Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау



жүктеу 71,5 Kb.
Дата29.01.2020
өлшемі71,5 Kb.
#27681



"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12523 болып тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы


      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»


      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 3 желтоқсан

Қазақстан Республикасы         


Ауыл шаруашылығы министрінің      
міндетін атқарушы            
2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018     
бұйрығымен бекітілген           

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру


мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасын операторға тапсырған сәттен бастап:
      1-кезең: өтінімдерді мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім – 10 (он) жұмыс күні;
      2-кезең: оң шешім болған жағдайда, субсидияны аудару – 38 (отыз сегіз) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандару шеңберінде субсидиялау мәселелері бойынша облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімі орынбасарының төрағалығымен өтеетін комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) өтініштерді мақұлдаған жағдайда кепіл берушінің/сақтандыру үйымының есеп шотына субсидия қаражатын аудару.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Оператордың жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) операторға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия алуға арналған өтініш;
      - кредит берудің мүмкіндігі туралы кредитордың оң шешімі бар хатты;
      - кепілдік беру/сақтандыру туралы кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының хаты болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қағаз тасығышта өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде қабылдану күні мен уақыты көрсетілген, тіркелгені туралы белгі немесе құжаттамадағы почталық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын почта ұйымының белгісі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін


қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, оператордың және (немесе) олардың жұмыскерлерінің
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, оператордың және (немесе) оның жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым тиісті облыстың көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.


      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
      Шағымында:
      жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
      заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін


ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мен анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында, сондай-ақ www.mgov.kz және www.kam.kz сайтта орналастырылған.


      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

«Агроөнеркәсіптік кешен          


субъектілерінің қарыздарын         
кепілдендіру мен сақтандыру        
шеңберінде субсидиялау»          
мемлекеттік көрсетілетін          
қызмет стандартына             
1-қосымша                  

                                                нысан

                               Кімге _________________________
                                        (өтініш жолданатын
                                 _____________________________
                                          ұйымының атауы)

                            Өтініш



      Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір
бөлігіне субсидия төлеуді сұраймын (қажеттінің астын сызу):

р/с


Деректер көзі

Қажетті мәлімет

Деректер

1

2

3

4

1.

Толық атауы





2.

Меншік түрі





3.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі



тіркеу күні



атауы



орналасқан жері
(заңды, нақты және электрондық мекенжайы, телефондары, факсы)



мемлекеттік тіркеу күні



кім берді



4.

Жеке басты куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін

жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі



жеке сәйкестендіру нөмірі



кім берді



берілген күні



5.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін

орналасқан жері



тіркеу күні



кім берді



6.

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс және үй телефондары





7.

Құрылтайшылар

Заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты, (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса)



8.

Өтініш берушінің банктік деректемелері

жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі



жеке сәйкестендіру коды

Банктің атауы

бизнес сәйкестендіру коды

9.

Негізгі қызмет түрі





10.

Кредит (лизинг) сомасы, теңге/АҚШ доллары/ евро





11.

Кредит (лизинг) беру мерзімі, ай





12.

Кепілдендіру/сақтандыру сомасының мөлшері, теңге/АҚШ доллары/ евро





13.

Кредиттің нысаналы мақсаты





Бірінші басшы ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты
   (лауазымы)                                 (бар болса)) (қолы)

Мөр орны 20__ж. «___» _______________


(бар болса)


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 71,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау