Аға оқытушысы Шулгаубаева Г. С. және аға оқытушысы Савченко Н. К



жүктеу 0,76 Mb.
Pdf просмотр
бет7/26
Дата18.12.2017
өлшемі0,76 Mb.
#4948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары  

1.Желілік ОЖ құрылымы  

2.Локалді ОЖ 

3.Северлік бөлім 

4.Клиенттік бөлім 

5.Коммуникациялық құрылғылар 

 

Тақырып 3. Біррангілік желілік және айқындалған серверлі операциондық 

жүйелер  

Дәріс жоспары 

1.  жұмысшы тобы мен өндіріс масштабы ОЖ-сі 

2.  Біррангілі желідегі ОЖ 

3.  Корпорациялық ОЖ 

4.  Жұмысшы тобы мен өндіріс масштабы және корпорациялық ОЖ 

 

Желідегі  компьютерлер  арасында  функциялардың  тартылуына 



байланысты  желілік  ОЖ  екі  классқа  бөлінеді:  біррангілік  және  екірангілік. 

Соңғысын айқындалған серверлі желілер деп те атайды. 

Егер  компьютер  желінің  басқа  қолданушыларына  өз  ресурстарын 

ұсынса, ол сервер ролін атқарады. Ал басқа машина ресурстарын қолданатын  

компьютер  клиент  болып  табылады.  Желіде  жұмыс  істейтін  компьютер 

клиенттің, не сервердің қызметін атқарады, немесе осы екеуінің де қызметін 

атқаруы мүмкін.  

Егер  серверлік  функциялардың  қайсыбірін  орындау  комьютердің 

негізгі  бағыты  болып  табылса,  мұндай  компьютер  айқындалған  сервер    деп 

аталады.Сервердің  қандай  ресурсы  бөлінетін  болатынына  байланысты  ол 

файл-сервер,  факс-сервер,  принт-сервер,  қосымшалар  сервері  деп  аталады. 

Айқындалған серверлерде оның функцияларын орындай алатын арнайы ОЖ-

ді  орнату  дұрыс.  Сондықтан  айқындалған  серверлері  бар  желілерде 

құрамына  серверлік  бөліктерінің  мүмкіндіктерімен  ажыратылатын  ОЖ-дің 

бірнеше нұсқалары кіретін операциялық жүйелер жиі қолданылады. Мысалы, 

Novell NetWare желілік  ОЖ-нде  файл-сервер  ретінде  жұмыс  істеуге 

бейімделген  серверлік  нұсқа  бар.  Айқындалаған  сервері  бар  желі  құруға 

бағытталған  ОЖ-нің  басқа  мысалына Windows NT операциялық  жүйесін 

келтіруге  болады.  Берілген  желілік  ОЖ-нің  екі  нұсқасы  да – Windows NT 

Server (айқындалған  сервер  үшін)  және Windows NT Workstation (жұмыс 

станциясы  үшін)  клиенттің  де,  сервердің  де  міндеттерін  орындай  алады. 

Бірақ  Windows NT  серверлік  нұсқасы  желінің  басқа  қолданушыларына  өз 

комьютерінің  ресурстарын  ұсынуға  көбірек  мүмкіндігі  бар,  себебі 

функциялардың үлкен жиынын орындай алады, клиенттермен бір уақыттағы 

қосылулардың үлкен мөлшеріне ие, желіні орталықтан басқарады, қорғаныс 

құралдарының  жетілдірілген  түрлерімен  жабдықталған.Айқындалған  сервер 

оның  негізгі  бағытымен  байланысы  жоқ  тапсырмаларды  орындау  үшін 

қолданылмайды,  өйткені  бұл  жағдай  оның  сервер  ретіндегі  жұмыс 

өнімділігінің  азаюына  әкеліп  соқтырады.  Осыған  орай Novell NetWare ОЖ-

 

18




нде  серверлік  бөлікте  қарапайым  қасалқы  бағдарламаларды  орындау  мүлде 

көзделмеген,  яғни  серверде  клиенттік  бөлік,  ал  жұмыс  станцияларында 

серверлік  компоненттер  жоқ.  Алайда  басқа  ОЖ-де  айқындалған  сервердің 

клиенттік  бөлігінде  қызмет  атқаруға  мүмкіндік  бар.  Мысалы, Windows NT 

Server  басқаруымен  қолданушының  қарапайым  бағдарламалары  жұмыс 

істеуі  мүмкін.  Ал  Windows NT Workstation ОЖ-сі  орнатылған  жұмыс 

станциялары айқындалмаған сервер қызметін атқара алады.   

Айқындалған  сервері  бар  желіде  барлық  компьютерлер  жалпы 

жағдайда  сервердің  де,  клиенттің  де  ролін  бір  уақытта  орындай  алуына 

қарамастан,  бұл  желі  функцианалды  симметриясыз:  онда  компьютердің  екі 

түрі болады –бірі, серверлік функцияларды орындауға арналған, және арнайы 

серверлік  ОЖ-нің  басқаруымен  жұмыс  істейтін,  ал  екіншісі  –негізінен 

клиенттік  функцияларды  орындайтын  және  ОЖ-нің  осы  бағытқа  сәйкес 

нұсқасының  басқаруымен  жұмыс  істейтін  компьютерлер.  Функционалды 

симметриясыздық 

аппаратураның 

симметриясыздығын 

туғызады 

айқындалған  серверлер  үшін  үлкен  сыйымдылықты  жедел  және  сыртқы 



жадылары бар қуатты компьютерлер қолданылады. Айқындалған сервері бар 

желінің  функциялық  симметриясыздығы  операциялық  жүйенің  және 

аппараттық симметриясыздығын туғызады.  

Біррангты    желілерде  барлық  компьютерлер  бір-бірінің  ресурстарын 

пайдалану  құқығымен  тең  дәрежеде.  Әр  қолданушы  өз  компьютерінің 

қандайда-бір ресурсын бөлінетін деп  жариялай алады, содан кейін  басқалар 

оны  қолдана  алады.  Мұндай  желінің  барлық  компьютерлерінде  бір  ОЖ 

орнатылады,  бұл  желідегі  копмьютерлердің  бәріне  тең  мүмкіндіктер  береді. 

Біррангты  желілер,  мысалы, LANtastic, Personal Ware, Windows for 

Workgroup, Windows NT Workstation ОЖ-нің базасында құрылулары мүмкін. 

Біррангты желілерде функционалды симметриясыздық пайда болуы мүмкін: 

кейбір  қолданушылар  өз  ресурстарын  басқалармен  бөліскісі  келмейді,  бұл 

жағдайда  олардың  компьютерлері  клиент  ролін  атқарады,  ал  басқа 

компьютерлерге 

администратор 

ресурстарды 

бірігіп 

пайдалануды 

ұйымдастыру  функцияларын  орнатқан,  яғни,  олар  серверлер  болып 

табылады,  үшінші  жағдайда,  қолданушы  өз  ресурстарын  басқалардың 

қолдануына  қарсы  болмаса  және  өзі  де  басқалардың  ресурстарын 

пайдаланғысы  келсе,  оның  компьютерінде  орнатылатын  ОЖ  серверлік  те, 

клиенттік те бөліктерді қамтуы керек.  

Біррангты  желілер  ұйымдастыру  мен  қолдануда  жеңіл,  бірақ  олар 

негізінен  сақталатын  информация  көлеміне,  оның  қорғалғандығына, 

пайдалану жылдамдығына көп талап етпейтін қолданушылардың үлкен емес 

жиындарын біріктіруде қолданылады. Бұл көрсеткіштерге деген талаптардың  

қатты  болуына  байланысты  екірангілі  желі  сәйкес  келеді,  мұнда    сервер 

қолданушыларды  өз  ресурстарымен  қамтамасыз  етуді  жақсы  орындайды, 

себебі  оның  аппаратурасы  мен  желілік  операциялық  жүйесі  бұл  мақсатқа 

арнайы құрастырылған.  

 

19




жүктеу 0,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау