23.10.2017 ЭҚАБЖ МО (7.21.2 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
E-G-3
|
76 893
|
103 562
|
«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі №16, анықтама үшін телефондары: 8 /7242/ 27-07-13, электронды пошта person.kadr2013@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды:
«Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (E-G-3 санаты, 1 бірлік, индекс № 27-4).
Негізгі функционалдық міндеттері:
Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызмет бабында ауылдық округ әкімінің қызметтік нұсқаулары мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындайды;
Ауылдық округ әкімінің өкімдерін, шешімдерін қолданыстағы заң нормаларға сәйкестігін сараптамадан өткізеді, заңдылығын қадағалайды, мемлекеттік тіркеуден өткізілуге жататын нормативтік-құқықтық актілерді уақытылы тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулыларын, облыс, қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және қалалық мәслихаттардың шешімдерін орындалуын қамтамасыз етеді;
Ауылдық округі әкімінің аппаратында құқықтық және ақпараттық оқуларды жүргізеді;
Қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік лауазымынан босатпай, осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, жетекші маманның (27-7) міндеттерін уақытша атқарады;
Қазақстан Республикасы заңдылықтарының іс-әрекетін зерттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, ауылдық округі әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің заңнамаларын сақтайды; Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлейді, бұрыштама (виза) қояды, тиісті шешімдерді әділет департаментінен тіркеуден өткізеді;
Ауылдық округі әкімінің өкім, шешімдері туралы мәліметтерін ай сайын, тоқсан сайын қалалық прокуратураға және әділет басқармасына тапсыруды жүзеге асырады;
Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді жүзеге асырады;
Сот процесінде қаралып жатқан істерге өкіл ретінде қатысады, сот процестері бойынша есептің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
Аппараттың құқық белгілейтін құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін, мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етеді;
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеп, оның орындалуын жүзеге асырады, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заңдылыққа сай жүргізілуін қамтамасыз етеді:
1) тендер, конкурс, хабарлама береді;
2) жеңімпаз болып танылған мердігер мекемелермен жұмыс жасайды, олардың жұмыстарының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
3) тиісті мекемелермен келісім шартқа отырады;
Мемлекеттік сатып алу бойынша жасалынған келісім шарттардың заңдылыққа сай жүргізілуін қамтамасыз етеді;
Ауылдық округі әкімінің аппаратының бюджеттік өтінімдерін уақытылы жіберуді, орындалуын жүзеге асырады;
Жер табыстау барысында қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын сақталуын қамтамасыз етеді;
«Медиация туралы» Заңға сәйкес тиісті бағытта жұмыстарды атқарады;
Қызылжарма ауылдық округінің жер учаскелеріне байланысты өтініш білдірген азаматтардың құжаттарын дайындайды, жұмыстарын үйлестіреді;
Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның хаттамалық жұмыстарын үйлестіреді;
Кез-келген қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз етеді;
Облыс, қала әкімдерінің, облыс, қала әкім орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмаларын, тұрақты кеңес мәжілісінің хаттамаларынан туындайтын тапсырмаларды мерзімінде, сапалы орындалуын жүзеге асырады;
Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүргізіп отырған саясаты туралы үгіт-насихат шараларын өткізеді;
ҚР қолданыстағы белгіленген құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауап береді, мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын мониторинг жүргізеді, тиісті органдарға есеп береді;
ҚР қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ауылдық округтегі көшелерге атау беру бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Заңына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, әкімшілік жазалар қолдану бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар, ұсынымдар енгізеді;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес, ауылдық округі әкімінің аппаратына келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы тіркеліп, жауаптар беріліп, орындалуын қамтамасыз етеді;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Құқық (құқықтану) мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі құқық (құқықтану) мамандығы немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар)2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, Жахаев көшесі, 16 өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Нысан
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
___ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |