- 1911 жылы жазған «Қазақ өкпесі» деген мақаласында: «Ата жолдасы — надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айрылатын емес. Надандықтың кесапаты əр жерде-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бəрі де надандықтың кесапаты», — деп күйіне жазған Ақаң халқын оқу-білімге, мəдениетке тартуға көп еңбек етті.
- Маса
- Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
- Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
- Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
- Дегенмен, қара яки қызыл маса.
- Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
- Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
- Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
- Қоймастан құлағына ызыңдаса?
- «Масаның» негізгі идеялық қазығы — жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу.
Достарыңызбен бөлісу: |