Бейбітгүл ӘБДІҒАППАР
Жыраулық, жыршылық өнер –
бабадан қалған асыл мұра
Газетіміздің өткен жылғы №46 (1147) (15-21 қараша, 2012 ж.) санында ақын Мыңбай Рәштің «Жыраулық дәстүр неге жалғасын таппай отыр?» деген мақаласы жарық көрген болатын. Автор бұл дүниесінде ауыздан-ауызға тарап, ғасырлар бойы тот шалмас алтындай жарқыраған жыраулық-жыршылық дәстүрдің жалғасын таба алмай отырғандығына алаңдаушылық білдірген еді.
Автордың алаңдаушылығы орынды. Ертеректе жыраулар ел өмірінде ерекше рөл атқарды. Олар қанкешті соғыстарға араласып, қаһармандық ерлік көрсетті. Ханның ақылшысына, кеңесшісіне айналды. Ал «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар», «Көрұғлы» секілді басқа да жыр жауһарларын орындаушы жыршылар сөз қорының сан алуандығымен, ділмар-шешендігімен, тіпті әнші, күйшілігімен ерекшеленген. Өкініштісі сол, жырау мен жыршылардың қатары күн санап азайып бара жатпаса, көбейіп келе жатқаны байқалмайды. Олай болса, өнердің осы ғажап түріне қолдау, қамқорлық көрсету – парыз. Аталған мақала жарық көргеннен бері редакциямызға хабарласып, көтерген мәселені қолдаушылар көп болды. Олардың ішінде әнші Ұлжан Байбосынова, ғалым Сәрсенбі Дәуітов, жазушы-ғалым Нұрдәулет Ақыш және басқалар бар. Біз бүгін көтерілген тақырыпқа орай белгілі жыршы-термеші Алмас Алматовпен жүргізілген сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Алмас АЛМАТОВ, жыршы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры
Ұлтқа ұлт тілі қымбат. Ұлт тілінің тамырын тереңге жайып, одан әрі нығайып, бекуінде жыраулық-жыршылық дәстүрдің де алар орны ерекше екенін ұмытпағанымыз абзал.
– Сіздің ойыңызша, дәстүрлі жыраулық өнер қай кезеңдерден бастау алады?
– Жыраулық дәстүрдің тарихи бастауын сонау Күлтегін, Тоныкөк, біздер айтып жүрген Орхон Енисей жазуларынан, ғылымда дәлелденіп жүрген, сына тасқа қашап жазылған Естеміс-Бұмын қағандарға арналған мадақ жырларынан аңғаруға болар. Ондағы сөз тіркестері де, ондағы мадақ та жыраудың аузынан шыққан деуге толық негіз бар. Одан кейінгі кезеңдерде өткен Қорқыт ата, Сыпыра жырау, Кетбұға, Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған, Үмбетей, Бұқар жыраулардың тізбегі жалғасады. Тек жыраулар сөзінде биік рух бар. Жыраулар елдің мұң-шерін, арман-мақсатын еш бүкпесіз, ашық айтады. Олардың азаткерлік рухы дәуірдің қыспағына бой бермеді, бастары ноқтаға сыймады.
Қазіргі таңда мені «Бай мәдени-музыкалық мұрамыздың бүгінгі қоғамда мәдени-әлеуметтік үлес салмағы бар ма, дәстүрлі орындаушылардың рухани-ағартушылық жетекші факторға айналуының жолдары қандай?» дейтін сұрақ мазалайды. Әрине, бұл мәселені шешуде көп жұмыстар атқарылып жатыр. Кешеуілдеп жатқан жұмыстарымыз одан да көп.
– Кешеуілдеп жатқан жұмыстар көп дедіңіз, ол қандай жұмыстар?
– Біз тіл туралы, дін туралы, діл туралы көп айтамыз. Ал бізге жеткен мыңжылдық мәдениет туралы айта бермейміз. Оны айтатын жыраулар, жыршылар, әншілер мен күйшілер. Біз ең әуелі рухани кеңістікті байыту үшін қоғамдағы дәстүрлі өнер өкілдерінің еліміздің жоғары оқу орындарында кәсіби білікті маман есебінде оқып, білім алуын қадағалауымыз керек. Бүгінгі күні Жетісу өңіріндегі жыршылық, жыраулық дәстүр осы өңірдегі консерваторияның және оқу орындарының арқасында дамып тұр. Демек, Маңғыстаудан, Оралдан, Ақтөбеден, Сыр бойынан, Түркістаннан, Тараздан, Алматыдан, Орталық Қазақстаннан, Өскеменнен, қара Ертістің бойындағы өнер оқу орындарынан дәстүрлі музыкалық өнер мамандығын ашу кезек күттірмейтін мәселе. Өйткені консерваториядан, Қазақ ұлттық өнер
55
университетінен және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен шығып отырған оқытушы-мамандардың бұл жұмыстарды ұйымдастыруға күш-қабілеттері жетеді. Тек ұлттық өнерге деген сол жердегі ел басқарып отырған азаматтар мен жоғары оқу орны басшыларының мың жылдық мәдени мұрамызға деген ықылас, ілтипат, құрметі ғана керек. Өкінішке қарай, былтыр Қызылорда облысының Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі жиырма екі жыл жұмыс істеген «дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы жабылып қалды. Әрине, кафедраның жабылуы арқамызға мұздай батты. Өйткені «Сыр елі – жыр елі» дейміз. «Сыр – Алаштың анасы» деп Елбасының өзі айшықтап берген мәтел сөзіне орай, біз қаншалықты жұмыс істегенімізбен, бүгінгі қиыншылықтар бұл өнердің де дамуына әзірше кең жол ашып отырған жоқ.
– Өнерді дамытуға не кедергі болып отыр?
– Бірінші мәселе – бұл мамандықтарға мемлекеттік гранттың өте аз бөлінуі, оқу ақысының шамадан тыс қымбат болуы. Қорқыт ата университетінде жұмыс істеген уақытымда соңғы үш-төрт жылда 5В040400 «дәстүрлі музыкалық өнер» (түрлері бойынша) мамандығына арнайы бөлінетін мемлекеттік грант көлемі республика бойынша 2010 жылы бесеуден, 2011 жылы сегізден асқан жоқ. Талай жастарымыз Қорқыт ата университетінде, консерваторияда, Қазақ ұлттық өнер университетінде, сол секілді Түркістандағы халықаралық Қазақ-түрік университетінде бұл кафедра бойынша мамандық алып отыр. Ал енді айналдырған бес-алты грант кімге жетеді? Топ қылып сабақ беру үшін ақылы негізде талантты балаларды шақыру керек. Ақылы негіз 400 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін. Ал өнерге кім келеді, өнерге бизнесменнің немесе саясаткердің баласы келмейді. Бизнесмен мен саясаткер баласын өнерге, оның ішінде жыр өнеріне бермейді. Өнерге келетін ауылдағы қарапайым халықтың ұлдары мен қыздары. Олардың қолында қайбір қаржы бар дейсің?! Ал біз оларға ата-бабаңның өнерін оқытамыз дейміз де 400 мың теңге ақша талап етеміз. Міне, дүниенің теріс айналып кеткен жері. Бірақ соның бәрін басқаша ойластыруға болатын еді. Мысалы, облыстық бюджеттен субсидиялап, облыс бойынша он бес балаға қаржы бөліп, ертең еңбегімен қайтаратындай тіршілік жасауымыз керек еді. Өйткені Сыр елінің өнеріне нағыз жаны ашитын Сыр елінің азаматтары ғой. Күні бүгінге дейін Маңғыстау өңіріндегі жыраулық, жыршылық дәстүрдің қайнаған тайқазаны да дәл осындай жағдайды бастан кешіп отыр. Бойында қаны бар сол елдің азаматтары алдымен осыны қолға алу керек еді. Жыраулық, жыршылық өнерді атадан балаға мирас-мұрат тұтқан талантты ұл менен қыз осының салдарынан ауыл түкпірінде қалып жүр. Міне, осындай-осындай өзекті өртейтін ащы шындық айтылмай қала береді. Сол секілді Ақтөбе облысындағы жағдай да осыған ұқсас. Бізде өнерді бағалау мен өнердің аражігі ашылмай қалуда. Бір сөзбен айтқанда, біз бар өнерімізді төрге шығара алмай отырмыз. Біздің шенеуніктеріміз «бүгін Біржанның, Кененнің әніне, Жамбылдың жырына сусайық» дегенді айта алмай отыр. Тағы бір мәселе, үлкен сахналардағы концерттерде әншінің бір шумақ пен бір қайырымды айтып тұруы. Осының салдарынан бір шумақ, бір қайырымдық әншілер пайда болды. Өйткені режиссер сценарийін солай дайындайды. «Уақытты үнемдеп жатырмын» дейді. Ал ол өнер өзінің сахнасында халықпен қауышып тұрудың орнына әркімнің босағасында жүр. Біз өстіп жүріп ұлттық өнердің киесінен айырыламыз.
– Мұндай жағдайға жеткізбеу үшін не істеуіміз керек?
– Сол үшін де біз қазақтың ұлттық өнерін, оның бүгінгі жай-күйін ақылдаса отырып, болашақта қазақ елінің рухани кеңістігіндегі даму бағыты, оның түркі халықтарының мәдениеті мен өнерінің деңгейіндегі орны төңірегінде жұмыс істеуіміз керек. Қазір мемлекетте үлкен-үлкен бағдарламалар мен жобалар іске асырылып жатыр. Мысалы, Түркі академиясының құрылуы, бұған дейін «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Дәл осы кезде дәстүрлі орындаушылармен бірлесе арнайы бағдарлама жасап, күйшілер мен әншілердің, жыраулардың барлық мұраларын экспедициялық жұмыстармен жинақтап, жүйелеу, ғылыми негіздеудің бағытын пәрменді қолға алу керек. Әр аймақта бүгінгі жыршылық дәстүрдің өкілдері бар. Өскеменде Дүйсенғазы Нығметжанов, сол секілді Маңғыстауда Жақсылық Елеусінов, Амандық Көмеков, Ұзақбай жырау, Жеткізген Сейітов. Бұлар бір ғана Маңғыстау түбегіндегі аға буындар. Даңғайыр күйші Сержан Шәкіратов, Ақтөбедегі Феруза Нарманова, Гүлмарс Аманбаева секілді өнерпаздар, Оралдағы Қатимолла Бердіғалиев ағамыздың айналасындағы өзінің шәкірттері, Сыр бойындағы бүгінгі көзі тірі абыз жыраулар Бидас Рүстембеков, Рысбек Әшімов, Құрманбек Бекпейісов сияқты үлкен-үлкен мектептің өкілдерінің ортамызда тірі жүруі біздің байлығымыз. Сол секілді мына Қаратау өңіріндегі Болатбек Ердәулетов, Аяз Бетбаев, Жармабай секілді өнер дүлдүлдерін ел біледі. Жетісу өңірінде де Төрткен апамыз бастаған Кенен Әзірбаевтың мұраларын насихаттап жүрген кісілер бар. Осы жерде айта кеткен орынды болар, Астанада жаңадан опера және балет театры пайдалануға беріліп жатыр. Енді ескі К.Байсейітова атындағы опера және балет театры «Дәстүрлі музыкалық өнер театры» болып құрылса қандай жақсы.
– Қазіргі уақытта тәрбиелеп жүрген шәкірттеріңіз бар ма?
– Сыр бойындағы шәкірттерге келсек, әрине, Құдайға шүкір бар. Біздің кафедраны бітіріп шыққан шәкіртіміз, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Байбосынова қазір консерваторияда «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі. Феруза Нарман Ақтөбедегі педагогикалық институттың жыраулар класында. Сол секілді Еуропаның әлемге танымал концерттік залдарында қазақтың жыршылық, жыраулық өнерін насихаттап жүрген Шолпан Бейімбетова, Руслан Ахметов, Серік Жақсығұловтарды атауға болады, сондай-ақ 3-курстың студенті Күнсұлу Түрікпенова халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін лауреаты. Мінеки, жас өркен өсіп келе жатыр.
– Жыраулық өнерге жастарымыздың ұмтылысы қандай?
– Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы «Халық әні» кафедрасында дәріс беріп жүрмін. Талантты жастардың жыршылық, жыраулық өнерге деген ұмтылысы жоғары. Басқа мамандықтың студенттері де біреуі домбырашы, біреуі қобызшы, біреу актерлік мамандықты оқып жүріп, жырға келеді. Жырға мамандығын тастап келіп жатқан жоқ, «белгілі бір мерзімге маған да сабақ қойыңызшы» деп келеді. Бұны көрген уақытта кеудеңді шаттық кернейді. Қазақтың ұлы мен қызының бойындағы таланты, табиғатындағы әсемдік, ашылмай тұрған ішкі мәдениеті біздің сом алтын дүниеміз. Жастарымыздың ғылымға, білімге, өнерге деген құштарлығы қуантады.
– Бүгінгі күні дәстүрлі музыкалық өнер зерттеліп жүр ме?
– Әрине, дәстүрлі музыкалық өнерімізді зерттеп жүрген ғалымдарымыз бар. Біздің университет жанында Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Оны профессор Мырзатай Жолдасбеков ағамыз басқарып отыр. Бұл институттың фольклорлық-лабораториялық орталығының басында белгілі өнертанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты Базаралы Мүптекеев деген азаматымыз отыр. Бұған дейін сол орталықтың негізін қаласақ, енді Қытай елін, Моңғолияны мекендеген қазақтардың музыкалық мұраларын жинақтауды қолға алдық. Қаратау өңірінің ақындық-жыраулық өнерін зерттеуде Елікбай Иса деген студентіміз еңбек етіп жүр. Қайрат Байбосынов ағамыз да тиісті қамқорлық көрсетіп келеді.
Түркі халықтарында жиі қолданылатын кейбір аспаптардың қазаққа да тән екендігін дәлелдеп, зерттеп жүрген азаматтарымыз жетерлік. Зерттеу жұмыстарына жастардың белсене қатысатыны қуантады.
– Әңгімеңізге рахмет!
//Ана тілі.-2013.-13 ақпан.-5б.
57
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ
Жыраулық өнерге мемлекеттік тұрғыдан қолдау қажет
Мәжілістің өткен аптадағы отырысында 18 депутат Үкіметке хат жазып, жоғары оқу орындарында жыршы-жырауларды даярлау үшін арнайы мемлекеттік грант бөлу мәселесін көтерген еді. Сондай-ақ олардың қоғамдағы рөлін айқындау керектігін айта келе, ұлттық құндылықтарымыз билік тарапынан қамқорлыққа зәру екеніне тоқталған. Біз бұл ұсыныстың астарына тереңірек үңілу мақсатында жыраулардың өзіне хабарласқан едік...
Алмас АЛМАТОВ, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– «Ұлттық мәдени мұрамызды мемлекеттік тұрғыдан қамқорлыққа алу керек» деген мәселені билік назарына халық қалаулылары бірінші рет төтесінен қойып отыр. Өйткені бұдан әрі соза берсек, қолдағы бар өнерден айырылып қалатын түріміз бар. Бұл жерде өнер дегенде біз бұралқы өнерді емес, дәстүрлі өнерді сөз қылып отырмыз. Бұралқы өнер – шетелдің бізге әкеп тықпалап жатқан даңғаза мәдениеті. Дәстүрлі өнер бабаларымыздан мың жылдық мұраға қалып, халқымызбен бірге жасасып, атадан балаға жалғасып келе жатқан ән, күй, айтыс, жыр, хисса-дастан, терме-толғауларымыз.
Қазір өкінішке қарай, көрші мемлекеттер мен Еуропаның жекелеген тұлғалары қазақтың ұлттық өнері мен дәстүрін ЮНЕСКО шеңберінде өз аттарына заңдастырып, жекешелендіріп алып жатыр. Енді ұлттық өнеріміздің басты бұлағына айналған төл мұраларымыз талан-таражға түспей тұрып, қамқорлыққа алу – мемлекетіміздің міндеті. Бірақ оны өз елімізде, өз жерімізде дамыту, насихаттау, жоғары оқу орындарында кәсіби білікті маман есебінде дайындау жұмыстары өзекті мәселеге айналып отыр. Оның басты себептері: Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарына арналған мамандықтар тізбесінің «Мәдениет және өнер» топтамасындағы 5В040400 – «Дәстүрлі музыкалық өнер»(түрлері бойынша) мамандығының дұрыс жіктеліп көрсетілмеуінде. Осы мәселе мамандық бойынша мемлекеттік білім грантын белгілеуде жаңсақтықтарға жол ашып отыр. Мысалға; 5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер» (түрлері бойынша) 2010 жылы 5 грант, 2011 жылы 7 грант, 2012 жылы 9 грант болып белгіленген. Шын мәнінде, жоғарыдағы; 5В040400 – «Дәстүрлі музыкалық өнер» түрлері бойынша; «жыр», «ән», «күй» болып жеке-жеке жіктеліп, әр өнер түрлері бойынша «бакалавр» және «магистрлік» мемлекеттік білім гранттары нақтыланып бөлінуі керек. Екінші мәселе, мамандық бойынша ақылы оқу ақысының жылына 400-500 теңге болып шамадан тыс міндеттелуі. 5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер, жыр» мамандығы бойынша Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Құрманғазы атындағы Алматы ұлттық консерваториясы және Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқу әдістемелік базасы негізінде мамандар даярлайды. Болашақта осы оқу орындарына мамандық түрлері бойынша жіктеліп, арнайы мемлекеттік білім грантын белгілесе орынды болар еді. Әр аймақтың жыршылық, жыраулық дәстүрдің мақам, саз, әуен ерекшеліктері мен кәсіби орындаушылық нұсқаларын ескере отырып, әзірше төмендегіше топтастыруға болады;
Бірінші Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Орталық және Шығыс, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау өңіріндегі: Бұхар жырау, Дулат, Шортанбай, Махамбет, Шернияз, Абыл, Нұрым, Қашаған, Мұрын, Нұрхан, Қуат, Болман, Нұрпейіс жыраулардың дәстүріндегі шәкірттер даярлау үшін: 5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер – жыр» бойынша Бакалавр – 10 грант, Магистр – 4 грант
Құрманғазы атындағы Алматы ұлттық консерваториясында – Жетісу, Қаратау, Алтай, Зайсан, Тарбағатай өңіріндегі: Сүйінбай жырау, Қабан,Сарбас,Құлманбет, Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Әсімхан, Мәделі, Майлықожа, Құлыншақ, Майкөт, Жолбарыс жыраулардың дәстүріндегі шәкірттер даярлау үшін: 5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер – жыр» бойынша Бакалавр – 10 грант, Магистр – 4 грант
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде – Сыр бойындағы жыраулық дәстүр өкілдері: Базар жырау, Бұдабай, Құлан, Оңғар, Жиенбай, Тұрымбет, Тасберген, Жаңаберген, Дәріғұл, Кәрібоз, Жәмет, Нартай, Әлібек, Рүстембек, Шәмшат, Көшеней жыраулардың дәстүріндегі шәкірттер даярлау үшін: 5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер – жыр» бойынша Бакалавр – 10 грант, Магистр – 4 грант
58
Серік ЖАҚСЫҒҰЛОВ, жыршы, республикалық байқаулардың жүлдегері:
– Дәстүрлі, ұлттық өнерімізге үлкен қолдау керек. Бүгінгі жоғары оқу орындарында дәстүрлі ән-күй, жыраулық сияқты мамандықтарға грант бөлінбейді. Білім алу ақысы өте жоғары. Кейде облыстық әкімшіліктер арқылы 400-500 мың теңгені жарым-жартылай шешкенімізбен, ауылдағы балалардың 300 мың теңгеге де жағдайлары келмейді. Соның салдарынан небір талантты студенттер оқуын тастап кетіп жатыр. Әрқайсысының отбасылық қиыншылықтары бар, бірінің әкесі жоқ, бірінің анасы қайтыс болған. Сондықтан жоғары оқу орындарында грант мәселесі дәстүрлі өнерге көбірек бөлінсе деген талап-тілегіміз бар. Рухани мұрамызды жоғалтпауымыз үшін дәстүрлі ән мен күйді, жырды қолдау керек. Мәжілісте қаралған мәселе өте күрделі. Мемлекеттік тұрғыдан қолдау жасалса, ұлттық өнерді дәріптеп жүрген барша өнерпаздар бір көтеріліп, серпіліп қалар еді.
Оқытушылар қатарын да көбейту қажет. Оқытушылардың айлықтары 40-50 мың теңгенің көлемінде. Алды алпыс мың ғана алады. Балалар оқу ақысын төлей алмаған соң, демеуші іздеп, болмаса концерт ұйымдастырып, өздері кірісіп жатады. Тығырықтан шығу үшін әр облыста оқу орны болу керек. Қазір министрлік жүз грант шығарғанымен, Алматы мен Астанадан аспай қалады. Бізге жұрнағы да тимейді. Сондықтан әр қалада оқу орнын ашып, әрқайсысына жеке-жеке өзіне тиесілі грант бөлу қажет.
Шолпан БЕЙІМБЕТОВА, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері кафедрасы:
– 20 жыл жұмыс істеген «Дәстүрлі өнер-жыр мамандығы» кафедрасы 2012 жылы қыркүйек айында жабылды. Жабылуына бірінші себеп – мемлекеттік гранттың бөлінбеуі. Екінші жағдай – оқу ақысының басқа мамандықтарға қарағанда, анағұрлым көп болуы. Ондай ақшаны кез келген ата-ана төлей алмайды. Соған байланысты жылда қабылдайтын студенттеріміздің саны азайды да, басқа кафедраға қосылуына тура келді. «Музыкалық білім және дәстүрлі өнер кафедрасына» айналдық. Қазір мамандық ретінде ғана жұмыс істеп отырмыз. Бұрын республика бойынша дәстүрлі өнерді оқытатын жалғыз кафедра болатын. Сыр бойының жыраулық дәстүрін, жалпы, Қазақстан аумағындағы жыраулық мектептерді түгел қамтысақ деген оймен ашылған еді.
Оған бір рет – 3, бір рет – бес, үш жыл бұрын – 9 грант қана республика бойынша бөлінді. Ол Өнер академиясы мен консерваториядан артылмайды. Бізге ауыса қалған жағдайда да квота қосылған балалар ғана өтеді. Қазір жыр мамандығы бойынша 12 студентіміз бар. Кезінде бір жылда 15 студент бітіретін. Ол уақытта университтеттің ішкі гранттары, мемлекеттің гранттары болатын. Кейін оның барлығы қысқарып, көп студенттеріміз орта жолдан тастап кетті. Кеше де үш жыл, төрт жыл оқыған екі студентіміз оқу ақысына байланысты оқудан шығып қалды. Оның үстіне, қазір мемлекеттің заңнамасы өте ауыр. Бір шыққан студент қайтадан қабылданбайды. Ол үшін өзінің мамандығы болу керек. Кафедра жабылғаннан кейін, қайтадан өз орнына қабылдау мүмкін емес.
Маңғыстау өңіріндегі жырауларды насихаттау үшін Амандық Көмеков ағамызды бас қылып, мектеп ашамыз ба деген ой болған. Бірақ жергілікті атқамінерлердің, сол жердегі оқу орындары басшыларының келіспеушілігіне байланысты жүзеге аспай қалды. Ақтөбеде де Педагогикалық институттың ішінде мамандық қана болып отыр. Мемлекет бұл мәселеге оң қабақ танытпаса, жағдайымыз мәз емес.
//Айқын.-2013.-13 ақпан.-5б.
59
Нағбду ҚАМАРОВА,Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирингуниверситетінің проректоры.
Жақсылық үшін туған жана
Әбдімүтәліп Әбжаппаров Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Инженерлік академия және халықаралық Жоғары мектеп академиясының академигі, «Құрмет» орденінің, иегері, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты.
Ұжымның биікке көтерілуі немесе құлдырауы сол мекеменің тізгінін ұстаған басшының іскерлігіне тікелей байланысты. 2005 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетіне жаңа ректор келді. «Түсі игіден түңілме» дегендей, жаңа ректорымыз жүзі жылы болғанмен, тәртіпке өте қатал болып шықты. Алғашқыда бәріміздің үрпиісіп, жаңа басшының алдында әңгімеміз бен ойымызды неден бастарымызды білмей біраз күн қобалжығанымыз рас. Уақыт өте келе, университет жұмысының бұрынғы ағымы өзге арнаға бастау алғанын көріп, көңіліміз орнықты. Жаңа басшының арқасында шақырылған жерге кешігіп жүретін, берілген тапсырманы орындауға асықпайтын адамдарға тән маңғаз қалып бірте-бірте дәлдікке, жылдамдыққа, ширақтыққа, нақтылыққа ауысты.
Жасыратыны жоқ, бұған дейін өлкемізде өтетін мәдени-көпшілік шараларға залды, алаңды т.б. орындарды толтыру керек дейтін желеумен студенттерімізді сабақтан босатуға тура келген жайттар көп орын алатын. Оқу ордамыздың басшысы бұл мәселе төңірегінде сабақтан тыс уақыт болмаса, оқу процесі кезінде ешқандай шараға университет студенттері қатыстырылмайтындығын қатаң ескертті, мейлі әкім, мейлі мекеме басшылары қоңырау шалып, студенттерді сабақтан босата тұруын сұраса да, айтқан сөзінен қайтпай, жастарға өз деңгейінде білім берілу керектігін жай ғана ескертетін. Одан соң ешкім батып айта алмайтын. Бір де бір студент сабақ уақытында босатылмайтын болды. Сабаққа еркін қатысу деген атымен жойылды. Мұндай тәртіп жүйесі университетіміздің ішкі мазмұнына үлкен өзгерістер әкелді.
Ұмытпасам, 2006 жылы Павлодарда өткен «Жас толқын» республикалық студенттер фестиваліне өзіміздің университетіміздің бір топ студенттерін бастап барған едім. Фестивальге Қазақстанның әрбір облысынан жоғары оқу орындарының студенттері мен ұстаздары жиналды. Сонда менің Ақтау университетінен келгенімді білген Шығыс Қазақстан облысы университетінің бір топ ұстаздары мені қаумалап алып: «Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы қазір сіздің университетіңіздің ректоры ма? Біздер оны сағынып жүрміз. Әлі де бізге қайтып келсе ғой» деп өкініштерін білдіріп жатты. Мен де әзілдеп: «Ол кісі бізге де керек» деп жауап бердім. Жалпы, қай жерде жүрсем де, республикамыздың әр түкпірінде біздің ректорды білетіндер білікті басшы, қайраткер азамат екендігін жарыса жеткізіп жатады. Ондай кезде төбем көкке бір елі жетпей қалады. Әбдімүтәліп Әбжаппарұлының Қазақстанның ЖОО басшыларының арасындағы беделді, білікті, іскер басшы ретінде мойындалған тұлға екеніне көзіміз жетті.
Ол кісі Маңғыстауға келгеннен кейін бір жылдан соң, 2006 жылдың қыркүйек айының 30 жұлдызында Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің 30 жылдығы тойланды. Республика, шетел ғалымдарының қатысуымен өткен дүбірлі тойдың жиналғандарды таңғалдырған сәттері көп болды. Киіз үйлер тігіліп, неше түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сол тойда ақын Н.Қосымбаев былай деп жырдан шашу шашқан еді:
Жақсының еткен ісі жырға айналсын.
Көл-көңіл көтерілсе буға айналсын.
Мерекең 30 жылдық құтты болып,
Жігері дұшпаныңның құмға айналсын.
Енді тағы біз білер бір жаңалық,
Жарқыраған макеті дәлізде тұр,
Көз салмай өте алмас жан әлі күнге
Сұлулығын айта алмай тіл байлансын
Ел болсақ, ер туғызбай тұра алмайтын
Жақсыны енді қалай тумай қалсын.
Мұның бәрі Елбасы тапсырмасы,
Әбеке, халық үшін туған жансың.
Шаң-шаң болып шыныда тұра бермей,
Шыныдағы сол макет шынға айналсын.
Бұл университет дәлізіндегі шыныда жарқырап тұрған макет Әбекеңнің бастамасы еді. Бұл тек айтуға ғана жеңіл, сол тамаша бастаманың қолдау тапқанына дейінгі төгілген тер – бір бөлек әңгіме. Ұзақ жылдар бойы Маңғыстаудағы осынау іргелі оқу орнының арнайы жобамен салынған ғимараты болмағандықтан, амалсыздан қаланың әр жеріндегі түрлі нысандарды (әкімшілік ғимараты, мектеп, балабақша, жатақхана тұрғын-жайларын) місе тұтып келгені аян. Талай мінбеден сан рет айтылып келе жатқан осы бір зәру мәселе құптаушылары мен құнттаушыларын таба алмай келген еді.
Германияның екі бірдей жоғары оқу орнында білім алған, одан кейін де Америка, Қытай және т.б. елдердің жоғары оқу орындарының жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасқан басшымыздың көкейінде Қазақстанда да шетелдік үлгідегі университет қалашығы салынса деген арман жүрген еді. Ол ой Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ректор болып жүрген кезінде жобаланып, іске асыруды бастар кезде киелі Маңғыстауға дәм бұйыртып, сол тамаша ойын осы аймақта іске асырудың сәті түскен еді. Ақтаудың жаңа шағын ауданынан елу төрт гектар жер алып, студенттер қалашығының макеті жасалып, шыныға салынып, университет ғимаратының дәлізіне қойылғанда, былайғы жұрт түгілі, өзіміз бұл жоба жақын арада жүзеге аса қоюы екіталай шығар деп жүрдік. Сол шыныда тұрған макет шынға айналып, 3 жылға жетпей бас ғимараттың құрылысы біткеніне халық түгіл, күнде құрылысын көріп жүрген өзіміз де сенер, сенбесімізді білмедік. Ғажап ғимаратқа көшуіміз бізге берген Алланың сыйы, Елбасының нақты тапсырмасы, Әбекеңнің ерен еңбегі еді. Киелі Маңғыстау жеріне жолы түсіп, қасиетті топыраққа табаны тиген жолаушы әуежайдан көлікке отырып, Ақтауға бет алғанда алдынан қол бұлғап шақырып тұрғандай осы бір биік ғимарат жақындаған сайын көзін арбап, көңілін өсіре түседі. Бейне бір айдын теңіз бетінде көгілдір жолақты желкенін самал желге кергізіп, алыс болашаққа бағыт алған ақ кемедей. Әлде айдында жүзген аққуды көзге елестете ме!? Қалай десеңіз де, көгілдір және ақ түстердің үйлесімі боз даланың төсінде өзінше өрнек тауып, көк теңіздің жағасында жарасымын паш еткен ақшаңқан қала Ақтаудың сәніне сән қосып тұрғаны анық. Бұл биік те әсем ғимарат қаланың символындай әсер қалдырады. Көп ұзамай жаңа заманауи талапқа сай 500 орындық жатақхана мен жүзу бассейні бар спорт кешені бой көтеріп, жастардың игілігіне айналды. Ендігі жоспарда жастар сарайы, кітапхана, оқу ғимараты, техносаябақ, инжиниринг орталығы, ғалымдар үйінің құрылысы тұр. «Жақсыны күшінен емес, ісінен таны» деген сөз осы бір іскер азаматқа арналып айтылғандай. Оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді студенттерге атаулы стипендиялар тағайындалды. Соңғы жеті жыл бойы белгілі тұлғалар атындағы, атап айтсам, Ш.Есенов, Қ.Сыдиықұлы, Г.Померанцев, Ә.Кекілбаев, М.Жолдасбеков, С.Зиманов және университет ректоры атындағы стипендиялар ай сайын үздіксіз беріліп келе жатыр. Жыл сайын өткізілген республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша да Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Сондай-ақ, ректор университеттегі жастар ісі комитеттері, студенттік парламент, ғылыми, танымдық бағыттағы клубтардың жұмыстарына қолдау білдіріп, жетістікке жеткен студенттерді марапаттап, ынталандырып отырады.
Университетте бұрын-соңды «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған ешкім болмаса, осы оқу жылында он сегіз ғалым-ұстазымыз аталмыш
бағдарламамен білім алуға аттанды. Жақында Америкадағы Колорадо университетіне біліктілігін арттыру үшін Мұнай және газ институтының жеті ұстаз-ғалымы аттанбақшы. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын соңғы 5-6 жылда біздің университеттің ұстаздары да жеңіп ала бастады.
61
Алдыңғы оқу жылында оқу ордамызға Елбасының өзі келіп, ақ батасын беруі біз үшін ұмытылмас оқиғаға айналды. Университетіміздің зертханалық, материалдық-техникалық базасы әлемдік талапқа сай. Қазіргі заманның технологиясымен жабдықталған, ақпарат ағымын толық қамтитын оқу зертханалары бар, ондағы ғаламторға қосылған соңғы үлгідегі компьютерлер студенттердің жан-жақты білім алуына толық мүмкіндік береді. Теңіз шаруашылығының облысымыз үшін маңызы зор болғандықтан оқу ордасында Теңіз оқу-тренажерлік орталығы жұмыс істеуде. Өткен оқу жылының тағы бір жаңалығы – әскери теңіз мамандықтары бойынша әскери кафедраның ашылуы, запастағы офицерлерді дайындау басталып кетті. Халықаралық деңгейдегі шетелдік университеттермен байланыстар жыл өткен сайын кеңейе түсуде. Қазір біздің студенттеріміз Германия, Польша, Қытай және Түркия, Ресей мен АҚШ, Үнді мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында білім алмасу бағдарламасымен оқып жүр. Шетелдерден келген белгілі ғалымдар студенттеріміз бен магистранттарымызға дәріс оқуда. Осы оқу жылында біздің университетімізде Румыниядағы Констанца теңіз университетінің филиалы ашылып, Румыния ғалымдары келіп, дәріс оқуда.
Университетімізде Университет күнін атап өту, мәдениет, өнер қайраткерлерімен, зиялы тұлғалармен кездесулер дәстүрге айналды. Университеттің әнұраны да жазылды. Студенттік филармония, «Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөлімі», «Жастар саясаты және әлеуметтік жұмыстар бөлімі», Оқу телестудиясы, «Жұмысқа орналастыру және Мансап» орталығы, «Арал-Каспий» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы сияқты өте қажетті бөлімдер ашылды. Университеттің оқу телестудиясы дайындаған университет жаңалықтары аптасына екі рет облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан көрсетіледі. Оқу ордасының жаңалықтарын жинап, оны эфирге дайындайтын да, жаңалықтарды жүргізетін де студенттердің өздері.
Ректор ай сайын студенттермен кездесу өткізуді дәстүрге айналдырды. Бұл кездесуді студенттер асыға күтеді. Өйткені, шешімін таппаған сұрақ-сауалдарын басшыға тікелей қойып, оған жауабын алады. Жастардың теріс діни ағымдар жетегінде кетпеуіне қатты көңіл бөлген басшымыз ол бағытта да кешенді іс-шаралар жоспарын жасап, оның орындалуын өз бақылауына алды. Жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық жағдайды жасауда. 2009 жылдан бері университет жанынан ашылған студенттік филармония да табысты жұмыс істеп келеді.Ол кісі басшы болса да, ол өзінің басшылық қызметінен бұрын адамдық болмысын жоғары қоя білетін жан. Университет тізгіні тәжірибесіз біреудің емес, Әбекеңдей білікті жанның қолына берілгеніне құдайға мың да бір шүкір дейміз. Университет басшысының ірілігі, көсіле сөйлейтін көсемдігі мен тауып сөйлейтін шешендігі, рухани тазалығы, ізгі қасиеттерге суарылған адами тұлғасы елге тұтқа, текті, қайраткер азамат екенін танытты. Елі үшін, болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек етіп, ел алғысын алу, халықтың қалаулысы болу – кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Алаштың арлы азаматы бүгінде маңғаз Маңғыстаудың марғасқасына айналды. Жазушы Әбіш Кекілбаевша айтқанда «Иллюминатордан қағынды тиіп арам қатқан арық түйенің қатып қалған қара сұр көніндей солғын жер» немесе «ғарыштың әлде бір әлі белгісіз планетасындай» Маңғыстау жері ақын Т.Досымовтың бір өлеңіндегі:
…Толағай боп туылмаппын, әттең-ай! Атырауға апарар ем, апарар ем бір тауды, – дейтін жолдарды ойға оралтады. Осынау тауы жоқ, суы жоқ шөлейт аймақ олқылығының орнын тау тұлғалар толтырмай ма!? Бүгінде Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы Маңғыстаудың терең білім мен тәлім-тәрбиенің, жоғары мәдениеттің бұлақтары буырқана аққан, биіктігі көкпен таласқан алып тауы сияқты. Маңғыстау Әбекеңді, Әбекең Маңғыстауды жатырқаған жоқ. Осы бір құпиясы мол киелі жердің тарихын терең танып, аймақ тұрғындарын өз туысындай жақын көрді. Ел ағаларын құрмет тұтты. Ел алдындағы міндетін абыроймен атқарып келе жатқан шарапаты мол, кемел басшымызға: «Береріңіз таусылмасын! Бастаған ісіңіз жалғасын тауып, халық игілігіне жұмсала бергей! Деніңіз сау болып, киелі жер қолдап жүргей!» демекпіз.
//Егемен Қазақстан.-2013.-13ақпан.-7б
62
ӘРІПТЕСІМІЗ – ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ
АҚШ-тың Йорк университетінің академик координаторы Сью Барнеттен құттықтау хат келді.
Онда қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша соңғы 4-5 жылдың ішінде «Қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі саяси партиялардың рөлі» тақырыбындағы ғылыми зерттеу еңбегі бойынша үміткер Өлмесхан Болатбековке саяси ғылымдар саласы бойынша философия докторы ғылыми атағын иеленгені туралы Ғылыми кеңес төрағасы – Йорк университетінің президенті мен вице-президенті қол қойған ресми диплом құжатын жолдап отырғаны айтылған. Осы ақжолтай хабар бізді қатты қуантты.
Еңбегімен елдің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып, бүгінде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбековтың бұл бағыттағы еңбегін орынды үлкен табыс деп бағалаймыз. Саяси ғылымдар докторы дәрежесін иеленуіңізбен құттықтаймыз, Өлмесхан Мәтенұлы!
Раушан САТОВА,«Нұр Отан» ХДП Жоғарғы партия мектебі Алматы филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Сайын БОРБАСОВ,Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің кафедра меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы,профессор.
Алматы қаласы. //Дала мен Қала.-2013.-4 ақпан.-3б.
Қазір озық ғылыми технологияны тиімді пайдалана алсаң төрткүл дүниедегі барлық жаңалықтан хабардар болуға да, ғылыми жетістіктерге қол жеткізуге де болады. Оның бәрі көбінде қашықтықтан оқыту нәтижесінде жүзеге асып жатқаны белгілі. Сондай бір игілікті іске куә болып отырмыз. «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков «Қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі саяси партияның рөлі» деген тақырыпта 5 жылдан бері АҚШ-тың Йорк университетімен бірлікте жұмыс істеп келе жатқан еді. Жақында сол ғылыми ізденіс өз нәтижесін беріп, аталмыш оқу орнының академик үйлестірушісі Сью Барнеттен құттықтау хат келді. Онда тәуелсіз Қазақ еліндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы саяси партияның атқарып жатқан жұмысы туралы ғылыми ізденістің жоғары дәрежеде болғаны, нәтижесі ол университеттің ғылыми кеңесінде талқыланып, өз бағасын алғаны айтылған. Ө.Болатбековке философия докторы ғылыми атағын беру жөніндегі шешімге Ғылыми кеңес төрағасы, іргелі оқу орнының президенті мен вице-президенті қол қойған дипломды жіберіп отырғандарын хабарлапты. Жаңа заманға қарай жасалған бұл талпыныс құптарға тұрарлық.
Сүлеймен МӘМЕТ,//Егемен Қазақстан.-2013.14 ақпан.-5б
63
ҒЫЛЫМ
Айғали Қарабалаев
Агрофорум ауқымды жобаларға жол ашты
Облыс орталығындағы «Бастау» бизнес орталығында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы «Агрофорум-2013»іс-шарасы өткізілді. Форумның алғашқы күнінде инвестициялық жобалар бойынша «КазАгро» ҰБХ АҚ өкілдері ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржыландыру мен несиелендіру жайлы кездесу ұйымдастырса, келесі күні ғылыми-зерттөу және жобалау институттарының көрмесі және Қазақстан Республикасында агроөнөркөсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіруге орай мәжіліс өткізіліп, соңынан өзара ынтымақтастыкпен жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойылды.
Онан кейін ғалымдар секцияларға бөлініп, жұмыс жасады.
Форум аясында бизнес орталықтың екінші қабатындағы фойесінде еліміздегі ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау институттарының, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіретін әлемге танымал және жергілікті компаниялардың өнімдері қойылған көрме өткізілді. Оған өнеркәсіп кешенінің ғылыми жетістіктері, жаңа технологиялар, заманауи техникалар, инновациялық жобалар мен минералдық тыңайтқыштар пестицид жеткізушілер мен ғылыми мекемелердің жетістіктері қойылды.
Мұнан кейін пленарлык мәжіліс жұмысын ашкан облыс әкімі Қ. Көшербаев Елбасы «Қазакстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажеттігін міндеттегенін атап өтті. Осы тапсырмаға орай күні кеше Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламаның бекіткенін жеткізді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 3 триллион теңгеден астам каржы бөлінді.
— Бұл қаржыдан біздің облыс та тыс қалмайды. Сондыктан да біздің алдымызда аймақтың алдағы жылдары даму деңгейін айқындап алу міңдеті тұр. Осы мақсатта мен Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековті, «КазАгро» ҰБХ АҚ өкілдері ғылыми жетістіктері, жаңатехнологиялар, заманауи техникалар, инновациялық жобалар мен минералдык тыңайтқыш, пестицид жеткізушілер мен ғылыми мекемелердің жетістіктері қойьшды.
Мұнан кейін пленарлық мәжіліс жүмысын ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасы «Казақстан-2050» Стратегиясы қалыптаскан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы өніміне өсіртетін жаһандық сұраньіс жағдайында ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажеггігін міндеттегенін атап өтті. Осы тапсырмаға орай күні кеше Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Қазақстан Республикасында агроөнеркөсіп кешенін дамыту жоніндегі 2013-2020 бағдарламаларының негізгі бағыттарына түсіндірме берді. Елбасы тапсырмасына орай дайындалған аталмыш бағдарлама бір жылдай уақыт ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпкерлердің катысуымен Үкіметте бірнеше рет талқыға түскен.
Оның орнына сақтандыру сертификатын көрсетеді. Ал шығын болса, оны фермердің орнына мемлекет өтеп отырады. Министр су инфрақұрылымдарын дамыту мен жайылымдық жерлерді жақсартуға жөне мал басы мен оның өнімін көбейту мен фитосанитария және ветеринария қауіпсіздігін қамтамасыз ету, рәсімдерді жетілдіру, әсіресе субсидия алу үшін салық, қосымша құн салығы мен жер салығын жетілдіру жайларына да тұсіндірме беріп, бұл бағыттар бойынша көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар турасында да айтып өтті. Жалпы 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға 3 трлн. 122 млрд. теңге қаржы бөлінеді. Бұл қаржының 70 пайызы субсидия болса, сол субсидияның 90 пайызы жергілікті атқарушы органдар арқылы беріледі.
Мәжілісте мұнан кейін сөз алған «ҚазАгро» УБХ АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжанов агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландыру мәселелері туралы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов ауыл шаруашыпығын дамыту мен сала мамандарын дайындау және жаңа технологияларды енгізу жөнінде, Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС бас директоры Әбдірахман Омбаев мал шаруашылығын дамыту мен жайылымдықтарды жақсарту туралы және агроөнеркәсіп кешеніндегі қазақстандық іскерлік кеңесі қауымдастық нысандағы заңды тұлғалардың және көсіпкерлер бірлестігінің басқарма төрағасы Арман Евниев іскерлік жумыстар женінде хабарлама жасады. Ал жергілікті жердегі күріш өндірісін дамытудың ерекшеліктері туралы хабарлама жасаған «Мәди Қажы» ЖШС-нің директоры Аппаз Камалатдин жаңа бағдарламада Қызылорда облысының суармалы аймақтар қатарына кірмей қалғанын, алдағы уақытта ол көп қиындық келтіруі мүмкін екенін айтты. Сондай- ақ, «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов мал шаруашылығы саласына инвестиция тартудың маңыздылығы жөнінде әңгімеледі.
Мәжіліс жұмысын қорытындылаған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Елбасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Соның бір көрінісі, ұлттық қордағы 80 млрд. Доллардың 20 миллиарды ауылшаруашылығы саласын дамытуға бағытталып отыр. Дейтұрғанмен, бүгінгі облыстың ауыл шаруашылығы саласында ішкі жалпы өнім екі-ақ пайызды құрап отыр. Оның үстіне облыстағы мұнай қоры таусылмай қоймайды. Сонда кәсіпкерлерге де қиындық соғады. Сондықтан да асыраушы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлген дұрыс. ДСҰ-ға кіру қарсаңында тұрған кезімізде бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге бейімделуіміз керек. Ол үшін жайылымдықтар мен инженерлік жүйелерді қалпына келтіру қажет. Сондай-ақ, облыстың оңтүстігіндегі - Жаңақорған мен Шиелі аудандары шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету жайы да күрделі күйінде қалып отыр. Бұл екі ауданға арнайы тоспа салмаса болмайды. Осы мақсатта жақында Су ресурстары комитетінің басшысы мен мамандары арнайы облысқа келеді. Сонда бұль. егжей-тегжейлі талқыланбақ. Облыс әкімі осы орайда облыстық ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік өнеркәсіп басқармалары мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары басшыларына жаңа жоба бойынша жұмыс істеу мен облыстық ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Алқалы жиын соңында облыс әкімдігі «ҚазАгро» ұБХ АҚ және Қазақ ұлттық аграрлық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Агрофорумның екінші бөлігі секциялық жұмыстармен жалғасты. "Бастау" бизнес орталығының мәжіліс залындағы дөңгелек үстел басында форумға келген ғалымдардың бір бөлігі жергілік фермерлермен және сала мамандарымен бірге бас қосып, аймағымызда май, тоң май және құрама жем өнеркәсібін дамыту бағытындағы ойларымен бөлісті. Секция жұмысын ашқан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Дүйсебаев Елбасының тапсырмасына сәйкес, егін шаруашылығын әртараптандыру және мал шаруашылығын асылдандыру бағытында аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша айтып өтті. Мұнан соң сөз «Мажико» ЖШС- нің бас директоры Арман Евниевке берілді. Ол еліміздегі майлы дақылдар, оның ішінде соя дақылының өндірісі туралы тарқатып айтып, оны аймағымызға аудандастырудың жайына тоқталды.
Еліміз жаңадан қабылдаған бағдарламада соя өндірісін дамытып, 2020 жылға қарай өндіріс көлемін 1 млн. тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр Қазақстан бойынша осынша көлемдегі соя өнімін алу үшін 400 мың гектар суармалы жер
65
керек екен. Ең бастысы, аталған өндірісті дамыту үшін алдымен тұқым керек.
Бұл ең күрделі мәселе. Өйткені,біздің елімізде сояның 29 сорты болғанымен, онның бірнеше сорты ғана аудандастырылған 400 мың гектар жерге соя егу үшін өндірісті жолға қойған Ресей мен Украинадан жыл сайын 50 мың тонна соя тұқымын сатып алуға тура келеді. Нарықта оның тоннасының бағасы 1300- 1500 АҚШ доллары тұрады. Өзіміздің тұқым шаруашылықтарында ол 800-900 $. Бірақ оларда тұқым мөлшері аз, - деді ол.
Сондай-ақ, соя өндірісіне қажетті 400 мың гектар суармалы жердегі ескірген инфрақұрылымды (қашыртқы, арықтар және т.б.) қайта қалпына келтіруге шаруа қожалықтарының шамасы келмейді. Сондықтан оның кем дегенде 250 мың гектарын бюджет қаржысының көмегімен атқару керек. Келесі мәселе. республиканың кейбір өңірлерінде инфрақұрылым түрлі деңгейдегі мекемелердің теңгерімінде. Мұны бір жүйеге келтіру керек. Тағы бір маңызды мөселе осы жерлер шағын шаруа- шылықтардың үлесінде болып отыр. Оларды біріктіріп, ірілендіру немесе МТС-тар және оларға қызмет көрсететін сервистік дайындау орталықтарын ашу қажет. Өнімді жинайтын арнайы орындар - элеваторлар да тапшы. Бұрынғы қырмандар талапқа сай емес, ескірген. Сондықтан сыйымдылығы 10-15 мың тонналық элеваторлар желісін жасақтаған жөн. Ап, кептірілген, дайын шикізатты өткізу, сатуда қиындық бола қоймайды. Өйткені, қазір әлемде сояға деген сұраныс өте жоғары. Өнімді сатуда мәселе болмас үшін жақсы жуйе болуы тиіс. Мәселен, нақты кезеңде елімізде өндірілген барлық бидайды сатып алатын "Азық-түлік корпорациясы" шаруа қожалық- тарынан сояны да сатып алуы керек немесе осы секілді бір жаңа құрылым қажет. Бүгінгі таңда ел шаруалары оның тоннасын 90-100 мың теңгеден сатуда.
Ғалымдардың айтуы бойынша, елдегі шаруа қожалықтары соя егуге қызығушылық танытқанымен, оларда суармалы жер жоқ. Сондықтан күріш егумен бұрыннан айналысып келе жатқан сырбойылық диқандар аталған дақылды егуге ынта білдіріп жатса, қол ұшын береміз деп отыр.
Қазіргі таңда мемлекет мал шаруашылығын дамытуға да ерекше назар аударуда. Мәселен, жоғарыда аталған бағдарлама бойынша, 2020 жылы ел фермерлеріне 3 млн. тонна комбикорм (құрама жем) қажет болады. Ол үшін мал азығындық дақылдар - жүгері мен соя өндірісін арттыруға тиіспіз. Сол 3 млн. тонна құрама жемнің 1 млн. тоннасы соя дақылының үлесіне тиеді екен. Мамандардың пікірінше, егер біз жылына 1 млн. тонна сояны сырттан сатып алатын болсақ, онда 1 млрд. $ қаржыны Аргентина, АҚШ, Бразилия сияқты елдерге жіберіп, қыруар қаржыны мұхит асыратын боламыз.
Мұнан соң "Мажико" бағдарламасы, осы компа- нияның ғылыми-техникалық кеңесінің жұмыстары туралы ҚазҰАУ-дың аппарат жетекшісі. ғалым Аюп Ысқақов айтып берді. Соя өндірісіңің экономикалық тиімділігін тарқатқан ғалым бірінші кезекте оның жердің сортаң тартып, оның құнарландыратын қасиетін баса айтты: Күріш егу тәжірибесін қалыптастырған біздің өлке топырағының жылдан-жылға сортаң тартып, құнары кеміп бара жатқанын алға тартып, күрішпен бірге соя егісін дамытуды ұсынды. Оны егемін деген шаруа қожалықтарына алғашқы кезеңде тұқым жағынан көмектесуге әзір екендіктерін білдіріп, алдағы жаз айында Алматыда өтетін халықаралық конференцияға шақырды.
//Сыр бойы.-2013.-14 ақпан.-1-2б.
66
Қызылорда облысының ғылымы, білімі
және мәдениеті
Жоғарғы білім
Кангнам университетінде Қазақстантану орталығы
қызмет жасап жатыр
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің орта мектептерге көптілді педагог мамандарын даярлау үшін биылдан бастап педагогикалық мамандықгарды кезең- кезеңімен көптілді оқыту бағдарламасына көшіруді жоспарлап отыр. 2012-2013 оку жылынан бастап бакалавриаттың информатика, математика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарында көптілді білім беру бағдарламасына сәйкес оку үдерісі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілуде. Жоғары оку орнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы оқу жылында көптілді білім беру бағдарламасын Кореяның Кангнам университетінің профессоры, доктор Ким Фил Янг, Румыния Республикасы МАГАТЭ Вегіа, бюджет, қаржы салымдар бойынша бөлімінің машықтанушысы Аурамария Танасэ және тағы басқа профессор-окытушылар жүргізуде.
Қорқыт Ата университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қазақ тілін үйрену, Қазақстанның мәдениетімен танысу мақсатында Кангнам университетінен 7 студент білім алуға келген. Бұл студенттер Кангнам университетінің дипломымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дипломын иеленетін болады.
//Ақмешіт апталығы.-2013.-31 қаңтар.-5б.
67
Договор о дружбе
На прошлой неделе между Антимонопольной инспекцией по Кызылординекой области и Кызылординским государственным университетом имени Коркыт ата был заключен меморандум о совместной деятельности и сотрудничестве.
Меморандум был подписан начальником инспекции Алимом Баймурзаевым и ректором КГУ Кылышбаем Бисеновым.
В чем суть этого меморандума?
Как рассказал ректор КГУ К.Бисенов, стороны пришли к единому мнению о необходимости взаимного сотрудничества по осуществлению мер, направленных на социальную модернизацию общества трудоустройства молодых специалистов и поднятие правовой культуры и грамотности населения.
Осуществлять задачи, поставленные Президентом РК в Послании народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050» - новый политический курс состоявшегося государства», в программе «Социальная модернизация Казахстана: двадцать шагов к обществу всеобщего труда»; осуществление задач, поставленных Правительством РК в «Программе по развитию конкуренции в Республике Казахстан на 23010-2014 годы» и в «Стратегическом плане Агентства Республики Казахстан по защите конкуренции (Антимонопольное агентство) на 2011-2015 годы; обеспечение открытости, прозрачности деятельности антимонопольных органов; подготовка кадров - юристов, экономистов и специалистов по государственному и местному управлению новой формации; привлечение изъявивших желание выпускников, окончивших обучение в КГУ, к трудоустройству в Антимонопольной инспекции в порядке, установленном законами РК
Формами взаимного сотрудничества могут быть договоры, протоколы, постановления и другие документы; совместные планы по вопросам практики применения Законов РК «О конкуренции» «О защите прав потребителей», сравнительному анализу и изучению правовых основ защиты прав субъектов рынка и потребителей от монополистической деятельности, антиконкурентных действий госорганов и недобросовестной конкуренции, защиты прав потребителей, а также совместное составление программ, проектов, проведение семинаров, конференции «круглых столов» по актуальным вопросам жизни общества и государства. Антимонопольная инспекция также предоставляет возможность прохождения ознакомительной, производственной и преддипломной практики студентам КГУ.
В случае возникновения разногласий при реализации меморандума стороны будут решать их путем-взаимных переговоров и консультаций.
Начальник антимонопольной инспекции Алим Аимурзаев отметил важность работы по формированию здоровой конкуренции среды между субъектами бизнеса, дальнейшему совершенствованию антимонопольного законодательства, по подготовке кадров.
//Час Пик.-2013.- 1 февраля.-С.5
68
ЖАҢАЛЫҚТАР:
Қорқыт Ата атыңдағы Қызылорда мемлекеттік университеті "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының бірінші курс студенттері қысқы спорт түрлері бойынша Ақмола облысының Шучинск қаласындағы "Бурабай" курортты аймағында оқу - сауықтыру жиынын өткізіп келді.
//Ақмешіт апталығы.-2013.-7 ақпан.-5б.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің химия және экология, биология және география, дене шынықтыру Және бастапқы әскери дайындық кафедрасының окытушы-профессорлары Белкөл қыстағы №189 орта мектептің бітірушілері түлектерімен кездесті. Жиын барысында оқытушылар мамандықтар туралы бағыт-бағдар беріп, оқушылардын көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптар қайтарып, мамандық таңдауда жаңылыспауларына сәттілік тіледі
//Ақмешіт апталығы.-2013.-7 ақпан.-5б.
ОФИЦИАЛЬНАЯ ХРОНИКА
Во вторник аким области Крымбек Кушербаев принял ректора Кызылординского государственного университета имени Коркыта-ата Кылышбая Бисенова, президента ТОО «КАТЕК» Кундуза Нупова, директора Кызылординского областного филиала АО «Тодини Кострукциони Дженерали С.п.А.» Фабио Алманьона, главного имама центральной мечети «Акмешит-Сырдарья» Талгата Омарова, которые проинформировали о работе в руководимых ими сферах, поделились планами.
//Кызылординские Вести.-2013.-7февраля.-С.2
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА
Жүйелі жоспар мұратқа жеткізеді
Елбасы Жолдауын халыкка насихаттау жер-жерде жалғасуда. «Болашақ» университетінде ҚР Президенті әкімшілігі стратегиялык жоспарлау және талдау орталығының сектор меңгерушісі Светлана Гамарник оқытушылар мен студенттерге ұзақ мерзімді даму жоспарының басты бағыттарына талдау жасады.
Еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясынан туындайтын міндеттерге тоқталған С.Гамарник оны жузеге асырудың тетіктері жасалып жатқанын атап өтті. Сыр өңірінің мемлекеттік бағдарламаларды орындаудағы, әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіндегі қарқынына оң баға берді Әсіресе, егін және мал шаруашылығының өркендеуі өндіріс әулетін арттыра түспек.
Кездесуде орталық өкіліне окытушылар мен студенттер тарапынан такырып аясында сауалдар койылды.
//Сыр бойы.2013.-9 ақпан.-2б.
69
Әділ ТАЛАП
Ұстаз есімі ұлықталды
Өткен аптаның демалыс күндерінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің “Сейхун” спорттық-сауықтыру кешенінде волейболдан жігіттер арасында республикалық турнир өткізілді. Бұл бәсеке Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Н.Шиндинді еске алуға арналды.
Белгілі бапкер Ресейде дүниеге келгенімен, Қазақ дене шынықтыру институтын бітіргеннен кейін сол кездегі Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында дене тәрбиесі кафедрасында ұзақ жылдар бойы қызмет етті. Өзінің еңбек жолында қаншама шәкірт тәрбиелеп шығарды. Оны еске алуға арналған турнир 2004-2005 жылдары облыстық, 2006 жылдан республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Биылғы турнирге еліміздегі ең мықты “Тараз-ТарМУ”, “Қазығұрт” (Шымкент), “Облыстық сот” (Қызылорда), “Қорқыт Ата ҚМУ”, “Байқоңыр”, “Жаңақорған”, “Облыстық жастар” волейбол командалары келіп, турнирдің деңгейін көтере түсті. Екі күнге созылған жарыста бірінші орын Тараздан келген спортшыларға бұйырды. Одан кейінгі жүлделі орындарға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен облыстық сот командалары ие болды.
Университеттің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Жандос Есіркепов: «Алдағы уақытта профессор Н.Шиндинді еске алуға арналған турнирдің аясын кеңейтіп, халықаралық деңгейде өткізу жоспарланып отыр. Турнирді өткізуге үлкен қолдау көрсеткен университет және облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына зор алғысымызды білдіреміз» – дейді.
//Сыр бойы.-2013.-12 ақпан.-4б.
70
Облыс ғылымы
АГРОФОРУМ-2013
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Алдағы 12-13 ақпан күндері Сыр өңірінде «Агрофорум-2013» шарасы өткізіледі. Облыс әкімінің бастамасымен өткізілгелі отырған бұл форумда агроөнеркәсіп кешенін дамыту, шаруалар мен фермерлерге қолдау көрсету және жаңа жобалармен танысу секілді бірқатар келелі мәселелер ортаға салынбақшы. Дейтұрғанмен, бұл форумнан біз не күтеміз? Оның облыс аграршыларына тигізер пайдасы қандай болмақ? Бұл сауалдар төңірегінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Талғат Дүйсебаевты әңгімеге тартқан едік.
– Талғат Тұрсынұлы, агрофорумды өткізудің негізгі мақсаты қандай?
– Баршаға белгілі мал мен егін шаруашылығы облыстың негізгі шаруашылығы саналады. Бұл – біздің ата кәсібіміз. Осы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасып келе жатқан кәсіп еліміз тәуелсіздік алған жылдары өзінің өсіп-өркендеу жолына түсті. Соның ішінде біздің облыста да толымды тірліктер бар. Әрісін айтпағанның өзінде, өткен жылы облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімдер өндірісінің көлемі 48,3 млрд. теңгеге жетті. Жыл ішінде осы салаға мемлекет тарапынан 3,8 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді. Осындай қаржының құйылуының арқасында өңірімізде егілген егіннен мол өнім алынды. Мал басы айтарлықтай өсті. Бірнеше инвестициялық жобалар іске асты. Сөйтіп, өнімді өндірумен қатар, өңдеу саласында да іргелі жұмыстар жүзеге асырылды.
Өткізілгелі отырған форум бүгінгі күнге дейін қол жеткен жетістіктерімізді жетілдіріп, дамыта түсуге жол ашады деген үмітіміз бар. Екі күнге созылатын шараның алғашқы күні облыстың шаруашылықтары мен фермерлерге мал және егін шаруашылығында жүргізілетін барлық жұмыстары мен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Қазагро» ұлттық басқару холдингі мен осы қоғамға қарасты құрылымдар арқылы қаржыландыру мен несиелендіру жайы кеңінен әңгіме болады. Ал, форумның екінші күнінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков облыстың ауыл шаруашылығы саласы мамандарына агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған жиын өткізеді. Мұнан басқа, сала басшылары мен мамандары және ғалымдар агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландыру мен өнімді өңдеу инфрақұрылымдарын жетілдіру, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуды ғылыми қамтамасыз ету жөнінде және жаңа инновацияларды енгізу, ауыл шаруашылығында егінді егіп, күтіп, баптау мен мал шаруашылығы саласына инвестиция тартудың маңыздылығы турасындағы өзекті деген мәселелерді әңгімеге арқау ететін болады. Осындай басқосулардан кейін облыс әкімі мен «Қазагро» ҰБХ АҚ басқарма төрағасы арасында өзара ынтымақтасып жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойылады. Мұнан кейін мамандар сала бойынша секцияға бөлініп, жұмыс жасайды.
– Форум аясында мұнан басқа тағы да қандай шаралар өткізіледі?
– Сырттан келген жобалаушы институттар мен ғылыми-зерттеу институттарының көрмесі ұйымдастырылады. Онда жергілікті жердің мамандарының назарына агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми жетістіктері, жаңа технологиялар, заманауи техникалар түрлері, инновациялық жобалар және минералдық тыңайтқыш пен пестицид жеткізудің жолдары ұсынылады.
– Әңгімеңізге қарағанда, форум кең ауқымда өткізілетінге ұқсайды. Оған кімдер қатысады?
– Сөз басында айтқанымдай, агрофорумға Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, вице-министр Мүсілім Өмірияев пен «Қазагро» ҰБХ АҚ, «Қазагроинновация» АҚ басқарма басшылары мен мамандары, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің және ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, іскер топтар қатысады. Олар жергілікті мамандармен тәжірибе бөліседі. Форумның біздің облыс агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көп септігі тиеді деген үмітіміз зор.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан, Айғали ҚАРАБАЛАЕВ//Сыр бойы.-2013.-9 ақпан.-1б.
71
Абдрахман ЕНСЕГЕН
КАК НАМ МОДЕРНИЗИРОВАТЬ СЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВО?
Глава государства в Послании народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» подчеркнул необходимость масштабной модернизации сельского хозяйства, особенно в условиях растущего глобального спроса на сельхозпродукцию. В связи с этим в нашей области 12-13 февраля состоится республиканский агрофорум-2013. Как сказал исполняющий обязанности начальника областного управления сельского хозяйства Талгат Дуйсебаев, на предстоящем форуме, инициированном руководством области, ожидается участие министра сельского хозяйства РК Асылжана Мамытбекова, приедут руководители ряда финансовых институтов, крупных компаний, крестьянских хозяйств, ученые. На форуме разговор пойдет о развитии агропромышленного комплекса республики, и в частности – нашего региона, о ходе реализации сельскохозяйственных инвестиционных проектов, государственных программ, инновационных исследованиях, перспективах развития АПК в нашей области. Надо сказать, что проведение агрофорума в области не случайно, так как две трети нашего населения проживает в сельской местности и, в основном, занято сельскохозяйственным производством. Поэтому от темпов развития этой отрасли во многом зависит экономика региона, занятость населения, следовательно, благополучие и достаток сельчан. Кроме того, в последние годы в регионе активно реализуется ряд государственных программ. Сейчас в области более двадцати хозяйств занято разведением племенных животных. Из них 5 занимаются разведением крупного рогатого скота (удельный вес КРС — 1,6%), 7 хозяйств разводят племенных овец (удельный вес — 10,2), 5 хозяйств занимаются коневодством (удельный вес — 5,8%) и 6 – верблюдоводством (удельный вес — 10,2 %). Работают свыше пятидесяти пунктов искусственного осеменения и один дистрибьюторский центр, занятый улучшением породы. С 2011 года идет реализация программы «Сыбага», основной целью которой является развитие мясного скотоводства. И сейчас наблюдается тенденция роста числа желающих участвовать в программе. С начала программы через АО «НУХ «КазАгро» выданы льготные кредиты, за счет которых приобретены тысячи голов крупного рогатого скота молочной и мясной направленности, организовано около шестидесяти фермерских хозяйств. В прошлом году в сфере сельского хозяйства реализовано три проекта. С участием СПК «Кызылорда» в Аральском и Казалинском районах введены в эксплуатацию два рыбоперерабатывающих завода. Идет работа над проектом строительства комбикормового завода. В областном центре АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства» начало строительство теплицы общей площадью пять с половиной гектаров. Принимаются меры по созданию собственной кормовой базы, увеличиваются посевы кормовых культур, ведется работа по эффективному использованию отгонных пастбищ, планируется ввод в эксплуатацию двух заводов по производству концентрированных кормов. До 2015 года запланировано создание двух хозяйств-репродукторов, двух откормочных площадок и 80 фермерских хозяйств. Казахстан вошел в Таможенный союз, ожидается вступление во Всемирную торговую организацию. Между тем специалисты отмечают низкий уровень производительности труда в сельскохозяйственной отрасли, несовершенство используемых технологий, мелкотоварность производства, что не позволяет вести сельхозпроизводство на интенсивной основе, обеспечивать полное использование материальных, трудовых и других ресурсов. Эти факторы, безусловно, негативно отражаются на конкурентоспособности отечественных сельхозтоваропроизводителей на международном рынке. Поэтому встает необходимость применения новых инструментов государственного регулирования и модернизации отрасли, о которых будет идти речь на предстоящем агрофоруме-2013.
//Кызылординские Вести.-2013.- 9февраля.-С.2
72
Жанибек ИСАЕВ
Достарыңызбен бөлісу: |