Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет65/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   134

3) кəсіпорынның кінəсі. 

Бұл  жағдайда  құқыққа  қайшылық  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз  етпеуді  білдіреді.  Құқыққа  қайшы  болып  нəтижесінде 

денсаулықтың денсаулығына зақым əкелген əрекет те, əрекетсіздік 

те танылуы мүмкін. 

Себепті  байланыс  қызметкерге  келтірілген  зиянның  жұмыс 

берушінің құқыққа қайшы əрекетінің (əрекетсіздігінің) нəтижесінде 

туындауын білдіреді. 

Кəсіпорынның  кінəсі  жəбірленген  тұлғаға  қауіпсіз  еңбек 

жағдайларын  қамтамасыз  етпеген  оның  қызметкерлерінің  кінəсін 

білдіреді. 

Зиянды  өтеу  туралы  өтініші  еңбек  жарақытымен  келтірілген 

зиян үшін жауапкершілікте болатын жұмыс берушіге беріледі. Егер 

жəбірленуші жұмысты  қоса атқарған ұйымда оның денсаулығына 

зиян келтірілсе, онда өтініші осы ұйымның басшылығына беріледі. 

Ұйым  қайта  ұйымдастырылған  (қосылған,  біріккен,  бөлінген, 

бөлініп  шыққан,  қайта  құрылған)  жағдайда  өтініш  оның  құқық 

мирасқорына беріледі. 

Жұмыс  беруші  бұл  өтінішті  қарауға  жəне  оны  барлық  қажетті 

құжаттарымен  қабылдаған  немесе  қосымша  құжаттар  түскен 

күннен  бастап 10 күннен  кешіктірмей  оған  қатысты  шешім 

қабылдауы  тиіс.  Зиянды  өтеу  туралы  шешім  жұмыс  берушінің 

бұйрығымен  ресімделеді.  Бұйрық  негізделген  болуы  тиіс,  мұнда 

зиянның  кімге  өтелетіні,  зиянның  отбасының  əрбір  мүшесіне 

шаққандағы  мөлшері  жəне  оны  төлеу  мерзімдері  көрсетіледі. 

Жұмыс  берушінің  зиянды  өтеу  туралы  бұйрығының  көшірмесі 

немесе негізделген жазбаша бас тарту мүдделі азаматтарға барлық 

қажетті құжаттарымен өтініш берілген күннен бастап он күн ішінде 

ұсынылады.  Өтінішті  қарауды  немесе  бұйрықтың  көшірмесін 

белгіленген  мерзімде  беруді  кешіктіру  зиянды  өтеуден  бас  тарту 

ретінде қарастырылады. 

Жұмыс берушінің шешімімен келіспеген жағдайда жəбірленген 

қызметкер немесе өзге де мүдделі тұлға бұл шешімді сот тəртібімен 

шағымдау  құқығына  ие.  Жəбірленген  тұлғаның  зиянды  өтеуге 

қатысты  шағымдану  құқығы  ескіру  мерзімімен  шектелмеген. 

Алайда,  жəбірленген  тұлға  еңбекке  қабілетінен  айырылғаннан 

кейін  үш  жыл  өткен  соң  зиянды  өтеуге  қатысты  шағымданса, 

зиянды өтеу шағымданған күннен бастап жүзеге асырылады. 




Зиянды  өтеуге  қатысты  төлемдерді  жұмыс  беруші,  оның 

құқықмирасқоры,  ал  олар  болмаған  жағдайда – төленуге  тиіс 

соманы капиталдандыруға тиіс орган жүзеге асырады. 

Қызметкердің  материалдық  жауапкершілігі.  Жауапкер-

шіліктің негіздері жəне жағдайлары. Қызметкердің материалдық 

жауапкершілігі  өзімен  бірге  еңбек  құқығы  қатынастарының 

қатысушысы  болып  табылатын  жұмыс  берушіге  өзінің  кінəсімен 

келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетінен тұрады. Қызметкердің 

материалдық жауапкершілігі келесі шарттар бір мезетте орын алған 

жағдайда туындайды: 

1)  жұмыс  берушіге  келтірілген  шынайы  зиян.  Тікелей  шынайы 

зиян ретінде қолдағы, шынайы мүлікке оны (немесе оның бөлігін) 

жоғалту,  өз  бетімен  иемденіп  алу,  нашарлату,  бүлдіру,  құнын 

төмендету  арқлылы  келтірілген  зиян  түсініледі.  Бұлардың 

нəтижесінде  жұмыс беруші мүлікті немесе өзге де құндылықтарды 

сатып  алу,  қалпына  келтіру  үшін  шығындарға  батады  немесе 

қызметкердің кінəсі бойынша басқа субъектіге (жеке немесе заңды 

тұлғаға) артық төлемдер төленеді. 

Азаматтық  құқыққа  қарағанда  еңбек  құқығында  тек  тікелей 

шынайы  зиян  ғана  өтелуге  жатады.  Қолданыстағы  еңбек  заңдары 

ұйым  алуы  мүмкін,  алайда  қызметкердің  қате  əрекеттері 

салдарынан ала алмаған табысты өтетуге тыйым салады. Мысалы, 

жұмысқа  бүкіл  жұмыс  күнінде  станоктың  тоқтап  тұруына 

байланысты  дəлелсіз  себептермен  келмеген  қызметкерді  зиянды 

өтетуге  тартуға  болмайды.  Мұндай  қызметкерге  тəртіптік  немесе 

қоғамдық əсер ету шаралары қолданылуы мүмкін. 

Ақшалай  нысанда  көрініс  тапқан  зиян  шығын  деп  аталады. 

Шынайы  зиянды  (тікелей  шығындарды)  жалған  зияннан  (жалған 

шығындардан)  ажырата  білген  жөн.  Мүліктің  шынайы  азаюы 

немесе  нашарлауы  шын  мəнінде  болмаса  да,  материалдық 

құндылықтарды  бухгалтерлік  мəліметтер  бойынша  дұрыс 

құжаттық ресімдемеу салдарынан жетіпсеушілік анықталса, жалған 

зиян орын алады. 

2) Нəтижесінде зиян келтірілген əрекеттің құқыққа қайшылығы 

(мысалы,  құрылыс  материалдарын  ұрлау)  немесе  əрекетсіздіктің 

құқыққа  қайшылығы  (мысалы,  жанармайды  асыра  жұмсаудың 

алдын алуға қатысты шаралар қолданбау), яғни қызметкердің өзіне 

жүктелген еңбек міндеттерін бұзуы. 



Құқыққа  қайшы  ретінде  қызметкердің  еңбек  тəртібін  сақтау 

жəне  ұйымның  мүлкіне  ұқыптылықпен  қарау  міндетін  бұзудан 

көрініс табатын кез-келген жүріс-тұрыс танылады. 

Қызметкердің  жүріс-тұрысының  құқыққа  қайшылығының 

дəлелі  қызметін  мүліктің  бүлінгені,  жоғалғаны  немесе  бұзылғаны 

туралы 


актілер, 

түсіндірмелер, 

құзыретті 

органдардың 

хабарламалары  жəне  өзге  де  құжаттар  атқарады.  Қызметкердің 

жүріс-тұрысының  құқыққа  қайшылығының  даусыз  дəлелі  болып 

оны  қылмыстық  немесе  əкімшілік  жауапкершілікке  тарту 

табылады. 

Алайда,  зиян  құқыққа  сай  əрекеттермен  де  келтірілуі  мүмкін. 

Келтірілген  зиян  үшін  мүліктік  жауапкершілікті  туындатпайтын 

құқыққа  сай  əрекеттерге  үлкен  зиянның  туындауын  алдын  алу 

қажеттігі  жағдайында  жасалған  əрекеттер,  сонымен  қатар  аса 

қажеттілік жағдайында немесе тойтарылмас күштердің салдарынан 

жасалған əрекеттер жатады. 

4)  Қызметкердің  зиянды  келтірудегі  кінəсі.  Зиян  қызметкердің 

кінəсімен 

келтірілген 

жағдайда 

ғана 

оған 


материалдық 

жауапкершілік  жүктеледі.  Зиянды  келтіруші  тұлғаның  өз 

əрекеттерінің  салдарын  алдын  ала  білуінен  немесе  білу 

мүмкіндігінің  болуынан,  сонымен  қатар  оның өзінің жасаған əрекетіне 

қатынасынан  кінəнің  материалдық  жауапкершіліктің  шарты  ретіндегі 

ерекшелігі  көрініс  табады.  Қызметкердің  қасақана  немесе 

абайсызда  істеген  құқыққа  қайшы  əрекеті  кінəлі  болып  танылады. 

Кінəнің екі нысанын ажыратуға болады: қасақаналық (тікелей немесе 

жанама)  жəне  абайсыздық  (менмендік  немесе  немқұрайдылық).  Кінəнің 

нысандары  қызметкердің  материалдық  жауапкершілігінің  түріне 

жəне мөлшеріне əсер етеді. 

Материалдық  жауапкершіліктің  мөлшерін  дұрыс  анықтау  үшін 

құқыққа қайшы əрекетімен немесе əрекетсіздігімен зиян келтірген 

қызметкердің  кінəлілігінің  дəрежесін  мұқият  жəне  жан-жақты 

анықтау  қажет.  Қызметкер  өз  жүріс-тұрысының  құқыққа  қайшы 

екендігін  түсінген,  оның  зиянды  салдарын  алдын  ала  білген  жəне 

олардың  туындауын  қалаған  (мысалы,  ұрлық,  тонау  жағдайлары) 

кезде тікелей қасақаналық көрініс табады. Қызметкер өз əрекетінің 

құқыққа  қайшы  екенін  түсініп,  зиян  туу  мүмкіндігін  алдын  ала 

білген,  алайда  оның  туындауына  саналы  түрде  жол  берген  немесе 

оған  немқұрайдылықпен  қараған  жағдайда  жанама  қасақаналық 

орын алады. Абайсыздық нысанындағы зиян кінəлі тұлға зиянның 




жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау