жоспарлау толығымен операциялық жүйеде орындалады, ал екінші жағдайда
жүйе мен қосалқы бағдарламалар арсында орындалады. Ығыстырмайтын
көптапсырмалылық кезінде процесс өз қалауы бойынша келесі орындалуға
дайын тұрған процессті таңдау мүмкіндігін операциялық жүйеге
тапсырғанша орындалады. Ығыстыратын көптапсырмалылық жағдайында
процесстің бір процессордан екіншіге ауысу шешімін операциялық жүйе
қабылдайды.
Көпжіптілікті қолдау. Оперциялық жүйелердің маңызды қасиеті – бір
тапсырма аясында есептеуді параллель жағдайға келтіру мүмкіншілігі.
Көпжіпті ОЖ процессорлі уақытты тапсырма арасында емес, оның бөлек
жіптері арасында бөледі.
Көппроцессорлы өңдеу. ОЖ-ның келесі маңызды қасиеті – ондағы
көппроцессорлы өңдеуді қолдаудың құралы – мультипроцессированиенің
болуы. Ондай функциялар Solaris 2.x фирмы Sun, Open Server 3.x компании
Santa Crus Operations, OS/2 фирмы IBM, Windows NT фирмы Microsoft и
NetWare 4.1 сияқты ОЖ-ларда кездеседі.
Көппроцессорлы ОЖ ассиметриялы және симметриялы болып
бөлінеді. Асимметриялы ОЖ толығымен қосалқы бағдарламаларды басқа
процессорлерге бөлетін жалғыз процессорде жұмыс істейді. Симметриялы
ОЖ жүйедегі барлық процессорларды қамтиды.
Аппаратты платформалар ерекшеліктері
Операциялық жүйелердің қасиеттеріне аппаратты құрылғылар септігін
тигізеді.Типі бойынша аппараттар персоналды компьютерлердің, мини-
компьютерлердің,мейнфреймдердің, кластерлердің және ЭЕМ желілерінің
ОЖ-лері болып ажыратылады.
Үлкен машинаның ОЖ-сі персоналды компьютер ОЖ-не қарағанда
қиынырақ және функцианалды екені айқын. Желілік ОЖ-нің құрамында
байланыс
желілері
арқылы
компьютерлер
арасында
хабарлама
тасымалдайтын құрылғылар бар, және олар автономды ОЖ-нде қажет емес.
Осы хабарламалар негізінде желілік ОЖ желіге қосылған, ажыратылған
тұтынушылар арасында компьютер ресурстарының бөлінуін қамтамасыз
етеді.Хабарламаларды тасымалдау функциясының тұрақты болуы үшін
желілік ОЖ-ның құрамында IP, IPX, Ethernet,т.б. сияқты арнайы
бағдарламалық компоненттер бар. Көппроцессорлы жүйелер операциялық
жүйеден жақсы ұйымдасушылықты талап етеді, сол арқылы операциялық
жүйенің өзі, және оның қосымшалары жүйенің жеке процессорларымен
параллель жұмыс атқаруына болады. ОЖ бөліктерінің параллель жұмыс
істеуі ОЖ-ні құраушыларға бірқатар қиыншылық тудырады, себебі бұл
жағдайда жеке процесстерді ортақ жүйелік кестелерге үйлесімді жеткізілуін
қамтамасыз ету, жарысу эффектісін, және тағы басқа қажетсіз нәтижелерді
болдырмау қиынға түседі. Кластерлер операциялық жүйелерге басқа
талаптар қойылады. Кластер –ортақ қосымшаларды орындау үшін бірге
жұмыс істейтін, тұтынушыға жалпы жүйе болып көрінетін есептеу
жүйелерінің әлсіз байланысқан жиыны.Кластер жүйелерінің функциялануы
үшін арнайы аппаратурамен қатар операциялық жүйеден бағдарламалық
13
көмек қажет, бұл көмек ажыратылатын ресурстарға жеткізілудің
үйлесімділігі, келіспеушілік пен жүйенің динамикалық реконфигурациясын
байқауда көрінеді. Кластерлі технологиялар аумағындағы бірінші
өндірулердің бірі – Digital Equipment компаниясының VAX компьютерлері
негізінде жасалған шешімдері болды. Аппаратты платформаның анықталған
түріне бағытталған ОЖ-мен қатар, ұялы деп аталатын, бір типті
компьютерден басқа типті компьютерге оңай орнатылатын операциялық
жүйелер бар.Осындай ОЖ-нің көрнекті өкілі –атақты UNIX жүйесі.Бұл
жүйелерде аппаратты-тәуелді орындар локалданған, сондықтан жүйенің
жаңа платформаға тсымалдануы кезінде солар ғана көшіріледі. ОЖ-нің
қалған бөлігінің тасымалдануын оның машиналық-тәуелсіз тілде жазылуы
жеңілдетеді.Мысалы, операциялық жүйелерді бағдарламалау үшін арнайы
жасалған С-да.
Қолдану аймақтарының ерекшеліктері
Көптапсырмалы ОЖ оларды өндіруде қолданылған эффективтілік
критерияларына сәйкес үш түрге бөлінеді:
• пакеттік өңдеу жүйелері (мысалы, OC EC),
• уақытты бөлу жүйелері (UNIX, VMS),
• шынайы уақыт жүйелері (QNX, RT/11).
Пакеттік өңдеу жүйелері нәтижелерінің тез шығуын талап етпейтін,
негізінен есептеуге арналған тапсырмаларды орындауға арналған. Пакеттік
өңдеу жүйелерінің басты мақсаты және эффективтілік критерийі –оның
максималды өткізу қасиеті, яғни максимал санды тапсырманы бірлік уақыт
ішінде шығару қасиеті. Пакеттік өңдеу жүйелерінде бұл мақсатқа жету үшін
фнкцияланудың келесі сызбасы қолданылады: жұмыстың басында
тапсырмалар пакеті құрылады, әр тапсырманың жүйелік ресурстарға талабы
бар; осы тапсырмалар пакетінен мультибағдарламалық қосылыс жасалады,
яғни бір уақытта орындалатын көптеген тапсырмалар. Бір уақытта орындалу
үшін ресурстарға айрықша талаптары бар тапсырмалар таңдап алынады.
Осылайша, тапсырмалар пакетінен жаңа тапсырма таңдап алу жүйеде
орныққан ішкі оқиғаға тәуелді. Бұдан шығатыны, мұндай ОЖ-де
тапсырманың белгілі уақыт аралығында орындалуына кепіл беру мүмкін
емес. Пакеттік өңдеу жүйелерінде бір тапсырманы орындаудан басқасын
орындауға ауысу тек тапсырманың өзі процессордан бас тарса ғана
орындалады, мысалы, енгізу-шығару операциясын орындаудың қажеттілігі
кезінде. Сондықтан бір тапсырма процессорды көп уақытқа ұстап тұруы
мүмкін, бұл жағдай интерактивті тапсырмаларының орындалуына мүмкіндік
бермейді.Тұтынушының пакеттік өңдеу жүйесі орнатылған есептеу
машинасымен қарым-қатынасы мынадай түрде: тұтынушы тапсырманы
әкеледі, оны диспетчер-операторға береді, ал күн аяғында нәтижесін алады.
Мұндай тәртіп тұтынушы еңбегінің өнімділігін кемітетіні көрініп тұр.
Уақытты бөлу жүйелері пакеттік өңдеу жүйелерінің негізгі кемшілігі –
тұтынушы-программисттің тапсырмаларды орындаудан аластатылуын жоюға
арналған. Уақытты бөлу жүйесінің әр тұтынушысына терминал табысталады,
сол арқылы ол өз бағдарламасымен диалог жүргізуіне болады. Уақытты бөлу
14