Ахметов А., Ахметова Г



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет114/134
Дата20.11.2017
өлшемі3,68 Mb.
#1196
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   134

кəсіподақ  мүшесі  жұмыс  берушімен  контракт  (шарт,  келісім) 

жасасқан  кезде  оған  құқықтық  жəне  консультациялық  көмек 

көрсету;  

өз  мүшелерінің  құқықтарын  жəне  заңмен  қорғалатын 

мүдделерін қорғап, coтқa жүгіну;  

ic қаралған кезде coтқa қатысу;  

өз  мүшелері  атынан  жұмыс  берушімен  кəсіподақ  мүшелерін, 

сондай-ақ еңбек ұжымының осы шартқа қатысуға қарсы емес басқа 

да мүшелерін қамтитын шарттар, келісімдер жасасу.  

өз  мүшелерінің  еңбек  ету  жəне  əлеуметтік-экономикалық 

құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  мақсатында  кəсіптік  одақтар 

қолданылып  жүрген  заңға  қайшы  келмейтін  басқа  да  əдістерді 

пайдалана алады.  

Кəсіподақ өз мүшелерінің отбасыларына да көмек көрсетеді. 

  

12  бап.  Еңбек  ұжымдарының  құқықтары  мен  мүдделерін 

қорғау 

Кəсіподақ  еңбек  ұжымының  тапсыруымен  өз  органы  арқылы 

жұмыс  берушімен  ұжымдық  шарт  жасасу  кезінде  оның  өкілі 

болып,  оның  орындалуына  бақылау  жасай  алады, coтқa  еңбек 

ұжымының  жəне  оның  жекелеген  мүшелерінің  құқықтары  мен 

мүдделерін  қорғауға  бағытталған  талаптар  қояды,  еңбек 

ұжымының  құқықтарын  жүзеге  асыруға  жəне  оларды  қорғауға 

байланысты басқа да ic- əрекетті жүзеге асырады.  

Кəсіпорынның,  оның  құрылымдық  бөлімшелерінің  таратылуы 

немесе  əкімшіліктің,  меншік  иесінің  бастамасымен  меншік  жəне 

пайдалану  түрлерінің  өзгертілуі,  өндірістің  толық  немесе  ішінара 

тоқтатылуы  жұмыс  орындарын  қысқартуға,  сондай-ақ  еңбек 

жағдайларын  нашарлатуға  əкеп  соқтыратын  болса,  олар  тиісті 

кəсіподақтарға кемінде eкi ай бұрын алдын-ала хабарлап, олармен 

еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін сақтау жөнінде келіссөз 

жүргізілген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 

  

13  бап.  Кəсіподақ  мүшелері  құқықтарының  сақталуына 

қоғамдық бақылауды жүзеге асыру  

Кəсіптік  одақтар  өз  мүшелерінің,  сондай-ақ  егер  еңбек 

ұжымының жалпы жиналысының (конференциясының) шешімімен 

өз  мүшелерінің  мүдделерін  білдіруге  кəсіподаққа  өкілдік  берілген 




болса,  оның  басқа  мүшелерінің  де  құқықтары  мен  заңды 

мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.  

Тексерулерді  жүзеге  асыру  барысында  кəсіподақтардың 

өкілдері  өз  мүшелерінің  жұмыс  орындарына  кіруге  жəне 

əкімшіліктен тиісті хабарлама алуға құқылы.  

Жұмыс  беруші  мен  оның  əкімшілігі  тарапынан  осы  мақсатта 

жүргізілетін  тексерулерге  қарсы  əрекет  жəне  кедергі  жасалуы  заң 

бойынша қудаланады.  

 

14  бап.  Жиналыстар,  митингілер,  көше  шерулерін, 

демонстрациялар, ереуілдер ұйымдастыру жəне өткізу  

Кəсіптік одақ еңбек ұжымының тапсыруымен заңда белгіленген 

тəртіп  бойынша  жиналыстар,  митингілер,  көше  шерулерін, 

демонстрациялар,  ереуілдер  жəне  басқа  акциялар  ұйымдастырады 

жəне  өткізеді,  олардың  еңбек  жағдайларын  жақсарту,  жалақыны 

арттыру,  жұмыссыздықты  азайту  жолындағы  күрес  құралы, 

еңбекшілерді  өздерінің  еңбек  құқықтары  мен  əлеуметтік-

экономикалық  мүдделерін  қорғау  жолындағы  күресті  топтастыру, 

жұмыс  берушілердің  озбырлығынан  қорғау,  кəсіподақ  мүшелерінің 

қажеттеріне  сай  келетін  əлеуметтік-экономикалық  саясат  жүргізу 

мақсатымен  мемлекеттік  органдарға  ықпал  ету  құралы  ретінде 

пайдаланады.  

Кəсіподақтар  бірлескен  қарсылық  акцияларын  өткізу  үшін 

өздерінің  күш-жігерін  біріктіріп,  басқа  кəсіподақтармен  жəне 

еңбекшілер  топтарымен  ынтымақтастық  белгісі  ретінде  осындай 

акциялар өткізе алады. 

  

15 бап. Баспа қызметін жүзеге асыру  

Кəсіптік одақтар өздерінің баспа органдарын, баспалар ұстауға, 

радио мен теледидарды қоспағанда, басқа да бұқаралық хабарлама 

құралдарын меншіктенуге не өзгелердікін пайдалануға құқылы. 

  

16  бап.  Кəсіптік  одақтар  өз  қаражаты  жəне  сырттан 

тартылған  қаражат  есебінен  кəсіподақтардың  жарғылық 

міндеттері  мен  мақсаттарын  жүзеге  асырудан  туындайтын 

шараларды 

қаржыландыруға 

арналған 

əлеуметтік-

экономикалық мақсаттағы ақша қорларын құра алады. 

  



17  бап.  Мемлекеттің  əлеуметтік-экономикалық  саясатын 

қалыптастыруға кəсіподақтардың қатысуы  

Кəсіптік  одақтар  жұмыссыздыққа  қарсы  күрес  жəне  жұмыспен 

қамтуды  қамтамасыз  ету,  босап  қалған  қызметкерлерді  қорғау 

бағдарламаларын, күнкөріс минимумын белгілеу жəне оны сақтау, 

табыстарды 

индекстеу, 

жалақының, 

зейнетақылардың, 

стипендиялардың  жəне  жəрдемақылардың  ең  төмен  деңгейін 

арттыру  жөніндегі  шараларды  қоса  алғанда,  өз  мүшелерін 

əлеуметтік  жəне  экономикалық  жағынан  қорғау  жөніндегі 

жоспарлар  мен  бағдарламаларды  əзірлейді,  оларды  тиісті 

мемлекеттік органдарға ұсыныстар ретінде енгізеді.  

 

18 бап. Кəсіптік одақтар қызметінің кепілдігі 

Мемлекет  кəсіподақтарға  берілген  құқықтapдың  сақталуын 

қамтамасыз етеді жəне олардың жарғылық міндеттерін орындауына 

жағдай жасауға кепілдік береді.  

Кəсіподақтарды қандай да бір органдар мен ұйымдарға тікелей 

немесе  жанама  бағындыруды  немесе  оның  құқықтарын  шектеуді 

мақсат ететін, сондай-ақ кəсіподақтардың заңда жəне жарғыда (өзге 

негізгі  құжаттарда)  көзделген  қызметіне  кедергі  жасайтын  кез 

келген əрекетке тыйым салынады.  

Мемлекеттік  басқару  органдары  кəсіптік  органдарына  өз 

мүшелерінің құқықтарын қорғауға байланысты мəселелер бойынша 

хабарлама беруге міндетті. 

  

19  бап.  Сайланбалы  кəсіподақ  қызметкерлеріне  берілетін 



кепілдіктер  

Сайланбалы  кəсіподақ  қызметкерлерін,  кəсіпорын  толық 

таратылған  реттерді  қоспағанда,  əкімшіліктің  бастамасымен 

жұмыстан  шығаруға,  сондай-ақ  олар  мүшелері  болып  табылатын 

кəсіподақ opraнының  алдын-ала  келісімінсіз  тəртіптік  жазаға 

тартуға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға болмайды.  

Кəсіподақ  органдарының  құрамына  сайланған  қызметкерлерді 

сайланған  өкілеттігі  біткеннен  кейін  eкi  жыл  ішінде  əкімшіліктің 

бастамасымен  жұмыстан  шығаруға  жол  берілмейді,  бұған 

кəсіпорын  толық  таратылған  немесе  қызметкер  заң  бойынша 

жұмыстан шығарылуы мүмкін болатындай кінəлі ic-əрекет жасаған 

реттер  қосылмайды.  Мұндай  реттерде  жұмыстан  шығару  осы 

баптың бірінші бөлігінде белгіленген тəртіп бойынша жүргізіледі.  



жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   134




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау