Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет20/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134

ұжымы  мүшелерінің  жауапкершілігі;  басқа  да  еңбек  жəне 

əлеуметтік-экономикалық мəселелер жөніндегі ережелер. 

Ұжымдық  шарттар  қолданыстағы  заңнаманың  негізінде 

бекітіледі  жəне  олар  қызметкерлердің  құқықтарын  шектемеуі 

немесе  еңбек  жағдайын  нашарлатпауы,  əлеуметтік  кепілдіктерді 

бұзбауы  тиіс.  Сол  себепті,  ұжымдық  шарттарға  заңнамаға  қайшы, 

еңбек жағдайын нашарлататын жəне əлеуметтік кепілдіктерді бұза 

отырып  енгізілген  ережелер  жарамсыз  деп  танылады.  Мұндай 

жағдайларда  ұжымдық  шарттың  емес,  қолданыстағы  заңнаманың 

нормалары қолданылады. 

Əдетте, 

ұжымдық 


шарттарда 

мынадай 


мəселелер 

қарастырылады:  еңбекті  ұйымдастыру  жəне  жалақы  төлеу 

мəселелері; 

тарифтік 

ставкалардың 

жəне 


лауазымдық 

жалақылардың  мөлшері;  инфляцияның  нəтижесінде  қызметкерге 

төленетін  өтемақының  мөлшері;  қызметкерлерді  сақтандыру 

мəселелері; 

өндірістің 

уақытша 


тоқтатылуы 

жағдайында 

қызметкерді  қорғау  шаралары,  зейнеткерлерге,  көпбалалы 

отбасыларға  қосымша  жеңілдіктер  жасау  жəне  көмек  көрсету; 

еңбек  жəне  тұрмыс  жағдайы;  еңбек  ұжымы  мүшелерінің  еңбек 

жəне өндірістік тəртіпті сақтауға қатысты жауапкершілігі жəне т.б. 

Ұжымдық  шартта  осы  шарттың  əрекет  ету  күшінің  мерзімі,  оның 

орындалуына  бақылау,  шарттың  ережелерін  орындамағаны  үшін 

жауапкершілік, шартқа толықтырулар мен өзгертулер енгізу тəртібі 

де  анықталады.  Еңбек  заңнамасының жалпы  нормалары  ұжымдық 

шарттан көрініс таппауы да мүмкін. 

Ұжымдық  шартты  бекітудің  тəртібі.  Ұжымдық  шартты 

бекітуге кез келген тарап ниет білдіруі мүмкін. Шартты бекітудегі 

алғашқы  кезең  болып  келіссөздер  табылады.  Бұл  кезеңде  жұмыс 

беруші  мен  қызметкердің  өкілдері  жəне  олардың  өкілеттіктері 

анықталады.  Өкілеттіктер  белгіленген  соң  ұжымдық  келіссөздер 

тағайындалады.  Тараптардың  кез  келгені  екінші  тарапты 

келіссөздердің  басталғаны  туралы  жазбаша  түрде  хабарландыра 

алады.  Бұл  жағдайда  екінші  тарап  келіссөздерден,  ережелерді 

белгілеуден жəне шартқа қол қоюдан бас тарта алмайды. Жазбаша 

хабарлама  алған  соң  сол  хабарламада  көзделген  мерзімге  дейін 

келіссөздер жүргізіледі. 

Келіссөздер  жүргізу  жəне  ұжымдық  шартты  жасау  кезінде 

екіжақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамына жұмыс 

беруші  мен  қызметкер  тарапынан  саны  жағынан  бірдей  өкілдер 




кіреді.  Комиссия  шартқа  енгізетін  ережелерді  анықтайды. 

Комиссияның  барлық  шешімдері  хаттамамен  рəсімделеді  жəне 

оларға  комиссия  мүшелері  қол  қояды.  Комиссияның  қызметі 

кезінде оның мүшелері негізгі жұмыс орындарынан босатылады, ал 

комиссиядағы  жұмыс  уақыты  тиісінше  төленеді.  Бұл  кезеңде 

қызметкерлердің  өкілдерін  тəртіптік  жауаптылыққа  тартуға,  басқа 

жұмысқа  ауыстыруға  жəне  жұмыс  берушінің  бастамасымен 

қызметінен босатуға болмайды. 

Келіссөздердің  нəтижесінде  ұжымдық  шарттың  жобасы 

жасалады.  Бұл  жобаны  ұйымның  немесе  кəсіпорынның 

қызметкерлері  міндетті  түрде  талқылауы  тиіс.  Шарт  жобасын 

талқылау  нысандарын  қызметкерлердің  өздері  анықтайды. 

Ескертулерді  ескере  отырып,  комиссия  шарт  жобасын  қайтадан 

қарайды  жəне  өзара  келісімге  келген  жағдайда  ұжымдық  шарт 

кемінде 2 дана  болып  жасалып,  оларға  тараптардың  өкілетті 

өкілдері қол қояды. 

Ұжымдық  шарт  қол  қойылған  күннен  не  шартта  белгіленген 

күннен  бастап  күшіне  енеді.  Ұжымдық  шарт  ұзақтығы  бойынша 

қысқа  мерзімді  (бір  жылға  дейінгі)  жəне  ұзақ  мерзімді  болуы 

мүмкін.  Шарттың  əрекет  ету  мерзімін  тараптардың  өздері 

анықтайды. 

Шарттың 


ережелері 

ұжымдық 


шартқа 

қол 


қойған 

қызметкерлерге таралады. Қызметкер жұмысқа кірген кезде жұмыс 

беруші  оны  осы  кəсіпорындағы  ұжымдық  шарттың  ережелерімен 

таныстыруға міндетті. 

Ұжымдық  шарттың  тараптары  шарттың  орындалуы  үшін 

барлық  қажетті  шаралар  мен  барлық  жағдайларды  қамтамасыз 

етуге міндетті. Тараптардың өкілдері ұйым басшысынан ұжымдық 

шарт  ережелерінің  орындалу  барысы  туралы  қажетті  ақпаратты 

талап етуге құқылы. 

Кəсіпорынның  (ұйымның)  басқару  органының  құрамы, 

құрылымы  өзгерген  жағдайда,  ұжымдық  шарт  өз  күшінде  қалады 

жəне  жаңа  ұжымдық  шарт  қабылданғанға  дейін  əрекет  етеді. 

Ұйымның  меншік  иесі  ауысқан  жағдайда  ұйымдық  шарттың 

қолданылуы  үш  ай  бойы  сақталады.  Осы  кезеңде  тараптар  жаңа 

ұжымдық  шарт  жасасу  немесе  қолданылып  жүрген  шарттың 

сақталуы,  өзгертілуі  жəне  толықтырылуы  туралы  келіссөздер 

бастауға  құқылы.  Ұйым  таратылған  жəне  ол  банкрот  деп 

жарияланған  жағдайда  тарату  немесе  банкроттық  туралы  тиісті 




шешім қабылданған кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы 

тоқтатылады (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңның 35-бабы). 

Ұжымдық  шарттың  ережелерін  орындауды  қамтамасыз  ету 

мақсатында  тараптардың  міндеттемелерді  бұзуға  қатысты 

жауапкершілігі  белгіленген.  Ұжымдық  шарттың  ережелерін 

орындамағаны  үшін  кəсіподақтық  орган  өз  мүшелерінің 

алдында  моральдық  жауапкершілікте болады. Ұжымдық шарт 

бойынша  міндеттемелерді  орындамағаны  үшін  материалдық 

жауапкершілік кəсіподақтық органға жүктелмейді. 

Ұжымдық  шарттың  ережелерін  орындамағаны  үшін  жекелеген 

қызметкерлер  еңбек  ұжымының  алдында  қоғамдық,  моральдық 

жауапкершілікте  болады.  Мұндай  қызметкерлердің  жүріс-тұрысы 

ұжымның жалпы жиналысында талқылануы мүмкін. 

Ұжымдық  шарттың  ережелерін  бұзғаны  үшін  жұмыс  беруші 

заңды  жауапкершілікке  тартылады.  Бұны  мына  жағдаймен 

түсіндіруге  болады:  ұжымдық  шарт  бойынша  міндеттемелер 

жұмыс беруші үшін құқықтық сипатқа ие болады, оларды бұзғаны 

үшін  келесідей  тиісті  заңды  жауапкершіліктер  туындайды: 

тəртіптік,  əкімшілік,  ал  жекелеген  жағдайларда,  қылмыстық 

жауапкершілік. 



Қазақстан  Республикасының 1992 жылғы 4-шілдедегі 

«Ұжымдық шарттар туралы» заңының 10-бабы 

Тараптарды 

білдіретін 

адамдардың 

келіссөздерге 

қатысудан, ұжымдық шартты əзірлеуден, жасасудан, өзгерістер 

мен толықтырулардан жалтаруы, олардың келіссөздер жүргізу 

мерзімдерін  бұзуы  немесе  тиісті  комиссиялардың  жұмысын 

қамтамасыз етпеуі бір мың сомға дейінгі мөлшерде айыппұлға 

əкеп соқтырады. Осы Заңмен көзделген айыппұлды салу Қазақ 

КСР  Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексімен 

белгіленген тəртіпте жүргізіледі. 

Байқап  отырғанымыздай,  бұл бап ұжымдық шартқа қатысты  келіс-

сөздерге,  оны  дайындауға,  жасасуға,  өзгертуге  жəне  толықтыруға 

қатысудан  жалтарғаны,  олардың  келіссөздерді  жүргізу  мерзімін 

өткізіп  алғаны  жəне  тиісті  комиссиялардың  жұмысын  қамтамасыз 

етпегені  үшін  ұжымдық  шарт  тараптарының  жауапкершілігін 

көздейді.    



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау