Сары түс – қымбат металдың, алтынның түсі.
Жер шарының барлық халқы Күнге табынған.
Күн – мәңгілік қозғалыстың, даму процесінің, үнемі өсу мен өшудің, өмір мен өлімнің, батыс пен шығыстың нышаны.
Күн – уақыт өлшемі.
Ежелгі көк тәңірі Аспан мен Күнге жақындап, шарықтай ұшатын қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті.
Қанатты қыран кең дала биігінде жеке дара ұшады. Осыдан барып, бүркіт денесіне айбындылық, еркіндік, тәуелсіздік, бостандық, тәкаппарлық, биік ой – мақсат, маңғаздық, қырағылық тән.
Кең даланың көгілдір аспанында шарықтап ұшқан бүркіт дала халқының барлық халықтар мен ұлттарға құшағын жая ұмтылатын кеңдігін, көп ұлтты егеменді мемлекетіміздің бостандық сүйгіш рухани ерекшелігін бейнелейді.
Елтаңба «таңба» деген сөзден шыққан. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының ең басты жүгін көтеріп, оған негіз болып тұрған – шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегі.
Шаңырақ: «Отан - от басынан басталады» деген киелі ұғымға ие. Шаңырақ бейнесі – бүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің, шексіз өмірдің нышаны.
Шаңырақ – кйіз үйдің күмбезі, күн бейнесін, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестетеді.
Елтаңбаның композициялық құрылымының негізгі бөлігі жарты ай бітімдес мүйіздірі бар, қиял – ғажайып тұлпарлар. Олардың қанаттары бидай масақтары түрінде. Ат –елін қорғаған ердің қанаты. Әсем де айшықты мүйіздер жеті буыннан не бөліктен құрылған. Ол қазақ жеті атасын білу керек дегенді меңзейді.
Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта оны бағдарға алып әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз қажет.
ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді.
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.
Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады.
ҚР ҚК-нің әскери нышандары ҚР Президентінің 1996 жылғы 18 шілдедегі №3068 Жарлығымен бекітілген.
ҚР ҚК-нің әскери нышандары мыналар: ҚР ҚК түрлерінің жалаулары, ҚР ҚК-нің әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары
ҚР-ның азаматтары, сондай – ақ ҚР аумағында тұрып жатқан адамдар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге міндетті.
ҚР-ның жауынгерлері, сондай – ақ әскери жиындарға шақырылған азаматтар ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік туларын және ҚР ҚК-нің нышанын құрметтеуге, ұрыста жауынгерлік туларды жанқиярлықпен және ерлікпен қорғауға, қарсыластың оларды тартып алуына жол бермеуге міндетті.
ҚР ҚК-нің жалауларын, әскери бөлімдерінің Жауынгерлік тулары мен ҚР ҚК-нің нышанын қорлаған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жазаланады.
ҚР ҚК нышанының ортасында күн және бес жұлдыз астында шарықтаған бүркіт бейнесі салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |