Ұжымдық шарттарды жасасу жəне орындау кезінде туған
даулар заңдарға сəйкес шешіледі.
7. ҰЖЫМДЫҚ EҢБEK ДАУЛАРЫ МЕН
ЕРЕУІЛДЕР ТУРАЛЫ
Қазақстан Республнкасының Заңы 1996 жылғы
8 шілде № 20-1
Осы заң ұжымдық еңбек дауларын шешу тəртібі мен əдістерін,
сондай-ақ ереуіл жасау құқығын жүзеге асыру тəртібін реттейтін
құқықтық негіздерді белгілейді.
1 Т А Р А У
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Ұжымдық еңбек даулары — ұйымдарда еңбек жағдайларын
белгілеу мен өзгертуге жəне еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық
шарттар мен келісімдер жасасуға, оларды орындауға байланысты,
сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен
келісімдердің ережелерін қолдану мəселелері бойынша жұмыс
беруші (жұмыс берушілер бірлестігі) мен қызметкерлер ұжымдары
(қызметкерлер өкілдері) арасындағы келіспеушіліктер.
2. Жұмыс беруші — басшысы (əкімшілік) өкілі болып
табылатын
ұйым
(заңды
тұлға)
не
қызметкер
еңбек
қатынастарында тұрған жеке тұлға.
3. Жұмыс берушілер кepi — ұйымдар басшылары немесе
нормативтік құқықтық актілерге, ұйымның құрылтай құжаттарына
сəйкес
басқа
да
өкілетті
адамдар,
жұмыс
берушілер
бірлестіктерінің өкілетті органдары, жұмыс берушілер уəкілдік
берген өзге де органдар.
4. Қызметкерлер өкілдері — кəсіптік одақтар органдары жəне
өздерінің құрылтай құжаттарына сəйкес өкіл болуға уəкілдік алған
олардың бірлестіктері, ұйым, филиал, өкілдік қызметкерлерінің
жиналысында (конференциясында) құрылған жəне олар уəкілдік
берген қоғамдық ынталы органдар.
5. Бітістіру рəсімдері — ұжымдық еңбек дауын алғашында
бітістіру, комиссиясында, ал онда келісімге қол жетпеген жағдайда
— еңбек төрелігінде ретімен қарау.
6. Бітістіру комиссиясы — ұжымдық еңбек дауын тараптарды
бітістipy жолымен реттеу үшін жұмыс беруші мен еңбек ұжымы
арасындағы келісім бойынша құрылатын орган.
7. Еңбек төрелігі — бітістіру комиссиясында келісімге қол
жетпеген жағдайда, дауды шешу үшін уəкілетті тұлғаларды тарта
отырып ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар құратын,
уақытша жұмыс істейтін орган.
8. Делдал — ұжымдық еңбек дауын шешу жөнінде делдалдық
қызмет көрсету үшін оған қатысушы тараптар тартатын тұлға
немесе ұйым.
9. Epeyіл — еңбек ұжымының əлеуметтік-экономикалық жəне
кəсіптік өз талаптарының еңбек ұжымы мен жұмыс беруші
арасындағы ұжымдық еңбек дауында қанағаттандырылуы үшін
еңбек ұжымы мүшелерінің жұмысты белгілі бір мерзімге немесе
еңбек
ұжымының
талаптарын
жұмыс
беруші
қанағаттандырғанға дейінгі мерзімге толық немесе ішінара
тоқтатуы (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау)
түріндегі күрес шарасы.
2 бап. Еңбек ұжымының талаптарын рəсімдеу мен мəлімдеу
тəртібі
1. Еңбек ұжымының ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу
мен өзгерту жəне еңбекке ақы төлеу, бip жағынан, қызметкерлер
ұжымымен, екінші жағынан жұмыс беруші арасында ұжымдық
шарттар мен басқа да келісімдерді жасасу, өзгерту жəне орындау
мəселелері бойынша еңбек ұжымының талаптары жалпы
жиналыста (конференцияда) осы ұжым мүшелерінің, не
конференция делегаттарының көпшілік дауысымен жасалып,
бекітіледі.
2. Ұжым қойған талаптар жазбаша түрде баяндалып, жұмыс
берушіге жіберіледі.
3. Еңбек ұжымының мүдделерін ол уəкілеттік берген өкілдер
немесе орган білдіреді.
4. Осы баптың 1-тармағында аталған талаптарды бірнеше еңбек
ұжымдары қойған ретте, олардың мүдделерін өздері уəкілдік
берген органдар да білдіреді. Кəсіптік одақтардың салалық немесе
аумақтық органдары уəкілетті орган бола алады.
5. Ұжымдық еңбек дауларына қатысушы тараптар дауды бір-
бipiмен келісім бойынша реттеу үшін қажетті шаралар қолдануға
тиіс.
3 бап. Еңбек ұжымының талаптарын қарау
1. Жұмыс беруші еңбек ұжымы қойған талаптарды олар алынған
күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей қарап, даудың
мəні бойынша келісімге қол жеткізуге əрекет жасауға, ал аталған
мерзім ішінде келісімге қол жетпеген жағдайда дауды одан əpi
қарау үшін өз өкілдерінің жеке құрамын көрсете отырып, өзінің
шешімі мен ұсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымының
назарына жеткізуге міндетті.
2. Екі жəне одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен немесе
бірлескен талаптары жұмыс берушілердің (кəсіпкерлердің) тиісті
органдарына жіберіледі, олар осы талаптарды қарауға жəне олар
алынған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өз шешімі
туралы еңбек ұжымдарының біріккен өкілді органына хабарлауға
міндетті.
2 Т А Р А У
БІТІСТІРУ РƏСІМДЕРІ
4 бап. Еңбек ұжымының талаптарын бітістіру pəcімдepі
тəртібімен қарау
1. Бітістіру pəciмдерi тəртібімен еңбек ұжымының осы Заңның 2
бабының 1 тармағында аталған талаптары қаралады.
Жұмыс бepyшi қабылдамаған немесе ол ішінара қанағаттандырған
талаптар əуелі бітістіру комиссиясында, ал онда келісімге қол
жеткізілмеген жағдайда — еңбек төрелігінде қаралады.
2. Еңбек туралы заң актілері мен басқа да нормативтік құқықтық
актілерді қолдану (олардың орындалмауы немесе бұзылуы)
жөніндегі ұжымдық еңбек даулары тараптардың бip өкілінің
өтініші бойынша сотта қаралуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |