туындау мүмкіндігін алдын ала білуі тиіс немесе оны білуге
мүмкіндігі болған, алайда оның алдын алуға қатысты шаралар
қолданбаған кезде орын алады.
Материалдық зиян жұмыс беруші мен қызметкердің бірдей
кінəсімен де келтірілуі мүмкін. Қызметкер өзіне сеніп тапсырылған
мүліктің сақталуына тиісінше қарамаған жəне жұмыс беруші
аталған мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қатысты шаралар
қолданбаған жағдайда аралас кінə орын алады.
4) Қызметкердің құқыққа қайшы əрекеті мен келтірілген
зиянның арасындағы себепті байланыс. Қызметкердің құқыққа
қайшы əрекеті немесе əрекетсіздігі дəл осы тұлға зиян келтірген
жағдайда ғана материалдық жауапкершілікті өтеудің міндетті
шарты болып табылады. Қызметкердің əрекеті (əрекетсіздігі) мен
келтірілген зиянның арасында себепті байланыстың болмауы бұл
тұлғаны материалдық жауапекршілікке тарту мүмкіндігін жояды.
Сондықтан, қызметкердің зиян келтірудегі кінəсі туралы мəселені
шешпестен бұрын, біріншіден, əрекет (əрекетсіздік) пен нəтиженің
арасындағы себепті байланысты анықтау, екіншіден, келтірілген
зиянның нақты осы əрекеттің (əрекетсіздіктің) тікелей салы болып
табылатынын немесе оның басқа жағдайлардың салдарынан
туындағанын анықтау қажет.
Қызметкердің материалдық жауапкершілігінің туындауының
міндетті шарттары осындай. Аталған шарттардың кем дегенде
біреуі болмаса, материалдық жауапкершілік туындамайды.
Жалпы ереже бойынша, қызметкердің материалдық зиян
келтірудегі кінəсін дəлелдеу міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.
Қызметкер өзіне сеніп тапсырылған ақшалай немесе материалдық
құндылықтардың жетіспеушілігі үшін жазбаша шарттың немесе
арнайы
қаулылардың
негізінде
толық
материалдық
жауапкершілікте болатын кездерде ғана дəлелдеу міндеті жұмыс
берушіге жүктелмейді. Мұндай жағдайда, егер қызметкер өзін
кінəсіз деп санаса, материалдық зиянды келтіруде өзінің кінəсі жоқ
екендігін дəлелдеуі тиіс.
Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілігі.
Толық материалдық жауапкершілік қызметкердің зиянды қандай да
бір шекке қарамастан толық мөлшерде өтеу міндетін білдіреді. Бұл
жауапкершілік тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана
туындайды. Заңдарға сəйкес қызметкерлер өздерінің кінəсінен
жұмыс берушіге келтірілген зиянды мына жағдайларда толық
мөлшерде өтейді:
- қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қызметкерге
берілген мүлік пен басқа да құндылықтардың сақталуын
қамтамасыз етпегені үшін өзіне толық материалдық жауапкершілік
алу туралы жазбаша шарт жасалған;
- заңдарға сəйкес қызметкерге еңбек міндеттерін орындау
кезінде жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін толық
жауапкершілік жүктелген;
- қызметкер мүлік пен басқа да құндылықтарды бір жолғы
сенімхатпен немесе басқа бір жолғы құжаттар бойынша есеп беруге
алған;
- қызметкер зиянды алкогольдік, нашақорлық немесе
уытқұмарлық мас болу жағдайында келтірген;
-
зиян
материалдардың,
жартылай
фабрикаттардың,
бұйымдардың (өнімдердің), соның ішінде оларды дайындау
кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға берген
құрал-саймандардың, өлшеу аспаптардың, арнаулы киім мен
басқа да заттардың жеткіліксіздігінен, қасақана жойылуынан
немесе қасақана бүлдірілуінен келтірілген;
- зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан
келтірілген;
- зиян қызметкердің қылмыстық тəртіппен қудаланатын
əрекеттердің белгісі бар іс-əрекеттерінен келтірілген жағдайларда
(ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 91-бабы).
Толық материалдық жауапекршілік кезінде келтірілген зиян
қызметкердің жалақысына қандай да бір байланыспен қандай да бір
шекпен шектеусіз толығымен өтеледі.
Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілікте болатын
жоғарыда аталған жағдайлар осымен шектеледі.
Аталған тізімге қоса, қызметкерлердің белгілі бір санаттары
толық материалдық жауапекршілік туралы жазбаша шарттардың
негізінде толық материалдық жауапкершілікте болады. Бұл шарт
бойынша қызметкер өзіне сақтауға немесе өзге де мақсаттарға тапсырылған
мүлікті жəне өзге де құндылықтарды сақтай алмаумен байланысты
зиянды толығымен өтеу міндетін алады, ал жұмыс беруші
қызметкерге қалыпты еңбек жағдайларын жəне өндірістік ортаны
жасауға, қызметкерге сеніп тапсырылған құндылықтарды сақтау
үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Егер жұмыс беруші қалыпты жұмыс үшін жəне қызметкерге
сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың толығымен
сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасамаса,
онда бұл материалдық жауапты тұлғаның жауапкершілігінің
мөлшерінің азаюына əкеледі.
14 Т А Р А У
ЕҢБЕК ТƏРТІБІ
Еңбек тəртібінің түсінігі. Бірлескен қызметпен айналысатын
кез келген адамдар тобы өз қызметінің жəне жүріс-тұрыстарының
үйлесуін жəне олардың белгілі бір тəртіпке бағынуын қажет етеді.
Əрекеттердің, мүдделердің жəне жүріс-тұрыстардың үйлесуі
адамдардың өндіріс үшін, материалдық жəне рухани игіліктерді
бөлісу үшін бірігуі кезінде ерекше мəнге ие болады.
Еңбек қызметінің барысына еңбек қатынастарының екі тарапы
қатысатыны белгілі, сондықтан да, еңбек қызметіндегі жүріс-тұрыс
ережелерін екі жақ та орындауы тиіс.
Сол себепті де, қызметкердің негізгі міндеттерінің бірі болып
еңбек тəртібінің талаптарын, яғни, еңбек қызметі барысындағы өзі
үшін міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орындау табылады. Егер
нақты атайтын болсақ, қызметкердің міндеттеріне мыналар
жатады:
- еңбек функцияларын (яғни, нақты бір мамандық, біліктілік,
лауазым бойынша жұмысын) мұқият орындау;
- ішкі еңбек тəртібіне бағыну;
- жұмыс берушінің бұйрықтарын (өзі үшін міндетті) орындау;
Алайда, жұмысшылардың еңбек тəртібін орындауының
маңызды алғышарты болып еңбек үрдісін ұтымды ұйымдастыру,
яғни жұмыс беруші қызметкерлердің еңбегін ұтымды жəне дұрыс
ұйымдастыру қажет. Ол үшін жұмыс беруші:
- қызметкерге еңбек ақысын төлеу қажет;
- еңбек туралы заңдарда, ұжымдық шартта жəне тараптардың
келісімінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажет.
Сондықтан да, еңбек тəртібі дегеніміз – ол екі жақты процесс
жəне оның жүзеге асырылуы екі тараптың да жүріс-тұрысына
тікелей тəуелді. Яғни, еңбек тəртібі жұмыс берушінің белгілі бір
жүріс-тұрыс ережелерін бекіту құқығын ғана емес, сонымен қатар,
қызметкерге қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету міндетін де
қамтиды. Осындай жағдайда ғана қызметкерден жақсы нəтиже
күтуге болады.
Сонымен, еңбек тəртібі – бұл жұмыс берушінің қызметкерлерге
өз еңбек функияларын мейлінше тиімді орындауы үшін жағдай
жасау міндеті, əрі қызметкердің мемлекет актілерінде жəне
Достарыңызбен бөлісу: |