Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру Қоғамдық денсаулық кафедрасы 2022 ж - Қазақстан Республикасында акушерлік көмек көрсетудің мақсаты, міндеттері, функциялары, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығымен бекітілген акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде айқындалған.
Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары: жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ұрпақты болу денсаулығын сақтау мақсатында жаңа туған балалар мен ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету; медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін тиімді жүйе құру болып табылады. - Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары: жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ұрпақты болу денсаулығын сақтау мақсатында жаңа туған балалар мен ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету; медициналық көмектің қолжетімділігін және медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін тиімді жүйе құру болып табылады.
Акушерлік көмек көрсету мынадай нысандарда жүзеге асырылады: - амбулаториялық-емханалық көмек көрсетутәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді көздейтін: бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі-МСАК);
- консультациялық диагностикалық көмек (бұдан әрі-КДК);стационарды алмастыратын көмек (медициналық бақылауды және емдеуді көздейтін, тәулік бойы медициналық бақылауды және емдеуді талап етпейтін жағдайларда);
- стационарлық көмек (тәулік бойы медициналық бақылауды және емдеуді қамтамасыз ететін жағдайларда);
- жедел медициналық көмек;
- санитарлық авиация.
- Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі МҰ-ға мыналар жатады:
- медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттер; МСАК Денсаулық сақтау ұйымдарының құрамындағы акушерлік-гинекологиялық бөлімшелер (кабинеттер), оның ішінде дәрігерлік амбулатория құрамында (отбасылық денсаулық орталығы),
- Жастар денсаулық орталықтарының, емхананың (ауылдық, аудандық, қалалық) мамандандырылған көмек бөлімшелерінің, оның ішінде консультациялық-диагностикалық орталықтардың (қалалық, облыстық) құрамында КДК бар.
- Стационарлық деңгейдегі МҰ-ға: Республикалық маңызы бар қаладағы және Астанадағы, сондай-ақ Қызмет көрсетілетін халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалалардағы перинаталдық орталықтар (көп бейінді стационарлар жанындағы босандыру бөлімшелері); республикалық денсаулық сақтау ұйымдары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |