Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары



Дата23.11.2018
өлшемі44 Kb.
#24249

Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту

жолдары


ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ақпараттандырудың негізгі бағыты заманымызға сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Шетел тілін оқытуда ақпараттандыру бағыттарының бірі – деңгейлеп саралап оқыту технологиясын білім сапасына енгізу жұмыстары болып саналады.

Денгейлеп оқытудың тиімді жолдары:

- әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

- оқушының жеке қабілеті айқындалады;

- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау  қабілеті артады;

- әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық оқу орындары мен мектептерінде қолданылады.Педагогикалық технология ұғымы мынадай деңгейлерде қолданылады

Салалық (пәндік): бір пән шеңберіндегі оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік (модульдік) жеке әрекеттер технологиясы ұғымды қалыптастыру, дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабақ технологиясы, жаңа материалды меңгерту технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология негізгі методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек. 

Педагогикалық технологияларды мынадай талаптарға сай жинақтауға болады: 

1. Педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктік негізінде құру; 

- ынтымақтастық педагогика;

- ізгілікті – тұлғалық оқыту технологиясы;

- адамгершілікті қалыптастыруға негіздеу. 

2. Баланың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізіндегі оқыту технологиясы.

- ойын сабақ технологиясы;

- проблемалық оқыту;

- тірек конспектілері негізінде оқыту технологиясы;

- коммуникативті оқыту жүйесі.

3. Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген:

- программалап оқыту;

- дифференциалдап оқыту;

- даралап оқыту;

- ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;

- компьютерлік технология.



Ж.Қараевтың педагогикалық технологиясы – оқытуды дифференцияциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның ең басты ерекшелігі: алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады. Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Әсіресе, ағылшын тілі сабақтарында оқушы өз ойын тұжырымды жинақтап, шешен сөйлеуге қалыптасады. Ағылшын тілінде мектеп бағдарламасы ауқымында шәкірттерді сөйлеуге үйрету, ауызекі тілде сойлету күні бүгін шетел тілін оқытудың ең басты міндеті болып отырғаны белгілі. Әр мұғалім өзі еңбек етіп жүрген  мектебінің қарай оқыту тәсілдерін тиімді етіп, түрлендіре отырып жоспарлауы тиіс.

Мектеп жағдайында оқушыны ауызша сөйлеуге үйрету үшін жүргізілетін жұмысты дифференциялап жүргізуді екіге болуге болады: іштей және сырттай. Іштей дифференцияциялау барысында оқушыларды қабілетіне қарай шағын топтарға бөліп, олармен тіл үйретуде ерекше әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет. Бұндай топтарды әрине оқушылардың деңгейлеріне және мүмкіндіктеріне қарай жұмыстар атқарылады. Әр мұғалім сынып оқушыларын әр түрлі бөлуі мұмкін, мысалы бір топта тілге қабілеті бар оқушылар, екінші топта тілді нашар білетін оқушылар, үшінші топта қабілеті, білімі жоғары да, нашарлау да оқушылар аралас болады.

Ал сырттай дифференцияциялау бойынша әрбір топ пен топтардағы оқушылардың  коммуникативтік икемдігін, олардың шетел тілін оқуға деген психологиялық жағынан дайындығын, Елтануға байланысты материалдарды оқып және де оларды өз еліндегі және басқа елдердегі реалиялармен салыстыра отырып меңгеруге қабілеті, мүмкіндігі ескеріледі. Іштей дифференцияциялау сырттай дифференцияциялаумен өзара біріге келе оқушылардың тіл үйренуге деген мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Бұл орайда, әрине, оқушылардың жеке бас ерекшелігіне баса назар аудару керек. Сыныпта бала саны неғұрлым көп болса соғырлым мұғалім оқушының өзіне тән ерекшелігіне көңіл бөліп, дефференцияциялауға неғұрлым көп мүмкіндік жасауға тырысу қажет. Деңгейлеп саралап оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Ж. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы». Ағылшын тілін оқытуда бұл технологияның негізгі жолдары:

- оқушыны үнемі әрекетке қосады;

- үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады;

- тілдік категориялардың лексика-грамматикалық құрылымын игертіп, ауызша, жазбаша тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді;

- оқушы әрі талдай, әрі салыстыра отырып, негізгі бөлімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді.

Ағылшын тілінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады.

1. Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті.

2. Жалпы білімді игертудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері (I, II, III деңгейлер).

3. Тест тапсырмалары. 

4. Өзіндік жұмыс.

5. Қатемен жұмыс.

6. Көп деңгейлік бақылау жұмысы.

7. Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау.



Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы – оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі.

Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды іздендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиеленуші тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Осы технологияны қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптары орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып қарастырдық да, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасалады:

- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;

- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

- қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;



- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;

- қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау