық ережелерін дәл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.
Қарауылды қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.
Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ. гауптвахтада және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
Қарауылдар гарнизондық және ішкі (кемелік) болып бөлінеді; олар тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Гарнизондың қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді, құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.
Ішкі (кемелік) қарауыл бір әскери бөлімнің (кеменің) объектілерін күзету мен қорғау үшін тағайындалады. Әуежайдағы авиациялық бөлімнің ұшақтары (тік ұшақтары) мен басқа объектілерін авиациялық-техникалық бөлімнен тағайындалатын ішкі қарауыл күзетіп, қорғайды.
Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар, жұмысқа таратушылар, ал қажет болғанда, қарауыл бастығының көмекшісі, техникалық күзет құралдары жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі (оператор) немесе операторлар ауысымы (екі-үш адам, оның бірі қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін), қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүр-гізушілері тағайындалады.
Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға — шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.
Объектілерді тікелей күзету және қорғау үшін қарауылдар құрамына сақшылар бөлінеді.
Сақшы дегеніміз — өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл.
Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске пост деп аталады.
Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілері мен жергілікті жер учаскілері де жатады.
Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |