3 PHP де бағдарламалауды үйрену
3.1 PHP-да айнымалылар және экранға шығару
PHP- тілінде экранға шығару өте оңай, мысалы:
echo “My first Program !!!”;
?
Скрипт дегеніміздің не екенін түсіну үшін алдымен айнымалылармен танысып алайық. Айнымалының аты, типі жәлне мәні болады. Айным. ының атына кез келген алфавиттік символмен сандар бола алады. PHP кез келген айнымалы $ белгісімен басталуы тиіс. Айнымалылар типтері бойынша өзара бұтінсанды, бөлшек санды, қатар, обьектті, логикалық және массив болып бөлінеді. Айнымалы типін алдын ала Паскаль тіліндегідей анықтаудың қажеті жоқ. Айнымалы типтері шартты түрде жүреді. Әр айнымалы автоматты түрде өз мәніне сәйкес типке ие болып отырады. Мысалы: $a=5 жазуы айнымалывның аты $a екенін, типі бүттін сан екенін, мәні 5-ке тең екенін білдіреді. Толықтай мысал келтіретін болсақ:
1
2 $name = 6;
3 $h12 = 4.89;
4 $file_type = "path/index.phtml";
5 $os = "Welcome to PHP ";
6 ?
скрипттің екінші қатарында $name айнымалысының мәні бүтінсаны 6 мәнін қабылдап тұр.
үшінші қатарда $h12 айнымалысының мәні 4.89 бөлшек санын қабылдап тұр.
төртінші және бесінші қатарда айнымалыға қатар типі тағайындалып тұр.
Қарапайым аримфметикалық операциялар. Басқа бағдарламалау тілдеріндегі сияқты кез-келген арифметикалық операциялар орындауға болады. Мысалы, екі санның қосындысы бағдарламасын қарастыратын болсақ:
$a = 5;
$b = 3;
$d = $a + $b;
echo $d
?
скрипт жұмысының нәтижесі экранға 8 санын шығарады. PHP тілі барлық математикалық функцияларды, көп деңгейлі жақшалармен, логикалық операциялармен, бірге көбейту немесе азайту операцияларын және т.б. көптеген операцияларды орындай алады. Айнымалыны бірге көбейту операциясы С тіліндегідей $a++; орындалады. Бірнеше элементке бір мәнді тағайындауда мүмкін: $a = $b = 7; PHP тілінде стандартты емес арифметикалық өрнектің орындалуына мысал келтірейік:
$b = $a = 5;
$c = $a++;
$e = $d = ++$b; /* алдын-ала көбейту, яғни үш айнымалының мәніде 6-ға тең */
$f = 2 * ($d++); /* айнымалының мәні көбейгенге дейін екі есе көбейту */
$g = 2 * (++$e); /* айнымалының мәні көбейгеннен кейін екі есе көбейту */
$h = $g += 10;
?
Мысал:Тізбектелген сандарды бір қатарға бос аралық түрінде экранға шығар. Біздің жағдайда тізбектер саны беске дейін болсын. Шешімі:
$i = 1; echo $i;
$i++; echo " ".$i;
$i++; echo " ".$i;
$i++; echo " ".$i;
$i++; echo " ".$i;
?
Егер есепте бір қатарға емес бағана түрінде шығару керек болса, онда тырнақшалар орнына
қатар ауыстыру HTML-тегін қою керек: echo "
".$i; Сонда нәтижеде сандар бір баған бойына орналасқан түрде шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |