|
Албаева Жанар Турсынгалиевна
|
Дата | 05.03.2018 | өлшемі | 13,92 Kb. | | #11386 |
| Матаева Зайра Токтарбеккызы - Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
- «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасы
- «МҰНАЙХИМИЯЛЫҚ КЕШЕННІҢ НЕГІЗГІ КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫ – АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕР ӨНДІРІСІ» ПӘНІ
- Мамандық: 5В072100- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
- Курс көлемі – 3 кредит
ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ - «Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі» курсын оқытудың мақсаты студенттердің ароматты көмірсутектер өндірісінің теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру және болашақ мамандарды мұнайхимиялық өндірістің жаңа технологияларымен таныстыру.
- студенттерге жаңа технологиялық процестердің ғылыми негіздерін қалау;
- мұнайхимиялық процестердің ресурс сақтау және экология принциптерімен таныстыру;
- Қазақстан Республикасындағы мұнайхимиялық өндірістің дамуының техника-экономикалық аспектілерімен таныстыру;
- мұнайхимиялық өндірістің негізгі технологиялық парамерлерін және химиялық реакторлардың жұмысын есептеу әдістерін үйрету.
Пәннің қысқаша мазмұны: - «Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі» пәні органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша мамандарды кәсіби даяндауға арналған. Бұл курсты меңгеру студенттерге ароматты көмірсутектер өндірісінің химиясы мен технологиясын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Пәнді оқыту барысында қарастырылатын тақырыптар: - Әлемдік мұнайхимиялық өнеркәсіптегі ароматты көмірсутектердің рөлі. Қазақстандағы мұнайхимиялық өндірістің даму жолдары. Ароматты қосылыстарды алу көздері.
- Ароматты көмірсутектердің физика-химиялық сипаттамалары. Ароматты қосылыстардың құрылымы мен қасиеттері.
- Ароматты электрофильді және нуклеофильді орынбасу реакциялары. Ароматты бос радикалды орынбасу реакциялары. Ароматты қосылыстарды тотықтыру және тотықсыздандыру реакциялары.
- Ароматты қосылыстарды қолдану тенденциялары мен жолдары. Риформинг процесінің заманауи катализаторларының сипаттамалары. Риформатты гидрлеу.
- Риморфинг катализатынан арендерді экстракциялық бөліп алу. Орташа дистиллятты мұнай фракцияларынан арендерді экстракциялау.
- Ароматты көмірсутектерді экстракциялау технологиясы. Морфилейннің экстрактивті дистилляциясы.
- Октенар процесі. Ксилолдарды шығару және бөліп алу. о-ксилол мен этилбензол алу. м-ксилол, п-ксилол алу.
- Ксилолдарды изомерлеу технологиясы. С8+ көмірсутектерін гидродеалкилдеу технологиясы.
- Толуолды диспропорционирлеу технологиясы. Толуол/С9 трансалкилдеу технологиясы.
- Арендер мен олардың маңызды туындылары өндірісінің өнеркәсіптік процестерінің принципиалды технологиялық схемалары.
- Ароматты көмірсутектердің сапасына қойылатын талаптар. Талдау және сапаны бақылау әдістері.
- Ароматты көмірсутектер өндірісінің қалдықтары мен ағын суларды тазалау.
- Арендер мен олардың маңызды туындыларының рыногы.
- Ароматты көмірсутектер өндірісіндегі технологиялық процестердің жабдықтары. Техникалық азот өндірісі.
Жүргізілетін сабақ түрлері: - Дәріс – 30 сағат
- Тәжірибелік сабақтар – 15 сағат
- Аралық бақылау (саны) – 2
- СӨЖ – 45 сағат
- СОӨЖ – 45 сағат
- СОӨЖ (офис) - 30 сағат
- СОӨЖ (ауд.) - 15 сағат
- Барлық дәрісханалық сағат – 60
- Барлық дәрісханадан тыс сағат – 75
- Еңбек көлемі – 135 сағат
- Емтихан Ж, семестр 7
Пәнді оқу барысында студенттер: - Әлемдік мұнайхимиялық өнеркәсіптегі ароматты көмірсутектердің рөлі, Қазақстандағы мұнайхимиялық өндірістің даму жолдары, ароматты қосылыстарды алу көздері, олардың физика-химиялық сипаттамалары, құрылымы мен қасиеттері, қолдану тенденциялары мен жолдары, заманауи катализаторлардың сипаттамалары, ароматты көмірсутектерді экстракциялау технологиясы, арендер мен олардың маңызды туындылары өндірісінің өнеркәсіптік процестерінің принципиалды технологиялық схемалары, ароматты көмірсутектердің сапасына қойылатын талаптар, арендер мен олардың маңызды туындыларының рыногтағы орны, ароматты көмірсутектер өндірісіндегі технологиялық процестердің жабдықтары және т.б. жаңа технологиялық процестердің ғылыми негіздерін қалайды, мұнайхимиялық процестердің ресурс сақтау және экологиялық принциптерімен, әрі Қазақстан Республикасындағы мұнайхимиялық өндірістің дамуының техника-экономикалық аспектілерімен танысады, ғылыми түйсіктерін қалыптастырады, мұнайхимиялық өндірістің негізгі технологиялық парамерлерін және химиялық реакторлардың жұмысын есептеу әдістерін үйренеді.
- Ғылыми дәреже: 02.00.15-«Катализ» мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты
- Педагогикалық стажы – 10 жыл.
- 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Мұнай және газ химиясы», «Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі», «Мұнай мен газды өңдеудің химиялық технологиясы», «Органикалық және мұнайхимиялық өндірістің технологиясы», 6М073900-«Мұнайхимиясы» мамандығы бойынша оқитын магистранттарға «Сұйытылған мұнай газдарын өңдеудің каталитикалық процестері», «Мұнайхимиясындағы катализаторлардың талғамдылығы мен стереоспецификалығы» пәндері бойынша дәрістер оқиды және тәжірибелік, зертханалық сабақтар жүргізеді.
- Ғылыми еңбектері: 30 астам ғылыми еңбектердің, 12 оқу-әдістемелік кешеннің авторы.
- Сабақ жүргізетін барлық пәндер мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. Магистранттарға арналған 2 силлабус әзірленді.
- «Жеңіл бензин фракциясын алу мақсатында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеудің технологиясын жасау» мемлекеттік бюджеттік инициативті бағдарламада жұмыс істеу.
- Магистранттар мен студенттердің ҒЗЖ ұйымдастырады.
- Конференцияларға баяндамалар жасайды.
- Ғылыми қызығушылығы: «Ауыр мұнай қалдықтарын каталитикалық крекинглеу технологиясы».
- Қоғамдық жұмыстары: кафедраның материалдық-техникалық базасына жауапты, кафедра мәжілістерінде хатшы, магистратура мен докторантура бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының техникалық хатшысы, кафедрада профорг.
Дипломдық жұмыстардың тақырыптары: Магистерлік диссертациялардың тақырыптары: - Жетыбай мұнайының вакуум дистиллятын қазақстандық шикізаттардан жасалған композитті катализаторларда каталитикалық крекинглеу.
- Қаражанбас мұнайының вакуум дистиллятын каталитикалық крекинглеу жағдайларының өнімдер шығымына әсерін зерттеу.
- Мазутты каталитикалық крекинглеу процесінің оптималды жағдайларын таңдау.
- Жетыбай мұнайының вакуум дистиллятын каталитикалық крекинглеу заңдылықтарына құрамында цеолит бар композиттерді белсендіру жағдайларының әсерін зерттеу.
Студенттерге қойылатын талаптар: - Тәртіптілік, ынталылық, адалдық, білімге құштарлық.
- Курс бойынша үлгерімнің орташа балы - 80-95%.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|