Қала, кент, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерінің қарсаңында


Мәди селолық округінің әкімі А. Жұмабековтің атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі



жүктеу 1,27 Mb.
бет3/7
Дата30.01.2018
өлшемі1,27 Mb.
#8150
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Мәди селолық округінің әкімі А. Жұмабековтің атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында мемлекетімізді одан әрі дамыту мен нығайту, қазақстандықтардың әлеуметтік әлеуетін көтеру бағытындағы іс-шаралар айқындалды. Осы орайда Қарқаралы ауданының ең шалғай ауылы Мәди селолық округінің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне тоқталайық.

Мәди селолық округінің жер көлемі 147887 га жерді қамтиды. Оның ішінде жайылымдық жерлер 135 109 га, егістік жерлер жоқ. Бүгінгі күнге нақты статистикалық мәліметтер бойынша 447 адам тұрып жатыр. Ауыл халқының 343-і экономикалық белсенді тұлғалар санатында болса, зейнеткерлер-53 адам, 0 ден 6 жасқа дейінгі 20 сәби тіркелсе, 31 оқушы мектепте білім алуда. Мектеп ұжымы педагог кадрлармен тиісінше қамтамасыз етілген, барлығы 23 мұғалім оқушыларға білім беруде. Округ аумағында 1-елді мекен Едірей ауылы және 4 қыстақ бар. Халыққа қызмет көрсететін мекемелер № 36 негізгі мектеп, 1-денсаулық сақтау мекемесі, яғни ФП, 1- пошта байланыс торабы, 1-клуб, 1-орталық кітапхана және жеке кәсіпкер «Жиенбаевтың» 1-мал сою алаңы жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта аталған мекемелер қысқы маусымға толық дайындалды, қысқы отын қоры барлық мекемелерге уақтылы түсірілді. Округ тұрғындары қысқы мал азығын артығымен дайындап, межені 120 пайызға орындады.

Биылғы жаз айында Айрық-Егіндібұлақ бағытындағы күре жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдың жиегіндегі шөптері шабылып біршама жақсарғандығын айта кету керек. Бұл жұмыстарды Қарқаралы қаласындағы «Тазалық»мекемесі сапалы да уақытында атқарды.

Селолық округтің негізгі ұстанған бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, халықтың да негізгі күнкөріс көзі-мал өнімдері, мал шаруашылығы бағытын дамыту болып отыр. Округ бойынша барлығы 2316-бас ірі қара, 4993-бас қой –ешкі, 418-бас жылқы малы бар.

Қазіргі күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы мал басын асылдандыру мен шаруа қожалықтарын көбейту жұмыстары күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып отыр. Осыған сәйкес биылғы жылы округ бойынша тағы да 1 шаруа қожалығы ашылды. Ол Едірей аумағынан ашылған «Абылай» шаруа қожалығы, жетекшісі-Мырзамбеков Арман. Осы шаруа қожалығы ауылшаруашылық қаржылай қолдау қорынан «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 7 млн.500 мың теңге несие алып, асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алды. Бұл біздің басым бағыттарымыздың бірі болып отыр. Сондай-ақ «Диас» (Қоңыров Рымбек), «Бепеу-Қосық» (Мұқанов Бейсенбай) шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқа сатып алып, ірі қара малдарын асылдандыру жұмыстарымен нақты айналысуға бет бұрды.

Жылма-жыл Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында өтетін «Ауыл –береке» жәрмеңкесіне де айтарлықтай дайындықпен барып қатысып жүрміз. Таяу арада Астана қаласында өткен жәрмеңкеге Мәди ауылының атынан 1 жылқы тағы да басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін апарып өткізіп келдік.

Дегенмен де ауыл басшысы ретінде мені ойландырып жүрген бір мәселе –жыл өткен сайын халықтың қалаға қоныс аударуы болып отыр. Әрине, қоныс аударудың да түрлі әлеуметтік себептері бар екені анық. Ауылда бюджеттік мекемелер мен 8 шаруа қожалықтаң басқа жұмыс көздерінің жоқтығы рас. Алайда ынтасы мен талабы бар адам ауылда тұрып мал өсіру арқылы ауқатты тұруына әбден болады. Ауылымызда ондай азаматтар мен шаруа қожалықтары да баршылық. Оның үстіне қазіргі демографиялық өсім да қуанарлық жағдайда емес. Өткен 2012 жылы 7 сәби дүниеге келсе, 2013 жылы 3 сәби өмірге келді. Мұның өзі мектептегі бала санының күрт азаюына әкеліп соққаны белгілі, мектебімізде бүгінгі күнге 31-ақ оқушы қалып отыр. Таяу арада аудан әкімі Х.М. Мақсұтовтың аудандық газет бетінде патронаттық бала асырап алу туралы ой тастаған мәселесі-ауылдардағы мектептерді ұстап тұрудың бір жолы екендігі анық. Ел болып ойланатын мәселе!

Ауылымызда шешімін табуға тиіс проблемалар да жоқ емес. Мәселен, Айрық және Едірей ауылдарының телефон байланысының нашарлығы.

Айрық ауылындағы «Дама» спутниктік байланыс жүйесі мүлде сын көтермейді. Сегіздіктен бір-ақ нүкте істеп тұр. Көптеген абоненттік нүктелерге шалған қоңырау бармайды. Сыртты былай қойғанда, ауыл ішіндегі байланыстың өзі кейбір абоненттерге қиын.

Ал Едірей ауылына келер болсақ, телефон байланысының істен шығуы мүлдем жиі. Қыс айларында екі ортадағы 42 км байланыс бағандарындағы ақауларды жөндеу оңайлыққа түспейді. Оның үстіне Айрық-Едірей арасындағы бағандардың көпшілігі найзағай мен дала өрттерінің салдарынан аппаты жағдайда тұр. Міне, алдағы уақытта осы мәселелер шешімін табуды қажет етеді. Негізінде бұл жөнінде аудандық байланыс торабының басшылығына бірнеше рет айтылып келе жатыр. Таяу арада бұл екі мәселені толық шешеміз деп отыр.

Мен өз есебімде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өттім. Өйткені алда бұдан да маңызды мақсат – міндеттер тұрғаны анық. Қазіргі уақыттағы ең басты мәселе –мектептегі бала санын көбейту болып отыр. Бұл дегеніміз – ауылдың ауыл болып тұруының ең басты тұғыры деп білемін. Сондықтан баршамыз осы мәселеге күш салуымыз керек.

Сонымен бірге жоғарыда айтып өткен байланыс жүйесін жақсарту, жекеменшік мал басын асылдандыру, шаруа қожалықтарын көбейту, салық базасын кеңейту мақсатында шағын бизнес нысандарын ашуға ықпал жасау жұмыстарын жүзеге асыру қажет.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп дана халқымыз айтқандай, береке-бірлік пен ынтымақтың арқасында бірге атқара береміз деген сенімдемін!



Қаракөл селолық округінің әкімі Б.Әбдікәрімовтың атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Селолық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалысы бойынша атқарылған барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары және іс-шаралар жоспары негізінде, Елбасымыздың жыл сайынғы қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру бойынша атқарылуда.

Ал, әлеуметтік салада «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атауымен жарық көрген ҚР Президентінің соңғы Жолдауында айтқанындай азаматтардың өмір сүру сапасын өсіру басты мақсат болып табылады.

ҚР Президентінің жергілікті жердегі өкілі әрі село әкімі ретіндегі біздің басты міндеттеріміздің бірі – ол бюджет қаржысын тиімді пайдалана отырып, ауыл халқының әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстау, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерді оңтайлы шешу болып табылады.

Осы есепті кезең ішінде тоқсан сайын ауыл тұрғындарымен жиындар өткізіліп, онда малдың жазғы бағымы мен жайылымын ұйымдастыру, көктемгі санитарлық тазалық айлығын өткізу, мал азығын дайындау, мал басын бірдейлендірі мен әр түрлі жұқпалы аураларға қарсы егу, тексеру сияқты ауқымды мәселелер қаралып, тиісінше шешімін тауып отырды.

2013 жылы селолық округі әкімі аппаратына барлығы 11 млн. 968 мың теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы әр сала бойынша заңға сәйкес игерілуде.

Арнайы республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша көшелерді жарықтандыру үшін 2 млн. 140 мың теңге және өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша село орталығындағы бұзылған үйлердің орындарын тазалауға 391 мың теңге бөлінді. Осы бағдарлама аясында көше жарығына арналған қаржыға 10 жарық шамдары орнатылып, бүгінгі күні жұмыс толығымен аяқталды. Бұл жұмыстарды Қарағанды қаласындағы «Инновация тех.» ЖЖС сапалы атқарып шықты. Сондай-ақ, жоғарыда аталған бағдарлама арқылы бөлінген 391 мың иеңге қаржыға Қарқаралы қаласындағы «Тазалық» коммуналық мекемесінің көмегімен иесіз үйлердің орны тазаланып, 218 тн. күл-қоқыс арнайы орынға шығарылды.

Сонымен бірге жергілікті бюджеттен бөлінген 100 мың теңге қаржыға мамыр айында әкімдік ғимараты алдына билбордтар қойылып, әкімдік ғимараты мен ФАП мекемесі алдына 20 түп ағаш отырғызылды.

Байланыс жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Селода мүмкіндігі шектеулі, шағын 2ПСМ-10 қондырғысының көмегімен 22 телефон нүктесі жұмыс істесе, «Қазақтелеком» АҚ акциясымен тегін түрде 20 телефон нүктесі құрылып, село тұрғындарының игіліген қызмет істеуде.

Барлық мекемелердің жылу қазандықтары қыс маусымына дайын. Қысқа арналған көмір арнаулы жабық қоймаларға енгізіліп алынды, отын жеткілікті. Жаз айларында барлық мекемелердің қазандықтары тексеріліп, жөнделді. Жылу жүйелері тексерістен өтті.

Ауыл орталығындағы орталықтандырылған су жүйесі 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Осы су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 215 теңге қаражат бөлініп, осы қаражат өз мақсатында игерілді. Бүгінгі күні барлық колонкалар мен гидранттар ақаусыз жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні жер актісін алу үшін жұмыс жасап жатырмыз.

Ауылдың негізгі тіршілік көзі – ол егін және мал шаруашылығы. Ауылда барлығы 12 шаруақожалығы тіркеуде тұр. Біздің өңір егіншіліктегі тәуелді аймаққа жатады. Биылғы жылы селолық округ бойынша 330 га. жерге бидай егілді, орташа өнімділік 8,4 цн. айналды.

Алдағы уақытта аудан басшылығының тапсырмасына байланысты егіс көлемін ұлғайтып, егістік алқаптарға мал азығына арнап арпа және көпжылдық шөп егуді ұйымдастыруымыз керек.

Ауылымызда кейінгі кезде мал басының өз төлі есебінен өсу динамикасы байқалады.

Бүгінгі күні ірі қара малы 869 басқа, қой-ешкі 2805 басқа, жылқы 340 басқа жетті. Бізде ірі қара малының тұқымы ұсақталып бара жатқаны жасырын емес. Мал тұқымын асылдандырудың бірден бір жолы, ол қолда бар малды қолдан ұрықтандыру арқылы асылдандыру екенін білеміз. Бұл бағытта біз бүгінгі күні жұмыс жасап жатырмыз. Бүгінгі күні 75 бас ірі қара аналығы қолдан ұрықтандырудан өтті.

Мал шаруашылығымен айналысатын шаруақожалықтарына кейінгі уақытта мемлекет тарапынан ірі көлемде субсидиялар төленіп жатыр. Алдағы уақытта шаруақожалықтары осы бағытта жұмыс жасаулары керек.

Селолық округ бойынша «Ауылшаруашылығн қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы арқылы ауыл тұрғындарына мал басын өсіру және өз ісін атқару мақсатында қаржылай көмек көрсетілуде. Осы қор арқылы село тұрғындары Р.Омарбекова, 2 млн., О.Апақашев 1 млн., А.Жылқыбаев 600 мың теңге несиеге қол жеткзіп, нысаналы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Сонымен бірге жеке меншік мал иелері мен шаруақожалық мал иелерінің малдары үшін жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық шаралар арнайы жоспарға сәйкес уақытында жүргізіліп отыруын, мал басын бірдейлендіру жұмысын үнемі назарда ұстаймыз. Бүгінгі күні селолық округ бойынша бірдейлендіру жұмыстары 100 пайызға орындалып, мәліметтер базасына енгізілді. Осы уақыт ішінде туберкулез ауруына қарсы 2000 бас, қарасанға қарсы 1400 бас ірі қара малы егіліп, бурцелезге қарсы 700 бас ірі қара, 2300 бас ұсақ мал тексерілді. Сібір жарасына қарсы 1000 бас ірі қара малы, топалаңға қарсы 1750 бас ұсақ мал, жамандатқа қарсы 400 бас жылқы егілді.

Мал шаруашылығын дамыту үшін ветеринариялық іс-шаралар мерзімінде атқарылып отырылуда. Өткен уақыт аралығынад эпизоотиялық ауруларға қарсы диагностикалық шаралар жоспарға сай уақытында жүргізілді. Бұл жұмыстардың барлығын 2 ветеринариялық дәрігері және 1 бас маман мал дәрігері сапалы әрі жоғары дәрежеде атқара білді.

Село орталығында бір мал сою алаңы жұмыс істеуде. Мал сою алаңы барлық талаптарға сай жабдықталған.

Көктемгі тазалық, абаттандыру аясындағы екі айлық жұмыстардың кезінде село тұрғындарының күшімен қыс бойы жиналып қалған 300 тн. көлеміндегі күл-қоқыстар мен боқтықтар арнайы орындарға шығарылды.

Шаруақожалықтары мен арнайы ауыл тұрғындары мал азығын дайындауға техникаларын мұқият дайындап, жоспардағы 1190 тн. мал азығын сапалы әрі уақытында дайындап алды. Мал азығын дайындау кезінде бірде-бір рет дала өрті болған жоқ.

Селодағы шағын бизнес саласына келсек, бүгінгі күні 4 сауда нүктесі халыққа қызмет етеді. Бір шағын наубайхана жұмыс істеп тұр.

Селолық округ әкімі аппараты аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаны негізсіз көтермеу мақсатында жеке кәсіпкерлермен үнемі түсініктеме жұмыстарын жүргізіп отырады. Шағын дүкен иелерімен «меморандумдар» жасалды.

Селодаға ең үлкен ұжым – ол мектеп. Биылғы жылы село орталығындағы №37 негізгі орта мектеп бала санының азаюына байланысты №37 бастауыш мектеп болып ауыстырылды.

Бүгінгі күні мектепте барлығы 10 бала оқиды, 14 бала мектеп жанындағы шағын орталықта тәрбиеленуде. Мектепте барлығы 5 ұстаз, 10 кіші қамту қызметкерлері, 1 медбике жұмыс істейді.

Денсаулық саласына келсек, селода 1 жас маман медбике жұмыс атқарады.

Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында биылғы жаз айында жылжымалы қондырға арқылы жоспарға сәйкес 45 адам флюорографиялық тексерістен өтті. Сонымен бірге 56 адам скринингтік тексерістен өтіп, 4 балаға манту жасалды.

Бүгінгі күні село тұрғындары арасында жұқпалы аурулармен және туберкулезбен ауыратындар жоқ. Алғашқы медициналық көмекке арналған дәрі-дәрмек уақытымен алынып отыр. 2013 жылы 5 бала дүниеге келді.

Мәдениет саласына келсек, клуб және кітапхана ғимаратының жылу жүйесі толық жаңартылды. Бүгінгі күні бұл ғимараттың іші жылы, қысқы отыны түсірулі. Тек ғимараттың іші мен сырты жөндеуді қажет етіп тұр. Кітапхананың төбесінен су ағатындықтан таяу уақытта кітапхананы мектептің бір кең бөлмесіне көшіреміз. Кітапханаға тиісті көмір мектеп қоймасына түсірілді. Кітапханадағы кітап қоры 9798 дананы құрайды. Жыл ішінде клуб-кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен біраз мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Селода бір почта бөлімшесі жұмыс жасайды. Осы почта бөлімшесі арқылы атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы және еңбекақы ауыл тұрғындарына таратылуда. Сонымен бірге почта бөлімшесі ауыл тұрғындарының баспасөзге жазылуын 100 пайыз орындайды.

Селомыздағы қоғамдық тәртіпке келсек, жалпы қоғамдық тәртіпті сақтау бір қалыпты. Ауылда 1 полиция инспекторы жұмыс істейді. Ауылдың діни ахуалы бір қалыпты, әр түрлі діни ағымдар мен ел ішіне іріткі салу оқиғалары тіркелген жоқ.

Қорыта айтқанда, алдағы уақытта да қиындығы мол бүгінгідей күрделі уақытта өз жұмысымызды ауыл азаматтары мен елағаларының көмегіне сүйене отырып атқаратын боламыз.

Нығымет Нұрмақов атындағы ауылдық округінің әкімі К.Шаймановтың атқарылған жұмыстарымен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Әкімнің жұмысы – халыққа қызымет ету. Нақтырақ айтқанда сеніп тапсырған әкімшілік аумақтағы әлеуметтік – экономикалық және басқа мәселелердің шешілуін қамту,атқарылған жұмыстар туралы халықтын алдында тоқсанына бір рет есеп беру және алдағы атқаратын жұмысты жоспарлау.

Есепті мерзімде яғни осы тоқсанда атқарылған жұмыстармен қатар, жыл басында өткен жиында,ауыл тұрғындарының жасаған өтініштеріне ,соған байланысты, аудан әкімінің берген тапсырмасына тоқтала кетсек. Бастал ауылының тұрғындары «Қыс айларында жол қатынасынан қиындықтар көреміз» - деп шағым айтқан болатын.

Ол шағым былай орындалуда Егіндібулақ-Өсібай–Абай–Мәди бағытына шығатын жол тазалағыш тракторға тапсырылып, қадағалау ауыл әкімшілігіне жүктелген.

Биыл да осы көлемде атқарылады деп отырмыз . Ауылдық округ бойынша 3 елді мекен бар. Өсібай, Бастал, Көлбасы: онымен қоса 27 шаруа қожалығы, 4 - жеке кәсіпкер, 1-негізгі мектеп, 2 – клуб үйі, 2 – кітапхана, 2 – фельдшерлік пункт, 1 – АТС, 1 – почта бөлімі жұмыс жасайды.

Ауыл шаруашылық саласы бойынша ауылдық округтің негізгі бағыты мал шаруашылығы: қой , ірі қара , жылқы өсірумен шуғылданады.

Келешек - мал тұқымын асылдандыру сол арқылы мал өнімдерінен жақсы көрсеткіштеріне жету екенін түсінген шаруа қожалықтары біршама жұмыстар атқаруда.

«Игілік» шаруа қожалығының басшысы М.Мұздыбаев «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10 млн. теңгенің несиесін алып оған 2 асыл тұқымды, қазақтың асыл ақ бас тұқымды аталығы мен қоса 100-ге тарта ірі қара сатып алып өсіруде.

Биылдың өзінде «Алғабас» шаруа қожалығының басшысы Нұржан Әшімов “”Сыбағадан » 8,5 млн.теңге несие алып, «Әулие-көл » 2 асыл тұқымды аталық ірі қара, 33 бас сиыр сатып алуда.Осы шаруашылықтың басшысы іскер азамат, тыңнан жаңадан үй тұрғызды, мал қорасын салды. Қыстағына күн сәулесінде, желдің күшінде, пайдаланып тоқ беріп отыр.

Шаруа қожалықтары «Айбар» (Адамов Қ), «Муздыбай» (Сағынаев Ғани), «Заңғар» (Сұнғат Сейілханов), « Мурагер» (Умбетбаев Болатбек), «Жаңабаз» (Бакенов Рымбек), «Толқын »( Ахметов Қанапия) бірқалыпты жұмыс істеуде.

Осы азаматтар жоғарыда айтылғандай мал тұқымын асылдандыру жұмысын жургізуде. Осы бағытта Өсібай ауылында 1- қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істейді.

Ауылдық округте 3,3 мың ірі қара, 8,8 мың қой –ешкі, 1,6 мың жылқы бар. Осы салаға ауылда әкімшілік тарапынан 1 – мал дәрігері, 2 – ветеринар коммуналдық мекеме тарапынан қызмет көрсетеді.

Тақауда ветеринария саласына үкімет арнайы жабдықталған. «Нива» жеңіл машинасын берді.

Жоспарлы профилактикалық жұмыстары мерзімінде атқарылып отыр. Округте 1 арнайы мал сою пункті жұмыс істейді.

Үкімет тарапынан шағын кәсіпкерлікті дамыту қолдау тауып отыр. Оған дәлел «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша ауыл ттұрғындары Қарсыбеков Жалел, Жумадилова Назимгүл, Касимов Рустем, алды 300 мыңнан, 550 мың. дейін несие алып оған 14 бас ірі қара 70 марқа сатып алып қосалқы шаруашылығын дамытып отыр.

Қазір округ бойынша қысқа түсетін малға жеткілікті түрде мал азығы дайындалып, жеткізіп алынды.

Ауылда шағын бизнес саласы бойынша 2 – дүкен ,1 – монша халыққа қызмет етсе, мектеп жанында буфет жұмыс жасайды.

Мемлекеттік үлкен бағдарламаның бірі ауыз су мәселесі. Өсібай ауылында осыған сәйкес су жүйесі тартылған.

Өткен жылғы қыс айларында тоқтың 3 күні бойы өшуіне байланысты насос станциясы қатып қалып, біраз үзбеліктер болды. Қазір 16 су құбыры көшедегі істеп тұр.Осы уақытқа дейін су жүйесі әкімшіліктің балансында болып иесіз тұрған болатын. Бірінші қазан айынан бастап жеке кәсіпкер Рахманов Жомарт деген азаматқа бекітіп бердік. Ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді деуге болады.Сонымен қатар жұмыс істемей тұрған колонкалар бар болатын. Ауыл тұрғындарының көмегімен оныда іске қосамыз деп отырмыз.

Өсібай, Бастал ауылдарындағы клуб үйлері әбден тозығы жеткен, күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Осы 2 клуб үйінде 2014 жылда жөндеуге жобаға іліктіремізбе деген жоспарымыз бар, іске асуы аудан бюджетіндегі қаржыға байланысты. Мәдениет ошақтары, яғни клуб – кітапхана, қызметкерлері аудан көлеміндегі, ауыл арасындағы мәдени шараларға үнемі қатысып отырады. Осы тақауда Қариялар мен мүгедектердің мерекесіне арналған мәдени шараларға Өсібай, Бастал ауылдарында бір жарым сағаттық ауыл өнерпаздарының концертін қойып, ауыл тұрғындарының ризашылығын алды.

Денсаулық саласы бойынша, өз мамандықтарын жақсы меңгерген, тәжірибелі 3 медбике жұмыс істейді.

Орталықта 1 негізгі мектеп бар. Онда 42 бала тәрбиеленіп білім алуда.

Осы мекемелердің қысқа дайындығы жаман емес. Көмір барлық мекемелерге толық жеткізілді. Почта бөлімі дұрыс жұмыс жасап отыр. Зейнет ақы, еңбек ақы, газет- журнал үзбеліксіз таратылып отыр.

Телефон байланысы ешқандай сын көтермейді. Әсіресе Бастал ауылында, бұл туралы жоғарыда отырған осы саланың басшыларымен жұмыс жасап отырмыз. Келесі жылы цифрлы жүйедегі спутниктік жобадағы телефон құрылмақ, сол сияқты Бастал ауылында да жаңадан қондырғы орнатылады.

Тағы да бір жаңалық, ауыл тұрғындары аудан әкіміне көше шамдары тұралы хат жазған болатын.Соған құптарлық жауап алдық.. Келесі жылы осы жұмысты бастаймыз деп отырмыз.

«Тазалық» мекемесі арқылы 400 мың теңгенің көлемінде жұмыс атқарылып көшенің күл- қоқысы шығарылды. Көктемгі, күзгітазалық айлықтары жарияланып соған байланысты жұмыстар атқарылып отырылады.

Аудандық бюджет орындалысы, қаралған қаржы толық игерілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде қаралған қаражат толығымен игерілді.

Баспасөзге жазылу жоспары орындалады. Ауылдық округ бойынша жұмыссыздықтың деңгейі 0,1% пайызды құрайды. Бұның өзі ауыл тұрғындарының тұрмыс – тіршілік жоғарлағанын көрсетеді.

Ауылда 1 участкелік инспектор жұмыс жасайды. Тақауда ауыл ақсақалдарының жиынын өткізіп, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесін қайтадан құрдық.. Ауыл ішіндегі ұсақ – түйек отбасы арасындағы кикілжің, басқадай тәртіпті бұзушылық осы құрылған алқа мен кеңестің құзырына бердік.

Сонымен қатар ауылдық округі аппараты жанында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ерікті жасақшылар тобын жақында құрып, оған 12 адам жасақшылар ретінде тартылған.

Ауылдағы учаскелік полиция инспекторымен бірлесе отырып, ауылдағы көпшілік – қоғамдық тәртіпті, әсіресе жастар арасындағы тәрбиелік мәні бар, моралдық – психологиялық жұмыстар, үнемі әкімдіктің назарында. Өткен есепті мерзімде, осы атқарған жұмыстардың нәтижесі болар, ауылда қылмысты істер болған жоқ.

Ауылдық округ әкімдігі ауыл өмірінде кездесетін ірілі – уақты мәселелерді әкімдік отырыстарында апта сайын қарап отырады.

Жалпы тұрғындармен ауыл өміріне қатысты маңызды мәселелер жиындарға шығарылып талқыланады. Өсібай, Бастал ауылдарында екі рет жиын өткіздік, Көлбасы ауылында әрбір отбасының, хал –ахуалымен танысып, аралап шықтық.

Атқарылған жұмыстарыдың жобасы осындай, алда атқарылатын жұмыстар жеткілікті.

1. «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жалпы саяси бағыты атты жолдауында елбасы Н.Ә. Назарбаев: « Мен жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкүндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді». – деген болатын.

Осы тұжырымдаға байланысты жұмысты түбегейлі өзгертіп, жаңаша құру, ауыл тұрғындарын жергілікті жерлердегі мәселелерді, шешуге барынша араластыру.

2. 2014 жылы Өсібай ауылының көшелеріне жарық беру.

3. Өсібай, Бастал ауылдарындағы клуб үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге ықпал жасау.

4. Мал шаруашылығы бойынша асыл тұқымды мал алу жұмыстарын ширату. Ветеринария саласына назар салып қадағалау.

5. Ауыл тұрғындарын күнбелікті өмірлеріне қажетті ауыз су , электроэнергия, телефон, почта байланысы жұмыстарының үзбеліксіз істеуін қамтамасыз ету.

Қорыта айтқанда ауыл әкімінің аппараты өзінің жұмысын аудан әкімдігінің тапсырмаларын басшылыққа ала отырып ұйымдастырады, және келешекте белгіленген жоспарлы жұмыстарды уақытында, әрі сапалы жүргізуге, іскерлікпен жұмыс жасайтын болады.

Қ.Аманжолов селолық округінің әкімі М.Қабиевтың атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында 2013 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды.

Өздеріңізге белгілі жалпы аумағы 216 мың гектарды құрайтын селолық округ аумағындағы 5 елді мекенде 1900 адам өмір сүріп жатыр. Халықтың 54 пайызы экономикалық белсенді топ санатына жатады.

Ауылшаруашылығы саласында 58 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы Е.Сағымбаев басқаратын «Нұр» шаруа қожалығы мен Қ.Төлендин жетекшілік ететін «Қазылық» шаруа қожалығының диқандары 1450 гектар алқапқа бидай, 100 гектар жерге арпа егіп, астық шығымдылығы гектарына орта есеппен 15 центнерден айналды. Шаруа қожалықтары мен тұрғындар 13 мың тонна мал азығын дайындап алды.

Қазіргі таңда бірдейлендіру базасына 7050 бас ірі қара, 25480 бас қой-ешкі малдары енгізілсе, жылқының 35 пайызы, ірі қараның 27 пайызы, қой-ешкінің 42 пайызы шаруа қожалықтарының атына тіркелген.

Жекелеген шаруа қожалықтары күз айында Астана, Қарағанды қалаларында өткен ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып, 2 млн. теңгенің өнімдерін арзан бағамен қалалықтарға ұсынды.

Жыл басынан бері «Тай, Нұр, Шаймұхамбет» шаруа қожалықтары «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қорынан», «Қарқаралы несие серіктестігінен» жұмыстарын жандандыруға 10 млн. теңгенің несиесін алды. Осы шаруа қожалықтары 8 бас асыл тұқымды бұқа малдарын және 1 МТЗ-80 тракторын сатып алды. Сонымен қатар 25 адам мал өсіру үшін 3,7 млн. теңге көлемінде тұтынушылық несиелер алды.

Қолдағы малдарды бірдейлендіру, жұқпалы індеттердің алдын алу мақсатында қан алып, сараптамадан өткізу, егу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аудандық ветеринарлық станцияның селолық округтегі 5 қызметкеріне «Нива» автокөлігі берілді.

Шағын және орта бизнес саласы бойынша 14 жеке кәсіпкер жұмыс атқарады. Олардың тұтынушыларға ұсынатын азық-түлік тауарларының бағасына апта сайын мониторинг жасалады. «Даму» қоры ұйымдастырған семинарларға 12 адам қатысып, біліктіліктерін арттырып қайтты. Ағымдағы жылы жеке кәсіпкер М.Арапов село басындағы бұрынғы сауда орталығы ғимаратын жөндеп, тойхана ашуды жоспарлап отыр.

Тұрғындарды әлеуметтік жағынан қолдау селолық округ әкімдігінің айрықша назарында. 210 зейнеткердің зейнетақысы, 93 адамның мүгедектік жәрдемақысы, елді мекендерге уақытында жеткізіліп беріледі. 15 отбасы балалар жәрдемақысын, 6 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Әлеуметтік қызметкерлер тарапынан мүмкіндігі шектеулі 12 адамға үйден көмек көрсету мен оқыту ұйымдастырылған.

Жыл басынан бері 6 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысты.

Білім беру саласында 1 орта, 3 негізгі, 1 бастауыш мектеп жұмыс жасаса, онда 270 оқушы білім алады және мектептер жанындағы шағын орталықтарда 90 бүлдіршін тәрбиеленеді. Білім беру мекемелері қыстық отынмен қалыпты мөлшерде қамтамасыз етілген, бірақ көмірдің сапасы сын көтермейді. Бұл аязды күндері оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін қалыпты температураны ұстап тұруға да кедергісін келтіреді.

Мектептерде пән мұғалімдері жеткілікті. Олардың алаңсыз жұмыс жасап, жоғары жалақы алуы үшін біліктілік арттыру курсынан мерзімінде өтуін, соған сәйкес біліктілік санаттарын уақытында жоғарылатып отыруын мектептер әкімшілігінен сұраймын.

Мәдениет саласында 3 клуб үйі, 3 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Талды селосында клуб ғимаратының жұмысы аздаған кідірістен соң қайтадан жолға қойылды.

Солай бола тұрғанмен, Сарыобалы мен Ақбай Қызылбай ауылдарындағы кітапханашылардың атқарып отырған жұмыстары көңіл көншітпейді, оқырмандар кітапханалардың жабық тұратынын айтып хабарлап жатады. Атаулы даталарға арналған кітап көрмелері, әдістемелік бұрыштар атүсті ұйымдастырылады, оқырмандар талғамынан шығатын көркем әдебиеттерге тапсырыстар бермейді.

Клуб ұйымдастырушылары мереке күндері ғана концерттік шара ұйымдастырумен шектеледі де, қалған уақыттарда жеке жұмыстарымен шұғылданады. Олар жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, талантты, өнерлі балаларды тауып, баулуды қолға алуы шарт.

Денсаулық сақтау саласында 1 СДА, 4 ФАП қызмет атқарады. Ана мен бала өлімі жоқ. Дүниеге келген сәбилер қатары жыл сайын өсіп келеді. Тұрғындар флюорографиялық тексерулерден уақытында өтіп отырады. Диспансерлік есепке алынған науқастарға қажетті дәрі дәрмектері аз болса да уақытында беріліп отырады.

Дегенмен бұл салада да шалағайлықтар орын алуда. Село басындағы «жедел жәрдем» көлігі қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілмейді. Телефон байланысының үзілгеніне біраз уақыт болды, себеп-салдарын ешкім ашып айтып бере алмайды. Аудандық аурухананың бас дәрігері, аудандық Мәслихат депутаты С.Жекеевтің жергілікті жердегі қызметкерлеріне жаны ашуын сұраймын.

Коммуналдық салада біраз шаруалар жүзеге асырылды. Мамыр айында «Тазалық» КМК жұмыскерлері арнайы техникаларымен келіп, Талды селосы басынан 1800, Ақбай Қызылбай ауылынан 400 тонна, күл қоқысты шығарып, полигонға апарып төкті. Талды-Қарқаралы бағытындағы асфальт жолға жамау жұмыстарын жасауға республикалық бюджеттен тиісінше қаржы бөлінді.

Қарқаралы-Талды-Аққора-Сарыобалы бағытының жолы балансқа алынып, «Тазалық» мекемесі қыс айларында қардан аршып отыр. Ақбай-Қызылбай жолын тазалауды шаруа қожалығының басшысы Е.Жүнісов мойнына алып отыр. Ақбай-Қызылбай-Белдеутас арасындағы дала жолын қардан тазалауға жауапты «Қаламбек» шаруа қожалығына қажетті жанар-жағар майын беріп отырмыз.

Талды мен Ақбай-Қызылбай ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етуде жеке кәсіпкерлер М.Жакупбеков пен Б.Оспанкуловтар жұмыс жасауда. Дегенмен, аязды күндері село басындағы кейбір колонкалар істен шығып, тұрғындар тарапынан шағымдар пайда болды. Кейбір үйлерге судың қысымы аздығынан ауыз су келмей отыр. Бірқатар тұтынушылар тарапынан ауыз су ақысын төлемей отыратындары да кездеседі. Сондықтан, апаттық жағдайдың алдын алып, ауыз су бағасын тұрақты төлеп отыруды сұраймыз.

Осы жазда селодағы орталық көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылып, Қасым ескерткішінің маңы абаттандырылды, көшелерге күн көзінен қуат алатын 30 бағана орнатылды. №19 орта мектеп ауласына балалардың ойын алаңы орнатылды.

Құқық қорғау саласына келсек, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен 2 полиция қызметкері жұмыс атқарады. Жыл басынан бері 120 құқық бұзушылыққа қарсы әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 4 азаматқа отбасы шырқын бұзғаны үшін қорғау нұсқамасы шығарылып есепке алынды. Құқық бұзушылықтың негізін алькогольдік ішімдіктің арқасындағы жанұяда болатын жанжалдар құрайды. Бұның бірден-бір себебі алкоголдік ішімдіктерді заңсыз сату болып отыр. Учаскелік инспекторлар осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаныменен тиісті нәтиже бермей жатыр.

Пошта-байланыс торабының жұмысы ойдағыдай деп айтуға болады. Мерзімдік баспасөзге жазылу науқаны жоспарға сәйкес орындалды. Қазіргі таңда селолық округ тұрғындары 800 дана әртүрлі мерзімдік басылымдарды оқып отыр. Егер аудан бойынша сараптасақ, біздің округ селолар арасында көш бастап тұр. Пошта бөлімшесі арқылы тұрғындар несиелерін, әртүрлі төлемдерін төлеуді жүзеге асыруда. Дегенмен, газет-журналдардың уақытында оқырмандар қолына тимейтін оқиғалары кездеседі. Ал бөлімшелерге тіптен кешігіп барады. Сондықтан осы кемшілікті жолға қоюымыз керек.

Телекоммуникация саласына келсек, селолық округ бойынша 201 байланыс нүктесі жұмыс істеп тұр. Бірақ цифрлық жүйедегі ақауларға байланысты Ақбай-Қызылбай ауылымен байланыс жиі үзіледі. Осы жұмысқа жауапты телефонис барлық кінәні аудандық мекемеге аудара бермей, өзінің де бастама көтеріп, жұмыс істегені дұрыс деп есептеймін.

Қоғамдық ұйымдар ауылдың қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып жатыр. Отбасы шырқының бұзылмауы, мал бағыны, санитарлық-тазалық жұмыстары ақсақалдар кеңесі мен әкімдік арасындағы тығыз байланыс арқасында дұрыс жолға қойылған. Олардың бастамасымен көктемде село жанындағы зират темір шарбақпен қоршалды, аштық құрбандарына арналған ескерткіш бой көтерді. Меншік мал бағыны, көшелер тазалығы назарға алынған.



жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау