жүйелерінде әр тапсырмаға тек квант процессорлық уақыт берілетіндектен,
ешқандай тапсырма процессорды көп уақыт пайдаланбайды, және жауап
уақыты да ыңғайлы. Егер квант аса үлкен емес болып таңдалса,бір машинада
бір уақытта жұмыс істеп отырған тұтынушыларға олардың әрқайсысы
машинаны бөлек пайдаланып отырғандай болып көрінеді. Уақытты бөлу
жүйелерінде өткізу қасиеті азырақ, себебі орындауға тұтынушы жіберген әр
тапсырма қабылданады, және процессордың тапсырмадан тапсырмаға жиі
ауысуына көп шығындалады. Уақытты бөлу жүйелерінің эффективтілік
критерийі –максималды өткізу қасиеті емес,тұтынушы жұмысының
ыңғайлылығы мен нәтижелігі болып табылады.
Шынайы уақыт жүйелері станок, спутник сияқты техникалық
объектілерді немесе гальваникалық сызық, доменды процесс сияқты
техникалық процесстерді басқару үшін қолданылады. Осы жағдайлардың
бәрінде шектеулі уақыт беріледі, осы уақыт аралығында объекіні басқаратын
бағдарлама орындалуы тиіс, олай болмаған жағдайда авария болуы мүмкін:
спутник көріну зонасынан шығып кетеді, датчиктардан келетін тәжірибелік
ақпараттар жоғалады, гальваникалық жамылғының қалыңдығы дұрыс
болмайды. Осылайша, шынайы уақыт жүйелерінң эффективтілік критерийі –
бағдарламаны қосу мен нәтижені алу арасындағы алдын-ала тағайындалаған
уақыт интервалдарына төзу . Бұл уақыт жүйенің әсер уақыты деп талады, ал
сәйкес қасиет –әсер етушілік.
Кейбір операциондық жүйелер қасиеті жағынан әр түрлі типті ОЖ
болуы мүмкін. Тапсырма жартысы пакеттік өңдеу режимінде орындалса,
жартысы реалды уақыт немесе уақыт бөлу режимінде орындалуы мүмкін.
Осындай жағдайда пакеттік өңдеу режимін фондық режим деп атайды.
Құрастыру тәсілдерінің ерекшеліктері.
Базалық концепцияларға жатады:
• Жүйенің ядро құрылымының тәсілі – монолиттік ядро немесе
микроядролық тәсіл. Кейбір ОЖ-лер монолиттік ядроны қолданады, себебі
ол нақтылы режимде жұмыс істеп, бір процедурадан екіншіге тез өтеді.ОЖ-
ның микроядро тәсілімен құрылуы белгіленген режимде жұмыс атқарып,
аппаратураны басқару функцияларының аз мөлшерде қолданылуына
негізделген.Дегенмен, жоғары дәрежедегі ОЖ функцияларын арнайы
компоненттері атқарады –қолданбалы режимді серверлер.Мұндай тәсілмен
жұмыс істеу белгіленген режим мен қолданбалы режим арасындағы
алмасулар жиі болып тұруына байланысты өте баяу жүреді, әйтсе де жүйе
өзгермелі күйге енеді – оның функцияларын қолданбалы режимдегі
серверлерді қосып-алу арқылы өсіруге, сығуға мүмкіндік пайда болады.
Сонымен қоса, серверлер кез-келген қолданбалы процесстер сияқты бір-
бірінен сенімді қорғалған.
• ОЖ-нің объектілі-бағдарлы базада құрылуы ОЖ ішіндегі барлық
жетістіктерін қолдануға мүмкіндік береді. Нақты айтқанда:стандартты
объектілер формасындағы сәтті шешімдердің аккумуляцисы, мұралық
механизм көмегімен жаңа объектілер тудыру, объектінің ішкі құрылымына
ену есебінен пайда болған мәлімет қорғау қасиеті, ол өз кезегінде өзге
15
қолданушылардың заңсыз түрде қол сұғуына жол бермейді, жақсы
белгіленген объектілер жиынынан тұратын жүйенің құрастырылуы.
• Бірнеше қосалқы аймақтардың болуы жалғыз ОЖ шегінде бірнеше
ОЖ-лерге арналған қосымша бағдарламаларды орындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы операционды жүйелер бір мезгілде MS-DOS, Windows, UNIX
(POSIX), OS/2 сияқты қосалқы аумақтарды қабылдайды, ол микроядро
тәсілімен жүзеге асады. ОЖ ұйымдасуының бөліктенуі бағдарламашылар
мен қолданушылардың желілі аймақтарда жұмыс атқаруын мейілінше
жеңілдетеді.
• Бөліктенген ОЖ құрамына қолданушыға желіні кәдімгі
бірпроцессорлы компьютер ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін
механизмдер жинақталған. ОЖ-нің таратылған ұйымдасуының өзіне тән
белгілері:таратылатын ресурстардың бірыңғай анықтама қызметінің,
бірыңғай уақыт қызметінің болуы, жойылған мәліметтерді қайтару
механизмін қолдану (RPC).
Ұсынылатын әдебиет 1,2,3,4,5,6,7,8,13
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
1. Бағдарламалар классификациясы, ОЖ түсінігі
2. ОЖ классификациясы
3. Пакетті өңдеу жүйесі
4. Уақыт бөлу жүйесі
5. Реалды уақыт жүйесі
6. ОЖ-нің құрылымдық ұйымдасуы
Тақырып 2. Желілік ОЖ құрылымы
Дәріс жоспары:
1. Желілік ОЖ құрылымы
2. Локалді ОЖ
3. Северлік бөлім
4. Клиенттік бөлім
5. Коммуникациялық құрылғылар
Желілік ОЖ құрылымы
Желілік ОЖ түсінігінің астарында ортақ ереже – протоколдар арқылы
ақпарат алмасу мен ресурстар бөлісу мақсатымен байланысқан жеке
компьютерлердің ОЖ-лерінің жиынтығы жатыр. Қысқаша айтқанда, желілік
ОЖ – желіде жұмыс жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін жеке компьютерге
арналған операциондық жүйе.
16
Рис. 1.1. Желілік ОЖ құрылымы
Жеке машинаға арналған желілік ОЖ ішінде бірнеше бөлімдерді атап
өтуге болады (1.1 сурет):
• Компьютердің локалдық ресурстарын басқару құрылғылары:
процесстер
арасында
оперативтік
жалты
тарату,
процесстерді
диспетчеризациялау мен жоспарлау, мультипроцессорлы машиналардағы
процесстерді басқару т.б. функциялар.
• Өз ресурстары мен қызметтерін ортақ пайдалануға ұсыну
құралдары – ОЖ серверлік бөлімі (сервер). Бұл құралдар файлдар мен
жазбалардың ортақ пайдалануына қажетті блокировкасын.; желілік ресурс
атауларының анықтамаларын енгізуін; өз мәліметтер базасы мен файлдық
жүйесіне жойылған қол жеткізуінің сұранымдарын; жойылған
қолданушылардың сұраным кезектерін басқаруын қамтамасыз етеді.
• Жойылған ресурстар мен қызметтерге қол жеткізу сұранымының
құрылымдары – клиенттік (редиректор). Бұл бөлім жойылған ресурстарға
қосымшалар мен қолданушылар тарапынан тану мен қайта бағдарлау
қызметін атқарады, және де сұраным локалды түрде келіп, желіге сервердің
талаптарына сай өзге түрде жеткізіледі. Сонымен қатар, клиенттік бөлім
серверлерден жауап түсуін және оның локалды форматқа айналуына ат
салысады, сондықтан, қосалқы бағдарламаға локалды және жойылған
сұранымдар бірдей дәрежеде.
• ОЖ коммуникациялық құрылымдары, бұлар арқылы желіде ақпарат
алмасу жүреді. Бұл бөлім ақпараттың алмасуы мен адресациясын, желі
бойынша мәлімет тасу маршрутын таңдау, жеткізу сенімділігін т.б.
қамтамасыз етеді. Нақты бір компьютерге арналған функцияға байланысты
оның ОЖ-де не клиенттік, не серверлік бөлімі ғана болуы мүмкін.
Ұсынылатын әдебиет1,2,3,4,5,6,7,8,13
17