ететін ұйымдарда) epeyілді тиісті қызметтердің жергілікті
атқарушы органмен алдын-ала келісім негізінде анықталатын,
халықтың өмip сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейі
сақталатын жағдайда ғана өткізуге болады.
17 бап. Ереуілге қатысудың салдарлары
1. Ереуілдерге қатысу (осы Заңның 14 жəне 16 баптарында
көзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердің еңбек тəртібін
бұзуы ретінде қаралмайды жəне бұған қолданылып жүрген
заңдарда көзделген тəртіптік ықпал ету шараларын қолдануға
болмайды.
2. Ереуіл өткізілген уақытта қызметкердің жұмыс орны
(лауазымы), əлеуметтік сақтандыру жөніндегі жəрдемақы алу
құқығы, еңбек стажы сақталады, сондай-ақ еңбек қатынастарынан
туындайтын басқа да құқықтарына кепілдік беріледі.
Ереуіл өткізілген уақытта оған қатысқан қызметкерлердің
жалақысы сақталмайды.
3. Еңбек ұжымы немесе кəсіподақ ерікті жарналар мен
қайырмалдықтар есебінен epeyіл қорын немесе арнайы сақтық
қорын жасауға құқылы.
4. Ереуілге қатыспаған, бірақ epeyiлгe байланысты өз жұмысын
орындауға мүмкіндігі болмаған қызметкерлердің орташа жалақысы
қызметкердің кінəсіне қатысты емес бос қарап тұру ретінде,
заңдарда белгіленгеннен төмен емес мөлшерде сақталады.
18 бап. Жұмыс берушінің ұжымдық еңбек даулары туралы
заңдарды бұзған үшін жауапкершілігі
1. Бітістіру комиссиясына, еңбек төрелігіне қатысудан
жалтаратын
немесе
бітістіру
органдарының
шешімдері
орындалуының кешіктірілуіне кінəлі жұмыс берушіге сот
тəртібімен айыппұл салынады.
2. Бітістіру рəсімінің нəтижесінде қол жеткен келісім бойынша
міндеттемелердің орындалмағаны үшін немесе ұжымдық еңбек
даулары жөніндегі сот шешімінің орындалмағаны үшін кінəлі
жұмыс берушіге айыппұл салынады.
3. Кəсіподақтың, қызметкерлердің басқа да өкілді органының
талап етуі бойынша меншік иесі ұжымдық еңбек дауының
туындауына кінəлі басшыларға қызметінен босатуға дейінгі ықпал
ету шараларын қолдануға құқылы.
4. Осы бапта көзделген айыппұл салу туралы шешім Қазақ KCP-
інің əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген
тəртіппен қабылданады.
19 бап. Заңсыз ереуілдер үшін жауапкершілік
1. Сот заңсыз деп таныған epeyiлді ұйымдастыру немесе оған
қатысу еңбек тəртібін бұзушылық деп саналады жəне заңдарда
көзделген тəртіптік жазалау шараларының қолданылуына əкеп
соғады.
2. Күштеу немесе күш қолданамыз деп қоқан-лоқы жасау
apқылы ереуілге қатысуға мəжбүр ететін адамдарға заңдарға сəйкес
қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.
3. Жұмыс берушіге, басқа ұйымдарға немесе азаматтарға келтірілген
зиянды, сондай-ақ ұйымның өзі шеккен залалды өтеу сот
тəртібімен жүргізіледі.
4. Заңсыз ереуіл кəсіподақтың бастамасы бойынша өткізілген
жағдайда зиян сот белгілейтін мөлшерде оның қаржысы есебінен
өтеледі.
KƏCІПTIK ОДАҚТАР ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 9 cəyip
1995 жылғы 5 қазандағы №2489 өзгертулер жəне
толықтыруларымен
1 Т А Р А У
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 бап. Қазақстан Республикасындағы кəсіптік одақтар
Қазақстан Республикасындағы кəсіптік одақтар (кəсіподақтар)
— дербес, тіркелген жеке мүшелігi бар қоғамдық бірлестіктер,
оларды азаматтар өздерінің кəсіптік мүдделерінің ортақтығы
негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да əлеуметтік-
экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек
жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін epiктi түрде құрады.
2 бап. Кəсіптік одақтар туралы заңдар
Kəciптік одақтардың қызметі Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, осы Заңмен жəне Қазақстан Республикасының
өзге де заң актілерімен реттеледі.
3 бап. Осы Заңның жекелеген салаларда қолданылу
ерекшеліктері
Қарулы Күштерде, ішкі, шекара, темір жол əскерлерінде, басқа
да əскери құрамаларда, ішкi icтep, ұлттық қауіпсіздік органдарында
осы Заңның қолданылу ерекшеліктері осы құрамалаp туралы
заңдармен белгіленеді.
Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасында тұрып,
жұмыс істейтін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға
қолданылады, сондай-ақ республикадан тыс жерде іссапар
тəртібімен
жұмыс
істейтін
Қазақстан
Республикасының
азаматтарына да қолданылуы мүмкін.
4 бап. Кəсіптік одақтар құру бостандығы
Қазақстан Республикасының азаматтары кəсіптік одақтарға
бірігуге құқылы.
Кəсіптік одақтар өз мүшелерінің тең құқылығы негізінде
құрылады. Бip кəсіп (кəсіптер тобы) шеңберінде құрылатын
кəсіптік одақтардың санына шек қойылмайды.
Барлық кəсіптік дақтарға бірдей құқылық мүміндік беріледі.
Кəсіптік одақтарды құруға кедергі келтіру, сондай-ақ оның
қызметіне қарсы əрекет жасау заң бойынша қудаланады.
5 бап. Кəсіптік одақтардың құрылу принциптері мен өзара
қатынастары
Кəсіптік одақтар өндірістік-салалық принцип бойынша
құрылады. Кəсіптік одақтың ішкі құрылымы оның жарғысымен
белгіленеді.
Кəсіптік одақтар epікті негізде өндірістік (салалық), аумақтық
жəне өзге принциптер бойынша одақтардың бірлестігін құра алады,
сондай-ақ оларға кіре алады, бір-бірімен уақытша жəне тұрақты
шарттар, келісімдер жасасып, бірлескен акциялармен шаралар
өткізе алады.