2016 жылғы ___________«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ интернет-ресурсында жалпы конкурс туралы хабарландыру орналастырылды
«Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
«Қызылжар аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ жастармен жұмыс және талдау жұмысын жүргізу бойынша бас маман (уақытша, негізгі қызметшінің жүктілікке және босануға байланысты демалыс уақытына), «E-R-4» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, ауданда жастар саясаты саласындағы 2020 жылға дейінгі «Қазақстан-2020: болашаққа жол» Мемлекеттік жастар саясаты Тұжырымдамасын орындау.
Балалар және жастар ұйымдарымен Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ынтымақтастықты жүзеге асырады, осы санаттағы жастардың мәселелерін шешуге қатысады.
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша Кеңестің жұмысын ұйымдастырады.
Еңбек, білім беру және денсаулықты қорғау саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен жастарды тарту бойынша іс-шараларды өткізу.
Жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру.
Жастардың үкіметтік емес ұйымдаырын құру бойынша және белсенді жұмыс жасау бойынша жұмыс жүргізу.
Жастарды «Жасыл Ел» бағдарламасын қолдана отыра, білім беру жүйенің маңызды элементі ретінде қоғамдық жұмысына қатыстыруға ықпал жасау.
Жастарды насихаттау жұмысын өткізу жолымен «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шегінде дене шынықтыру және спорт жаттығуларына қатыстыру бойынша жұмысты өткізу.
Ауданда қоғамдық пікірді, саяси процестерді зерделеу бойынша әлеуметтік зерттеулерді өткізуді ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «білім» немесе «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (жергілікті және мемлекеттік басқару) бейіндері бойынша.
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «білім» немесе «құқық» бейіндері бойынша рұқсат етіледі.
«Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ іс жүргізу, кадр және мұрағат ісі мәселелері бойынша бас маман, «E-G-3» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу, номенклатура құрастыру.
Жиындардың хаттамаларын ресімдеу, ауылдық округ әкімінің актілерін (шешімдері мен өкімдерін) дайындау және тіркеу. Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қабылдау, тіркеу және орындау бойынша жұмыс жүргізуі. Ведомстволық мұрағаттың істерімен жұмыс. Кадрлық жұмыс.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «білім» немесе «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржы, экономика, есеп және аудит), немесе «гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі) бейіндері бойынша.
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «білім» немесе «құқық», немесе «сервис, экономика және басқару» (қаржы (салалар бойынша), немесе экономика (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша), аударма ісі (түрлері бойынша)), бейіндері бойынша рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «E-R-4», «E-G-3» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:
белгiленген нысандағы өтiнiш;
3х4 үлгiдегi суретпен белгiленген нысанда толтырылған сауалнама;
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық күәландырылған көшiрмесi);
конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалды куәландырылған көшiрмесi).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi. Егер азамат қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда еңбек қызметiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Электронды түрде құжаттарды «Қызылжар уданы әкімінің аппараты» КММ электрондық почтасына не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнi бұрын кешiктерiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.
Жалпы конкурсқа қатысатын үміткерлер немесе әңгімелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Қызылжар ауданы әкiмiнің аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 30- тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде, қолма қол мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |