Агентство по делам государственной службы



Дата25.11.2018
өлшемі71 Kb.
#24545
түріКонкурс

2016 жылдың 28.11. интернет ресурсына орналастырылды
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» КММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ардагерлер мен мүгедектер жұмысы жөніндегі бухгалтерлік есеп және есептілік жөніндегі секторының бас маманы, Е-R-4 санаты.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Аудан аймағында тұратын барлық санаттағы мүгедектерге, ҰОСҚ мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, медициналық мекеме қорытындысына сәйкес санаторлы-курортқа жолдама сатып алуға көмек көрсету, іс-шараның жүргізілуін ұйымдастыру, мүгедектер мен қарттарды қорғауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу. Активті туберкулезбен сырқат азаматтардың қосымша тамақтануын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек. Санаторлы-курорттық емделумен қамтамасыз етуде, сурдо-тифло құралдармен, протезді-ортопедиялық құралдармен, арнайы қозғалып тұру құралымен мүгедек балаларды, ардагерлерді қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Жеке көмекші, ым тілінің маманына әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 2012-2018 жылдарға Қазақстан Республикасының мүгедектер өмір сапасын жақсарту және іс-шара жоспары бойынша құқықтарын қамтамасыз ету; Мүгедектерді оңалтудың ағымдағы және перспективті бағдарламаларын өңдеуге қатысу; Семей сынақталу полигонында зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алуды ұйымдастыру; Мүгедектер, ардагерлер арасында бөлімнің құзырына енетін түсініктеме жұмысы; Әлеуметтік әлжуаз халықты мемлекеттік мемлекеттік емес көздерден демеушілік және қайырымдылық көмекті ұйымдастыру. Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға жергілікті атқарушы органдардан бөлінген қаражатты игеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Е-Собес, ААЖ-ЦОН, ААЖ «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесі және мүгедектердің орталықтандырылған қорларын енгізу.

Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтайды.

Қолданыстағы заңнамаға және бөлім жөніндгі ережеге сәйкес бөлім басшысының және басшының орынбасарының тапсырмасы бойынша басқа міндеттерді атқарады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Құқық» (заңтану), немесе «Қызметтер» (әлеуметтік жұмыс) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі: «Сервис , экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе менеджмент (салалар және қолданатын аясы бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе әлеуметтік жұмыс), немесе «Құқық» (құқықтану) бейідері бойынша рұқсат етіледі.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша  функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2. «Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жетекші маманы, Е-R-5 санаты.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Ағымдағы жылға қаржыландыру жоспарын әзiрлейді. Бюджеттiк тапсырманы даярлау және уақытында қаражатты игереді. Бас кiтапты жүргiзеді. Мемлекеттік кірістер басқармасына салық бойынша декларацияны даярлайды және тапсырады. Бөлімнің қаржысы бойынша есептерiн даярлайды және тапсырады. Бухгалтерлік есепті және есептілікті ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметшілер мен қызмет етуші персоналдарға еңбек ақыны есептейді. Қаржы құжаттарын уақытында және дұрыс ресiмдейді, бухгалтерлiк есеп шоттарында барлық шаруашылық операцияларын көрсетеді. Еңбек ақы бойынша анықтамалар береді. К-2 «Бюджет» бухгалтерлік бағдарламада жұмыс істейді. Бөлім қызметінің материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді (кеңсе жабдықтарымен, баспа өнімдерімен және т.б.). Мемлекеттік статистика органдарына айлық, тоқсандық және жылдық есеп ұсынады).

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттарды даярлайды және конкурстарды өткізеді.

Уақытында бухгалтерлік құжаттарды тігеді.

Ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтайды.

Қолданыстағы заңнамаға және бөлім жөніндгі ережеге сәйкес бөлім басшысының тапсырмасы бойынша басқа міндеттерді атқарады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы) бейіні бойынша, немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім: «Сервис, экономика және басқару» (менеджмент (салалар және қолданатын аясы бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), немесе экономика (салалар бойынша)) бейіні бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша  функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-4, Е-R-5» санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге, сондай-ақ бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бекіткеткен бұйрығымен, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесінің негізінде конкурс өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;


6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.


      Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Жамбыл аудан әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150600, Жамбыл ауданы Пресновка ауылы, Дружба көшесі 10-үй, «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе zhambil-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды 8(71544) 2-15-31 телефон нөмірі, 8(71544)2-12-33 факсы арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау