Бесоба селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Р.Нұрмағанның атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі
Бесоба селолық округі әкімшілігінің 2013 жылғы жұмысындағы негізгі бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатына жұмылдырылды. Қарқаралы аудандық әкімшілігі ауданның экономикалық-әлеуметтік даму бағдарламасына байланысты жұмыс жасауға селолық округ тұрғындарына бағыт бағдар беріп отырды. Жылдың 9 айы ішінде селолық округ бойынша мал басының өсіміне қол жеткізілді. Жалпы халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы төмендеген жоқ. Жыл басымен салыстырғанда ірі қара 9 %, қой 11%, жылқы 5 % өсімі байқалды. Егін шаруашылығы биыл Қызылту ауылында «Ақпан»шаруашылығы 250 га жерге арпа дәнін сіңіріп, төкпей шашпай жинап алды.Бесоба,Қызылту ауылдарында су құбыры толығымен жұмыс жасап халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуде екі кәсіпкер жұмыс жасауда. Жыл ішінде 4 рет халықтың жиыны өткізіліп, оған ауыл тұрғындары қатысып,қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, бақылауға алынып, орындалысы хабарланып отырды.
5 аппарат мәжілісі өткізіліп, онда ауыл өміріне қатысты бірнеше мәселе қаралып тиісті тапсырмалар беріліп, оның орындалысы қадағаланып отырды.
Жыл ішінде тұрғындардан 11 өтініш түсіп, оның барлығы да өз шешімін тауып, орындалды.
2013 жылдың 7 ақпанында аудан әкімі Х.М.Мақсұтовтың халықпен кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтар ,негізінен шешімін тауып орындалды.Олар: 1. Ұялы байланыс болса?-Актив ұялы байланыс жүиесіне қосылды.
2.Қызылту ауылына баратын жолдың су ағары жөнделсе және жолды тазарту ДЭУ мекемесіне жүктелсе?-Су ағары жөнделді,жолды тазартып отыру ДЭУ мекемесіне тапсырылып шешімін тапты. Ауылдағы мешіт ғимаратын жөндеуден өткізіп, оған кітапхананы көшіру, тиісті құжаттары дайындалған, қаражат жағы шешілмей жатыр.
2013 жылы санитарлық тазалыққа байланысты ауыл көшелеріндегі қоқыстар тазартылып, тұрғындар тарапынан үйлерінің маңайы ретке келтіріліп «Таза аула» ,«Таза үй» конкурсы жарияланып ауыл әкімінің ақшалай сыйлығы және мақтау қағазымен марапатталды. Көшелерді жарықтандыру, бильборд іліп абаттандыру,ағаш егу жұмыстары жүргізілді. №8 орта мектепте осы мектеп түлектері және жекелеген ауыл тұрғындарының қаражатына мектеп мұғалімдерінің күшімен жазғы каникулда мектептің 3-і этажы толығымен жөндеуден өткізілді.Мектеп жанындағы шағын орталыққа 1млн. теңгеге балалар ойын алаңы орнатылып, жас бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.Ауыл ортасындағы өзенге жақсы көпір салынды. Облыс әкімі Б.Абдишев ауылымызға келіп тұрғындармен кездесіп Ынталы-Бесоба жолын асфальттау жөніндегі халықтың сұранысына және істеліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Селолық округ әкімі тарапынан ауылдағы халыққа қызмет көрсететін мекемелер жұмыстары қадағаланып, тиісті нұсқаулар беріліп отырады.
Білім беру саласындағы 2 мектепте 224 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлықта28 бала, шағын орталықта 72 бала тәрбиеленуде.Мектеп ұжымы мұғалімдермен қамтамасыз етілген, биылғы жылы 1 жас мұғалім жұмысқа орналасты, № 8 мектеп биылғы жылы ұлттық біріңғай тестілеуде 80,8 көрсеткішке жетіп, аудан мектептері арасында 5 орында. 1 бала грант иегері болып, жоғарғы оқу орынында оқуда. Халыққа медициналық қызымет көрсетуде қызымет жасап отырған отбасылық дәрігерлік амбулотория, бір ФАП өз қызыметтерінде халық көңілінен шығуда. Жыл ішінде халықтың флюрографиядан 98%-ы өткізіліп тексерілді, 622 адам тексерістен өткізілді, күндізгі бөлімде жыл ішінде145 адам ем алып, оларға 300.000теңгенің дәрі-дәрмегі жұмсалды.
2013 жыл бүгінгі күнге 16 бала дүниеге келді. Балалар мен аналардың денсаулығы күнделікті бақыланып отырады.
Халыққа қызымет көрсетуде клуб және 2 кітапхана жұмыс жасауда. Клуб үйінің жұмысы жоспарлы түрде мерекелік кештер, би басқа да жұмыстар атқарылуда. Екі кітапханада 14 мың кітап қоры бар, биылғы жылы 350 кітаппен толыққан, 860 оқырман бар.
Пошта мекемесі өз қызметін көрсетуде біршама жұмыстары бар, баспасөзге жазылуда ауыл тұрғындары белсенділік көрсетуде 810 дана газет-журналға жазылды, бұл аудандағы жоғары көрсеткіштің бірі. Алдағы уақытта осы деңгейде жұмыс жасалады.
Қазақтелекомның Бесоба ауылында санды АТС телефон жүйесі оның 188 телефон нүктесі, Қарашоқы ауылында- 1 телефон, Қызылтуда-8 телефон жұмыс жасауда.
Мал дәрігерлік алдын алу шаралары уақытында жүргізілуі қадағалануда, бар мал басынан қан алынып тексерілді, оның ішінде бруцеллез және туберкулез ауруына,жыл ішінде 37 бас ірі қара бруцеллез ауруына анықталып тегіс жойылды. 1200 бас жылқы малы жамандатқа қарсы, 4500 бас ірі қара мәлікке қарсы егілді. Мал басының тұқымын жақсарту шараларына байланысты жұмыс жасап отырған шаруа қожалықтары « Ақсары », «Әли» ,«Түлкілі» «Тасбұлақ» «Наршоккен» «Әділ». Бұл шаруашлықтар мал тұқымын асылдандыруға көңіл бөліп асыл тұқымды бұқа әкеліп селекцияға мән беруде.Селолық округ бойынша ірі қара,қой малдары оның төлдері сырғаланып, паспорт беріліп отырады. Дегенмен де бұл жұмыста мал иелері тарапынан түсінбеушілік болып тиісті вет.атрибут(сырға,вет.паспорт) қаражатын уақытында төлемеуі себепті арнайы есеп шотқа салынуына және бірдейленген малды компьютерлік базаға кіргізу жұмыстарында кешігушілік бар.
Селолық округ әкімі аппаратындағы ветеринар маман штаты бүгінгі күнге бос, ветеринар маман іздестірудеміз.
Ауыл әкімшілігінің негізгі міндеттерінің бірі қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Жыл бойында 6 рет халықтың жиынында учаскелік инспектордың есебі тыңдалып, орын алған кемшіліктер, оны болдырмау жолдары талқыланып шешімдер қабылданды. Жыл ішінде қылмыстық істер тіркеу журналына 7 өтініш түсіп, оның 4-і қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды, 3-іне қылмыстық іс қозғалды. 45 адамға айыппұл салынып, оның 27 санитарлық тазалықты сақтамағаны үшін, 9-і көпшілік орында арақ ішкені үшін. Маскүнемдікке салынып тіркеуге алынғандардың аты-жөні жиындарда жария етіліп, халыққа айтылып отырады.
Мектептерде жасөспірімдермен учаскелік инспектордың кездесуі өткізіліп, құқық бұзушылық пен тәртіп мәселесі түсіндіріліп отырды.
Халықтың әлеуметтік сипаттамасы, тұрмыстық жағдайы назарда ұсталады.
2013 жылы тіркеуде 2 отбасы тұрмыстық жағдайы төмен, бұларға жыл ішінде 345 мың теңге төленді, 25 отбасыға 81 балаға 877 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді. 2013 жылы 8 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, оларға 150 мың теңге еңбекақы төленді.
Айтылып өткендей атқарылған жұмыстармен қатар орын алған кемшіліктер баршылық. Оның ішінде қызмет көрсететін мекемелер Қазақтелеком бөлімшесі, пошта мекемелеріне сирек те болса наразылықтар туып тұрады.
Кітапхана, клуб жұмыстарында жаңалықты насихаттау, бүгінгі күн талабына сай жұмыс істеу жетіспей жатады.
Халыққа әртүрлі жиындарда айтылғанмен мал бағымын ұйымдастыру, мал ұрлығын болдырмаудың бірден-бір жолы екенін түсіндіру жұмысы жеткіліксіз.
Келесі 2014 жылда атқарылар жұмыстарға тоқталсақ :
-мал тұқымын асылдандыру жұмысымен ауыл тұрғындарының шұғылдануына ықпал жасау;
-шаруа қожалықтары несие алып өздерінің техникаларын жаңартуына,көп жылдық шөп егуіне жұмыс жасау ;
Негізгі бағыт халықтың әл-ауқатының төмендемеуіне жұмыс жасау болады.
Атқарылар жұмыстардың ауқымы кең, бірлесе отырып атқарсақ орындалатынына сенім мол.
Тәттімбет селолық округінің әкімі С.Саркеновтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін - өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасынан» туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда осы есептік кезеңде Тәттімбет ауылдық округі әкімдігінде атқарылған жұмыстарға тоқталмақпын
Тәттімбет ауылдық округінің ауыл шаруашылық жер көлемін 143652 га жерді қамтиды.
Бүгінгі таңда округтегі екі елді мекен және 20 қыстақта 642 адам тұрады, оның 335-і экономикалық белсенді тұлғалар санатына жатады. 2013 жылы 6 сәби дүниеге келді. Сондай-ақ ауылымызға өзге аудандар мен облыстардан 3 отбасы көшіп келіп қоныстанды. 5 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Жаңа жұмыс орындарына бірінші кезекте аз қамтылған отбасы мүшелері жұмысқа алынды. 2 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленді. 4 отбасына балалар жәрдемақысы төленді.
Сонымен қатар халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсартуға ауыл тұрғындарының мал сатып алып өсіруге ауыл адамдарына қол үшін беріп отырған бірден-бір мекеме “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау” қоры. Осы қордан 2010 жылы 2 млн алған 2012 жылы 800 мың тенге 9,5 % несие алынды. Несие уақытында толық қайтарылып отыр.
Ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс өмірлік мәселе екендігі белгілі, сондықтан да Үкімет қабылдаған Тұрақтандыру бағдарламасына да айрықша көңіл бөлінген.
Біздің ауыл халқының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Округтегі мал басы жыл сайын артып келеді, округ бойынша: ірі қара 4107 басқа, қой-ешкі 12372 басқа, жылқы 1317 басқа жетті. Осы малға 8000 тонна жем-шөп дайындалып алынды. Ауыл шаруашылығын дамыту саласында 18 шаруа қожалығы жұмыс жасап отыр. Ірі қараның – 42 %, қой-ешкінің – 38 %, жылқының -50 % шаруа қожалықтарының иелігінде.2013 жылы жаңадан 1 шаруа қожалығы құрылып, 5 шаруа қожалығы өз жерлерін ұлғайтты.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне» сәйкес аудан әкімінің берген тапсырмаларын орындау мақсатында 1 шаруа қожалығы мал өнімдеріне, 5 шаруа қожалығы ірі қараның селекциялық жұмыстарына, 10 шаруа қожалығы ірі қара аналығын жем-шөппен қамтамасыз ету үшін субсидия алды. 1 шаруа қожалығы Сыбаға бағдарламасы арқылы, Қарқаралы несие серіктестігінен 1 шаруа қожалығы несие алды. Шаруа қожалыққтарының басшылары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде екі жылдан бері ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы іске асып жатқанын, мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие беру мен субсидиялауға қатысты барлық жағдай жасалып отырғанын жете түсініп өздерінің және шаруа қожалығы мүшелерінің малдарын қосалқы шаруашылықтан қожалыққа ауыстырумен қатар ет өнімінің сапасын арттыру мақсатында қолдағы малды асылдандырумен шұғылдануда.
2012 жылы округтегі «Рауан» - Өмірбаев С, «Канат» - Омаров М, «Дастан» - Кабылов Ж, «Береке» - Апакашев Р, «Батыр» - Блялов Р; шаруа қожалықтары 10 бас асыл тұқымды бұқа, 41 бас аналық сиыр сатып алып 2013 жылы 2 шаруа қожалығы алғашқы төлдерін алды.
Шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында өтетін «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне жақсы дайындықпен қатысып жүр. Жақында Астана қаласында өткен жәрмеңкеге 3 сиыр, 10 қой т.б ауыл шаруашылық өнімдерін тиімді бағамен өткізіп келді.
Қолда бар малдарға мал дәрігерінің аурудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл салада ауыл әкімдігінің 1 ветеринар бас маманы, 2 Ветстанция дәрігері еңбек етуде. Округте эпизотиялық ахуал тұрақты.
Округтегі 1 орта мектеп, 1 отбасылық емхана, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, тойхана, пошта, телефон байланысы, 3 арналы телестанция ауыл халқына қалыпты қызмет көрсетуде.
№ 32 орта мектепте 2013-2014 оқу жылында 100 оқушы білім алуда.Былтырғы жылға қарағанда 5 оқушы қосылып отыр. Қажетті 370 тонна көмір түсірілді. Оқушыларға 29 мұғалім білім мен тәрбие береді. Биыл 1 жас маман қабылданды. Мектеп мұғалім кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Арнаулы жабдықтармен қамтамасыз етілген шағын орталықта 36 бүлдіршін тәрбиеленуде, мектеп алды даярлық тобында 13 бала оқиды. Оқушылардың сапалы білім алуына қажетті 10 компьютер бар - 1 информатика, 16 оқушыға арналған мултимедия және кейінгі үлгімен жабдықталған физика кабинеті жұмыс жасайды. Білім беруде 2 интерактивті тақта пайдаланылады. 1 компьютерге 5 оқушыдан келеді. Мектептегі асханада аз қамтылған отбасының 2 баласы тегін тамақтанады.
Жаз айларында аудандық білім беру бөлімінің көмегімен мектеп жанынан сауықтыру лагері ұйымдастырылып, 15 оқушы демалды.
Ауыл халқының денсаулығы үнемі назарда. Емхана мамандармен толық қамтылған. Лабаротория, 6 кабинет, 5 орындық күндізгі стационар ауыл халқына қызмет көрсетуде. 5.
Жүрек, асқазан ауруларына тегін дәрілер берілді. Жалпы 390078 тенгенің дәрісі алынды. Күндізгі емдеу бөлімінде 180 адам ем қабылдады. Флюрографиялық байқаудан 366 адам өтті. Жедел жәрдем автокөлігі жүріп тұр. 232 бала мен 87 жасөспірім скринингтік тексерістен өтті.
Халық денсаулығы таза ауыз суға тікелей байланысты. Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан “Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету” жобасы бойынша ауылымызға су құбыры тартылды. Бүгінгі күні су құбыры қалыпты жұмыс жасап тұр. Алайда жиі істен шығатын су құбырлары мен су жүйесін қалпына келтіру үшін жер қазып күрейтін техниканың қажеттілігі туындап отыр. Қыс айларында су таратқыш колонкалардың қатып қалуына байланысты келешекте мүмкіндігіне қарай су құбырын «Ақ бұлақ» бағдарламасымен әр үйге кіргізіп беруге қаражат қаралса дұрыс болар еді.
Елді елге танытатын халықтың мәдениеті екені белгілі.
Ауылдағы мәдениет ошағы клуб үйі ауылдың көпшілік жиналатын орны, онда “Халық театрының” қатысуымен жыл бойы түрлі мерекелік шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Шаруа қожалықтары, қыстақ иелері мен жеке кәсіпкерлер ауылда өткізілетін мәдени көпшілік шараларға демеушілік көрсетіп тұрады.
Клуб үйінде орналасқан 620 оқырманы бар кітапханада түрлі тематикалық кештер, кездесулер өтіп тұрады. 22500 дана кітап қоры бар.
2013 жылы клубтың төбесін шатырлауға аудан әкімінің ықпалымен 6 млн 900 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыссыз ауыл тұрғындарынан құрылған құрылысшылар бригадасы қарқынды жұмыс жасауда.
Округ орталығы электр қуатын үзбеліксіз пайдаланып отыр, абоненттік қызметке көшкен. Едірей ауылына тартылған электр желісі біздің округтың Сарыөлең, Рахымбай қыстақтары осы желіге жақын орналасқандықтан өз қаржыларымен электр
желісін тартқызып бүгінгі күні Сарыөлең қыстағы пайдаланып отыр.
Былтырғы жылы Шілдебай ауылына 14 км жоғары кернеулі электр желісі 9 дана көше шамдары тартылып, халық игілігін көруде. 16 жыл жарықсыз отырған елді-мекен халқы аудан әкімшілігінің қамқорлығына алғыстарын айтуда, 2014 жылы осы елдімекеннің ауыз су проблемасы шешілсе деген тұрғындардың өтініші бар.
Телефон байланысы жұмыс жасайды, 100 телефон нүктесі бар. Биылғы жылы 5698 м кабель айырбасталып, 22 терминал құрылды. Шілдебай ауылы түгелдей телефон байланысымен қамтамасыз етілді. Алайда бүгінде пайдаланудан қалған ескі АТС-ті айырбастап, цифрлық байланыс жүйесін орнату керек. Ол заман талабы.
Округтегі моральдық-психологиялық ахуал қалыпты жағдайда. Халық арасында қоғамдық ұйымдар, ардагерлер және әйелдер кеңестері түрлі мерекелерді, басқада мәдени көпшілік шараларын өткізуде, ағымдағы жұмыстармен жастардың тәрбие мәселесі жөнінде әкімдікпен бірігіп жұмыс істеп келеді.
Дін- ел бірлігінің ұйтқысы. Ауыл халқының демеушілік жасауымен мешіт үйіне біршама жөндеу жұмыстары жүргізілді, отынмен қамтамасыз етілген.
Ауылымызда қоғамдық тәртіптің сақталысын қадағалайтын учаскелік инспектор күнделікті және мерекелік күндері кезекшілермен ерікті тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстайды. Әкімдікпен бірігіп ауыл қыстақтары араланып шаруа қожалықтарының басшыларынан, жекелеме қыстақ иелерінен сырттан әкелінген құжаттары жоқ адамдарды уақытында тіркеуге қою туралы жазбаша түрде қолхат алып орындалысы қадағаланып отырылады.
Ай сайын ауыл жастарымен және мектеп оқушыларымен қылмыстың алдын-алу жөнінен профилактикалық жиындар өткізіліп тұрады.
Алдағы уақытта шешімін табатын істер:
1)Шілдебай ауылының ауыз су мәселесін шешу үшін «Кіші елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» бағдарламасына енгізілсе.
2)Ауыл әкімдігі ғимаратына жылу жүйесін тартуға қаржы бөлу.
3)Емхана ғимаратына жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу.
4)Ауылдағы телефон байланысын жаңадан орнатуға ықпал жасау.
Келешекте Тәттімбет ауылдық округінің әкімдігі Елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдап, аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды басшылыққа ала отырып ауылда нақтылы істерді қолға алудың арқасында Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін ел болып бірігіп жүзеге асырамыз деп сендіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |